Жастар – қазіргі мәселелерді шешіп, болашақты жасау үшін сенімді тірек
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i41904-Жастар_қазіргі_мәселелерді_шешіп_болашақты_жасау_үшін_сенімді_тірек
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Жаңа жылдың бірінші күні Мешхедтегі имам Реза (ғ.) кесенесіне жиналған зияратшылар мен жолаушылардың қалың тобы алдында жасаған баяндамасында болашаққа көз салып, алдағы түйткілдер мен қиыншылықтарды жеңуде елдің ішкі әлеуеттері мен мүмкіндіктерін қайта танудың стратегиялық маңызы зор екенін айтты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 23, 2019 20:28 Asia/Almaty
  • Жастар – қазіргі мәселелерді шешіп, болашақты жасау үшін сенімді тірек

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Жаңа жылдың бірінші күні Мешхедтегі имам Реза (ғ.) кесенесіне жиналған зияратшылар мен жолаушылардың қалың тобы алдында жасаған баяндамасында болашаққа көз салып, алдағы түйткілдер мен қиыншылықтарды жеңуде елдің ішкі әлеуеттері мен мүмкіндіктерін қайта танудың стратегиялық маңызы зор екенін айтты.

Ислам революциясы жетекшісінің имам Реза (ғ.) кесенесінде жасаған баяндамасындағы маңызды тақырыптардың бірі – жастармен сұхбаттасу.

Ислам революциясының жетекшісі өз баяндамасының осы бөлігін жалпы халыққа, әсіресе жастарға арнады. Бұл – тақырыптың маңыздылығының белгісі.

"Жастар ауыр міндеттерді мойындарына алуы керек".

Ислам революциясының жетекшісі осы салада бүгінде бүкіл елде, әсіресе жастар арасында бұған әзірліктің барын айтып: "Мен мынаны айтайын деп отырмын: жастар ауыр міндеттерді мойындарына алуы керек. Елдегі қиыншылықтарды шешудің жолы – осы. Біз революцияның екінші қадамында елді ілгерілетуді жастарға артуымыз керек. Революция кезеңіндегі алғашқы қадамда да имам жетекшілік жасағанымен, бірақ қозғалыс пен дамудың моторын жастар қосты. Солар қозғалыс тудырды. Бүгінде сіздердің талпыныстарыңыз елдің тәуелсіздігі мен абырой-айбынын қамтамасыз ету болуы керек. Сіздер бұл істің ақысын қазір төлеп жатырсыздар. Иран халқы мен жастар бүгінде әртүрлі салаларда толық тәуелсіздікке жетудің, ұлттық абырой-айбын мен исламдық қоғамды сақтаудың ақысын төлеп жатыр. Келесі ұрпақ сіздердің осы жетістіктеріңізді пайдаланатын болады.  Сонымен қатар бұл күндері жастар пұтқа табынушы аппараттармен күресудің шығынын қабылдап, ақысын төлеп жатыр. Түрмеге қамалды, соққы көрді. Құдайға шүкір, революция жеңіске жетіп, пұтқа табынушы жүйе құлатылды. Таңылған соғыс заманында жанұялар отанды қорғаудың ақысын төледі. Қазір сіздер қауіпсіздікте өмір сүріп жатырсыздар.  Бүгінде сіздер дұшпанға қарсы тұрудың ақысын төлеуіңіз керек. Сонда келер ұрпақ, иншалла, сіздердің жетістіктеріңізді қолданатын болады",-деді.

 

«Биік шыңдарға жету үшін шаршағанға қарамай, тоқтаусыз қозғалу керек».

