Нау 02, 2019 22:44 Asia/Almaty
  • Революцияның екінші қадамы 1

Ислам революциясының қазіргі жетекшісі аятолла Хаменеи Иран Ислам революциясының бесінші он жылдыққа қадам басуы қарсаңында ел жастары үшін «Революцияның екінші қадамы» деген маңызды мәлімдемесін жариялады.

Иран Ислам революциясы осыдан қырық жыл бұрын халықтың ерік-жігері және имам Хомейнидің басшылығымен жасалып, азаттық сыйлаған әрекет болды.  Бүгінде сол үлкен революцияның маңызды жетістіктеріне куә болып отырмыз. Иран Ислам революциясы алпауыт елдердің мықтығылығы туралы жалған аңызды жойып, әлемдегі мазлұмдарға үстемшілерге қарсы тұрудағы батылдықтың үлгісін көрсетті:

«Көктем кітабында біз мәңгіміз,

Тау сияқты табандылықпен жеңіске жеттік».

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» деген мәлімдемесінде өткен қырық жылғы ғажайып жетістіктерге тоқталып, үлкен исламдық Иранды құру үшін қажет негізгі ақыл-кеңесін берді. Ислам республикасы өмірінің жаңа кезеңі өзін, қоғам мен өркениетті дамытудың екінші кезеңі болып, исламдық Иранды жаңа ислам өркениетін  құру мен адамзат құтқарушысының келуіне дайындалу сияқты үлкен мақсаттарына жетуге жақындатады.

Аятолла Хаменеи мәлімдемесінде жастарға Ислам революциясын жақсырақ түсіну үшін тарихқа шолу жасауға кеңес беріп: «Келешекте мықты қадам жасау үшін өткенді жақсы біліп, тәжірибелерден сабақ алу керек. Егер бұл жолға немқұрайдылық танытсаңдар, шындықтың орнын өтірік басып, келешек белгісіз қоқан-лоққылармен бетпе-бет келеді»,- деп қуаттады. Иран Ислам революциясы әлем Шығыс пен Батыс деген екі полюстің билігінде болған жағдайда жеңіске жетті. Батыс блогына либералистік және капиталистік, Шығыс блогына коммунизм мен социализм идеологиялары үстемдік етті. Бұл екі полюс әлемді екіге бөліп, әрқайсы әлемнің белгілі бөлімдерін басқарды. Олардың әрқайсы саяси-идеологиялық-экономикалық билікті өз қолына алуды көздеді. Аятолла Хаменеи мәлімдемесінде бұл туралы: «Әлем Шығыс пен Батысқа бөлініп, ешкім діни үлкен қозғалыс туралы ойламаған жағдайда Иран Ислам революциясы айбыны және салтанатымен майданға шығып, қалыптасқан негіздерді бұзып, дін мен дүниені бірге ұсынып, жаңа ғасырдың басталғанын жариялады»,- деді.

Иран халқының революциясы сол кездегі екіполюстік әлемді үшполюстік әлемге айналдырды. Кеңес Одағы құлап, биліктің жаңа полюстерінің құрылуымен заманауи әлемде «Ислам» мен «үстемшілдік» деген бір-біріне қарсы құбылыс пайда болып, әлемдіктердің назарына түсті. Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша, Ислам революциясының жеңісімен оған қарсы АҚШ басқарған үстемшіл жүйенің дұшпандықтары басталды. Хазірет өз мәлімдемесінде: «Зорлықшыл режимдер Ислам революциясына  дұшпандық білдірді.  Сөйтіп, әлемнің бағдары өзгеріп, революцияның дүмпуі жұмсақ төсектерінде жатқан «перғауындарды» оятып, дұшпандық әрекеттер басталды. Егер халықтың иманының қуаты мен имам Хомейнидің басшылығы болмағанда барлық қастандықтар мен зұлымдықтарға қарсы тұру мүмкін болмас еді»,- деді.

