Исламдық мазхабтарды жақындату саласындағы қырық жылғы талпыныс
Иранның Конституциясының 11-ші негізінде: «Құран Кәрімнің «Осы сендердің үмметтерің бір-ақ үммет. Мен Раббыларың» деп айтылған «Әнбия» сүресінің 92-ші аяты бойынша, барлық мұсылмандар бір үммет саналғандықтан ИИР-ның үкіметі өзінің саясатын исламдық елдерді біріктіру негіздеп, ислам әлемінің саяси, экономикалық және мәдени бірлігіне жетуді көздеуде»,- деп айтылды.
Алла Тағала Құран Кәрімнің көптеген аяттарында мұсылмандарды бірлікке шақырады. Исламның ұлық пайғамбары және барлық илаһи жетекшілері Құранға сүйеніп, өз сөздері мен істерінде әрқашан исламдық үмбеттің бірлігін қорғады. Мәселен, «Әл Имран» сүресінің 103-ші аятының басында Алла Тағала бірлікті мұсылмандар үшін сый етілген нығметтердің бірі ретінде атайды: «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер. Сондай-ақ өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені: Бір-біріңе дұшпан едіңдер, жүректеріңнің арасын жарастырды, Оның игілігімен туысқа айналдыңдар...».
Үстемшіл Перғауын сипатты құдыреттер тарих бойында өздерінің отаршылдық мақсаттарына жету үшін халықтар арасында қайшылықтар тудыруға әрекеттенді. Олар ислам әлемін билеп, мұсылмандарды исламдық үлкен өркениет құру мақсаттарына жеткізбеу үшін олардың арасында іріткі салуды ең жақсы жол деп білді. Сондықтан вахабизм сынды жалған мазхабты ойлап шығарып, басқа мұсылмандарды өлтіруді рұқсат деп санау үшін оларды тәкфиршілер және діннен шыққандар деп тажариялады. Содан соң зорлық-зомбылық мәдениетті таратуымен бірге исламдық мәдениетті басып-жаншып, елдер мен халықтардың Ислам дініне дейінгі тарихын өздерінің күн тәртібінде қарастыруда. Олар этникалық топтарды тәуелсіздікке қол жеткізуге ынталандыру арқылы өздеріне тәуелді басшыларды тәрбиелеуге кірісті. ИИР құрылған күнінен бастап, бұл мәселеге қызығушылық танытты. Ислам революциясының ұлы көсемі имам Хомейни мұсылмандар арасында бірлік орнатуды ислам революциясының негізгі бағдарламалаарының бірі деп тауып, революцияның жеңісінен 15 жыл бұрын шамси күнбізбесінің 1343-ші жылының хордад айында: «Біздің бағдарлама – Ислам бағдарламасы, бірлік - мұсылмандардың сөзі. Ислам елдерінің бірлігі әртүрлі мазхабтардың бауырластығы және әлемнің түпкір-түпкіріндегі барлық исламдық үкіметтердің одақтастығын көздейді»,- деді. Ислам революциясы көсемінің ислам әлемінің бірлігі мен исламдық үмбеттің мақсаттарына жетуін қуаттауы исламдық елдерді бір-бірлеріне жақындатып, исламдық мазхабтардың бірлігінің үлгілерін анықтады. Имам Хомейни исламдық үмбеттің бірлігінің маңыздылығы мен оның исламдық үкіметтің құрылуына әсер етуіне сенімді болды. Ол 1348-ші жылы Наджаф қаласында сөйлеген сөзінде: «Біз исламдық үмбеттің бірлігін қамтамасыз ету және Исламның отаның отаршылар мен оларға тәуелді үкіметтердің басып алуынан азат ету үшін үкімет құрудан абсқа шара жоқ. Өйткені мұсылман халықтардың бірлігі мен азаттығына жету үшінзалым әрі үстемшілер отырғызған үкіметтерді құлатып, содан соң халыққа қызмет ететін әділ исламдық үкімет құруымыз керек. Мұндай үкіметті құру мұсылмандардың бірлігі мен жүйені қорғау үшін қажет",- деді.
