Сәу 15, 2019 21:07 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Сақшылар корпусын лаңкес деп жариялауы әртүрлі наразылықпен бетпе-бет келді

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкес деп жариялауы әртүрлі наразылықпен бетпе-бет келді.

АҚШ Президенті Дональд Трамптың Иран қарулы күштерінің бір бөлімі саналатын Ислам революциясы Сақшылар корпусын лаңкестік деп жариялауы Иранның, аймақ пен әлемдегі басқа елдердің ауқымды наразылығымен бетпе-бет келді. АҚШ үкіметі ИИР құрылғаннан кейінгі қырық жылда осы елдің халқы мен революциясына қарсы ешбір дұшпандық әрекеттен, соның ішінде бұл елдің жүйесін құлату талпынысынан бас тартқан емес. АҚШ-тың ИИР-на қарсы кегі мен дұшпандығы тұрғысынан Трамп үкіметінің шешімі таңғалатын жайт емес.  Бірақ, бұл әрекеттердің әр кезеңде белгілі себептері мен мақсаттары болды. Бір елдің қарулы күштерін лаңкестік топ деп жариялау – әлемдегі соны оқиға. Дональд Трамптың әрекеті халықаралық құқық пен заңдарға қайшы. Бірақ, Трамп өткен екі жылда өзінің нәсілшіл әрі АҚШ-тың басқыншы мақсаттарына жету үшін адамгершілік негіздері мен халықаралық құқықпен санаспайтынын көрсетті. Заңсыз Израиль режимінің шапқыншы саясаттары мен Сауд Арабиясы секілді лаңкестікті қолдайтын үкіметтерді қорғауы – АҚШ-тың Таяу Шығыстағы саясаттарының негіздері. Сионистік режимнің басшылары мен Сауд Арабиясы үкіметі Дональд Трамптың Сақшылар корпусын лаңкестік топ деп жариялауына  әшкере түрде қуаныш білдірді. Бірақ, қарсыласу ағымы заңсыз Израиль режимінің шапқыншы саясатттарына қарсы тәкфиршіл лаңкестік топтармен күресіп, Трамптың әрекеттерінің алдын алды. Ливан Хизболласының Бас хатшысы Сейед Хасан Насролла  Трамптың Сақшылар корпусын АҚШ-тың лаңкестік топтар тізіміне тіркеуін айыптап: «Бүгін куә болып отырған масқара әрекет – АҚШ-тың Сақшылар корпусын лаңкес деп атауы. Сақшылар корпусы – ресми әскери күш. АҚШ лаңкестікті қолдауымен ғана танымал емес, АҚШ – өзі лаңкес әрі лаңкестіктің көшбасшысы. Біз Хиросима халқын қырған лаңкестерге қарсы тұрамыз. АҚШ сионистік режимнің мүддесі үшін бүкіл ислам үмбетінің құқықтарына немқұрайдылық танытып, өз жері мен абыройын қорғайтындарды лаңкес санайды. Сақшылар корпусы бүгінде бұрынғысынан да күшті әрі аймақта маңызды  орынға ие. Дәл осы мәселе америкалықтардың алаңдауына себеп болды»,- деді. 

Палестинаның Исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС мәлімдемесінде АҚШ-тың Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы шешімін айыптап: «Бұл шешім АҚШ үкіметінің сионистердің мүдделері мен олардың бағдарламаларына сай әрекет ететінін көрсетті. АҚШ-тың Құдс пен Голан жоталарына, содан соң Сақшылар корпусына қарсы әрекетінің мақсаты қарсыласу ағымы мен басқыншылыққа қарсы күресті нысанаға алады»,- деп мәлімдеді. Палестинаның Исламдық жиһад қозғалысы да өз мәлімдемесінде: «АҚШ-тың дұшпандық саясатының жалғасындағы бұл әрекет ИИР-ды нысанаға алуды көздейді. АҚШ – лаңкестіктің қолдаушысы, соғыстар мен қақтығыстарды демеушісі. Трамптың саясаттары ақылды және әділ адамдар үшін жасырын емес, өйткені бұл саясаттар әлемнің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін қоқан-лоққы болып табылады. Дональд Трамптың Сақшылар корпусына қарсы шешімі аймақ деңгейінде наразылыққа ұшырады. Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу Анкарада Катар Сыртқы істер министрімен бірге өткізген баспасөз отырысында АҚШ үкіметінің Сақшылар корпусын лаңкестік топтар тізіміне тіркеу әрекетіне наразылық білдіріп, елінің біржақты шешімдерді растамайтынын баса айтты. Сирия Сыртқы істер министрі де АҚШ-тың Сақшылар корпусын лаңкестік топтар тізіміне енгізуін айыптап, бұл шешімді бір елдің территориялық бүртұтастығын бұзу деп атады.

