Сәу 10, 2019 17:54 Asia/Almaty
  • Имам Саджадтың (ғ.с.) туған күні құтты болсын!

Имам Саджад «Алламен сырласу адамның жаны мен психикасының тынышталуына себеп болады. Алламен бол. Ол алысты жақындатып, қиындықтарды жеңілдетеді» деген болатын.

 

Жақсылық пен берекеге толы шағбан айының бесінші күні таңда Шаһрбану сәбиін құшақтап отырды. Бұл сәби Алла елшісінің ұрпағы, имамат пен велаяттың мұрагері, Хусейн бен Әли бен Абитолептің (ғ.с.) ұлы имам Саджад (ғ.с.) еді.

Әлемнің барша мұсылмандарын имам Саджадтың (ғ.с.) туған күнімен құттықтаймыз!

 

Имам Әли бен әл-Хусейн (ғ.с.) хиджри қамари жыл санағы бойынша 38-ші жылы шағбан айының 5-ші жұлдызында Мәдине қаласында дүниеге келді. Имам Саджад (ғ.с.) илаһи береке және әкесі имам Хусейннің (ғ.с.) мейірімі аясында өз болмысын жоғары қадір-қасиеттермен безендірді. Имам Саджадтың (ғ.с.) 23 жасында Кербала оқиғасы болды. Хазірет науқас болғандықтан соғыс алаңына шықпаған. Бұл илаһи іс имам Саджад (ғ.с.) тірі қалып, әкесі имам Хусейн (ғ.с.) шәһид болған соң ислам үмбетін дұрыс жолға нұсқаушы болып қалуына себеп болды.   

Имам Саджадтың (ғ.с.) имаматында ислам үкіметінің қоғамдық жағдайы дағдарысты болды. Бұл дағдарыс ислам үмбетінің тағдыры үшін қоқан-лоққы ғана емес, үмбеттің жойылуына соқтыруы мүмкін еді. Сол кезеңде әртүрлі басшылар бәсекелесті. Ешбір басшы 3-4 жылдан артық билік басында отыра алмады. Муавие бен Язид алты ай, тіпті одан да аз, Марван тек бірнеше ай ғана билік етті. Қала басшылары да өзгеріп тұрды. Мұндай жағдай талан-тараж бен дағдарыстардың артуына себеп болды. Сонымен қатар діни тағылымдарға немқұрайдылық таныту, ысырапшылық, Алламен қарым-қатынас маңыздылығының төмендеуі халықтың қоғамдағы тәрбиесіздігін арттырды. Олар ислам қоғамының басшылары сияқты діннің тек сыртқы көрінісімен шектеліп, иманның негіздеріне мән бермеді. Шындық пен ислам шариғаынт бұрмалау күшейді. Сонымен бірге Әмави үкіметі өтірікші рауаятшыларды жалдап, Ислам діні мен мұсылмандарды қасиетті діннің шындығынан алыстатуға әрекет жасады. Осындай жағдайда имам Саджад (ғ.с.) қоғамның басшылығын өз міндетіне алып, Исламды құлдыраудан құтқарды. Имам Саджад (ғ.с.) 35 жылдық имаматы кезінде Әмави үкіметінің қате үгіт-насихаттарымен күресуімен бірге халықтың күдік-күмәндарын жойып, Исламның негізгі ой-пікірлерін таратумен айналысты. Имам Саджад (ғ.с.) әрқашан хорлық-зомбылық және әділетсіздікпен күресу қажеттігін қуаттап, имам Хусейн (ғ.с.) көтерілісін мәңгіге сақтап, нәтижесінде бұл көтеріліс халықтар үшін зорлық-зомбылық және әділетсіздікпен күресудің үлгісіне айналды.

 

