Сәу 02, 2019 17:35 Asia/Almaty
  • Діни жетекшінің наурыздық жолдауы: жаңа жыл – өндірісті дамыту жылы

Аятолла Хаменеи: "Менің ойымша, өндіріс мәселесі биылғы жылдың негізгі тақырыбы. Сондықтан биылғы жылды «Өндірісті дамыту» жылы деп атадым".

 

Жыл сайын Жаңа жылдың басында Иран халқы Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің наурыздық жолдауын күтеді. Аятолла Хаменеи жыл сайынғы жолдауында өткен жылдың мәселелерін қорытындылап, жаңа жылдың тақырыбын атап, алдағы жылдың стратегиясын анықтайды. Бірнеше жыл бойы аятолла Хаменеи экономикалық мәселелерге назар аудару қажеттігін қуаттауымен бірге ұлттық өндірісті дамытуды экономикалық мәселелерді шешетін жол ретінде баса айтып келеді. Сондықтан өткен жыл «Ирандық тауарларға қолдау көрсету» деп аталса, биылғы 1398 жылдың ұраны туралы хазірет: «Менің ойымша, өндіріс мәселесі биылғы жылдың негізгі тақырыбы. Сондықтан биылғы жылды «Өндірісті дамыту» жылы деп атадым. Барша халық елдегі өндірісті дамытуға талпыныс жасауы керек. Жылдың басынан соңына дейін Құдайдың көмегімен бұл үдерістің орын алтынына үміттенемін»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи жылдың бірінші күні Мешһед қаласындағы Исламның ұлық пайғамбары ұрпағынан шыққан имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесіне жиналған халықтың алдында сөйлеген сөзінде бұл тақырыпқа толығырақ тоқталды.

Ислам революциясы жетекшісінің наурыздық жолдауы

Ислам революциясының жетекшісі Мешхедте сөйлеген сөзінде өткен жылы халықтың ирандық тауарларға көрсеткен қолдауын оң бағалап, бұл істің жалғасуы керектігін қуаттады. Аятолла Хаменеи жаңа жылдың  «Өндірісті дамыту» ұранының маңыздылығы туралы айтқан сөзінде: «Өндірісті дамыту – негізгі әрі маңызды мәселе. Егер өндіріс болса, әртүрлі  бөлімдерде өзгеріс болады. Егер өндіріс дамыса, жұмыс орындарын ашуға, инфляцияны төмендетуге, тіпті бюджеттің теңгерімі мен ұлттық ақша құнының артуына әсерін тигізеді. Өндіріс деп айтқанда тек өнеркәсіптік өндіріспен шектелмейміз. Өнеркәсіптік өндіріс, ауылшаруашылығы өндірісі, мал шаруашылығы, ірі, орта және шағын өнеркәсіптер, тіпті қолөнер мен ауылдық жерлерде мал шаруашылығы қоғам тұрмысын жақсартуға көмектеседі»,- деді. Хазірет Үкімет, Ислам Кеңесінің Мәжілісі, халық пен өндіріс саласындағы белсенділерден өндірісті дамытуды шынайы түрде өздерінің жұмыс кестесіне енгізуді талап етіп: «Өнім шығарушыларға, инвесторларға, экономика саласындағы белсенділер мен елдің байлығын арттырушыларға көмектесу керек. Сонда кәсіп және жұмыспен қамтамасыз ету кеңістігі жақсарады»,- деп қуаттады.

Діни жетекші имам Реза (ғ.с.)-ның қасиетті кесенесіне сөз сөйледі

Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың ИИР-на қарсы салған санкцияларының сәтсіздікке ұшырайтынына тоқталып, хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1398 жылды мұрсаттар мен мүмкіндіктер жылы деп атап, баршаны, үкіметтік органдар мен ойшылдар мен жастарды заңсыз санкцияларға қарсы тұратын жолды табуға шақырып, дұшпанның санкцияларын залалсыздандыратын көптеген жолдардың бар екенін айтты. Аятолла Хаменеи санкцияларды әсерсіз етіп, экономикалық қиындықтардан өтетін мүмкіндіктерді атап: «Біздің тапшылығымыз жоқ. Адами күштеріміз, табиғи және географиялық мүмкіндіктеріміз өте жақсы. Сондықтан мүмкіндіктеріміз көп, сондай-ақ, елде ақша да бар. Алайда бұл мүмкіндіктерді пайдалану үшін дұрыс әрі жауапкершілікпен басқару қажет»,- деді. Ислам революциясының жетекшісі бұл басқаруды жиһадтық басқару деп атады. Аятолла Хаменеи бұл басқарудың ерекшілігін Алла жолындағы талпыныс, ықылас және халықтық сипатқа ие болу деп атап: «Жиһадтық басқару ғылыми негіздерге сүйеніп, нақты әдісімен дұрыс жолды көрсетеді; сауаттылықты, іскерлік пен әртүрлі мүмкіндікті пайдалануды қуаттайды. Жиһадтық басқарудың арқасында елдің экономикасы дамиды»,- деді. Аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» деген мәлімдемесінде қуаттағандай, имам Резаның (ғ.с.) кесенесінде сөйлеген сөзінде де елдің мәселелерін шешу үшін жастарды пайдалану керектігін айтты. 