Даму мен айбын жолындағы қозғалыс үшін маңызды капиталдардың бірі – ынтасы жоғары оқыған дарынды жастар. Ислам революциясының жетекшісі 1396 жылы Наурызда сөйлеген сөзінде де 33 млн еңбекке жарамды жастарды, олардың арасында инженерлер мен университетте білім алған мамандарды елді дамыту үшін қажет адам ресурсы деп атап: «Қысқа уақыт ішінде уран байытуды 3,5 пайыздан 20 пайызға жеткізіп, үлкен іс атқарған ирандық жас ғалымдар ауыр халықаралық санкцияларға қарамастан, қорғаныс құралдары мен зымыранды жасауда таңғаларлық істер атқарып, сионист дұшпанды таңданып, тамсануға мәжбүрледі. Міне, осындай ирандық жас ғалымдар өндіріс үшін дамыған құралдар жасау жолында әрекет ете алатыны сөзсіз»,‑деді.

 

Аятолла Хаменеи Иран халқына, әсіресе жастарға арнап: "Революцияның екінші қадамында атқарылуы тиіс нәрсе – біріншіден, өзімізде барды танып, қадірін білу. Қолда барды дұрыстап танып, тиісті деңгейде көңіл аударуымыз керек. Өзіміз бен жалпы елдің артықшылықтары мен әлеуеттерін тануымыз керек. Оларға байсалды қарауымыз керек. Оларды іске жаратуымыз керек. Елдің әлеуеті зор. Екіншіден, зиянкестер мен жемқорларды анықтауымыз керек. Дұшпандардың ықпал ететін жолдарын тауып, оларға табанды түрде қарсы тұруымыз керек",-деді.

 

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи өткен жылы да елдегі ғылым саласында дарынды жүздеген жастар мен таңдаулылармен кездесуінде сөйлеген сөзінде елдің дарынды жастарын Иранның жарқын болашағына үміттің мәйегі деп атап, Иранның АҚШ-қа тәуелдіктен толығымен арылғанына тоқталып: "Дұшпан ИИР-дағы өзгерістер мен белсенділіктерді бақылап, Иранның "артта қалған, бағынышты" елден "саяси, ғылыми және қорғаныс саласында айбынды да ықпалды" елге айналғанына қатты алаңдап, ашуланып отыр",-деді.

Ислам революциясының жетекшісі өз сөзін шын мәнінде Иран халқына, әсіресе ел келешегінің мәйегі мен тірегі ретіндегі жастарға арнады.  Ол әсіресе, жастардан ғылым, таным, саясат пен еңбек майдандарында еселене талпыныс жасауды сұрады.

Ислам революциясы жетекшісінің жастардың ел қиындықтарын шешудегі рөлі туралы көзқарасы: «Ислам революциясы шын мәнінде имам Хомейнидің үстемшіл режимдерге бас имеу рухынан басталды. Үстемшіл елдердің революциямен жауластығының басты себебін тура осы жайттан көруге болады. Бүгінде дұшпандардың қалың тобы ислам жүйесіне қарсы шығып отыр. Олардың мақсаты – ИИР жою немесе іштей ыдырату».

Батыс пен АҚШ Иран халқының ерік-жігерін әлсірету керек деген нәтижеге жетті.

Ислам революциясының жетекшісі өз сөзінде мынадай байламға тоқталды:

