Діни жетекші Иран Армиясының әуе-қорғаныс күштерінің қолбасшыларымен кездесті
(last modified Thu, 14 Feb 2019 11:29:37 GMT )
Ақп 14, 2019 17:29 Asia/Almaty
  • Діни жетекші Иран Армиясының әуе-қорғаныс күштерінің қолбасшыларымен кездесті

Хиджри күнтізбесі бойынша биылғы 1397 жылының баһман айының 19 күні Ислам революциясының қырық жылдығында Иран Армиясының әуе, әуе-қорғаныс күштерінің қолбасшылары мен қызметкерлері Ислам революциясының жетекшісімен кездесіп, хазіретке адалдықтарын жариялады.

1357 жылдың баһман айының 19 күні Иран Армиясы әуе күштерінің қызметкерлері мен ұшқыштары имам Хомейни тұрып жатқан жерге жиналып, хазіретпен кездесіп, әскери сапқа түзеп, адалдықтарын білдірді. Әуе күштері ұшқыштарының иам Хомейнимен кездесуі революция күндерінің есте қалатын көріністерінің бірі болды.

 

Ұшқыштардың имам Хомейнимен тарихи кездесуі, 1357 ж, 19 баһман

Хиджри күнтізбесі бойынша биылғы 1397 жылының баһман айының 19 күні Ислам революциясының қырық жылдығында Иран Армиясының әуе, әуе-қорғаныс күштерінің қолбасшылары мен қызметкерлері Ислам революциясының жетекшісімен кездесіп, адалдықтарын жариялады.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи ұшқыштардың    ИИР-ның іргетасын қалаушы имам Хомейниге адалдықтарын жариялауын батылдық, Жаратушыға үміт арту, дұшпаннан қорықпай, өз міндеттерін орындаудың көрінісі, сондай-ақ, Армия мен халықтың бірлігіне себеп болатын Алланың бұл халыққа сыйлаған нығметтерінің бірі деп атап: "Таңғалдыру – дұшпанның үмітін үзіп, рухын әлсірету; керісінше революцияшылдарды қуантып, олардың рухын көтеру.  Әуе күштері топтарының медреседе тұрып, ән-ұран айтып, имамға сәлем беруі бұл революция мен оның күрескерлері мен ұлы имамы үшін үлкен ырзық болды» деді.

 

Иран Армиясының әуе, әуе-қорғаныс күштерінің қолбасшылары мен қызметкерлерінің аятолла Хаменеимен кездесуі, 1397 ж., 19 баһман

Әуе күштері Ислам революциясының жеңіске жетуі мен оның құндылықтарын сақтап қалуда маңызды рөл атқарған күштер болды. 1357 жылдың 21 баһманының кешінде әуе күштерінің кейбір базаларын шаһ армиясының танкілері нысанға алды. Бірақ олар табандылық білдіріп, халыққа қару таратып, халықтың көмегімен шабуылды залалсыздандырды. Ислам республикасы жүйесі билік басына келген соң Хамедандағы шәһид Нуже атындағы базада жүйені құлатып, имам Хомейниді өлтіру жобасын құрды. Бірақ бұл жобаны әуе күштері офицерлерінің бірі әшкере етті. Өз-өзін қамтамасыз ету жиһад әуе күштері бастамаларының бірі болды. Ирактың Иранға қарсы соғысы кезінде біріші рет армия мен әуе күштері дұшпанға соққы берді. Сондай-ақ, Ислам республикасы әуе күштерінің мақтан тұтатын оқиғаларының бірі «Фаджр-8» әрекеті мен Ирактың БААС армиясы мен Саддамның шабуылдарына қарсы сегіз жылдық қасиетті соғыс кезінде Фао қаласын өз бақылауына алуы болды. Иранның бірінші әскери ұшағын әуе күштері жасады.

 

Ислам революциясының жетекшісі әуе күштерінің бұл революцияшыл әсерлі әрекеттерін олардың болмыстарының белгісі деп атап, сол болмысты сақтап, нығайтуды, Бабаи, Саттари мен басқа да шәһидтер секілді жастарды тәрбиелеу қажеттігін қуаттады. Діни жетекшінің айтуынша, сол күні жастар тағұттан қорықпай, өз алаңдаушылықтарын жеңіп, Аллаға деген үміттері және батылдықтарымен имаммен кездесуге келді. Қазір де Иран халқы қаһарман, үздік азамат ретінде шапқыншы дұшпанға қарсы тұрып, не істейтінін жақсы біледі. Жарқын армандары және мақсаттарымен Иран халқы революция мен жүйеге табандылық танытып отыр. Ешбір қастандық  Иран халқының революцияның арқасында ие болған тәуелсіздігі, ғиззаты мен беделінен теріс айналдыра алмады.

Ислам революциясының жетекшісі Иран халқын өткен 40 жылда көптеген қатерге толы жолдың маңызды бөлімін өтіп, мақсаттарына жету үшін қоқан-лоққылар мен қастандықтарды залалсыздандырып, шыңға шығатын альпинистке теңейді. Бұл жолда әр адам өз міндетіне сай әрекет етуі керек.

