Әлем Наурыздан Наурызға дейін: Қазақстан өзгерістері
(last modified Mon, 01 Apr 2019 11:17:33 GMT )
Сәу 01, 2019 17:17 Asia/Almaty
  • Әлем Наурыздан Наурызға дейін: Қазақстан өзгерістері

Қазақстанның отставкаға кеткен Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шаһривар айының жиырма төрті күні түркиялық әріптесімен кездесуден кейін Анкарада журналистерге берген сұхбатта Астана мен Анкараның аймақ пен әлем деңгейінде ұқсас ұстанымға ие екенін мәлімдеді.

 

Назарбаев Реджеп Тайып Эрдоғанмен кездесуден кейін екіжақты қарым-қатынастардың жақсы деңгейін мадақтап, елінің халықаралық салада Анкараның саясаттарын қолдайтынын жариялады. Назарбаев түркиялық әріптесімен кездесуде сөйлеген сөзі Қазақстан үкіметінің Түркиямен экономикалық-саяси ынтымақтастықтарының деңгейін арттыруға мүдделік танытатынын көрсетті. Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда айналымның мөлшері келісім жасаған деңгейіне жетпегенімен, 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейінгі кезеңде екі ел арасындағы қарым-қатынас үнемі арту үдерісіне ие болды. Өткен жылдың соңына дейін Қазақстан  мен Түркия арасындағы сауда айналымы екі миллиард доллардан аспады. Екі елдің басшылары үнемі жыл сайын 10 миллиард долларлық сауда айналымына қалыптастыру туралы қуаттап келеді. Қазақстан  мен Түркия басшылары жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесін құру негізінде 2015 жылға дейін жылдық екіжақты сауда айналымын 10 миллиардқа жеткізу туралы келіскен болатын, бірақ осы уақытқа дейін мақсаттарына жеткен жоқ.

Меһр айының үші күні Қазақстан  Республикасы Қарулы Күштері Ассоциациясы төрағасының орынбасары: «Астана үкіметінің лаңкестік топтардың ықтималды шабуылымен қарсыласу бағдарламасы бойынша, елдің кейбір қаруларды сату жұмыстары тоқтатылды. Қазақстанда қару сатуға тыйым салынбастан бұрын қару сататын 103 орталық болды. Қазіргі таңда олардың 35 жабылды»,- деді.  Қазақстанда қару сатуға тыйым салу туралы заң 2016 жылдың маусым айында Ақтөбе қаласында қару сататын екі дүкенге шабуыл жасалғаннан кейін қабылданды. Лаңкестікке қатысты халықаралық сараптаулар Қазақстанды лаңкестік қатерімен бетпе-бет келген елдердің қатарына енгізді. Өткен жылдары Қазақстанда бірнеше лаңкестік әрекет болды. Мәселен, 2016 жылдың шілде айында меммлекеттік ғимараттардың бірі мен полиция орталығына, 2016 жылдың маусым айында елдің қауіпсіздік күштері мен азаматтарына қарсы лаңкестік шабуыл жасалды. Сондай-ақ, 2011-2013 ж.ж. Қазақстан  қауіпсіздік күштері мен лаңкестік топтар арасындағы қақтығыстарға куә болды.  Қазақстан үкіметі еркін қару саудасы лаңкестер мен қылмыскерлердің қаруға ие болуын жеңілдетеді деп алаңдап отыр. ДАИШ лаңкестік тобының Ирак пен Сирияда  жойылуымен осы топқа мүше болған Орталық Азияның жүздеген азаматының өз елдеріне оралатынын ойласақ, бұл тақырыптың маңыздылығы анық сезіледі.

Қазақстанның Министрлер кабинеті есфанд айының екі күні отставкаға кетті. Нұрсұлтан Назарбаев бұл шешімге келісімін берді. Қазақстан Президентінің бұйрығы бойынша, жаңадан Министрлер кабинеті құрылып өз жұмысын бастағанға дейін бұрынғы Министрлер кабинеті жұмысы мен міндеттерін жалғастыратын болды. Нұрсұлтан Назарбаев бұдан бұрын халықтың мүдделеріне көңіл бөліп, Қазақстанның Министрлер кабинетін таратудың қажеттілігі туралы айтқан болатын. Ол сондай-ақ, кабинет мүшелерін халықтың тұрмысын жақсарта алмағаны үшін сынаған болатын. Қазақстанда Министрлер кабинетінің жаппай таратылуы алғаш рет. Негізінде Қазақстан Президентінің араласуына қарамастан кабинет мүшелерінің жаппай отставкаға кетуінің себебін халық өздерінің тұрмысын жақсарта алмаумен байланыстырады. Кейбір мамандар кабинеттің отставкаға кетуін елдегі биліктің ауысымен байланыстырған болатын. Саяси мәселелердің маманы Сұлтанбек Сұлтанғалиев журналистерге берген сұхбатында Қазақстан  кабинетін Нұрсұлтан Назарбаевтың таратқанына тоқталып: «Бұл әрекет – елдегі биліктің ауысының басталуы. Бұл шешім   Қазақстан Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев басқаратын үкіметті тарату үшін қабылданды. Өйткені, саяси мәселелердің мамандары ғана емес, тіпті қарапайым халық та кабинеттің әлеуметтік және экономикалық салалардағы жұмыстарының тиімсіз болғанына куә болды. Нұрсұлтан Назарбаев бірінші рет кабинеттің бүкіл мүшесін таратты. Бұл шешім – биліктің ауысу жобасына байланысты болғандықтан Министрлер кабинеті, Президент әкімшілігі, Қауіпсіздік кеңесі, Парламент пен облыстық органдарға шынайы өзгеріс енгізу бағытындағы жоспардың басталуы»,- деп бағалаған болатын. Қорыта айтқанда, өткен жыл Қазақстан үкіметі үшін шарықтау мен құлдырауларға толы жыл болды. Елбасының Түркия сапары мен көршілес республикалар арасындағы қайшылықтарды шешу жолындағы талпыныстары бір жақтан, үкіметтің бүкіл мүшелерін тарату басқа сақтан т.птеп келгенде бір тиынның екі жағы болып табылады. Ағымдағы жылы Қазақстанның ішкі экономикасы мен сыртқы саясаты теңгерім мен теңдікке жету бағытында ілгерілей түседі деген болжамдар жасалуда.