Ақп 10, 2019 20:44 Asia/Almaty
  • 22 баһман – Ислам революциясының қырық жылдығы

АҚШ Ислам революциясы жеңісінің алғашқы күнінен бастап үнемі Ислам республикасы жүйесін құлатуды көздеп келеді.

 

Иранда жыл сайын Ислам революциясының жеңісіне арналған салтанатты шаралар халықтың жаппай қатысуымен өтеді. Иран халқы үстемшіл әрі тәуелді жүйені құлатуы жеңісінің қырқыншы жылы да өткен жылдардағыдай көшелерге шығып, Ислам революциясының ұлы имамы мен революцияның мыңдаған шәһидтерін еске алып, оларға құрмет білдіреді. Шәһидтер Ислам революциясы жеңісі мен Ислам республикасы жүйесін орнату жолында өмірлерін қиды.  

 

Ағымдағы жылғы Иран Ислам революциясы жеңісінің қырық жылдығына қатысты шаралардың екі маңызды ерекшелігі бар. Бірінші ерекшелігі бұл шаралардың АҚШ пен заңсыз Израиль режимі басқарған Ислам революциясы дұшпандарының қастықтарына берілген жауап болуы. АҚШ-тың кейбір кекшіл басшылары ИИР Ислам революциясының қырқыншы жылдығында шынайы дағдарыстармен, тіпті құлдыраумен бетпе-бет келетінін мәлімдеген болатын.

АҚШ Ислам революциясы жеңісінің алғашы күнінен бастап үнемі Ислам республикасы жүйесін құлатуды көздеді. Мұхаммад Реза Пехлевидің диктатуралық режимі АҚШ-қа қатты тәуелді болып, Иран Американың Таяу Шығыс аймағындағы «екі тірек доктринасының» негізгі тірегінің бірі саналды. Сол кездегі АҚШ президенті Ричард Никсон аталмыш доктринасында Иранды АҚШ-тың Таяу Шығыс аймағындағы құралы деп атаған болатын. Таяу Шығыстағы стратегиясы бойынша, АҚШ Мұхаммад Реза Пехлевиді ең дамыған қару-жарақ және әскери жабдықтармен қамтамасыз етті. Қырық мыңнан астам кеңесші Иранда жұмыс істеді, яғни іс жүзінде Иранды басқарды. Мұхаммад Реза Пехлевиді билік басына америкалықтар әкелген болатын. Ирандағы Америка елшісі шаһқа кез келген басшыдан жақын болғандықтан шаһ әрбір маңызды шешім қабылдау үшін ең бірінші онымен ақылдасатын. Ислам революциясының жеңісі АҚШ-тың үстемшіл саясатына жасалған үлкен соққы болды. Сол себепті революция жеңісінің басынан АҚШ үкіметі  Ислам республикасын құлату үшін ешбір әрекеттен бас тартпады. Өткен қырық жыл бойы АҚШ революцияға қарсы әртүрлі топтарды, ағымдар мен сепаратистерді қолдады. Қазіргі кезде де АҚШ үкіметі экономикалық санкциялары, басшыларға қарсы лаңкестік әрекеттерді іске асыруға көмектесуімен, сепаратистер мен ИИР-ның қарсыластарын, сондай-ақ Иранға қарсы соғыста Саддам режимін қолдауымен, Парсы шығанағында Ислам республикасымен тікелей әскери бетпе-бет келу әрекеттерімен өз мақсатына жетпек болды. Өткен қырық жылдағы Американың ИИР-на қарсы дұшпандық әрекеттері Ислам республикасы жүйесі негіздерінің нығаюына себеп болды. Ислам революциясының ұлы көсемін жерлеу рәсіміне Иран халқынан шамамен 10 миллион азамат қатысты. Бұл сан 15 жылғы қуғыннан кейін 1979 жылдың ақпан айында елге оралған имам Хомейниді күтіп алу үшін әуежай мен Теһран көшелеріне жиналған халықтың санынан екі есе артық болды. Имам Хомейнидің орынбасары, ИИР-ның қазіргі діни жетекшісі аятолла Хаменеи шамамен отыз жылға жуық уақыттың өткеніне қарамастан Иран халқының сүйікті басшысы болып табылады.

 

Имам Хомеини

Өткен қырық жылда Иранда халықтың жаппай қатысуымен 36 сайлау өтті. 2017 жылдағы он екінші президенттік сайлау Иран революциясының қырық жылдығына дейінгі соңғы сайлау болды. Бұл сайлауға дауыс беру шарттарына сай келетін сайлаушылардың шамамен 73 пайызы қатысып, Хасан Рухани 56 пайыз дауысқа ие болып, екінші рет төрт жылға Иран Президенті болып сайланды.