Иран – мұнай мен газ қорларына бай мемлекет. Бұл байлыққа ие болу ел үшін ұпай саналғанымен, оларды дұрыс пайдаланбау немесе тек осы байлықтан түсетін кіріске тәуелділік экономиканы қиындықтарға тірейді. Өкінішке орай, патшалық режим кезінде Иранның экономикасы мұнайға тәуелді болды. Ислам революциясынан кейін бұл тәуелділік төмендегенімен, толық жойылған жоқ. Аятолла Хаменеидің әрқашан көңіл бөлетін мәселелерінің біріне экономика мен қаржы салаларында мұнайға сүйенбеу жатады. Сол себепті хазірет мұнайға салған санкциялар мен мұнайдан түскен кірістің азаюын мұнайға деген тәуелділікті төмендетіп, ішкі өндірісті дамыту  үшін мұрсат санайды. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Тәжірибе мұнай сияқты табиғи байлыққа ие мемлекеттердің бұл ресурстан түсетін кірісі азайған кезде экономикалық реформалар жүргізу туралы ойлайтынын көрсетті. Олар өздерін бұл кіріске тәуелді болудан құтқару үшін әрекет жасайды»,- деді. Діни жетекшінің айтуы бойынша, үкімет пен университеттік және зерттеу орталықтарында елдің экономикасын мұнай кірісін басқару саласында кең ауқымды зерттеулер басталды. Хазірет қысымдарды мұрсатқа айналдырудың мысалы ретінде Саддам армиясының шабуылы кезінде Иранға қарудың сатылмағанын, бұл мәселенің жергілікті жастар мен мамандардың өз мүмкіндіктеріне сүйеніп, әртүрлі қару шығаруына себеп болып, бүгінде Иранның әскери тұрғыдан мықты мемлекетке айналғанын еске салды. 

 1398 жыл: Өндірісті дамыту

ИИР-ның Батыс үкіметтерімен қарым-қатынас тәсілі аятолла Хаменеидің Мешхед қаласындағы имам Резаның (ғ.с.) қасиетті кесенесіне жиналған зияратшылардың алдында сөйлеген сөзінде қозғаған келесі мәселе болды. Хазірет Батысты толық қабылдамайтын, сондай-ақ, Батысты толық қолдайтындардың пікірлерін бұрыс деп атап: «Батыстықтар білім саласында жақсы дамыды, ерік-жігер көрсетіп, дамыды. Олардың технологиялық дамуы мен кейбір мінез-құлық ерекшеліктерін де теріске шығаруға болмайды. Біз дүниежүзінің әртүрлі елінен әр түрлі жақсы нәрсе үйренуіміз керек. Бірақ батыста АҚШ пен Еуропа үкіметтерінің саясаты мен билігі зорлық-зомбылық пен зұлымдыққа негізделген. Сондықтан қисынсыз, әрі кердең»,- деді.  Билеп-төстеушілік пен кердеңдікті Батыс үкіметтерінің бірнеше ғасыр бойы басқа елдерге отаршылық жүргізу саясатынан байқауға болады. Бұл кезеңде олар әртүрлі елдердің табиғи байлықтарын талан-таражға салып, бұл елдердің ғылыми және экономикалық дамуының алдын алды. Ислам революциясының жетекшісі отаршылық құбылысына тоқталуымен бірге, еуропалық үкіметтердің Иранға жасаған қиянаттарын еске салып, олардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табандылық танытпауы мен  Иранның өз міндеттемелерін табанды орындауына қарамастан, бұл елге қарсы санкциялардың күшінің жойылмауын қуаттады.

Аятолла Хаменеи батыстықтардың қисынсыз әрі алдамшы ұстанымдарының үлгісі ретінде Жаңа Зеландиядағы мұсылмандарға қарсы лаңкестік әрекеттерге тоқталып: «Батыстықтар лаңкестікке қарсы күрес туралы уәж айтқанымен, олардың басшыларының көбі бұл лаңкестікті лаңкестік әрекет деп атады» деді. Ислам революциясының жетекшісі өткен екі жылда АҚШ Конгресінде Иранға қарсы 226 жобаның ұсынылып, олардың кейбіреуінің бекітілгенін АҚШ пен Батыстың қиянаты мен дұшпандығының белгісі деп атады. Екіжүзділікке байланысты аятолла Хаменеи Батыс үкіметтерімен қарым-қатынас орнатуды, бірақ оларға сенім артпау керектігі мен олардан көмек күтпеуді қуаттап: «Қарым-қатынас орнату – проблема емес, оларға сенім арту проблема тудырады. Мен «Батыс үкіметтеріне сенім артпаңдар» деймін. Батысқа сенім артудың проблемаларының бірі халық арасында адастыратын білім мен даму және дін мен иман бір-біріне қарсы деген пікір таратуы»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің соңында Иран халқына былай деді: «Батыс пен АҚШ, егер Иран халқы қаласа, қалаған нәрселеріне жетеді деген нәтижеге жетті. Сондай-ақ, Иран халқының ұлттық ерік-жігерімен күресуге болмайды деген нәтижеге жетті. Олар Иран халқының ерік-жігерін әлсірететін жұмыс істеу керек деген нәтижеге жетті. Бүгінде біздің жастарымыздың саяси және діни наным-сенімдеріне нұқсан келтіру үшін миллиардтаған ақша жұмсалады. Олар ерік-жігерді жойып, сіздердің шешім қабылдағандарыңызды қаламайды, Иран халқының дамуының  алдын алғысы келеді. Олар ислам қоғамы мен исламдық өркениеттің қалыптасуына қарсы. Олар ерік-жігер қалыптасса, ислам үмбетінің мақсаттарына жететінін біледі».

 

 

Тегтер