Рамазан – қасиетті ай 5
(last modified Fri, 10 May 2019 19:42:57 GMT )
Maм 11, 2019 01:42 Asia/Almaty
  • Рамазан – қасиетті ай 5

Рамазан – Алланың айы, сондықтан ораза тұтушылар - Жаратушының қонағы. Әрине әр қонаққа қатысу үшін дайындық қажет. Сырт киімді дайындаумен бірге қонақ иесі, қонақ өтетін жері мен уақыты туралы білу керек. Қасиетті рамазан айына еніп, Алланың қонағы болу үшін адам өзін сыртқы және ішкі тұрғыларынан дайындауы қажет.

Оразаның ахкамында рамазан айының қасиетті күндерінде  мұсылман адам таңсәріден мағриб азаңынан дейін ішіп-жеуден тартынатыны туралы айтылды. Сондай-ақ шариғат науқас немесе жолаушы адамдарға оразаны кейін тұтуға рұқсат етеді.

Құран Кәрім "Бақаре" сүресінің 185-ші аятында: "Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім рамазан  айында болса, ораза ұстасын. Ал біреу науқас не сапарда болса, басқа күндерде санын толтырсын. Алла Тағала сендерге оңайлық қалайды, ауыршылық қаламайды. Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар",- деп айтылды. Ораза тек жеп-ішуден тартыну емес, оразаның арнайы әдеп-ғұрыптары бар.  Ораза тұту үшін біріншіден ниет қажет. Ниет - барлық ғибадаттардың негізі, өйткені барлық ғибадаттар шынайы ниет және ықыласпен әрі Алланың ризалығы үшін орындалуы керек. Исламның ұлық пайғамбары: "Уа, Абузар! Әр нәрсе, тіпті жеп-ішуден тартыну үшін ақ ниетке ие болу қажет. Ақ әрі илаһи ниет амалды құнды етеді, яғни ниет қаншалықта таза болғанымен амалдың маңыздылығы мен құны артады. Керісінше ниет дұрыс болмаса, амал да құнсыз болады. Осыған орай Алла елшісі: "Барлық амалдар ниеттеріне байланысты",- деген. Оразадағы ниет - Алланың бұйырығын орындау, сондықтан толық  құлшылық ету үшін ықылас болу керек",- деді. Хазірет Заһра (ғ.с.): "Алла Тағала оразаны ықыластарынды қалыптастыратын құрал ретінде жіберді",- деді. Имам Саджад (ғ.с.) рамазан айын ой мен рухты тазартатын ай деп атады.

Ораза тұту мен Алланың қонағы болудың келесі қажеттілігі – әдет-ғұрыпын сақтау. Әдеп – басқалармен қарым-қатынас орнатудың  бір түрі. Оразадағы әдеп ахлақ пен амалды бақылауға алу, жақындармен қарым-қатынас орнату, күнәдән алыстауды қарастырады. Бұл талаптарды орынаду қиын емес. Алланы қонағы болатын ай мен илаһи рақым баршаға тиесілі. Адам шынайы ниеті, Құран мен намаз оқу, кешірім сұрау мен тәубе ету, садақа беру және басқаларға көмектесу арқылы жоғары деңгейге жете алады. Ораза тұтатын адамның жүрегі оразамен үндес болуы керек. Ораза тұтатын адам көптеген істерінен тартынғандай, оның жүрегі де оразаның кеңістігін ластықтан қорғайды. Имам Садық (ғ.с.) рауаяттарының бірінде: «Алла Тағала Тәуратта «уа, Адамның перзенті уақытың мен жүрегіңді маған ғибадат жасау үшін басқа нәрседен босатсан, мұқтажсыз етемін, біреуге тәуелді болудан құтқарамын, өз нәпсілелеріңнің құрықталуға рұқсат етпеймін, еш нәрседен қорықпауын үшін өзім жүрегіңді қорқынышқа толтырамын. Ораза тұтатын адам ішіп-жеуден тартынадын, сондай-ақ оның басқа ағзалары де ораза тұтады. Имам Джафар Садықтың (ғ.с.) айтуынша, «ораза тұтқан кезде, құлақ, көз, тіл мен аяқ-қол, және денінің терісі де ораза тұтады». Хазірет сөзінің жалғасында: «Бір-бірлеріңмен жанжалдаспаңдар, қызғанбаңдар, ғайбат айтпаңдар, өтірік айтып, балағаттамаңдар, Алланы ұмытпаңдар және намазға неқұрайдылық танытпаңдар, көп сөйлемей, сабыр  сақтаңдар. Алланың алдында қарапайым болып, Оның азабынан қорқып, рақымына үмітті болыңдар»,- деді.

Ғайбат оразаны бұзбағанымен, оразаның адамға тигізетін оң әсеріне кедергі болып, адамды оразаның пайдасына айырады. Өйткені ғайбат оразаның хикметін бұзып, адамды тақуалықтан алыстатады. Өтірік айту, тіл тигізу, масқара ету, балағаттау, қииянат жасау ораза тұтудың фәлсәфесіне қайшы және оның құндылығын төмендетеді. Шынайы ораза тұтушы оның фәлсәфесіне немқұрайдылық танытпай, оның хикметіне көңіл бөліп, оразаны бұзатын барлық істерден тартынуымен бірге оразаның шындығын жоятын әртүрлі күнәләрден тартынады. Сөйтіп, оразаның мақсатына жетеді. Алла елшісі: «Құлағы, көзі және тілін халықтан алыстататын адамның оразасын Алла Тағала қабылдайды»,- деген болатын. Ораза, қасиетті рамазан айының сүннеттері саналатын ауызашар және сәресімен, бірге жүреді. Ислам  ауызашар мен сәресін жеп-ішпейтін оразаны қолдамайды. Шейх Мофид: «Алла елшісі әулетінің айтуынша, тек су болсада сәресін жеп-ішу – мұстахаб. Сәресінің ең жақсы тамағы құрма, Алла елшісі сәресінде құрма жейтін»,- деп жазды.

Ауызашар мен сәресі тамағы халал болуы керек. Хазірет әли (ғ.с.) Исламның ұлық пайғамбарының рамазан айындағы амалдары туралы: «Алл елшісі  қасиетті рамазан айының соңғы он күнінде төсегін жинап тастап, ғибадат жасау үшін белің қатты буатын. Жиырма үшінші түнінде әулетін ояу ұстайтын. Олардың әр біреуін ұйқы шырмаған жағдайда, сумен жуынатын. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) да отбасы мүшелеріне ұйықтауға рұқсат етпейтін. Ұйқылары келмесін деп бұл күні оларға тамақты азырақ беріп, күндізден бастап, бұл түнді ояу өткізуге дайындалатын. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.): «Бұл түннің жақсылығынан пайдаланбаған адам мақрұм қалады»,- деген. Хазірет Мұса Алладан: «Уа, Жаратушым, рамазан айында Өзің үшін ораза тұтқан адамның сыйы қандай?»- деп сұраған кезде: «Уа, Мұса, рамазан айында Менің риазлығым үшін ораза тұтқан адамға қияметте еш қорқынышы мен алаңдаушылығы жоқ жердеорын беріледі»,- деген жауапты естіді.