Имам Хомейнидің дүниеден озуына 30 жыл
(last modified Mon, 03 Jun 2019 14:35:21 GMT )
Маусым 03, 2019 20:35 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің дүниеден озуына 30 жыл

Имам Хомейни ислам әлемінің мұсылман халықтары, мақұрымдар мен мұқтаж жандар арасында хабардарлық пен қырағылықты арттыру арқылы олардың күреске деген батылдық рухын оята алды.

Биылғы қасиетті рамазан айының соңғы күндері Иранның Ислам революциясының көсемі әрі бұл елдің Ислам республикасы жүйесінің іргетасын қалаушысы имам Хомейнидың дүниеден озған күнінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Имам Хомейнидің қайтыс болуынан 30 жыл және Ислам революциясының жеңіске жетуінен 40 өтті. Алайда Ислам революциясы өткен жырты ғасырда әлем бойында орын алған оқиғалардың ең маңыздыларының бірі саналады. 1979 жылдың ақпан айында орын алған Иранның Ислам революциясы әлемнің халық революцияларының бірі болып, оған шамамен халықтың бүкіл таптары қатысты. Шах режимін құлатуға және халық дауысына негізделген халық жүйесін орнатуға  ел халқының жаппай қатысуына себеп болған факторлардың бірі имам Хомейнидің болмысы мен рөлі болды. Сондықтан Ислам революциясы әдебиеті мен саяси сарапшылардың Ислам революциясы туралы мақалаларында Ислам революциясы жеңісінің органдарының бірі ретінде революция жетекшісінің рөлі жарияланды.

Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісі аятола Хаменеи имам Хомейни туралы: "Бұл революция бүкіл әлемде  Хомейнидің атымен танымал. Имам теңдессіз тұлға болды",-  деді.

Әлемнің осы күнге дейінгі саяси басшыларының арасында имам Хомейни сынды кемеңгер басшы аз кездеседі. Имам Хомейни ыдыраған халықты біртұтас үмбет және өз ғасырының ірі революциясын жеңіске жеткізе алған ерекше басшы болды. Имам Хомейнидің адалдығы миллиондаған адамның оны күтіп алуға қатысып, жүздеген мың адамның өмірі мен мүлкін оның жолында құрбан етіп, бірнеше миллион халықтың жерлеу рәсіміне жиналуына себеп болды.  Аятолла Хаменеидің пікірінше, имам Хомейни өз тұла бойында үлкен тұлғалардың қадір-қасиеттері мен ерекшеліктерін жинап,  өз заманы перғауындарының тақтарын сілкіндіре алған тұлға болды. Ислам революциясының сарапшыларының бірі ұстаз Моттахари  имам Хомейни туралы: "Ол туралы айтқан кезімде бүкіл болмысым дірілдейтін адам туралы не деймін. Бір халықтың қалаулары бір адамның болмысында шоғырланатан жәйт кездесе бермейді",- деген болатын.

Иран Ислам революциясы сарапшылардың көбі үлкен революциялардың уақытты өтті деп санаған жағдайда орын алып, әлемді тарихи өзгерістердің келесі кезеңіне енгізді. Басқа жақтан аталмыш революция орын алған географиялық жер мен Иран халқы қозғалысы Ислам революциясына айналған уақыт сол кездің ешбір критерийіне сай келмеді. Әлем Батыс пен Шығыс блоктарын бөлінген болатын. Халықтар тағдыры өздерімен емес, Шығыс және Батыс   блоктерімен шешілетін еді. Мүмкін сондықтан діни негіздерге сүйенген және ұрандары пайғамбарлар тағылымдарына оралу болған Иранның Ислам революциясы әлемді таңғалдырды.

