Революцияның екінші қадамы 4
(last modified Thu, 18 Apr 2019 06:21:20 GMT )
Сәу 18, 2019 12:21 Asia/Almaty
  • Революцияның екінші қадамы 4

Еуропалық және америкалық ғылыми ұйымдар мен институттар Ирандағы революция туралы жасаған зерттеулерінің нәтижелерінде революцияның кедейлердің өмірінің жақсаруына маңызды әсер еткенін мойындады.

 

Пехлевилердің патшалық кезеңі Иранда таптық айырмашылықты тереңдетті. Бұл кезеңде елдің мүмкіндіктері мен ақшасы астанада, патшаның отбасының қолында болды. Күнделікті тұрмысқа қажет, әсіресе гигиеналық мүмкіндіктер мен ем-дәрменнің жағдайы өте нашар болғаны сондай, ауылдардың көбінде дәрігер болмады. Иранда вакцинация дұрыс жасалмай, балалардың өлім-жітімі көп кездесті. Әлемдік банктің мойындауы бойынша, сегізжылдық соғыс пен өткен қырық жылдағы санкциялар мен экономикалық қысымдарға қарамастан Ислам революциясынан кейін Иранда теңсіздік пен таптық айырмашылық деңгейі төмендеді.

 

Еуропалық және америкалық ғылыми ұйымдар мен институттар Ирандағы революция туралы жасаған зерттеулерінің нәтижелерінде революцияның кедейлердің өмірінің жақсаруына маңызды әсер еткенін мойындады.

АҚШ-тың Вирджиния университетінің зерттеулері мен Дүниежүзілік банк пен әлемдік валюта қоры секілді халықаралық органдардың мәліметтері де бұл тақырыпты растайды. Олар өз зерттеулерінде: «Біз 1977-2004 ж.ж.  Ирандағы кедейшіліктің өзгеру үдерісін зерттедік. Бұл салада адамдардың сатып алу қабілетіне қарай күнделікті кірісті 2 доллар деп алдық. Зерттеулер 1977 жылы, яғни Ислам революциясынан екі жыл бұрын Иранда қалалық азаматтардың 25 пайызы, ауыл тұрғындарының 60 пайызы кедейшілік мөлшерінен төмен жағдайда өмір сүргенін көрсетті. 1980 және 1990 жылдары ауылға электр қуаты, су және газ жеткізу жобаларына салған инвестициялар мен білімді дамыту, отбасының тұрмысын жақсарту істері Ислам революциясынан кейін елдегі теңсіздік деңгейін төмендетті. Соғыстан кейін ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуға кепілдік беру саясаты фермерлерге кірістерін арттыруға көмектесті. Күнделікті кірісті екі доллар деп алатын болсақ, 2004 жылы қала адамдарының тек бір пайызы, ауыл тұрғындарының тек 7 пайызы кедей саналды»,- деп жазды.

Аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде елдің қоғамдық мүмкіндіктерін әділ бөлуді Ислам революциясы берекелерінің бірі деп атады. Бірақ хазірет елдегі әділет жағдайына наразылық білдіріп: «Әділет Ислам республикасы жүйесінің негізі болуы керек, бірақ, бізде әлі олай емес. Мен риза емеспін, алайда әділет орнату жолында жұмыс жасалмады деп айтуға болмайды. Шын мәнінде, өткен қырық жылдағы әділетсіздікпен күресуді басқа ешбір кезеңмен салыстыруға болмайды. Тағұт режимі заманында елдің қызметі мен кірістерінің көбі астанада немесе кейбір басқа қалаларда өмір сүретін азғана топтың қолында болды.  Алыс орналасқан ауылдардың халқы тіпті басты инфрақұрылымдар мен қызметтен мақұрым болды.  Ислам республикасы – әлем бойынша қызмет пен ресурсты орталықтан елдің барлық жеріне жеткізу тұрғысынан ең табысты елдердің бірі. Жол салу, тұғын үй құрылысы, өнеркәсіптік орталықтар ашу мен ауылшаруашылық істерін өзгерту, елдің әртүрлі аймақтарына электр қуаты мен су жеткізу, емдеу орталықтары мен университеттер ашу, бөгеттер пен стансалар салу расында мақтан тұтарлық істердің қатарына жатады. Біз бұл жұмыстарды жастар іске асырады деп үміттенеміз»,- деді.