 

Иран Армиясының әуе күштерінің қолбасшылары мен қызметкерлері аятолла Хаменеимен кездесті

Иранда революция жеңісінің тойлары ерекше өтеді. Ислам революциясының жетекшісі 22 баһман шеруін революцияның өзі секілді таңданыс тудыратын оқиға деп атап: «Революция қыстың баһман деген суық айында жасалғандықтан халықтың қыстың суық күні қар мен жаңбырға қарамастан бірнеше сағат бойы жаппай көшелерге шығып, шерулерге қатысып, тұлғалардың сөйлеген сөздерін тыңдауы – ұлы революцияның таңырқататын жағдайларының бірі. Бұл іс қырық жыл бойы жалғасып келеді. Алда да бар күшімен жалғасып, дұшпанның үмітін үзеді. Бұл Иран халқының ерігінің, қоғамдық-саяси әстерге жаппай қатысуының белгісі. Халықтың жаппай қатысуы дұшпанды алаңдатады. 22 баһман шеруі халықтың ұлттық бірлігінің белгісі.  Пікірлер мен талғамдар әркелкі болғанымен мәселе революция мен 22 баһман және Ислам республикасы жүйесіне қатысты болғанда қайшылықтар жойылып, рәсімдерге барша халық қатысады»,- деді.

 

АҚШ – өзінің билеп-төстеушілігі мен үстемшілдігіне байланысты исламдық жүйенің тәуелсіздігі мен күш-қуатын қабылдай алмаған Иран Ислам революциясының ең басты дұшпаны. Бүгін де Америка әртүрлі қастықтарымен жүйені өзгертіп, өзінің мүдделеріне жетуді көздеп отыр. Ислам революциясының жетекшісі бұл кездесуде АҚШ-ты зұлымдық мен зорлық-зомбылықтың көрінісі және дағдарыс пен соғыс тудырушы ел деп атап: «Сөйтіп отырып, бұл режим Ислам республикасы мен Иран халқына тіл тигізеді. Иран халқы неліктен «АҚШ-қа өлім!» деп ұрандатады деп шағымданады. Америкалық басшыларға біздің Америка халқында жұмысымыз жоқ екенін, біздің «АҚШ-қа өлім!» деген ұранымыз сол елдің тек басшыларына, бұл кезеңдегі Трамп пен Болтон және Помпеоға  қатысты екенін қуаттаймын. АҚШ режимі зұлымдығын, араласушылықтары мен қастандыққа сүйенуін тоқтатпай, Иран халқы  «АҚШ-қа өлім!» деп ұрандатуын тоқтатпайды»,- деді.

 

Аятолла Хаменеидің баяндамасының бір бөлігі ел басшылары мен қолбасшыларына АҚШ-қа сенім артпау керектігін ескертуі болды. Аятолла Хаменеи Еуропаға да АҚШ сияқты сенім артуға болмайтынын айтып: «Олармен қарым-қатынас жасама деп айтпаймын. Құдайға шүкір, біз мықты үкіметпіз. Мәселе мұнда емес. Оларға күдік-күмәнмен қарауымыз керек. Олар еш нәрсеге табанды емес»,- деді.   

 

Франциядағы наразылардың жағдайы  – Еуропадағы еңбек құқықтары мен саяси-қоғамдық азаттықтардың бұзылуының тек бір ғана үлгісі. Франция – адам құқығы мәселесіне екіжүзді қарайтын еуропалық мемлекеттердің бірі. Өз елінің халқын басып-жаншып, тұтқындап жатқан  жағдайда басқа елдерді сынап, оларды айыптайды.

Осы ретте аятолла Хаменеи: «Көріңіздер! Париж көшелерінде халықты соққыға жығып жатыр. Париж көшелеріне шыққан шерушілерді Франция үкіметінің қарулы күштері басып-жаншып жатыр. Сондай жағдайда бізге адам құқығы туралы айтады. Сіздер не істедіңіздер? Басқа ел мен басқа халықтан адам құқығын сақтауды талап ететіндей, адам құқығы мәселесіне сіздердің қандай қатыстарыңыз бар? Сіздер адам құқығы дегеннің не екенін білесіздер ме?»- деді.

 

Аятолла Хаменеи үмітсіздендіруді дұшпанның тарих бойындағы негізгі ісі санайды. Бірақ одан қорықпау керек. Құранның айтуы бойынша шайтан өз достары мен жақтастарын қорқытады. Бірақ Алла Тағала: «Негізінен шайтан өз достарын қорқытады. Сондықтан олардан қорықпаңдар да Менен қорқыңдар, егер мүмін болсаңдар»,- деді. («Әл-Имран» сүресі, 175 аят).

Ислам революциясының жетекшісі  сөзінің соңында мемлекеттің, жастар мен халықтың келешегінің бүгінгіден жақсы болатынын қуаттап: «Бауырларым! Иран халқының, Ислам республикасы қарулы күштерінің ертеңі бүгінінен екі есе артық болады. Сіздердің, жастардың келешегі бұрынғылардың өмірінен жақсы әрі бір саты жоғары, бүгінгі күндеріңізден де жақсырақ болады. Аллаға иман келтіріп, әрқайсыңыз өз орындарыңызда міндеттеріңізді орындауға талпыныңыздар. Алла Тағала сіздерге мейіріммен қарап, алдарыңыздағы жолды ашады»,- деді.