Алланың айын қарсы алайық!
(last modified Sat, 04 May 2019 13:44:38 GMT )
Maм 04, 2019 19:44 Asia/Almaty
  • Алланың айын қарсы алайық!

Бүгін мешіт ерекше көңіл-күйге ие. Жастар оның есігі мен қабырғаларын безендірді. Кілемдері жуылып, тазарды. Мешіттердің тазаруы мен жүректердің ерекше қағысы арнайы қонақты қарсы алудың басталғанын білдіреді.

 

Мешіттерді шаң-тозаңнан тазарту  күнделікті өмірдің ластықтарынан тазарып, Алланың қонағы болуға дайындалу секілді. Бұл күндері өзімізге оралып, күндердің бірінде Аллаға оралатынымызды есімізге алайық. Біз басында тек топырақ болдық, кейін илаһи демнің арқасында өмір сүретін болдық.

 

Намазхандар жамағат намазы имамының иқамасын естіп, орындарынан тұрып, саптарын реттеп, шын ниеттерімен Аллаға құлшылық етуге дайындалады. «Аллаһу Акбар» – Алла ұлық, яғни Алла айтылған сипаттардан жоғары. Бұл зікірді қайталау тек бір Аллаға сүйенетін, тек Алладан ғана көмек сұрайтын адамдарды күшейтеді. Намаздан кейін мешіттің қасында дастархан жайылады. Біреу: «Бүгін Рамазан емес қой. Не үшін ауызашар беріледі?»- деп сұрайды. Бір жігіт: «Бүгін адамдардың көбі Рамазан айын қарсы  алу үшін ораза тұтты. Бүгін шағбан айының соңғы күні. Исламның ұлық пайғамбары: «Шағбан – менің айым, Рамазан – Алланың айы. Сондықтан менің айымда ораза тұтқан әр адамға қиямет күні шапағат етемін. Рамазан айында ораза тұтқан адам тозақ отынан аман қалады»,- деген болатын. Алланың қонағы болу үшін сәт санап күтетіндер шағбан айында ораза тұтып, қасиетті Рамазан айын қарсы алады.

Мешіттің зауыс зорайтқыш құралынан жаңа айдың туғаны жарияланады. Мешіттің кеңістігінде хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пен әулетіне салауат айтылады. Содан соң жамағат имамы жиналғандарды қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтап, «Сахифе Саджадиенің» 44-ші дұғасының бір бөлімін оқиды: «Өз айын, қасиетті Рамазан айын дұрыс жолға нұсқау үшін сыйлаған Жаратушы мадаққа ие. Бұл – ораза тұтатын, Аллаға бағынып, құлшылық ететін, күнәлар кешірілетін, түндері ояу өтетін ай. Бұл – адамзатты дұрыс жолға нұсқап, шындық пен жалғандық арасындағы анық дәлелдерді ұсынған Құран жіберілген ай».

Сәлем саған, күнәларды кешіріп, тозақ отын сумен өшіретін ай!

Сәлем саған, Аллаға бағынатын ай!

Сәлем саған, пәк ай!

Сәлем саған, кемшіліктерден алыстататын ай!

Сәлем саған, таң сәріден оянып, түнді ояу өткізетін ай!

 

Алла Тағала баршаға үлгі еткен Исламның ұлық пайғамбары қасиетті Рамазан айы туған кезде қыбылаға бет бұрып, қолын аспанға жайып: «Уа, Алла! Бұл айда бізге қауіпсіздік, аманшылық, денсаулық, ырзық беріп, қиындықтарды шешуге көмектес. Уа, Алла! Бұл айда ораза тұтуға, ғибадат жасауға, Құран оқуға көмектесіп, денсаулық бере гөр»,- деп сұрайтын. Хазірет құлшылық ететін айдың келгеніне қуанып, бұл айдың рақымына бөленіп, ораза тұтты. «Юнус» сүресінің 58-ші аяты: «(Мұхаммад с.ғ.с.): «Олар Алланың кеңшілігі, мәрхаметімен болған осылармен қуансын. Өйткені, Құран олардың жиған-тергендерінен қайырлы» де»,- деп айтылды.