ИИР-ның ішінде Дональд Трамптың Сақшылар корпусын лаңкестік топтар тізіміне тіркегені туралы хабар тарала салысымен Иранның тіпті су тасқыны болған аймақтарының халқы Сақшылар корпусымен бірлігін паш етті. Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдері Трамптың шешімінен бір күннен кейін Мәжілістің отырысына үстеріне Сақшылар корпусының жасыл түсті киімін киіп келді. Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі де АҚШ Президентінің Сақшылар корпусына қарсы әрекетіне реакция білдіріп, Батыс Азия аймағындағы АҚШ-тың әскери күштері CENTCOM-ды лаңкес күштер деп атады. Бұл шешім Сыртқы істер министрі Зарифтің Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің басшысы Хасан Руханиден рұқсатымен бекітілді.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи  де сақшылар және олардың отбасыларымен кездесуінде  «Сақшылар корпусын Ислам революциясының барлық кезеңдерінде рөл атқарған маңызды орган деп атап, америкалықтардың Сақшылар корпусына дұшпандық білдіруінің себебін бұл органның ел мен революцияны қорғаушылардың көшбасшысы болуымен байланыстырып: "АҚШ пен басқа надан  дұшпандар қырық жыл бойы Ислам республикасына қарсы қолдарынан келген кез келген қастықты іске асырғанымен, еш нәтижеге жетпей, бүгін  Ислам революциясы мен Ислам республикасы жүйесінің әсері аймақтан асып, әлемге таралып отыр",- деді.   Аятолла Хаменеи ИИР-ның аймақтағы құдіреті мен айбынын қуаттап: "Дұшпанның пікіріне қайшы, исламдық жүйенің бүгінгі ғиззаты мен құдыреті атом бомбасымен байланысты емес. Өйткені, біз басынан бастап ядролық қарудың біздің діни негіздерімізге қайшы екенін әрі оны қажет етпейтінімізді қуаттадық.  Сондықтан Иран халқының ислам әлеміндегі айбыны мен абыройы халқымыздың табандылығы, жанкештілігі, қырағылығымен байланысты",- деп баса айтты.

ИИР Президенті Хасан Рухани де АҚШ Президентінің Иранға қарсы дұшпандық әрекеті туралы: «Сіздер аймақ халықтарына қарсы лаңкестік топтарды пайдаланып отырып, лаңкестермен күрес туралы уәж айтып отырсыздар ма? Сіздер өздеріңіз әлемде лаңкестіктің көшбасшысы болып, лаңкестерді қолдау үшін бар мүмкіндіктеріңізді қолданып отырсыздар»,- деді. Иран Президенті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Рухани лаңкестерді кім қолдап, қаруландырып отыр, ДАИШ-ты кім қолдайды деген сұрақ қойып: «АҚШ ДАИШ-пен күресуге әлі дайын емес. Керісінше, ДАИШ басшыларын паналатып, лаңкестік топтарға қолдау көрсетіп отыр. Парсы шығанағы суларына біздің жолаушы тасымалдайтын ұшақты құлатқан кім? Әрине, үнемі аймаққа араласып отырған және аймақ халықтарына қарсы әрекет жасайтын тап сіздер аталмыш ұшақты құлаттыңыздар»,- деді. Иран Президенті АҚШ үкіметіне: «Сіздер жолаушы тасымалдайтын ұшаққа шабуыл жасап, қорғансыз жолаушыларын өлтірген соң: «Ұшақты әскери Ғ14 ұшағымен шатастырдық» дедіңіздер. Бірақ, барша бұл сөздің өтірік екенін біледі. Сіздер бұл лаңкестік әрекеттеріңізбен өздеріңіз үшін ешқандай шек пен шекара жоқ деп айтқыларыңыз келді. Сіздер әйелдер мен балаларды өлтіресіздер. Сіздер аймақтағы лаңкестікті қолдайсыздар»,- деп қуаттады.

Ислам революциясының Сақшылар корпусы – Иранның Ислам революциясының жеңіске жетуінің басынан бастап оның жетістіктерін қорғап, дұшпандарымен қарсыласу үшін құрылған органдардың бірі. Иранның Конституциясында бұл әскери орган Ислам революциясын қорғау мақсатында құрылған елдің Қарулы күштерінің бір бөлімі ретінде аталды. Сегіз жылға созылған қасиетті қорғаныс соғысы кезінде мыңдаған жастан құрылған бұл халықтық орган 1980 жылдардағы Саддам режимінің ИИР-на қарсы шабуылына тойтарыс беруде маңызды рөл атқары. Сақшылар корпусына мүше мыңдаған жас Саддам режиміне қарсы тұрып, шәһид болды. Өткен онжылдықта Ислам революциясының Сақшылар корпусы  тәкфиршіл лаңкестік топтарға қарсы күресте де негізгі рөл атқарды.  Иран Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф Твиттердегі парақшасында: «Трамп «Иран ДАИШ-ты жойып жатыр» деп айтқан кезде лаңкестермен кімдердің соғысып жатқаны туралы ойлады ма? Егер Ислам революциясының Сақшылар корпусы Ирак пен Сирияның батыл халықтарының қасында болып, лаңкестермен соғыспағанда, ДАИШ бұл екі араб елінің астаналарын өз бақылауына алып, лаңкестер Еуропаға ағылатын еді»,- деп жазды. Зариф Трамптың президенттік сайлаудың үміткері болған кезіндегі «Иран ДАШ-пен күресіп жатыр» деген сөздерін еске салды.    

Қорыта айтқанда, Трамптың Сақшылар корпусын лаңкесті топтар тізіміне тіркеу туралы шешімі – АҚШ-тың аймақтағы үмітсіздігінің, керісінше, Иранның тәкпіршіл лаңкестік топтарға қарсы күрестің көшбасшысы болуының нәтижесі. АҚШ ДАИШ секілді лаңкестік топтарға қолдау көрсетеді.     

 

 

 

 

 

 

 

Тегтер