Ислам туралы әртүрлі сараптамалар жасалды. Имам Хомейни Исламды уақыт пен жерге байланыстырып сараптады. Исламдық жүй орнату үшін күрес жүріп жатқан кезде, имам Хомейнидің Ислам туралы сараптамасында екі ерекше мәселе көзге түседі. Біреуі ақылға сай келмейтін нәрселерге қарсы тұру және екіншісі Ислам дінің үкіметтік және саяси мектеп ретінде растау. Имам Хомейни дін  саясаттан бөлек деген теорияны жойды.  Саяси ойшылдар мен сарапшылардың көбі Ислам революциясын дүниежүзінде жасалған басқа революциялардан өзгеше деп санайды. Олар Ислам революциясының ерекшеліктеріне шолу жасап, әлемдегі революциялардың көбінде кездеспеген  мәселелерге тоқталды. Мәселен, Ислам революциясының діни тұрғысын бұл революцияның басқа революциялардан айырмашылығының бірі ретінде көрсетіп: «Ислам революциясы дүниежүзі елдерінің көбінде дін саясат алаңынан жойылып, діни қызметкерлер мен діни органдар  саяси мәселелерге араласпайтын жағдайда жасалды. Тіпті, марксизм сияқты философияларда дін халық үшін «апиын» деп аталды. Өйткені, марксизм идеологиясы бойынша, дін халыққа билік басындағылардың зорлық-зомбылығын қабылдатады. Алайда, Ислам революциясы Ислам  діні мен шиіт мазхабының тағылымдарына сүйеніп, халықты билік басындағы таптың зұлымдығына қарсы жұмылдырып, қоғамдық әділет пен азаттыққа негізделген жаңа жүйе орнатты.  Үстемшілдікке қарсы болу – Ислам революциясын басқа революциядан ерекшелендіретін  келесі тақырып. Үстемшілдікке қарсылық білдіру  Иран  Ислам революциясының идеологиялық негізін құрайтын діни дискуссиядан тамырланды.

 

Имам Хомейнидің исламы – азаттық пен тәуелсіздік исламы. Оның исламы барлық адамдар өз құқыларына ие болатын  және басқалардың құқыларын сақтайтын дін. ИИР іргетасын қалаушысы: "Исламмен азат бола аласындар. Ққран сендерді азат етеді",- деп жариялаған болатын. Имам Хомейнидің діни түсінігі ислам әлемі мен діни ғылымдар салаларында терең өзгерістер енгізді. Заңсыз әрі халықтық емес режимді құлдыратып, жаңа саяси жүйені орнатты. Бұл бұрын-сонды болмаған оқиға. Бірінші рет исламдық кеңістікте саяси идеология үкіметтік жүйеге айналды.

Имам Хомейни халықтың исламдық үкіметтегі рөліне тоқталып және оны Ислам республикасының ең маңызды факторы деп еске алып: "Біз халық дауысына негізделген Ислам республикасын орнатқымыз келеді.Үкімет халықтың дауыс беруі арқылы құрылады. Біз орнатқымыз келетін демократия  Батыста жоқ. Исламның демократиясы Батыс демократиясынан кемелділеу",- деді. АҚШ-тың танымал стратегі Генри Киссенджер имам Хомейни туралы: «Аятолла Хомейни Батысты шынайы тығырыққа тіреді.  Оның шешімдері қатаң болып, саясаткерлер мен саяси сарапшыларды ойлану және бағдарлама құру мүмкіндіктерінен айырды. Ешбір адам оның шешімдерін болжай алмады. Ол әлемде танымал түсініктерден өзгеше түсінктермен сөйлеп, амал етті. Ол мәліметтерді басқа жерден  алғандай болды»,- деді. Испанияның Исламдық қоғам федерациясының басшысы: «Имам Хомейнидің ислам әлеміндегі рөлін теріске шығаруға болмайды. Сондықтан оны замануи ғасырдың әйгілі азаматтарының бірі саналады. Имам Хомйени басқарған Иранның Ислам революциясы  ислам әлеміндегі маңызды өзгерістерге себеп болды. Ол Исламның жаңа жүзін ұсынды. Иранның революциясы әділетсіздік пен диктатуралық үкіметтерге қарсы күрес сабағын алды. Имам Хомейни шахтың құдыретті режиміне қарсы күресінде Аллаға иман келтіру деген  қаруға сүйеніп, Ислам революциясын жеңіске жеткізді және имамның өмірі барлық мұсылмандар үшін жақсы үлгіге айналды. 

 Замануи тұлға имам Хомейнидің дүниеден озуының 30 жылдығы күні әлемнің барлық азаттық және әділет талап етушілеріне көңіл айтамыз.

 

 

 

 

 

 

Тегтер