Нау 13, 2019 15:26 Asia/Almaty
  • Революцияның екінші қадамы 3

"Жиһадтық басқару" қажымас еңбек пен талпыныс деген мағынаны білдіретін "жаһд" сөзінен алынған. Басқарудың бұл түрі адамдардың біліміне сүйенеді. Оның мақсаты материалдық сұраныстардан жоғары болғандықтан рухани сұраныстарға жауап беруді көздейді. Оның негізгі мақсаты – Алланың ризашылығына бөлену.

 

Иран Ислам революциясы халықтың әртүрлі таптарының, әсіресе мүмін әрі революцияшыл жастардың қатысуымен жеңіске жетті. Бұл үлкен жеңістен кейін жастар әртүрлі салаларды, соның ішінде мақұрым аймақтарды абадтандыруға кірісті. Олар талпыныстарымен, ешбір материалдық мүддені ойламай, мақұрым отандастарына қайғы-мұғдарын ұмытуға көмектесуді көздеді. Жастар революцияның жеңісінен кейін ғылым мен технология салаларындағы талпыныстарын екі есе арттырды. Ирактың БААС үкіметінің Иранға қарсы әділетсіз соғысы басталған кезде де мүмін әрі революцияшыл жастар сегіз жыл бойы отан мен діни болмыстарын қорғап, Аллаға деген имандарымен әлемге дұшпандардың әділетсіз санкцияларына қарсы тұрудың үлгісін көрсетті.

Иран Ислам революциясының көсемі имам Хомейни жастарға үлкен сенім артты. Имамның сенімі мен сүйіспеншілігі жастарды белсенділік танытып, қарсыласу мен табандылық білдіруге жігерлендірді. Имам Хомейни АҚШ пен одақтастарының жан-жақты санкциялары күшейген кезде "Біз жасай аламыз!" деген ұранды жастардың арасында таратып, оларды сегіз жылдық соғыс кезінде өз күштеріне сүйенетіндей басқарды. Сондай-ақ, дәл осы көңіл-күймен әртүрлі салаларды дамытуға шақырды.

Аятолла Хаменеи де имам Хомейни сияқты жастарға сенім артып, оларды өз перзенттері санайды. Аятолла Хаменеи "Революцияның екінші қадамы" мәлімдемесін жастарға арнады. Хазірет Иранның дамуын жастардың ерік-жігері мен талпыныстарының арқасында деп санайды. Бұл – Ислам революциясы жетекшісінің жастарға сенім артауының тек бір ғана мысалы. Ислам революциясының жетекшісі сөзінің бірінде жастарға: "Мен жастардың, әсіресе дарынды жастардың арасында болған кезде Аллаға шүкіршілік білдіремін. Құран Кәрімнің "Нахл" сүресінің 53-ші аятында" Сендердегі әр нығмет Алладан" деп айтылған. Сондай-ақ, сіздер біз үшін Алланың нығметісіздер. Жүйенің жанашырлары үшін илаһи мейірім саналасыздар",- деген болатын.

 

Аятолла Хаменеи "Біз жасай аламыз!" деген ұранға сүйеніп, жастарға елді басқаруға мұрсат беруді Ислам революциясының айқын ерекшеліктерінің бірі деп атап, өз мәлімдемесінде: "Ислам революциясы жастарды оқиғалардың негізгі алаңына шығарып, елді басқаруды сеніп тапсырып, оларды "Біздің қолымыздан келеді!" деген ұранға сендірді. Дұшпанның санкциялары жергілікті жастардың күш-қабілетіне сүйенуді үйретті. Бұл үлкен берекенің қайнар көзі болды",- деді.

Ислам революциясы жетекшісінің пікіріне сәйкес, Иран – жастар мен жас дарындарды тәрбиелейтін ел. Ислам республикасы жүйесінің мақтан тұтатын мәселесі жастарды әртүрлі және маңызды салаларға қатыстыруы. Жастарды әртүрлі салаларға қатыстыру мүмкіндігінің жоғары болуына байланысты дарынды жастарды көбірек қатыстыруды ойластыру қажет.

Ислам революциясының жеңіске жетуімен жиһадтық басқару елді басқарудың бір түрі ретінде ұсынылды. Жиһадтың басқарудың мағынасын Ислам революциясы жетекшісінің келесі сөзінен түсінуге болады: "Егер жиһадтық немесе илаһи ниетпен және ғылым мен қырағылыққа сүйенген еңбек пен талпыныс қалыптасатын болса, елдің мәселелері шешіліп, ел дамуын жалғастырады",- деген.

"Жиһадтық басқару" қажымас еңбек пен талпыныс деген мағынаны білдіретін "жаһд" сөзінен алынған. Басқарудың бұл түрі адамдардың біліміне сүйенеді. Оның мақсаты материалдық сұраныстардан жоғары болғандықтан рухани сұраныстарға жауап беруді көздейді. Оның негізгі мақсаты – Алланың ризашылығына бөлену.

