Революцияның екінші қадамы 6
Иран Ислам революциясы "Тәуелсіздік, азаттық және Ислам республикасы" деген үш маңызды негізге сүйеніп жасалып, революциядан кейін де көптеген мақсатына қол жеткізді.
Иран халқы өткен 40 жылда Ислам революциясының үлкен жетістіктерін қорғау үшін көптеген талпыныс жасады. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи "Революцияның екінші қадамы" мәлімдемесінде ел халқын Иранның тәуелсіздігі мен азаттығын қорғауға шақырып: "Ұлттық тәуелсіздік – халық пен үкіметтің әлемнің алпауыт мемлекеттерінің билеп-төстеушілігінен азат болу. Қоғамдық азаттық – қоғамның барлық адамдарының шешім қабылдау, іс-әрекет және ойлану құқықтарына ие болуы. Ұлттық тәуелсіздік пен қоғамдық азаттық ислам құндылығы әрі адамдар үшін жіберілген илаһи сый саналады. Сондықтан үкіметтер халықты ұлттық және қоғамдық азаттықпен қамтамасыз етуге міндетті",- деді. Ислам революциясы жетекшісінің тәуелсіздік пен азаттыққа берген сипаттамаларынан бірнеше маңызды жайт байқалады: біріншіден, тәуелсіздік – азаттықтың бірі түрі; сыртқы тұрғыдан бөгделердің билеп-төстеушілігі мен зұлымдықтан азат болу.
Ислам революциясы жетекшісінің тәуелсіздік пен азаттық туралы сөзінің келесі маңызды мәселесі олардың илаһи сый екендігімен байланысты. Исламның көзқарасы бойынша, азаттық деген илаһи нығмет адамзаттың жаратылуының басынан адамға сыйға берілген. Оны жеке адам немесе үкімет ойлап тапқан жоқ. Исламдағы азаттық Батыстың азаттығынан тереңірек әрі ауқымды болғандықтан нәпсілік және ахлақтық кемшіліктердің торына түспеуді қарастырады. Аятолла Хаменеи халықты тәуелсіздік және азаттықпен қамтамасыз етуді үкіметтердің міндеті деп атап: "Ислам негіздеріне сүйенген азаттық ахлақ, заң және діни құндылықтарға қайшы болмауы керек; тәуелсіздік те сыртқы әлеммен қарым-қатынасты үзу емес",- деді. Діни жетекшінің елдің тәуелсіздігін қорғау тақырыбымен тікелей байланысты "Революцияның екінші қадамы" мәлімдемесіндегі келесі кеңесі ИИР-ның сыртқы саясатында ғиззат, хикмет және мәслихатты сақтау қажеттігіне негізделген. Аятолла Хаменеи өзінің діни басшылығының басында үш негізді жариялап, үнемі соларды дұрыс орындауға күш салды. Сыртқы саясат пен халықаралық қарым-қатынастардағы ешбір әрекет Иран халқының ғиззаты мен беделіне нұқсан келтірмеуі керек. Аятолла Хаменеи "Революцияның екінші қадамы" мәлімдемесінде сыртқы саясат саалсындағы ғиззат, хикмет және маслихатқа сүйенген кейбір жетістіктерге тоқталып, үкіметті Батыс үкіметтерімен қатынас орнатқан кезде үш негізгі көбірек көңіл бөліп, бұл үкіметтерге сенім артпауға шақырады.
Ислам революциясының қазіргі жетекшісінің "Революцияның екінші қадамы" мәлімдемесінде қуатталған келесі маңызды тақырып экономиканы нығайту және дамыту болды. Аятолла Хаменеи бұл бөлімнің басында экономиканың маңыздылығы туралы: "Экономика – маңызды негіздердің бірі. Күшті экономика билеп-төстеушілікті қабылдамауға қажет маңызды фактор. Әлсіз экономика дұшпанның билеп-төстеушілігі мен араласушылығына жеткізетін факторлардың бірі",- деген. Елдің саяси тәуелсіздігі мықты экономикасыз кемел емес. Иранның Ислам революциясы себептерінің бірі шах режимінің экономика саласындағы тәуелдігі мен осалдығы болды. Сондықтан революциядан кейін халықтың экономикалық мәселелерін шешу мен тұрмыстарын жақсарту жұмыстары басталды. Бірақ экономикалық санкциялар, саяси қысымдар, дұшпанның Иранға қарсы ашқан сегізжылдық соғысы, сондай-ақ, елдің кейбір басшылары жұмыстарының нашарлығы ИИР-ның экономикалық тұрғыдан ойлаған деңгейіне жетпеуіне себеп болды. Өткен 40 жылда экономикалық салада мақтан тұтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді.