"Қазір әлемде біздің жастарымыздың саяси және діни сенімдеріне сызат түсіріп, қозғалыс пен көтеріліс жасауға ерік-жігерлерін жоюға миллиардтаған доллар қаражат жұмсалуда. Олар ерік-жігерді жойып, сіздерді шешім қабылдау құқығынан айырғысы келеді. Олар бар күшін салып, Иран халқының бойында  дамуға, қарсыласуға, исламдық қоғам мен өркениет құруға деген ерік-жігерді қалыптастырмауға талпынып жатыр. Егер бұл жігер қалыптасса, сөзсіз орындалатынын олар біледі. Әрине, мұны көп жыл бұрын жасаған. Пұтқа табынған режим кезінде бұл елдің жас қоғамына былай деп түсіндірген: егер өркениет пен дамуға қол жеткізгілеріңіз келсе, дінді тастаңыздар. Дін, дін ұстану мен діни иман ғылым, даму және тағы басқамен үйлеспейді деп айтқан. Енді көздерін ашып қарасын. Әлемнің бірінші дәрежелі елдерімен бәсекелесіп, тізімнің басында тұрған біздің ең үздік өнеркәсіптеріміз, біздің ең дамыған өнеркәсіптеріміз Кумейл дұғасын оқып, түнде намаз оқитын жастар тарапынан дамытылып жатыр. Итикафқа қатысатын және Надабе дұғасын оқитын діндар жастарымыздың арқасында біз қазіргі заманғы дамыған өнеркәсіп салаларында, соның ішінде нано, ядро, зымыран, экологиялық технология және т.б. бойынша жоғары орындар мен жоғары көрсеткіштерге иеміз. Мұндай істерді істейтін адамдар – өзіміз өте жақсы танитын діндар жастар".

Өткен жылдардағы, әсіресе соңғы бірнеше жылдағы тәжірибе көрсеткендей, дұшпан өзінің ауқымды жарнамасында жастарды болашаққа үміттен айырып, тұрмыстық кемшіліктер және экономикалық қиындықтарды ИИР жүйесіне телуге тырысып жатыр. Осылайша исламдық жүйе халықтың қиындықтары мен түйткілдерін шешуге қауқарсыз деп көрсеткісі келеді. Осындай жағдайда Иран қазір адам ресурсы тұрғысынан 5 млн студент, 10 млн университет түлегі мен 33 млн жас еңбек күшіне ие. Бұл – үлкен байлық.

Иранның тұрғындары бүкіл әлем тұрғындарының жүзден бірін ғана құрағанымен, барлық табиғи байлық тұрғысынан жүзден бірден астам үлеске ие.

Иранның мұнай-газ қоры саласында әлем бойынша бірінші орында тұруы үстемшіл алпауыттардың, әсіресе АҚШ-тың Иранға әрдайым ашкөздене қарау себептерінің бірі.

«Жастар барлық салаларға белсенді түрде атсалысуы керек».

Хазірет аятолла Хаменеи Мұхаммед Мұстафаның пайғамбарлыққа таңдалған күнінің жылдығында жастардың барлық салаларда даму мен қозғалысқа дайын болу қажеттігін айтып: «Бүгінде барша халық, әсіресе жастар ғылым мен технология салаларында, ақлақ, өмір салты, саяси-экономикалық және мәдени мәселелерде хабардар болып, белсенді атсалысуы керек. Исламдық Иранның ертеңі мүмін әрі ынтасы жоғары жастарға тиесілі. Олар мықты ерік-жігер, айқын ой, үздіксіз бастамалар арқылы елді шарықтау шыңына жеткізе алады»,-деп қуаттады.

«Жастардың рөлі бізге жақсырақ болашаққа үміт береді».

Хазірет аятолла Хаменеи  х.ш.ж.с.б. 1397 жылдың 12 мехрінде «Азади» спорт алаңында «Басидждер қызметі» атты ондаған мың адам қатысқан форумда сөйлеген сөзінде: «Бүгінде елдің түкпір‑түкпірінде он мыңға жуық джиһадтық топ жұмыс істейді. Олар шын мәнінде елдің жарқын болашағына үміт береді. Елдің болашағы үшін үлкен капитал саналады. Олар жұмыс істеп, талпыныс жасап жатыр. Елдің алыс аудандарындағы әлсіз әлеуметтік топтарға қатысты жүздеген мың маңызды істі осылар орындады, атқарып та жатыр. Халықтың қажеттігіне орай ірілі-ұсақты істер атқарылдып жатыр. Бұл ел үшін – ірі капитал. Мұнда да жастардың рөлі бізге жақсырақ болашаққа үміт береді»,-деді.

