12 фарвардин – Ислам республикасы күні
Ислам республикасы жүйесінің заңдылығы мен билігі Иран халқының қолдауына қарыздар. Ислам революциясы жеңісінің алғашқы күндерінен бастап, Иранның Ислам республикасы жүйесі халықтың тарихи референдумға жаппай қатысуы арқылы расталды.
Хиджри қамари жыл санағы бойынша 1357 жылы Ислам революциясы жеңіске жеткен соң имам Хомейнидің ұсыынысымен 1358 жылдың фарвардин айының 10-11 күндері Иранның түкпір-түкпірінде Ислам республикасы туралы референдум өтті. Референдум нәтижесі бойынша, қатысқан халықтың 98,2 пайызы «оң» дауыс беріп, Ислам республикасы жүйесінің орнатылуын мақұлдады. 12 фарвардинде референдумның нәтижесі жарияланды. Бұл тарихи күн «Ислам республикасы күні» деп аталды.
1358 жылдың 12 фарвардин күні (1979 ж. сәуір) өткен референдум Ислам революциясының жеңісінен тек бірнеше ай өткен кездегі Иран халқының жаппай қатысуымен болған діни халықтық демократияның көрінісі болды. Ислам республикасының жүйесі бірінші күнінен бастап-ақ халықтың даусына шынайы мән беріп, оны құрметтеді. Ислам республикасында халықтың бақылауы ерекше маңызды. Бұл саяси жүйе халықтың сұранысы мен талап-тілектеріне сай дамып келеді. Революция жеңісінің басынан республикалық жүйе мен исламдық болмыс бір-біріне жақындап, халық өз еркімен сайлауға қатысу құқығын пайдаланды. Ислам республикасының іргетасын қалаушы имам Хомейни фарвардиннің 12 күнгі референдумның алдындағы жолдауында халықтың оған жаппай қатысып, өздері қалаған саяси жүйені сайлауға ерікті екенін қуаттады. Имам Хомейни: «Бұл референдум халқымыздың тағдырын анықтайды; бұл референдум сіздерді азаттық пен тәуелсіздікке жеткізеді немесе бұрынғыдай қысымдар мен басқаларға тәуелділікпен бетпе-бет келтіреді. Бұл референдумға баршаның қатысқаны жөн. Сіздер қалаған жүйені таңдай аласыздар. Сіздер демократиялық республиканы, патшалық режимді немесе өздеріңіз қалаған кез келген жүйені таңдай аласыздар. Сіздер еріктісіздер»,- деді. Ислам революциясының тарихи зерттеу бөлімінің басшысы Әли Корди 1958 жылы фарвардин айының 12 күнгі референдум туралы: «Имам Хомейни Меһди Базарганның уақытша премьер-министрлігі міндетін растайтын үкімінде ауыспалы үкімет үшін төрт маңызды міндетті анықтады. Оның бірі – елдің саяси жүйесін өзгерту үшін халықтың даусына сүйену. Иран халқы революция ағымындағы салтанатты, үлкен шерулерінде Ислам республикасының құрылуын талап етті. Имам кез келген күдік-күмән мен сылтауды жою үшін және саяси жүйенің келешегін халықтың дауысы арқылы анықтау үшін референдум өткізуді бұйырды»,- деп жазды. Имам Хомейни референдум өткізу туралы жобаны баяндады. Хазіреттің бұл тарихи әрекеті Иран халқына ғиззат пен айбын және шынайы тәуелсіздік сыйлады.
12-ші фарвардин халықтың сайлау құқығы мен егемендігіне сүйеніп, тарихи күнге айналды. Сол себепті бұл референдум саяси, қоғамдық және экономикалық тұрғылардан сарапшылардың назарын аударды. Араб сарапшысы Насер Қандил: «Иран өзінің әрбір сайлауында маңызды жолдауын жеткізеді. Ислам революциясынан кейінгі кезеңде Иран тұрақтылығы, құндылығы мен өзінің құдыретіне себеп болатын факторларды сақтай алатын жүйе болды»,- деді. Ислам республикасы жүйесі туралы референдум халықтың өз тағдырын шешу құқығын құрметтеуге негізделді. Бұл өзгеріс халықтың мемлекеттің істеріне қатысу рухын көтерген Иранның Ислам революциясының саяси тарихындағы маңызды мәселе болып табылады.
Ислам республикасындағы діни халықтық демократия жүйесі өткен қырық жылда еш уақытта дін мен оның құндылықтарына қарсы келген емес, тіпті сыртқы немесе ішкі мәселелер туындаған кездері де халық демократиясы негізін сақтап қалды. Бөгделердің Иранда азаттық жоқ деген үгіт-насихаттары мен уәждеріне қарамастан Иран халқы барлық сайлауларда, референдумдар мен әртүрлі басшыларды сайлауға, Мәжіліс депутаттары мен жергілікті кеңес сайлауларына тіпті саяси және экономикалық түрғыдан қиын кезеңдерде де өз еріктерімен дауыс беруге қатысты. Иранда халық сайлауға өз еркімен қатысу құқығына ие болса, Бельгия, Австралия мен Австрия сияқты елдерде халық сайлауға міндетті түрде қатысуға мәжбүр. Өйткені, бұл мемлекеттерде халық сайлауға қатыспаса, азаматтық құқығынан айрылады. Сондықтан көптеген экономикалық және саяси шығындарды өтеуі тиіс.
Иранның Конституциясында жүйенің халықтың ерік-жігеріне сүйену керектігі қуатталды. Президенттік, Эксперттер кеңесі, Ислам Кеңесінің Мәжілісі мен тағы басқа сайлауларға қатысу – халықтың ерік-жігері мен талап-тілектерінің белгісі.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи халықтың рөлінің маңыздылығы туралы: «Үкіметтің халықтық болуы деген – халықтың үкіметтің жұмысына қатысуына мүмкіндік беру. Яғни, халық үкіметті құруға, оны басқаруға, басшыны анықтап, үкіметтік саяси жүйені қалыптастыруға қатысады. Исламдық үкіметтің халық үкіметі болуы – үкіметтік халыққа қызмет етуі. Басшы үшін жеке адам, белгілі бір топ немесе бір таптың емес, жалпы халықтың мүддесі маңызды»,- деді.
Халық әрбір сайлауға жаппай қатысып, өз тағдырын шешу құқығын пайдалануды маңызды санайтынын көрсетті. Саяси мәселелердің маманы Аббас Никуи фарвардиннің 12 күнгі референдумының Иран Ислам революциясынан кейінгі бірінші сайлау болғанына тоқталып, 1358 жылдың фарвардиннің 12 күнгі референдумға халықтың бірауыздан қатысуын Иран халқының сайлауға қатысу белсенділігінің белгісі деп атады.
ИИР Ислам революциясы жеңісінің алғашқы күндерінен бастап, халықтың даусына ерекше мән беріп, елдің Конституциясы халықты жүйе билігінің негізгі иелері санап, ешкімнің халықты биліктен айыру құқығы жоқ екенін қуаттады. Сол себепті Ислам республикасы жүйесі басынан бастап, референдум өткізу арқылы құрылып, демократиялық параметрлерді қуаттап, өткен қырық жылда көптеген сайлау өткізіп, халық даусының маңызды екенін көрсетті. Саяси сарапшылардың көзқарасы бойынша, халықтың шынайы күш-қуаты – ұлттық бірлікте. Халық елдің тағдырына өзін жауапты санап, қоғамның көпшілік даусын құрметтейді.