Құрандағы исламдық ойлардың ерекшеліктері (1)
Құран түскен Рамазан айына арналған бұл бағдарламада осы қасиетті кітаптағы исламдық ойлардың жалпы ерекшеліктерін талқылаймыз.
Ардақты ағайын, Алланың рақымы мен кешірімі төгілетін қасиетті Рамазан айы құтты болсын! Алланың қалауымен Жаратушының қонақасы беретін айынан барынша пайдаланамыз деп үміттенеміз. Бұл айдың ең көрнекті ерекшеліктерінің бірі – аспандық кітап Құранның түсуі. Бұл кітапта адамдардың ойлау және әрекет етуінің барлық жолы сипатталған. Өйткені, Құран – өмір кітабы. Құранда талқыланған және көп аталған тағдыр тудырушы маңызды тақырыптардың бірі – жалпы исламдық ойлардың жобалануы. Бұл жоба біздің принципті сенімдеріміздің негізі мен тамырын құрайды. Әдетте барлық адамдық және илаһи мектептер мен жүйелерде бәрінен бұрын сенімдерге көп назар аударылады. Өйткені, сенімдер негізінде стимулдар, талпыныстар, қозғалыстар мен көтерілістер қалыптасады. Имансыз кез келген әрекет нәтижесіз болады. Құлшынысы мен құштарлығы жоқ кез келген іздеуші нәтижеге жетпейді. Осы негізде Құран иманға адамдардың ең жоғары құндылығы мен ең биік қасиеті ретінде иек артып, оны барлық көлемде сипаттап берді.
Осыған қатысты адамдардың ойына келетін бірінші сауал: Иман деген не? Иманның екінші мағынасы – сенім, бірақ ислам мәдениетінде иман адамның жүрегіне әсер етіп, жүректің түбіне жол тапқан кезде ғана көрініс табады. Ислам дәуірінің бастапқы жылдарында бәдәуилердің бір тобы Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) алдына барып, "иман келтірдік" деп айтқан. Алла тағалаға өз елшісіне: "Сендер иман келтірмедіңдер. Алайда: “Мұсылман болдық” деңдер. Өйткені, иман жүректеріңе кірген жоқ" ("Худжурат" сүресі, 14-аят) деп айтсын деп бұйрық берген.
Бұл аяттың жолдауына назар аудара отырып, мынадай нәтиже шығарамыз: Құрандағы сенім мәдениетінде иман келтіруге деген алғашқы қадам – мұсылман болу. Ол Алланың дінін мойындау үшін қажет. Бұл мойындау (Алланың бірлігі мен оның елшісіне куәлік ету) адамға ешқандай практикалық жауапкершілік пен міндет артпайды, тек мұсылман болған адам ислам назарға алған құқықтар мен үкімдерді пайдаланады. Бірақ иман келтірген кезде адам іс жүзіндегі ғамалдарды атқаруға міндеттеледі. Ол бейжай қарай алмайды, жауапкершілік сезінеді. Тура сол себепті Құран аяттарының көбінде иман жайлы сөз болғанда бірден лайықты іс атқару немесе соның практикалық үлгісі мен дәлелдері келтіріліп отырады.
Осыған орай, Алла Тағала Құранның "Аср" сүресінде: "Заманға серт(1). Негізінен адам баласы зиянда(2). Бірақ, сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне шындықты үгіттесіп, сабырды үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды (3)",-деген.
Бұл аятта шабыт беретін және қозғалысқа бастайтын маңызды бірнеше жайт көңіл аудартады: тәпсіршілердің көзқарасы бойынша, Алла Тағала бір маңызды да түбегейлі тақырыпты көтергісі келген кезде өз сөзін ант берумен бастайды, осылайша тақырыптың маңыздылығын көрсетеді. Тура осы себептен бұл сүре ант беруден басталады. Содан соң нәсілдік, географиялық, саяси және мәдени ерекшеліктеріне қарамай, кез келген адамға иман мен лайықты ғамалға ие болмаса, зиянкес екенін айтып ескертеді. Яғни, иман мен ғамал барлық бағалаулар мен құндылықтардың басты критерийі болуы керек. Басқа ешбір көрсеткіш оның орнын баса алмайды. Сондықтан Құранның көзқарасы бойынша, бағалау критерийлері саяси-экономикалық және әскери құдірет болып табылатын және әлемді осы принцип негізінде бөлетін адамдар, қоғамдар мен орталықтар – адасқандар. Алла Тағала тек иман мені ізгі ғамалдарды ғана ресми түрде таниды. Кез келген құдірет пен билік осы екі негізге сүйенбесе, ол қоғам мен жүйе зиянкес деп таныстырылған.
Бұдан бөлек, адамдар мен қоғамдардың өмірі мен қозғалысы "хақ", яғни Алла Тағала белгілеп кеткен бағытта болуы керек. Бұл жол әділетті сақтау, зұлымдықпен күресу, руханилікті сақтау, жапа шеккендер мен мұқтаждарды қорғау, кемсітушілік, жемқорлық және қылмыспен күресу, барлық илаһи және адамдық құндылықтар мен пәктік шеңберін сақтауға негізделген. Бұл салада иман және лайықты сөз бен іске ие адамдар ғана әсерлі де тиімді құзырға ие болары анық. Құдірет пен байлықтың символдары өз құдіреті мен мүдделерін қамтамасыз ету үшін хақ жолын іздеушілерге қарсы сап түзеп, қоқан-лоққы жасап, санкциялар таңып, соғыс жүргізу, жаппай қыру мен талан-тараж жасау арқылы ақиқатты көздеген мақсаттар мен армандардың орындалуына бар күшімен тосқауыл қояды. Осындай жағдайда хаққа сенушілерге ауыр жауапкершілік артылады. Олар бір-бірін сабырға шақыруы керек. Құран оны өте әдемі сипаттаған: "Қаншалаған пайғамбар онымен бірге көптеген құдайшылдар соғысқан болатын; сонда бастарына келгенге олар босамады да осалдамады. Сондай-ақ именбеді. Алла қажырлыларды жақсы көреді" ("Әли Имран" сүресі, 146-аят).
Майданда сабыр мен беріктік таныту адамның жүрегінде терең әрі дұрыс иман мен сенімнің болуын қажет ететіні анық. Мұндай иман Құранның шабыт сыйлаушы мәдениетінде биік орынға ие.
Ардақты ағайын, Алла Тағаланың қолдауымен келесі бағдарламада Құран аяттарында иманға қатысты айтылған басқа да жайттарды талдаймыз.