Құрандағы исламдық ойлардың ерекшеліктері(7)
Бағдарламаның жалғасында Алла бірлігі-таухид мәселесіне тоқталамыз.
Өткен бағдарламаларда Құранда сөз болған иман, оның ерекшеліктері мен уәделері жайлы айтып өттік. Жаңа тақырыпты бастамас бұрын мына жайтты айтып өту қажет: исламның сенім жарғысы қалыптасқан көзқарастарға керісінше бір-бірінен бөлек емес, оның принциптері біртұтас және толық бір кешенді құрайды. Қысқа кіріспеден кейін Алланың барлық елшілерінің шақыруының басты тақырыбы болған жаңа мәселені талқылаймыз.
Исламның таухидтік дүниетанымында әлемдегі барлық құбылыстар Жаратушыға бағынышты. Ғылым, хикмет, құдірет пен ерік-жігердің толық символы саналатын Құдай теңіздер мен мұхиттардың тереңінен аспан мен галактикалар, танылмаған әлемдерге дейінгі барлық мақұлықтарды бір мезгілде тудырып, өз еркіне бағындырды. Адамдар, басқа тіршілік иелері мен болмыстың барлық құбылыстары тіршілігін жалғастыру үшін оның таусылмас абсолютті құдіретін қажет етеді. Ештеңе ешбір атаумен оған тең келмейді және ол барлық тұрғыдан біртұтас әрі теңдессіз.
Исламның сенім жарғысындағы мұндай көзқарастар таухид деп аталатын бір түбегейлі принциптен бастау алады. Құран бұл жайлы былай дейді: "Алла (Т.), періштелер және әділет үстінде тұрушы ғылым иелері, расында тым үстем, хикмет иесі Алладан басқа ешбір тәңір жоқтығына куәлік берді. ("Әли Имран", 18-аят).
Таухидтік ойларда көңіл аударуға тұратын тағы бір жайт мынау: Аллаға сенудің мәжбүрлі әрі ерікті екі қыры бар. Яғни бір жағынан илаһи емес түс пен буға ие әрбір тіршілік иесі мен әрбір құбылысты теріске шығару керек, басқа жағынан тек барлық қырдан теңдессіз Құдайға иман келтіріп, оны растау керек. Құран бұл көзқарасты баяндауда былай дейді: "Расында әр үмметке; “Аллаға құлшылық қылыңдар, бұзықтардан аулақ болыңдар” дейтін елші жібердік. ("Нахл" сүресі, 36-аят)

Бірақ түзу де саналы иманы жоқ, тек қысқа мүдделерін ойлайтын және құдіреттердің арбауына түсіп, ашкөздікке салынған мұсылмандар тобы таухидтік принципке қайшы дінге бет бұрған. Мұнымен қоймай, олар өздерін діни сенімдерге берікпіз деп санайды. Алла тағала осындай бос ойлаушылықтар жайлы былай дейді: "(Мұхаммед Ғ.С.) саған түсірілген Құранға және сенен бұрын түсірілген кітаптарға сендік деп, кұр өршеленгендерді көрмейсің бе? Олар шайтанға жүгінісуді қалайды. Негізінде оларға, оған қарсы болу әмір етілген болатын. Өйткені, шайтан, оларды мүлде ұзаққа адастыруды қалайды ("Ниса" сүресі, 60-аят)".
Айта кету керек, исламның таза таухиді тек заңсыз саяси құдіреттер мен оларға бас июді теріске шығарумен шектелмеген, оның аясы кең. Адам өзінің дүниетанымы мен көзқарастарында Алла бірлігі принципін мықты сақтауы тиіс және оның таухид туралы ойы шайтанның Аллаға серік қосуға азғыруымен былғанбауы керек.
Осыған орай «Жаратушының бірлігі» тақырыбы туындайды. Яғни әлемде тек бірақ Жаратушы бар. Бұл айқын ақиқатты әлемді басқарып тұрған таңғажайып жүйе жайлы сәл ойланғанда оп-оңай түсінуге болады. Ақыл да басқа бір жаратушының барын теріске шығарады. Құран бұл жайлы былай дейді: "Егер жер-көкте Алладан басқа да тәңірлер болса, әлбетте екеуі де бұзылып, кетер еді. Ғарыштың Раббысы Алла, олардың жасанды сипаттарынан пәк. ("Әнбия" сүресі, 22-аят)
Хазірет Әли (ғ.) өз ұлы имам Моджтабаға берген өсиетнамасында былай дейді: "Ұлым, мынаны біл: егер Жаратушыға тең серік болғанда олардың елшілері саған келетін еді, оның билігінің әсерлерін байқайтын едің, оның сипаттары және әрекеттерімен таныс болатын едің. Бірақ ол жалғыз Құдай. Өзін бірегей деп сипаттағандай" (Нахдж ул-Балағе, 31‑хат).
Жаратушы ешбір тіршілік иесі мен құбылысты босқа жаратпаған. Ғалымдар мен зерттеушілердің нақты әрі терең ғылыми зерттеулері көрсеткендей, олардың барлығын жаратушы ерекше ғылым мен хикметке ие. Бұл жағдайда мынадай маңызды тақырыпқа көңіл бөлу керек: әлемді басқару барлық танылған және танылмаған құпияларды пайдаланатын дана әрі құдіретті билеушіні қажет етеді. Ол мұхиттың түбіндегілерден галактикалардағы барлық құбылыстарды басқарып, оларды белгілі осьте айналдырып, тіршілік етуге жағдай жасайды.
Перғауын таққа жайғасып, хазірет Мұсадан (ғ.) өз Құдайын таныстыруды сұрағанда Мұса: "Раббымыз, әр нәрсеге бір бейне беріп, сонан соң оны тура жолға салған” ("Таһа" сүресі, 50-аят)",-деп жауап берген. Бұдан кейін біз әрдайым намазға жығылғанда Жаратушының алдында тұрып, "Хамд" сүресін оқып, мына шындықты мойындаймыз: «Мақтаудың бәрі әлемді жаратқан Құдайдікі». Сондықтан «Алланың бірлігі» – таухидтік сенімнің тіректерінің бірі. Адамдар бұған иман келтіруі керек.

Айта кету керек, Алланың бірлігі адамның ырқынан тыс әлеммен ғана шектелмейді, оның қажеттілігі адамның ықтиярындағы заңдарда көбірек сезіледі. Сол себепті Жаратушы құлшылықтан шықпауы үшін адамдарды тәрбиелеп, басқару мақсатында пайғамбарлар мен илаһи кітаптарды жіберген. Алла бұйрығының уәһи аспанынан Оның елшісіне жіберілуі мына шындықты көрсетеді: «Шынында Раббым мені тура дінге, Ыбырайым (Ғ.С.) ның нағыз жолына салды. Ол ортақ қосушылардан емес еді» де. («Әнәм» сүресі, 161-аят)».