Жиһадтық басқару жүйесінде Ислам дінінің ахкамы жақсы өмір сүрудің стратегиясы ретінде қалыптасты. Бұл басқару жүйесінің мақсаты ахлақ, кешірім мен жанкештілік секілді діни құндылықтарды қоғамда тарату болды. Жиһадтық басқару тұтыну, сән-салтанатты өмір сүру, сылбырлық, жалқаулық пен мақсаттан ауытқуға қайшы, тіпті олармен күреседі. Көбінесе капиталистік мәдениет салдарынан пайда болған басқарудың басқа түрлері қоғамды тұтынушылық, әділетсіздік, сондай-ақ, адамгершілік негіздерінен ауытқуға, ләззат алуды ойлауға қарай итермелейді.

Мүмін әрі революцияшыл жастар Батыс пен оның одақтастарының адамгершілікке жат  санкцияларына қарсы «Біз жасай аламыз!» деген негізбен жергілікті мүмкіндіктерге сүйеніп, көптеген бастамаларымен әртүрлі салаларда Иранның туын жоғары көтерді.

 

 

Аятолла Хаменеи «Ревоюцияның екінші қадамы» деген мәлімдемесінде жиһадтық басқару мен «Біз жасай аламыз!» деген негізге қатысты сенімінің Иранның әртүрлі салалардағы дамуы мен ғиззатының себебі болғанын қуаттады. Діни жетекші Ислам революциясының берекесі туралы жуырдағы мәлімдемесінде «Біз жасай аламыз!» деген көңіл-күйді арттыру қажеттігін қуаттап, оның көптеген жақсылықтарға себеп болатынын баса айтты. Хазіреттің пікірі бойынша, діни революция ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, елдің ішіндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті арттырды, сондай-ақ территориялық тұтастық пен дұшпанның шынайы қоқан-лоққыларымен бетпе-бет келген шекараларды нығайтты. Қазіргі таңда исламдық Иран аймақтың қауіпсіздік пен тұрақтылыққа ие мемлекеті болуымен бірге, Таяу Шығыс аймағының тұрақтылығын қамтамасыз етуші фактор болып табылады. Бұл мәселені тіпті Ислам республикасының дұшпандары да мойындайды. Обыр безі секілді аймақты жіктеу мақсатында таралған ДАИШ қарсыласу майданымен күресте жеңілді. Израильдік жауынгерлердің ерлігімен АҚШ пен Израильдің алдын-ала жоспарланған қастықтарын нәтижеге жеткізбеді. Аятолла Хаменеи Ислам революциясының келесі берекесі туралы: «Жергілікті күшке сүйену елдің ғылым мен технология саласындағы дамуы мен маңызды инфрақұрылымдар мен экономикалық және құрылыс негіздерін қалыптастыруына себеп болды. Негізгі ғылымдар саласындағы мыңдаған компаниялар, мыңдаған инфрақұрылымдық жобалар, құрылыс, транспорт пен тасымал, өнеркәсіп, пен энергетика, кен, денсаулық пен ауылшаруашылығы, су мен басқа салалар, жоғары оқу орындарын аяқтаған немесе оқып жүрген миллиондаған жастар, елдің түпкір-түпкіріндегі мыңдаған университет, ядролық отын, діңгекті жасушалар, нано технология, биотехнология, мұнайдан басқа өнімдер экспортының 600 есе артуы, өндіріс бірліктері санының артуы,  монтаж өнеркәсібін жергілікті технологияға ауыстыру, қорғаныс өндірісі мен медицина саласындағы жетістіктер және дамудың басқа ондаған үлгісі – Ислам революциясының жетістіктері.

 

Аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде ислам революциясының берекесі туралы сұхбатты жалғастырып, халықтың таңғажайып саяси түсінігін дамытуы мен халықтың елді қорғауға қатысуына тоқталды. Аятолла Хаменеи Батыстың, әсіресе АҚШ-ның қылмыстары, Палестина мен бұл халықтың зорлық-зомбылық көруі, алпауыт елдердің халықтар арасында соғыс ашып, халықтардың істеріне араласуы тақырыптарына саяси сараптама жасап, халықаралық мәселелерді түсінуді маңызды деп бағалады. Ислам революциясының жетекшісі халықтың сайлауға қатысу, ішкі бүліктер мен үстемшілдікпен қарсыласу сияқты саяси мәселелердегі белсендігін Ислам революциясының берекесі мен Иран халқының саяси танымының артуы деп санайды.  Діни жетекшінің пікірі бойынша, революциядан кейін адамдардың жиһадтық көңіл-күйі мен көмек көрсету және қайырымдылық белсенділігі артты.

 

 

Тегтер