Кейбіреулер жастарды елдің қиындығы деп көрсетуге немесе тіпті жастарды елдің қиындығына айналдыруға тырысып жатыр.  Менің ойымша, керісінше, жастар – қиындық емес, оның шешім жолы.

Сіздер, жастар біздің алдымыздағы жолдың кедергісіз асфальтталған күре жол деп ойлап қалмаңыздар. Жоқ. Даму жолы бізге ашық. Алайда ирелеңі көп жол. Жолдың шарықтаулары мен құлдыраулары бар. Бұл жолда кедергі көп. Дұшпан бізге қарсы бар күшін жұмылдырып отыр. Біз кедергілерге қарсы тұрып, осы жолды жүріп өтуіміз керек. Мұның өз шарттары бар».

Осы тұрғыдан Ислам революциясының жетекшісі өткен тәжірибелер мен ғибараттарды пайдалану қажеттігін айтып, жүйенің мақсаттарын орындауды орта және ұзақ мерзімге арналған түбегейлі стратегиялардың болуын қажет ететінін айтты. 

Ислам революциясының жетекшісі жас та жасампаз күшке сүйеніп, дұшпанның басқыншылық жасайтын салаларын анықтау арқылы талпыныстарды жалғастырып, соның нәтижесі сезілерліктей болуын қадағалау қажеттігін қуаттады.  

Ал біздің дұшпанмен соғысымыз және дұшпанның бізге басқыншылығы қай жерде болып жатыр? Мұны дұрыс анықтау керек. Дұшпанның қоқан‑лоққыларын дұрыс түсіну керек. Қай салаға басқыншылық жасалып жатқаны мәлім болуы үшін оның көлемін анықтау қажет.  Бүкіл жүйе, барлық ел, күллі халық дұшпандармен майданның саласын дұрыс түсінуі керек.

Күрес майданы қай жерде?

«Бірінші сала – ислам мен исламдық иман».

АҚШ исламнан таяқ жегендіктен оған кегі бар. АҚШ Ислам революциясынан соққы көргендіктен осы революцияға кегі бар. Олар Иранда барлық саланы басқаратын, барлық нәрсе ықтиярларында болды. Елдің жауапты тұлғалары оларға қалтқысыз бағынды. Елдің табиғи байлығы қолдарында болды. Елдің капиталы олардың қалауымен жұмсалатын. Елдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени саясаттары олардың қалауымен жоспарланып отырды. Олар осының бәрінен айырылды. Кім айырды? Ислам мен Ислам революциясы олардың қолын қысқартты. Сондықтан олар жауласады.

 

Бұл – бірінші соғыс саласы. Олар аймақта бір ірі исламдық алпауыттың пайда болуынан және олардың аймақтағы мүдделерінің алды алуынан қорқады. Мұндай оқиға орын алмауын қалайды. Сондықтан оған қарсы сап түзеп, майдан құрып жатыр.

Исламдық Иранмен соғыс пен текетіресудің алаңы Иранның айбыны арта түсетін барлық саланы қамтиды. Мұны үстемшіл алпауыттардың қақтығыстарының басты өзектерінің бірі деп білу керек. Бұл – қақтығыс аймақтарының бірі.

«Біздің күш‑қуатымыздың элементтері қандай?»

Саяси тұрақтылық, әлеуметтік қауіпсіздік, ұлттық бірлік және революцияның принциптері мен негіздеріне беріктік, ғылыми даму бағытында қозғалу, исламдық‑революциялық мәдениетті дамыту және тереңдету – осылардың барлығы біздің күш‑қуатымыздың элементтері. Олар осыған қарсы. Әрине, біздің әскери дамуымызға да қарсы, біздің зымырандарға қарсы, біздің аймақтағы құзырымызға қарсы. Өйткені, бұлар да біздің күш‑қуатымыздың элементтерінің қатарына жатады. Демек, соғыс алаңы осында.