Әлемдік банктің мәліметі бойынша, Иранның экономикасы әлемде 18-ші орында; мыс, алюминий, цемент және мұнай-химия өндірісі салаларында жақсы ілгеріледі. Бидай, арпа және күріш сияқты халық көп тұтынатын ауылшаруашылық өнімдерінің 90 пайызы Иранның ішінде өндіріледі. Өсімдік және бау-бақша шаруашылығы өнімдерінің көбі экспортталады. Бұл саладағы жетістіктерді Ислам революциясына дейінгі жағдайымен салыстыруға болмайды. Бұрын мақұрым саналған аймақтардағы халықтың 80 пайызы таза ауыз сумен қамтамасыз етілді; ауылдардың 81 пайызында табиғи газ тасымалдайтын құбыр салынып, ауылдың барлығы электр қуаты желісіне қосылды. Ислам республикасының тұрмысты жақсарту жұмыстары ел адамдарының 77 жасқа дейін өмір сүруіне себеп болды. Иран жетістіктерге Батыстың экономикалық санкцияларына қарамастан қол жеткізді. Аятолла Хаменеи санкцияларды ішкі экономиканы басқаруындағы кемшіндіктерді жойса, ықпалы төмендейтін немесе тіпті байқалмайтын экономиканың сыртқы дағдарысы деп санайды. Хазірет Иран экономикасының ең үлкен проблемасын мұнай кірістеріне тәуелділік санады. Бүгінде бұл мәселе ел экономикасының осал тұсына айналды.
Ислам революциясының жетекшісі мемлекеттің экономикалық мәселесінің шешім жолының тек елде екенін қуаттап, соған орай "Қарсыласу экономикасы" жобасын ұсынды. Аталмыш жобаның толық саясаты 2014 жылы әртүрлі органдардың қатысуымен реттеліп, діни жетекші мен үкіметке тапсырылды. Аятолла Хаменеи "Революцияның екінші қадамы" мәлімдемесінде қарсыласу экономикасының ерекшеліктері туралы: "Елдің экономикасын ішкі өндіріс пен өнім шығаруға бағыттау, іргелі ғылымдарды дамыту, экономиканы танымал етіп, еліміздің экономикалық әлеуетін пайдалану арқылы аутсорсингпен айналысу – бұл шешім жолының маңызды бөлімі",- деді. Діни жетекші қарсыласу экономикасын іс жүзінде іске асыру үшін жылдар бойы ішкі өнімнің саны мен сапасын артыруды қуаттап, халықты ирандық заттарды сатып алуға жігерлендіріп келеді. Биылғы жыл Иранда "өндірісті дамыту" жылы деп аталды. Әрине экономикалық мәселелер сыбайластық жемқорлықпен күреспей және әділет орнатуға талпынбай шешілмейді. Иран революциясының армандары Исламның жоғары құндылықтарынан, әсіресе әділет талап етуден нәр алды. Аятолла Хаменеи "Революцияның екінші қадамы" мәлімдемесіндегі келесі кеңесінде әділеттің илаһи пайғамбарлардың басты мақсаты болғаны мен ИИР-дағы ерекше орнына тоқталып: "ИИР бұл жолда сындарлы қадам басты. Әлі де көбірек жұмыстар атқарылып, әділет саласындағы Иранның жетістіктерін жасыру сияқты дұшпанның қастандықтарын залалсыздандыру керек",- деді.
Иран Ислам революциясының жетекшісі дұшпанның ақпарат құралдарының ирандық басшылардың арасында сыбайластық жемқорлықтың артқаны туралы теріс жарнаманы кең таратуына тоқталып: "Ислам республикасы басшыларының арасында сыбайластық жемқорлық басқа көптеген елдердің, әсіресе тағұт режимдердегі сыбайластық жемқорлықпен салыстырғанда анағұрлым төмен. Құдайға шүкір, біздің жүйенің басшылары негізінде экономикалық тазалықты сақтайды. Бірақ, қазіргі жағдайдың өзін қабылдауға болмайды. Басқалар экономикалық тазалықтың Ислам республикасы басшыларының шарты екенін білгені жөн",- деді. Хазірет ислам тағылымдарының негіздеріне сүйеніп құрылған Ислам республикасы жүйесі үшін басшылардың экономикалық бұзақылықтарға ластануын зиян деп атап, бақылау органдары бұл мәселеге шынайы түрде қарсы тұруы керек деп қайталады. Аятолла Хаменеи бұл күресті Ислам республикасының әділет орнату үшін пайдаланатын жан-жақты талпыныстарының әсерлі бөлімі деп атады. Сондықтан Ислам республикасында Батыстың либералистік экономикасына керісінше тек экономикалық даму жеткіліксіз. Даму бүкіл халық оны әділ пайдалана алатындай болуы керек. Сондай-ақ, экономикалық дамудың арқасында кедейлер мен экономикалық және қоғамдық айырмашылықтың мөлшері төмендеуі керек. Аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде: «Ислам республикасында байлыққа ие болу қылмыс емес, тіпті қолдауға ие іс. Бірақ, қоғамдық ресурстарды тарату саласында кемсітушілік болмауы керек. Әділетсіздікке себеп болатын экономика саласындағы алаяқтармен келісімге келуге немесе оларға ерекше ұпай беруге тыйым салынады. Сонымен бірге мұқтаж тапқа немқұрайдылық таныту еш уақытта қабылданбайды»,- деді.