Ислам діні пайда болған кезде әлемнің түкпір-түкпірінде құлдық таралған болатын. Бұл кең таралған құбылысты бірден жою мүмкін емес болғандықтан, Ислам діні оны бірте-бірте жоюдың әртүрлі жолын ұсынды. Исламның ұлық пайғамбары мұсылмандарға құлдарымен отбасы мүшелеріндей қатынас жасауды насихаттады.  Имам Саджад (ғ.с.) Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннетін жаңғырту үшін өз құлдары мен қызметшілерін «перзенттерім» деп атап, оларды "ұлым" деп шақыратын. Имам бұл әдісімен халыққа өзінің қасында азат мұсылман мен құлдың бірдей екенін көрсетті. Имам Саджад (ғ.с.) құлдарын еш уақытта жазалмайтын. Хазірет олардың қателіктерін жазып, қасиетті Рамазан айының соңында бір жерге жинап, әрқайсына қателіктерін оқып беретін. Содан соң өзі оларды кешіргендей, олардан Жаратушыдан өздерін кешіруді тілеуді сұрайтын. Соңында оларды азат етіп, тәуелсіз әрі абыройлы өмір сүру үшін қажет заттармен қамтамасыз ететін. Имам Саджад (ғ.с.) құлдарын бір жыл қасында ұстап, оларға ислам мәдениеті мен ислам ғамалдарын үйрететін. Сөйтіп, олар азат етілген кезде тәрбие көрген адам болып, басқалар үшін үлгіге айналатын. Олар азаттық алған соң да имаммен қарым-қатынастарын үзбей, өздері басқаларды тәрбиелеумен айналысатын. Имам өмір бойы бұл ісін үзген жоқ. Хазірет жыл сайын құлдарын азат етіп, азат етілген әйелдер мен ерлердің санын арттырды. Олардың барлығы Исламның ұлық пайғамбары әулетінің жақтастары болды. Имам Саджадтың (ғ.с.) мектебінен тәрбие көріп, азат етілгендердің кейбіреуі таымал хадисшілерге айналды. Имам Саджад (ғ.с.) исламдық және сопылық ғылымдардың көбінің шындықтары мен қоғамдық, тәрбие және маңызды саяси мәселелерді дұға түрінде баяндады. Олардың көбі "Сахифе Саджадие" деп аталған кітабында жинақталды.  Имам Саджад нұрлы кітабында Алла Тағалаға көп көңіл бөлді. "Сахифе Саджадиенің" бірінші дұғасында: "Мадақ Алла үшін. Ол – барлық нәрсенің бастаушысы және аяқтаушысы. Оны ешкім көре алмайды және сипаттай алмайды. Ол өз құдыретімен жаратылғандарды және олар үшін әлемді жаратты. Ол адамдарды өзі қалаған жолға нұсқады.  Өзін бізге таныстырып, Оған қалай алғыс айтуды үйреткен, Жаратушыны тануға қажет ғылымдардың есігін біз үшін ашып қойған, бізді Өзінің тауһидіне шақырып, күдік-күмән мен сенімсіздіктен алыстатқан Алланы мадақтаймыз",- деп айтылған.

 

Имам Саджадтың (ғ.с.) "Ресалейе хуқуқ" деп аталған құнды еңбегі де қалды. Имам бұл еңбегінде адамның Жаратушысы, өзі және өзі секілді адамдар арасындағы қарым-қатынастардың негіздерін баяндады. Бірінші құқық – Алланың адамдарға деген құқығы. Сондықтан барлық жағдайда бұл құқықты сақтау қажет. Бұл – адам үшін уәжіп болған барлық басқа құқықтардың негізі. Яғни, Аллаға ғана құлшылық етіп, Жаратушыға ешкімді де, еш нәрсені де серіктес етпеу керек. Екінші құқық – адамның нәпсісі мен мүшелерінің құқықтары. Адам өзіне қатысты құқықтарды сақтауы керек, яғни барлық нәрсенің иесі Алла болғандықтан, адам өзінің дене мүшелері мен нәпсісіне илаһи аманат ретінде қарап, оларды Аллаға құлшылық ету және халал жерлерде ғана пайдалануға міндетті; оларды күнә жолында қолданудан тартынуы қажет. Мәселен, тілді жаман сөздерден алыстатып, жақсы сөйлету құқығын ұмытпаған жөн.

Аталмыш кітапта айтылған құқықтардың үшінші тобы адамның қоғамның басқа адамдарымен қарым-қатынас орнатуына қатысты. Мәселен, бұл кітаптағы ақыл-кеңестердің бір бөлімінде: "Көршілеріңнің құқығы – олардың сырларын сақтау, егер зорлық-зомбылық көрген адам болса, оған көмектесу. Сондай-ақ, адамдардың кемшіліктерін іздемеу керек. Егер оларды байқасаң жасырып, егер ақылыңды тыңдайтын адам болса, өзің мен ол ғана білетіндей ақылыңды айт. Қиындық туған кезде оны жалғыз қалдырма, күнәларың кешіріп, қамқорлық жаса",- деп айтылған.

Әлемнің барша мұсылмандарын имам Саджадтың (ғ.с.) туған күнімен құттықтаймыз!

 

Тегтер