Ислам революциясының жеңісінен кейін исламдық бірлік Ислам республикасының ішкі және сыртқы саясатының маңызды негіздерінің біріне айналды. ИИР-ның Конституциясы Құран Кәрімге сүйеніп, үкіметті саясаттарын исламдық елдердің бірлігі мен біртұтастығына жететіндей қылып қалыптастыруды міндеттеді. Иранның Конституциясының 11-ші негізінде: «Құран Кәрімнің «Осы сендердің үмметтерің бір-ақ үммет. Мен Раббыларың» деп айтылған «Әнбия» сүресінің 92-ші аяты бойынша, барлық мұсылмандар, сондықтан ИИР-ның үкіметі өзінің саясатын исламдық елдерді біріктіруге негізге сүйеніп, ислам әлемінің саяси, экономикалық және мәдени бірлікке жетуді көздеуде»,- деп айтылды. Халықтың әртүрлі таптарының бірлігіне негізделген ИИР басынан бастап, «бірлік аптасы» мәселесін баяндап, шиіттер мен сүнниттердің бірлігін көрсетті. «Бірлік аптасын» белгілеу мен имам Хомейнидің исламдық үмбеттің діни құндылықтарды қолдауға шақыруы исламдық қоғамның ортақ мәселелеріне назар аударту болып табылады. Сүнниттер пайғамбардың туған күнін раби аууалдың 12-сі деп білсе, шиіттер 17-ші раби аууал деп санайды. Осыған орай раби ул-аууал айының 12-17 аралығы «Бірлік аптасы» деп аталды. Бұдан кейін Иранда және ислам әлемінің түкпір-түкпірінде исламдық ұйымдар құрылып, конгрестер мен тойлар өтіп, исламдық бірлікті нығайтумен бірге үлкен исламдық өркениетке жету жол ашылды. Бұл бағдарлама туралы Иранның Конституциясында айтылды. Нәтижесінде әртүрлі мазхабтардың ізбасарлары өз наным-сенімдеріне сай амал ету мүмкіндікке ие болды. Қайшылықтар туындаған жағдайда, олар өздерінің діни көзқарастарына сай шешім қабылдайтын соттарға шағым түсіре алатын болды. Имам Хомейниден кейін аятолла Хаменеи де исламдық бірлік мәселесіне ерекше көңіл аударатын болды. Бұл кісі діни жетекші міндетіне кіріскен алғашқы күндерінде қайшылықтарды жою тақырыпқа тоқталып: "Біз бірлік туралы ұран айтқанымыз кезде, екі маңызды мәселеге көңіл бөлуіміз керек. Бірінші мәселе мұсылман тайпалар мен мұсылман мазхабтар арасындағы ежелден келе жатқан қайшылықтар мен қақтығыстарды шешу, өйткен олар үнемі мұсылмандардың зиянына аяқталды. Екінші мәселе бірліктың ислам әлеміне қызмет етуіне қатысты. Егер мұсылман ғұламаларын "Ниса" сүресінің "Пайғамбар атаулыны Алланың нұсқауымен бой ұсынылуы үшін ғана жібердік" деген 64-ші аятын қабылдаса, яғни Пайғамбардың тек насихат айтып, халықтың өз алдына жұмысын жаслғастуы үшін келмегенін, Пайғамбардың жүйе құрып, адамдарды дұрыс өмірдің мақсаттарына қарай нұқсау үшін келгенін қабылдайды. Сондықтан алға ілгерлеу әрекет исламдық билікті көздеуі керек. Негізінде исламдық елдер мен қоғамдарда исламдық билік орнату мүмкін мәселе",- деді.
