Йемен соғысының бесінші жылы 1
2019 жылдың наурыз айының 26 күні саудиялық коалицияның Йеменге қарсы ашқан соғысының бесінші жылы басталды. Саудиялық коалицияның Йеменге қарсы соғысының өткен төрт жылында бұл мемлекет ең кедей араб еліне айналды.
Британия Премьер-министрі Уинстон Черчилль геноцидті «атауы жоқ қылмыс» деп атады. 1933 жылы Рафаэль Лемкин бірінші рет «геноцид» деген терминді қолданды. Лемкин ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтың өкілдерін түгел немесе жекелей қасақана қырып-жоюға бағытталған кез келген іс-әрекетті қылмыс деп санауды ұсынды. Лемкин бұл көзқарасын 1944 жылы жарық көрген «Басып алынған Еуропадағы үкіметтің рөлі» деген кітабында баяндады.
1946 жылдың 11 желтоқсанында бекітілген БҰҰ-ның №86 (1) қарары БҰҰ жұмысының бірінші жылындағы геноцид туралы бірінші құжат болды. Бұл қарарда геноцидқа адамзат тобын толық немесе бір бөлімінің өмір сүру құқығын бұзу деген анықтама берілді. Бұл қарар геноцидті қылмыс деп атап, әлемнің барлық үкіметінен геноцидтің алдын алатын заңдар қабылдауды талап етті. БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 1948 жылы осы қарары бойынша «Геноцид қылмысының алдын алу және сол үшін жазалау» деген конвенция бекітті. Конвенцияның бірінші бабында геноцид қылмыс деп аталып: «Келісуші тараптар геноцидтің бейбіт немесе соғыс кезеңінде жасалғанына қарамастан, халықаралық құқық нормасын бұзатын қылмыс екенін растап, оған қарсы алдын алу шаралары мен қылмыс жасалғанда оған жаза қолдануға міндеттеледі»,- деп қуатталды. Конвенцияның екінші бабында геноцидке берілген анықтамаға сәйкес "кез келген бір ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топ өкілдерін түгел немесе жекелей қасақана қырып-жоюға бағытталған" кез келген іс-әрекет геноцид болып табылады.
2002 жылы Халықаралық қылмыстық соттың Рим статуты күшіне енгенге дейін аймақтық және халықаралық деңгейде мамандандырылған бірнеше сот құрылды, Сот процестеріндегі ең маңызды қылмыстардың бірі геноцидтік қылмыс болды. Мысалы, Руанда Халықаралық қылмыстық сотында геноцид «қылмыстардың қылмысы» деп аталды. Халықаралық қылмыстық Сот Жарғысының алтыншы бабы, яғни, геноцид қылмысы мен оның салдары 1948 жылы қабылданған геноцид қылмысын болдырмау және жазалау туралы Конвенцияның 2-бабына ұқсас. Түрлі халықаралық мекемелердің көптеген статистикасы мен есептері Сауд Арабиясы коалициясының өткен 4 жылда Йеменге қарсы жасаған әрекеттерінің «Геноцид қылмыстарының алдын алу және жазалау» Конвенциясының 2-бабы мен Рим статуттың 6-ші бабындағы геноцидтің анықтамаларына сай.
Өткен төрт жылы саудиялық коалиция Йеменге қарсы шамамен 20 000 әуе шабуылын жасады. Бұл шабуылдар Йемен халқын қырып-жойып, көп шығын келтірді. Құқық пен даму заңды орталығының мәліметі бойынша, өткен 4 жылда саудиялық коалицияның шабуылдары салдарынан 39856 йемендік қаза болып, жараланды. Бұл мәлімет бойынша, өткен 4 жылда 15504 йемендік қаза болды. Соның ішінде 3677 бала, 2361 әйел және 9466 ер адам болды. Сондай-ақ, өткен 4 жылы 24352 йемендік жарақат алды. Соның ішінде 3761 бала, 2742 әйел және 17849 ер адам болды. Басқаша айтқанда, Йеменге қарсы соғыс салдарынан қаза болғандардың үштен бірі балалар мен әйелдер. Әуе шабуылдарының үштен бірі қарапайым халыққа қарсы жасалды. Сондай-ақ, балаларды құтқарумен айналысатын халықаралық қордың мәліметі бойынша,, 85000 бала бомбалау мен аурулардың асқынуынан қаза болды.
Саудиялық коалицияның қоршауына түсіп, Йемен өткен онжылдықтарда әлемдегі ең қатты ашаршылықпен бетпе-бет келді. 2018 жылдың желтоқсан айында БҰҰ-ның бақылауымен өткен Стокгольмдегі келіссөздер жан-жақты қоршауларды тоқтату мәселесіне шоғырланды. Әл-Ходейда порты келіссөздерінің негізгі тақырыбы болды. Өйткені, Йеменнің азық-түлік қажеттігі әл-Ходейда порты арқылы қамтамасыз етіледі. Бірақ, Стокгольмдегі әл-Ходейда порты арқылы гуманитарлық көмек жеткізу сынды келісім Сауд Арабиясының қастықтарына байланысты шамамен 4 ай өткенімен іске асырылмады. БҰҰ мәлімдемесі бойынша, Йеменнің 24 миллион халқының 80 пайызы, соның ішінде 12 300 000-нан астам бала гуманитарлық көмекті қажет етеді. БҰҰ-ның гуманитарлық істер жөніндегі үйлестірушісі Лиз Гранд 2019 жылдың 28 наурызында: «10 миллионнан астам йемендік ашаршылық пен өлімге жақын. 7 миллион адам азық-тлік тапшылығымен кезігіп отыр» деді. Осы мәлімет бойынша, алты айлық сәбилерден 5 жастағы кішкентай балалардың жартысы азық-түлік тапшылығымен бетпе-бет келді. Азық-түлікке қатысты барлық мекендер, әссіресе базарлар мен егістіктер бомабаланды. Йеменде бар азық-түліктің бағасы өте қымбат болғандықтан кедей адамдар сатып ала алмайды.
Тырысқақ ауруының таралуы Йемендегі жағдайды одан сайын ушықтырды. Халықаралық ұйымдардың мәліметтері бойынша, 1949 жылдан кейінгі әлем бойындағы тырысқақ ауруының апатты жағдайы Йеменнен байқалып, тек 2017 жылы бір миллионнан астам йемендік қаза болды. 2018 жылы қаза болған адамдардың саны төмендеді. Бірақ, 2018 жылдың маусым айында қайтадан ушығып, бұл аурудың үшінші толқыны 2019 жылдың қаңтар айында басталды. Лиз Гранд 2019 жылдың 28 наурызында: «Йеменнің түкпір-түкпірінде тырысқақ ауруы таралып, өткен үш айдың ішінде 200 адам қаза болды. Тағы 110 мыңнан астам адам бұл ауруға шалдығу қаупімен бетпе-бет келіп отыр»,- деді. Балаларды құтқарумен айналысатын халықаралық ұйымның мәліметі бойынша, наурыз айының алғашқы екі аптасында 40 мың йемендік тырсықақ ауруына шалдықты. Бұл үш айдағы статистика алдындағы аймен салыстырғанда 150 пайызға артып, олардың үштен бірін жастары 15-ке толмаған балалар құрады. Басқаша айтқанда, шамамен мың йемендік бала күн сайын тырысқақ ауруына шалдығып жатыр. Сондай-ақ, өткен 4 жылда екі жарым миллионнан астам йемендік босқынға айналды.