«Ақпараттық майдан – Иран жайлы жалған бейне жасау».

Дұшпанмен қақтығыс салаларындағы тағы бір жайт – Иран мен әлемдегі шындықтарды дұрыс түсіну.

Ислам революциясының жетекшісі осы тақырып жөнінде былай деді: «Қазір сіздер өз еліңіздің шындықтарын дұрыс түсінсеңіздер, оларға зарар әкеледі. Олар бұған қарсы, осымен күреседі. Қандай құралмен? Ақпарат деген өте қауіпті құралмен. Әсіресе бүгінде жаңадан пайда болған ақпарат құралдарын пайдаланады. Қате бейне тудыру арқылы Иран халқының сана‑сезімін бұрмалауға күш салады...».

Батыс ақпарат құралдарының Иран жайлы қате бейнелерінің бірі – әлемнің қоғамдық пікіріне таратып, тіпті, Иран халқын да сендіруге тырысып жақтан бейне. Олар қазір біздің елімізде бар экономикалық қиындықтарды өз қиялдарына арқау етіп отыр.

«Әрине бізде қиындық бар. Экономикалық қиындық бар. Құрметті жастар мен біздің мүмін де ынталы халқымыз дұрыс назар аударсын. Бізде экономикалық қиындықтар бар. Экономикамыз мұнайға негізделген. Мұның өзі – үлкен айып. Үнемдеу мәдениеті жоқ. Үнемдеу мәдениеті біздің арамызда өте төмен. Бұл – кемшілік. Ысырап ету – айып. Бізде осындай кемшін тұстар бар. Бірақ бұлар шынайы кемшілік емес. Шынайы айып – тығырық. Құдайға шүкір, бізде ол жоқ. Біз тығырыққа тірелген жоқпыз. Елдің жастары дұшпанды сауғалағаннан басқа жол жоқ деп санаса, бұл – айып. Кейбіреулер біздің жастарымызды бұған сендіруге тырысып жатыр. Дұшпан осыны қалайды».  

Бұл – дұшпанның бейне жасауы. Жалған бейнелер бүгінде мыңдаған телерадио және интернет арналар арқылы Иран халқы мен біздің қоғамдық пікірге таратылып жатыр.

«Шынайы бейне қандай?»

Шынайы бейне мынадай: сіздер мен елдің барлық жастары бүгінде өз еліңіз мен халқыңыздың орнын білуіңіз керек. Бұл сіздердің ықпалды болуыңыздың бірінші шарты. Біріншіден, бүгінде әлемнің ірі тәжірибелі саясаткерлері Иран халқын 40 жыл қарсылық танытқаны үшін мақтайды. Бұл шындық.  Біз мұны анық та айқын көріп отырмыз, одан хабардармыз. Мен сіздерге айтып отырмын, тәжірибелі саясаткерлер, тіпті АҚШ‑тың өзінде, бізбен арасы жақсы емес Батыс пен Еуропа елдерінің өзінде – басқа елдерді айтпағанда – Иран халқын мадақтайды, өйткені  40 жыл бойы бұл халық дұшпандардың қысымдарынан кері шегінбегені былай тұрсын, үлкен жетістіктерге жетіп, алпауыт елге айналды. Бұл мадақтауға тұрарлық.

Елдің потенциалды әлеуеті – мүмін жастар. Бұл шынайы бейне.

Елдегі мүмін жастарда қорғаныс, ғылым, мәдениет, әлеумет және тағы басқа көптеген салаларда қабілеттер бар. Бұл – елдің шынайы бейнесі.

Бұл халық пен осы жас буын қорлыққа ұшырамауға шешім қабылдады, бөгде алпауыттар мен дұшпандардың жақтаушысы болмауға шешім қабылдады, Иранды абырой‑айбынның шыңына шығаруға бел байлады. Мұны істей алады. Олардың ерік‑жігері мықты. Бұйырса, бұл мақсатқа жетеді».