Аятолла Хаменеи ИИР басшысы ретінде әрқашан өз баяндамаларында исламдық бірлік мәселесіне ерекше көңіл аударды. Бұл кісі іс жүзінде де Ислам мазхабтарын жақындастыру дүниежүзілік ассамблеясының құрылуы мен исламдық бірлік конференциясының өтуіне қолдауын көрсетіп, бірліктің қажеттілігі мен маңыздылығын қуаттады. Ислам мазхабтарын жақындастыру дүниежүзілік ассамблеясы исламдық мазхабтар жақтастарын бір-бірімен таныстыру, қарым-қатынастарын тереңдету мен мұсылмандар арасындағы бауырластықты нығайту арқылы біртұтас исламдық бірлікке жетуді мақсат етеді. Ахл-е бейт дүниежүзілік ассоциациясы үкіметтік емес әлемдік ұйым ретінде хиджри-шамси күнтізбесінің 1369 жылы исламдық бірлік жобасы аясында құрылды. Бұл ассоциация исламдық үмбеттің арасындағы бірлікті нығайту мен ислам әлемінің мұсылмандарын қолдауға міндеттелді.
Исламдық мазхабтар ғұламаларының пәтуалары исламдық бірлік немесе қайшылық тудыруға маңызды рөл атқарады. Егер олар мұсылмандарға бір-бірлерінің діни рәсімдеріне қатысуға рұқсат беретін пәтуалар шығарса, мұсылмандардың бірігуіне жағдай тудырады. ИИР діни жетекшісі аятолла Хаменеидің шиіттерге сүнниттердің жамағат намаздарына қатысуды қуаттайтын, сондай-ақ сүннит бауырларының құндылықтарына, мәселен Исламның ұлық пайғамбарының әйеліне тіл тигізуді харам деп білетін пәтуалары ислам әлемі, әсіресе сүннит ғұламаларының қолдауына ие болып, шиіт пен сүннит мазхабтарының арасындағы бірлікті күшейтті.
Әрине осы кезде ислам әлемінің ең маңызды мәселесі Палестина мен қасииетті Құдс мәселесі екеніне күдік-күмән тумайды. Құдс - бірліктің ең жақсы көрінісі болып, мазхабтарының түрлілігіне қарамастан барлық мұсылмандарды біріктіреді. Ислам революциясы аймақтың құдыреттерінің бірі саналатын Иранды сионистік режимнің досынан дұшпанына айналдырды. Сөйтіп имам Хомейнидің «Израиль обыр безі» деген көзқарасы әртүрлі топтар мен жобалар арқылы Палестинаны басып алуы режимге қарсы күреске ұласты. Сионистік режим өз шекараларын Нилден Эвфратқа дейін деп білді. 1967-ші жылы «ассошейтид пресстің» журналистерінің бірі израильдік әскерилерінің бірінен: «Израильдің шекаралары қай жерге дейін?» деп сұрағанында, әскери өзіне риза болып: «Аяғым жеткен жерге дейін»,- деп жауап беріп, бәтеңкесімен жерді ұрды. Бірақ Ислам революциясы жеңіске жеткен соң сионистік режим өзінің бұрынғы шекарасының айналасына қауіпсіздік дуал салуға мәжбүр болып, «үлкен Израиль» деген қиял ұмытылды. Бұл нәтиже Иран, Ливан, Сирия, Ирак, Ауғанстан және аймақтың басқа елдерінің жастарының бірлігінің арқасында мүмкін болды. Сондай-ақ Израиль ішінен шіріп келеді. Тіпті АҚШ-тың барлау органдары сионистік режимнің шамамен 20 жыл өмірінің қалғанын мойындады.
Қорыта айтқанда ИИР исламдық мазхабатарды бір-бірлеріне жақындату үшін өткен қырық жылда адал талпынып, әрқашан исламдық бірлікті стратегиялық мәселе ретінде қарастырды. Германияның Вюрцбург университетінің «Практикалық теология» профессоры Людвиг Хагеманн бұл туралы: «Иранда орын алған Ислам революцисының басшылары шиіттер болғандарына және шиіттердің мұсылмандардың әлемдік қоғамнының аз пайызын құрайтындарына қарамастан, олардың революциясының тек шиіттік әлде ирандық болмағанын, нақты айтқанда исламдық үмбетті біріктіретін революция болғанын көрсетті»,- деп қуаттады.