​​​​​​​Рамазан – қасиетті ай 19
(last modified Sat, 25 May 2019 20:08:09 GMT )
Maм 26, 2019 02:08 Asia/Almaty
  •  ​​​​​​​Рамазан – қасиетті ай 19

Қасиетті рамазан айының әтірге толы сәресілері мен адамдар ояу ғибадат жасап өткізетін түндері өтіп, бұл айдың соңғы онкүндігі де жетіп, мүміндер ғибадаттарын ерекше ынтамен орындауға талпынуда.

Қадір түндері аспанға қарай жол ашылып, ораза тұтқан адамның күнәләрі кешіріліп, кемелдікке жететін жерге шақырады. Бұл қасиетті айдың түндері мен күндерінде Алланың алдында тәубе етіп, өзімізді күнәләрдан тазарғандардың керуеніне жеткізейік. Рамазанның гүлге толы бауынан өздері үшін тәубе, білім және илаһи рақым гүлдерін жинап, рамазанның мөлдір бұлағымен болмыстарын күнәләрдан тазартқан адамдар қандай бақытты. Аятолла Хаменеи қасиетті рамазан айындағы тәубенің әдеміліктері туралы: "Рамазан айы бізге тазаруға мұрсат берді. Бұл тазару өте маңызды. Көз жастарымыз жүрегімізді тазартады. Алайда бұл тазалықты сақтап қалу қажет. Міндетсіну, тәкаппарлық, қызғаныш, қианат – мұның барлығы қатерлі аурулар. Рамазан айында   бұл аурулардан емделуге болады. Алла Тағала міндетті түрде көңілін бөледі",- деген болатын. 

Рамазан айы тәубе жасап, Аллаға қарай оралуға ең жақсы мұрсат және Қадір түндері күнәләр кешірілетін ең жақсы түндер. Сондықтан бұл түндерге немқұрайдылық білдіріп, тәубе етушілер керуенінен қалып қоймайық. Бани Исраиль әулетінің жастарының бірі  20 жыл Алла үшін ғибадат жасап, содан соң келесі 20 жылың Аллаға бағынбай өткізді. Күндердің бірінде айнадан өзінің ағарған шашын көріп, ойланып: "Жастық шағым өтіп, қартайған кезім келген, мені қара! Уа, Алла! Өмірімнің біраз жылдарын Өзіңді ұмытпай және бірнеше жыл Өзіңнен алыстап, өмір сүрдім. Егер Өзіңе қарай оралсам, мені қабылдайсын ба?"- деп сұрады.  Сол кезде Алла тарапынан: "Уа, ер! Сен бір кезде ғибадат жасадын және біз қасында болдық. Сен бізді ұмытқан кезде, біз де сені ұмыттық. Саған уақыт бердік. Егер бізге қарай оралсан, сені қабылдаймыз",- деген жауап берілді.

"Бақаре" сүресінің 222-ші аятында: "Шәксіз Алла тәубе етушілерді жақсы көреді әрі таза болушыларды да жақсы көреді",-деп айтылды. Исламның ұлық пайғамбары да: "Күнәсі үшін тәубе еткен адам, күнә жасамаған адам сынды",- деген болатын. Тәубе, яғни жамандықтан жақсылыққа қарай оралу. Адам өз амалдарына өкініп, жасаған жамандықтарының орның толтыруға талпынса, тәубе жолына түскені. Алла Тағала тәубе етуші адамның алдында құшағын жайып, мейіріміне бөлейді. Алла елшісі: "Алла үшін  тәубе етуші адамның сый беруден артық іс жоқ",- деген болатын. Адамдар өтірік айту, ғайбат, адамның беделіне көңіл бөлмеу, зұлымдық жасау, тіл тигізу сияқты күнәләрден алыс емес. Адамның  нәпсісі илаһи пайғамбарлардың ақыл-кеңестеріне қарсыласып, Аллаға бағынбауға, сондай-ақ керісінше ыза мен шаһуатқа бағынуға итермелейді. Нәпсі адамға бұл дүниені мәңгі мекен және бұл дүниенің өтпелі ләззаттарын ең тәтті нәрселер   қылып көрсетіп, бақытты болуынан алыстатады. Адам кейбір кезде күнәға батып, өмірдің қате жолына түскенін түсініп, өкінеді. Алланың алдындағы бұл өкініштері өте құнды. Сөйтіп адам өз болмысына оралып, өзін өзгертуді көздейді. Өкініп, Аллаға қарай оралу үшін рамазан айы ең жақсы мұрсат. Барлық адамдар тәубе мен кешірім сұрауды қажет етеді. Шынайы тәубе мен кешірім сұрау жәннәтқа жеткізетін жолдардың бірі. Пәк тұлғалардың пікірінше, тәубе яғни басқалардың құқыларының орның толтыру, егер басқалаға шығын келтірсе, халал етуді сұрау, қаза болған намаздары мен оразаларын орындау. Әйгілі мистик аятолла Беһжат Құран аяттарына сүйеніп, өмірімізде орын алатын оқиғалардың біздің жұмыстарымыздың нәтижесі екені туралы қуаттады. "Шура" сүресінің 30-шы аятында:  "Бастарыңа келген бір ауыршылық, қолекі істегендеріңнің салдарынан болады. Және де Алла көбін кешіп жібереді",- деп айтылды. Тәубе жақсылықтарға, дұрыс жолға және ақыретте жәннәтқа кіруге жағдай жасайды. Аятолла Беһжат Аллаға жақындап, қиындықтарын шешу үшін жол сұраған адамдарға, тәубе етуді насихаттап, Алла елшісінің: "Сендерді  дерттерің мен олардың емдері туралы хабардар етейін бе! Сендердің дерттеріңнің себебі – күнәләрің және олардың емі – тәубе етіп, кешірім сұрауларын",- деген рауаятын еске салатын. Осы кезде рамазан айы оразасы, зікірі, Құран оқу және басқа көптеген жақсылықтарымен жүректерді нұрландырып, ораза тұтушы мүміндердің болмысын ластықтардан тазартты.

Ораза тұтатын мүмін адам рамазан айында, әсіресе бұл айдың Қадір түндерінде Алланың алдында тәубе етіп, өмірін жаңадан бастаған сияқты болады.  Ислам революциясының жетекшісі Аятолла Хаменеи қасиетті рамазан айының ең үлкен нәтижесінің бірі Аллаға оралу деп біліп:  «Бірінші қадам – Ұлы Алладан кешірім сұрап, оған оралу. Тәубе, яғни Аллаға қарай оралуымыз...  Алла Тағала адамға кешірім сұрау  сынды  үлкен нығметті сыйлады. Егер сендер жасаған күнәларыңа өкінсеңдер, тәубе мен кешірім сұраудың жолы ашық. Сендер күнә жасаған кезде өз денелеріңді жаралап, оған микроб кіргізгендей боласыңдар. Егер жарақаттың, аурудың немесе соққының  орнын  кетіргілерің келсе Жаратушы дарбазаны ашық қалдырды. Бұл – тәубеге келіп, кешірім сұрау және Оған оралу дарбазасы. Егер Жаратушыға қарай оралсаңдар ол кешіреді. Бұл Алланың бізге берген үлкен сыйы», - деді.