Ислам революциясы жетекшісінің көзқарасы бойынша, Иранның Ислам революциясының келесі берекесінің бірі қоғамда руханият пен ахлақтың артуы саналады. Аятолла Хаменеидің пікіріне сәйкес, имам Хомейнидің тақуалығы мен күрес кезеңіндегі және Ислам революциясының жеңісінен кейінгі әрекеттері мен ерік-жігері әртүрлі таптар арасындағы руханияттың артуына себеп болды. Аятолла Хаменеи имам Хомейни туралы: «Бұл тақуа иманы терең халықты басқарды. Пехлеви кезіндегі бұзақылық пен бейберекеттікті таратқан үгіт-насихат халықтың өміріне соққы беріп, Батыстың ластығын әсіресе жастардың арасына жеткізді. Бірақ, ислам республикасындағы діни және ахлақтық құндылықтар жастарды өзіне тартып, кеңістікті дін мен ахлақтың мүддесіне өзгертті»,- деп қуаттады. Ислам революциясының жетекшісі қоғамдағы маңызды келесі мәселеге, нақты айтқанда жастардың  қасиетті қорғаныс соғысы сияқты ауыр кездердегі жанкештілігіне тоқталды. Жастардың жанкештілігі зікір, дұға және бауырластықпен бірге болып, Исламның басындағы оқиғаларды жандандырып, келесі буындарға үлкен ықпалын етті. Алайда, діни жетекшінің пікірі бойынша қоғам кеңістігіндегі руханияттың артуында тек жауынгерлер мен шәһидтер  ғана емес, олардың отбасылары да маңызды рөл атқарды. Ислам революциясының жетекшісі елдегі рухани кеңістіктің артуын мешіттер мен діни кеңістіктің дамуымен байланыстырды. Діни жетекші итикаф, «Арбағин» күнгі жаяу жүру мен басқа да діни рәсімдерді кеңейту мен садақа беруге тоқталып, олардың жылдан жылға артып келе жатқанын баса айтты. Қазіргі таңда мыңдаған жастар, ұстаздар мен студенттер, әйел мен ерлер мешіттерде итикаф рәсіміне жиналады.  Аятолла Хаменеи, сондай-ақ, намаз, қажылық және ораза секілді ғибадаттарға көбірек мән беруді Ислам революциясының келесі жетістігі деп атады. Хазірет Батыстағы бұзақылықтың күнделікті артуына керісінше Ирандағі рухани кеңістіктің дамуын қуаттады.

Ислам революциясы жетекшісінің пікірі бойынша, әлемдік үстемшілер мен зорлықшыларға қарсы тұру – Ислам революциясының келесі нәтижелерінің бірі. Ислам революциясының басшылары халыққа қиындықтарға төзіп, дұшпанға қарсы тұруды үйретті. Бұл жолда жастар алда болды. Халық үстемшілерге қарсы тұрып, оларға тосқауыл жасады. Аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» деген мәлімдемесінде: «Әлемнің үстемшіл елдері әрқашан басқа елдерді тәуелсіздіктен айырып, басқалардың мүдделері мен құқықтарын бұзуды көздеді. Олар исламдық Иран мен оның революциясын жойғысы келгенін мойындады. Иран халқы революциясы аясында АҚШ орнатқан үкімет пен халыққа қиянат жасағандарды елден қуып жіберіп, соң уақытқа кезге дейін әлемдік билеп-төстеушілерге елді билеуге рұқсат еткен емес»,- деді.   

 

 

 

 

 

 

Тегтер