Исламның ұлық пайғамбары Рамазан айында басқа айлардан көбірек ғибадат жасап, Рамазан айын Аллаға қарай оралуға дайындалғандай қарсы алатын. Алла елшісі қасиетті Рамазан айына ерте дайындалатын. Хазірет Рамазан айының оразасына жақсырақ дайындалу үшін шағбан айында мұстахаб ораза ұстайтын. Сахабаларын да Рамазан айында көбірек ғибадат жасауға талпынуға шақыратын. Халықты Рамазан айының ерекшеліктері мен сыйларына назар аудартатын. Хазірет шағбан айының соңғы құтпасында: «Уа, халайық! Алланың айы өз берекесі және рақымымен сіздерге бет бұрды. Бұл ай – Алланың алдындағы ең жақсы айлардың бірі.  Оның күндері ең жақсы күндер, түндері ең жақсы түндер. Бұл айда Алла сіздерді өзінің қонағы болуға шақырды. Бұл айдағы ұйқыларыңыз – ғибадат. Бұл айда дұғаларыңыз бен ғамалдарыңыз қабыл болады. Бұл айда аштық пен шөлді сезіп, қиямет күнгі аштық пен шөлді еске алыңыздар. Мұқтаждарға садақа беріңіздер, үлкендерді құрметтеп, балаларға көмектесіңіздер, жақындарыңызға жақсылық жасаңыздар. Намаз уақыты келген  кезде қолдарыңызды аспанға жайып, дұға жасаңыздар.  Алла Тағала пенделері үшін рақымын аямайды»,- дейтін. Осындай кеңестерден Рамазан айының оразасы мен басқа ғибадаттары тек физикалық ғамал ғана емес деп айтуға болады. Сондықтан физикалық ғамалдарымызбен бірге ақылымыз пен жүрегімізді де жұмылдырып, ойлануымыз керек. Сондай-ақ, жақсылық жасап, оразаны түсінуіміз қажет.  Заманауи тұрмыс адамдар арасындағы мейірімді азайтып, немқұрайдылықты арттырды.  Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, қасиетті Рамазан айы жыл сайын бізге илаһи дастарханның басына жиналып, жәннатқа енуімізге мұрсат береді. Кейбіреулер осы айдың 30 күні ғана жәннатқа енсе, басқалар оның берекесін ғұмыр бойы пайдаланады. Алайда кейбіреулер бұл айға немқұрайдылық білдіреді. Бұл өкінішті жайт.  

Адам ораза ұстап, аштық пен шөлге төзу арқылы Алланың мейірімі мен ризалығын  барлық нәрседен артық санап, Жаратушыға жақындауды мақсат етеді. Сонда Алла Тағала адам мен өзі арасында ешбір кедергі тудырмайды. Қасиетте хадисте аз тамақтану мен аз сөйлеу нәтижесінің хикметке жеткізетіні айтылған. Хикмет – білім мен сенімге жету. Адам сенімге жеткен кезде күнделікті тұрмыс туралы күмәнданбайды. Алла Тағала: «Менің ризалығыма ие болатындай ғамал еткен әр адамға үш қадір-қасиет сыйлаймын: надандығы жоқ шүкірлікті, ұмытылмайтын естелікті, менімен достықты жаратылыстарыммен дос болуға айырбастамайтын достықты. Мені жақсы көрген адамды мен де жақсы көремін. Түн қараңғылығы мен күннің жарығында онымен сырласамын»,- дейді.

Қасиетті Рамазан айының келуімен имам Саджадтың (ғ.с.): «Уа, Алла! Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пен хазіреттің әулетіне сәлем салауат айтып, бізге Рамазан айының қадір-қасиетін түсініп,  бұл айдың құрметін сақтауға көмектесе гөр»,- деген дұғасын еске алайық.