Иран Мұхаммад Реза Пехлевидің билігі кезінде АҚШ-тың Таяу Шығыстағы сенімді базасы болды. Шах АҚШ-қа тәуелді адам еді. Мұхаммад Реза Пехлеви билік басына АҚШ және Англияның қолдауымен келіп, бұл мәселе оны   Америкаға тәуелді елге айналдырды. Халықтың көбінің тұрмысы төмен болған жағдайда америкалық кеңесшілер Иранның әскери, қауіпсіздік, экономикалық және саяси орталықтарында қызмет етіп, жақсы ақша алды. Шаһ кезінде барлау органдарынан америкалықтар мен израильдіктерді көруге болатын. Ирандық саясаткерлердің ұлттық беделі жойылып, аймақ пен әлем деңгейінде, тіпті экономикалық және басқа маңызды салаларда америкалықтар қалаған жерлерде жұмыс істеді. Аятолла Хаменеидің көзқарасы бойынша патшалық жүйе халықтың даусы мен сұраныстарын, діни және мәдени негіздерін құрметтеген жоқ, халықпен достық қарым-қатынас орнатпады.

Иран Пеһлеви мен Қаджар биліктері кезеңдерінде артта қалғанымен Ислам ревоюциясының жеңісінен кейін жылдам дамыды. Үстемшіл, сатқын режим құлап, халықтық үкімет пен діни халықтық демократия орнатылды. Иран тәуелді және шешім қабылдай алмайтын елден тәуелсіз мемлекетке айналды. Революцияның жеңісінен кейін америкалықтар барлық жолдары және қастықтары арқылы ислам үкіметін құлатып, өздеріне ыңғайлы адамдарды билік басына әкеліп, бұрынғыдай Иранды өз бақылауына алғысы келді. Революцияның жеңісімен америкалықтар ирандық халықтарды бөлінуге арандатпақ болды. Бірақ, олардың бұл мақсаты іске аспады. Күрд, араб, түрік және түркімен халықтары өмір сүретін Иранның батысы, оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында арандатушылар оларды исламдық жүйеге қарсы итермелегісі келді, бірақ олардың қастандықтары нәтижеге жетпей, керісінше халықтың бірлігін арттырды. АҚШ пен оның одақтастары қарап отырмай, Саддам Хосейннің армиясын заманауи қарумен жабдықтап, исламдық Иранға қарсы соғысқа итермеледі. Сегіз жылдық соғыс кезінде мүмкіндіктер мен әскери жабдықтардың тапшылығына қарамастан мүмін және революцияшыл жастар Иранның түкпір-түкпірінен елдің оңтүстік-батысына соғысқа аттанып, отанды қорғады.  

Сегіз жылға созылған соғыс кезінде Иран жерінің ешбір бөлігі Саддамның БААС күштерінің қолына түскен жоқ. Керісінше, америкалықтар мен олардың одақтастары абыройсыз сәтсіздікке ұшырады. Бірақ, дұшпандар революцияға соққы беру үшін экономикалық қысымдар мен санкцияларды арттырып, «жұмсақ соғыс» арқылы ирандық жастардың діни және революцияшыл болмысын бұзуға әрекет жасады. Олар жылдар бойы адамгершіліктен жат әрекеттері, санкциялар және Иранның ядролық ғылыммен айналысатын ғалымдары мен саясаткерлеріне қарсы лаңкестік әрекеттерімен Ислам революциясының дамуына кедергі жасауға талпынды. Алайда, олардың талпыныстары нәтижеге жетпей, олар революцияға соққы бере алмады. Бүгін Ислам революциясының жеңісінен қырық жыл өтіп, оның тарихы бесінші он жылдығына қарай қадам басып, имамның жолы мен революцияның негізгі ұрандарын жалғастыруып келеді.

Ислам революциясының жетекшісі «Революцияның екінші қадамы» деген мәлімдемесінде Ислам революциясының жеңісінен кейінгі үстемшілердің қастандықтары туралы: «Ислам революциясының жеңісіне олар қарсы тұрғанымен нәтижеге жете алмады. Ислам революциясының жеңісінен қырық жыл өткен кезде екі дұшпандық орталықтың бірі жойылып, екіншісі қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр. Ислам революциясы өз ұрандарын қорғап, оларға табанды болып, дамып келеді»,- деді.

 

 

 

 

Тегтер