Құрандағы исламдық ойлардың ерекшеліктері(8)
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i42130-Құрандағы_исламдық_ойлардың_ерекшеліктері(8)
Бағдарламаның жалғасында Алла бірлігі-таухидтің тағы бір кезеңі, яғни құлшылық жайлы сөз қозғаймыз.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 16, 2019 04:56 Asia/Almaty
  • Құрандағы исламдық ойлардың ерекшеліктері(8)

Бағдарламаның жалғасында Алла бірлігі-таухидтің тағы бір кезеңі, яғни құлшылық жайлы сөз қозғаймыз.

Өткен бағдарламада Құрандағы таухидтік ойларда бір Аллаға сенудің түбегейлі принцип екенін айттық. Бұл принцип өмірдің барлық шарықтаулар мен құлдырауларында біздің көзқарасымыз бен ниеттеріміздің басты өзегіне айналуы тиіс. Құдайдың әлемдегі жалғыз Жаратушы екенін айттық. Қазіргі таңда әлемде Құдайдан басқа Жаратушының жоқтығы, адамды Алла жаратқаны бәрімізге анық. Ол біздің Раббымыз. Бұл жағдайда оның ұлылығына бас иіп, қолдан жасалған пұттарды теріске шығаруымыз керек. Сонда Алланың қолдауымен құдірет, байлық пен құштарлық пұттарын сындырып, шайтан мен нәпсінің шырмауынан құтыла аламыз.

Сондықтан исламның таухидтік мәдениетінде таухид пен құлшылыққа мына мақсатта баса назар аударылған: ешбір пұттың құрсауында тірі де, өлі де қалып қоймай, Аллаға апаратын шыңға қарай қанат қағып,  шарықтап, алтын мен зорлыққа бағыныштылардың ойына келмейтін «Құдайдан басқа ешкім көрмеген жерге жетеді». Құран Құдай әлемнің жалғыз Жаратушысы деген сенімді назарға ала отырып, Жаратылыс философиясын Оған ғибадат етіп, құлшылық жасау деп атап, былай дейді: «Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым». («Зарият» сүресі, 56‑аят)

Мынадай сауал туындауы мүмкін:  соншалықты баса айтатындай Құдайға біздің құлшылығымыз керек пе?

Ұлы Алла әлемде ешбір адамға және ешбір нәрсеге мұқтаж еместігін және абсолютті кемелдікке ие екенін көрсету үшін былай деген: «Мұса (Ғ.С.): “Сендер және біртұтас жер жүзіндегі әркім қарсы келсеңдер де Алла анық мұңсыз, мақтауға лайық.” («Ибраһим» сүресі, 8‑аят)

Керісінше, барлық адамдар қандай жағдай мен орында болса да, табыс пен зиян, өмір мен өлім ықтиярларында болмағандықтан және бүкіл болмысы қажеттілікке толы болғандықтан Алланың шексіз рақымына мұқтаж. Құранда былай делінген: «Әй адам баласы! Аллаға мұқтажсыңдар. Алла (Т.) Ол, әр нәрседен мұңсыз, өте мақтаулы». («Фатыр» сүресі, 15‑аят)

Бұдан бөлек адамдардың барлығы табиғи түрде Алладан пана табуға ұмтылады. Қауіп‑қатер төнген кезде Оны паналайды.  Бір Аллаға бас имей, Оның тура жолы мен ұлылығынан теріс айналып, қолдан жасалған сенімсіз пұттар мен паналарға бас қойған адамдар туралы Құранда бұл былай делінген: «Алладан өзгені ие етіп алғандар; ұя жасап алған өрмекшінің мысалы сияқты: Шын мәнінде үйлердің ең осалы өрмекшінің ұясы» («Анкәбут» сүресі, 41‑аят). Аллаға құлшылық және ғибадат етуден алыстауды көрсететін бұдан анығырақ мысал табылмас. Кейбір адамдар өздерінің қысқа мерзімді мүдделерін сақтау үшін жалған құдіреттер мен пұттарға бас игенімен бұл шындықты түсінбейді. Сол себепті аяттың соңында «Егер олар білетін болса» делінген.

Жаратылыстағы бірлік, ұлылықтағы бірлік және құлшылықтағы бірлік атты бірнеше тақырыптан мынадай нәтиже шығарамыз: бір Аллаға сыйынатын адам бірнеше құдайлар таңдаған адамдарға керісінше бір тұлға, бір мақсат, бір бағыт пен амалға ие болады. Құран бұл мәселені Аллаға елшісіне (с.ғ.с.) түсіндіру үшін былай деген: «Намазым, құлшылығым, тіршілігім және өлімім бүкіл әлемнің Раббы Алла үшін» де» («Әнам» сүресі, 162‑аят).

Осылай Аллаға сыйынғанда құдірет, байлық, құмарлық, шайтан  мен нәпсілік құмарлықтар өмірдің өзегіне айналмайды, бір Аллаға сену өмірге бағыт пен мақсат береді. Бұдан бөлек адамдар әлемді басқарып тұрған мәңгі құдіретті Құдайдың панасында екеніне сенген кезде тыныштық пен қауіпсіздікті сезінеді. Таухидтің осы әйгілі ұраны аталмыш ақиқатты баяндап,  оның әуені әлемге таралып, адамдардың жүрегіне жетеді: «Құдайдан басқа Алла жоқ деген сөздер – менің алынбас қамалым. Кімде кім бұл қамалға кірсе, менің жазамнан аман қалады» (Тохфат ул‑уғул).

Құран осы шындық жайлы былай дейді: «Сондай иман келтіргендер, Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын, Алланы еске алумен жүректер орнығады» («Рад» сүресі, 28‑аят).

Әли бұл жөнінде былай дейді: «Бұл мен үшін жеткілікті. Маған сенің құлың болу – мақтаныш. Менің Жаратушым болуыңыз маған абырой мен ұлылық сыйлайды». Құран тұрғысынан Алла елшілерінің ұлылығы, табандылығы, мызғымастығы, тұрақтылығы, тұлғалық ірілігінің құпиясы мынада: олар бір Аллаға ғибадат етуді бастарына тәж етіп киіп, сол жағдайда Аллаға жақындай түскен. Сонымен қатар Алла тағала ислам пайғамбарының миғраж – Алламен жүздескенін көрсеткісі келгенде оның құлшылығын ең көрнекті ерекшеліктерінің бірі ретінде атап, былай деген:  «Құлын (Мұхаммед Ғ.С. ды) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Месжід Ақсаға апарған Алла, әр түрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз Ол, естуші, білуші» («Исра» сүресі, 1‑аят).  

Құлшылық таухиді тек Алла таңдаған пайғамбарлар және әулиелермен шектелмейді. Алланың тура жолынан алшақтамау үшін әрбір монотеист осы жолда қадам басуға міндетті. Сондықтан күн сайынғы намазда «Хамд» сүресін оқып, былай дейміз: «Саған ғана құлшылық қыламыз, әрі Сенен ғана жәрдем тілейміз! (5‑аят)».

Аллаға құлшылық ету еселенетін Рамазан айында Құдайдан бізге сәт сайын Оны еске алып, Оған құлшылық етуден ғапыл қалмауға мұрсат беруін сұраймыз.