Өткен қырық жылдағы ИИР-на қарсы барлық әрекеттерінің сәтсіздікке ұшырағанына қарамастан АҚШ үкіметі аймақ пен әлемде Ираннан үркіту саясатын жүргізіп, әртүрлі сылтаулармен революцияға соққы беруді көздеуде. Алайда Ислам революциясы өткен қырық жылда тамырын тереңге жайып, нығайып, Иран бүгінде Таяу Шығыстың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне ықпал ететін әсерлі, сондай-ақ, лаңкестік ағымы мен стратегиялық аймақтағы дағдарыстармен күресетін  елдердің біріне айналды. Өткен сегіз жылда ИИР Сауд Арабиясы, АҚШ пен аймақтық және трансаймақтық кейбір үкіметтердің қолдауына ие   ДАИШ басқарған лаңкестік тәкфиршіл топтарға қарсы күрестің көшбасшысы болды. АҚШ үкіметі экономикалық санкциялар мен психологиялық соғыстар арқылы Иранда наразылықтар ұйымдастырып, елдің халқын жүйе басшыларына қарсы қою  туралы ойлайды. АҚШ үкіметі 2018 жылдың басында наразылықтар мен бүліктерді пайдаланып, Иран халқын сайланған үкіметке қарсы қойғысы келді. Бірақ халықтың бүлікшілерге қарсы кең ауқымды қарсыласуы мен Ислам революциясы жеңісінің 39-шы жылдығы шеруіне бірауыздан қатысуы Ислам революциясы дұшпандарының қастықтарын стәсіздікке ұшыратты. Иран халқының революцияның қырық жылдығындағы шеруі мен әртүрлі таптарының оған миллиондаған қатысуы Ислам революциясы туралы бос уәж айтатындар үшін берілген мықты жауап, ал әлемдіктер үшін Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи айтқандай «Иран Ислам революциясының жолы енді ғана басталды. Революция мақсатына жету үшін болашақта көптеген жолды өтеді» деген жолдауды жеткізеді.

Дональд Трамптың АҚШ Президенті болып сайлануымен АҚШ үкіметінің ИИР-на қарсы жаңа кезеңі басталды. Бірақ Трамптың Иранға қарсы әрекеттері шектеулермен бетпе-бет келді. Шектеулердің бірі Иран мен «алтылық» тобының ядролық мәселеге қатысты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы» деп аталған келісім болды. ИИР ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатын қатерлі деп көрсету саясатын залалсыздандыру үшін белгілі уақытқа өзінің бейбіт ядролық зерттеулері мен жұмыстарына шектеу қоюға келісті. Иранмен келіссөз жүргізген тараптар, соның ішінде АҚШ ИИР-на қарсы экономикалық санкциялардың күшін жоюды қабылдады. Бұл келісімді БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі бекітті. Бірақ Дональд Трамп бұл келісімді АҚШ тарихындағы «ең жаман келісім» деп атап, 2018 жылдың мамыр айында одан шықты.

 

АҚШ ядролық мәселе туралы келісімнен шықты

АҚШ Президенті ИИР-на қарсы экономикалық санкцияларды қайтарып, Иранмен экономикалық және сауда байланыстарына ие мемлекеттерге Иранмен ынтымақтастық жасаған жағдайда санкция салумен қоқан-лоққы жасады. Бірақ АҚШ-тың бұл әрекеті еуропалық одақтастары мен Еуроодақтың реакциясымен бетпе-бет келді. «Алтылық» тобының мүшелері болған Франция, Германия және Британия «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табандылықтарын қуаттап, АҚШ-тың санкцияларына қарсы тұру үшін қаржы механизмін орнататынын жариялады. Еуропалықтардың Иранмен сауда және қаржы қарым-қатынас орнатуға қатысты қаржы желісі ондаған айларға кешігіп, Ислам революциясы жеңісінің қырық жылдығына байланысты шаралармен тұспа-тұс Парижде тіркелді. АҚШ пен еуропалықтар арасындағы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты терең қайшылықтарға қарамастан Трамп үкіметі Ислам революциясы жеңісінің қырық жылдығында Ислам респбуликасы жүйесін құлатқысы келді. АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон өз елі аталмыш келісімнен шығып, Иранға қарсы жаңа санкцияларын енгізуімен тұспа-тұс Трамп үкіметінің Американың Иранға қатысты саясатын қайта қарастыруы ел революциясының қырық жылдығын көрмейтініне себеп болады деп үміттенген болатын. Олар экономикалық санкцияларды қайтарып, психологиялық соғыс жүргізіп, Иран халқын үкіметіне қарсы қоя алу туралы ойлады.   

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи шәһидтердің отбасыларымен кезедсуінде Американың сәтсіздікке ұшыраған жобасы туралы: «АҚШ пен Иранның басқа дұшпандарының мақсаты санкция салып, қауіпсіздікке қарсы әрекеттері арқылы Иранды екі топқа бөліп, топтар арасында қайшылық пен соғыс тудырып, халықты көшелерге шығару болды. Бұл жоба «Аптап жаз» деп аталды. Бірақ дұшпандардың мақсаттарына керісінше биылғы жаз ең жақсы жаздардың бірі болды»,- деді.

 

Иран Президенті Хасан Рухани да Американың «Аптап жаз» жобасы мен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуына реакция білдіріп, Иран халқы  Ислам революциясы жеңісінің қырық жылдығын  тойламайтынын жариялаған америкалық басшыларға: «Иран халқы революциясының биылғы жылдығын көшелерде тойлайды»,- деп қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі мен Иран Президентінің Иран халқының өз революциясының армандарына табандылығы Ислам революциясы жеңісінің қырық жылдығына қатысты шаралар мен 22 баһман шеруіне жаппай қатысуында анықталып, революция тамырларының Америка басшыларының ойлағандарынан мықты екенін көрсетеді. Ислам революциясы өткен қырық жылда өзінің кемел жолын өтіп, билеп-төстеушілік пен әлемдік үстемшілдікке қарсы тұрды. Иран Ислам республикасы серпінді,  келешегі жарқын жүйеге айналды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тегтер