15 хордад көтерілісінің Иранның саяси өзгерістеріндегі рөлі
(last modified Tue, 04 Jun 2019 20:04:51 GMT )
Маусым 05, 2019 02:04 Asia/Almaty
  • 15 хордад көтерілісінің Иранның саяси өзгерістеріндегі рөлі

Хиджри-шамси күнтізбесінің 1342 жылғы 15 хордад көтерілісі Иранның саяси өзгерістеріне әсерін тигізген революция тарихының маңызды оқиғасы саналады.

Бұл революцияшыл қозғалыс х.қ.ж.с.б. 1332 жылдың 28 мордад, сәйкесінше 1953 жылдың тамызындағы америкалық-британиялық төнкеріс кезінен басталды. 15 хордад көтерілісіне себеп болған мәселелердің бірі облыстар деңгейінде қоғамдастықтар құру жобасы мен капитуляцияны, сондай-ақ халыққа қарсы басқа ағымдарды қабылдау болды. Имам Хомейнидің 42 жылғы сөзі негізінде шах режимінің  Иран халқының құқығына жасаған зорлық-зомбылығын әшкерелеу еді. 1953 жылдың тамызындағы төнкеріс пен басқа ағымдардағы отаршыл  мақсаттар  халықтың наразылықтарына себеп болды. Имам Хомейни 15 хордад оқиғасынан бірнеше күн бұрын Құм қаласындағы Фейзие діни оқу орынында имам Хусейн (ғ.с.) Ашурасы күні шах режимінің мақсаттары мен өзінің қудалануының дәлелдері, АҚШ пен Израиль саясаттарын әшкереледі. Имамның бұл сөздері режимнің қатаң реакциясымен бетпе-бет келді.

1342 жылдың 15 хордад күнінің таңында режимнің нөкерлері Құмдағы имамның үйін басып кіріп, бұл кісіні қамауға алып, Теһранның абақтысына әкетті. Имамның қамауға алынуы туралы хабар таралсымен Құм, Теһран, Варамин, Мешһед және Шираз қалаларында кең ауқымды наразылықтар өтті. Шерулер бірнеше күнге жалғасып, бірқатар халық қаза болды, жарақат алды және қамауға түсті. Шах режимі біраздан кейін имамды азат еткенімен, наразылықтар жалғасып, имам үнсіз қалмай, шах пен үстемшілдікке шабуылын арттырды.  Бұл наразылықтар соңында имам қайтадан қамауға алынып, елден қудаланды. Шах режимі имамды Түркияға, Наджаф содан соң Францияға қуылды.

Америкалық саяси және қоғамдық мәселелер жөніндегі әйгілі жазушы әрі зерттеуші Джеймс Биль АҚШ үкіметін бұл оқиғадағы халықтың қантөгісіне жауапты деп санап: «АҚШ басқа заманнан көбірек Иранның ішкі істеріне араласып, тығырыққа тірелді»,- деді. Имам Хомейни 1342 жылдың 15 хордад күні туралы: «15 хордад Ашура және зорлық-зомбылық көрген халықтың қоғамдық аза күні болуымен бірге Ислам мен мұсылмандардың жаңадан дүниеге келген ерлік күні. 15 хордад көтерілісін еске алу тарих бойындағы адамгершілік құндылықтарын еске алу. 15 хордад көтерілісі шахтың зорлық-зомбылық құдыретін бұзып, аңыздар мен кұйзелістерді теріске шығарды. Жастар мен әйелдер және ерлердің шәһид болулары шайтандық құдыреттің негізін осалдаттын жазықсыз халықтың төгілген қаны зорлық-зомбылық сарайларын құлдырадды. Халық өз көтерілісі және перзенттерінң қанымен келешек буындар үшін көтерелісі жолын ашып, мүмкін емес нәрселерді мүмкін етті»,- деді.

1342 жылдың 15 хордад көтерілісінің ең маңызды факторлары ретінде оның халықтық және исламдық болуы және қырағы басшысын атап кетуге болады. Бұл революцияшыл көтерілісі Иран халқының үстемшілерге қарсы ерік-жігерін екі есе арттырды. 15 хордад көтерілісі революцияшыл мақсаттарға негізделген саяси қозғалыстың құрылуына себеп болды. 15 хордад көтерелісін Иран Ислам революциясының жеңіске жетуі жолындағы маңызды оқиға деп санау қажет.  15  хордад көтерілісі Ислам революциясы орын алудан бұрынғы осы өзгеріс шынжырының соңғы алқасы болып табылады. Имам Хомейни өз баяндамаларында талай рет 15 хордад көтерілісін Ислам революциясының басталу нүктесі деп атап, соны тануды қуаттады. Имамның пікірінше, Ислам революциясының алғашқы ұшқындары осы көтерілістен басталып, Ислам революциясының саяси, әлеуметтік, идеологиялық және мәдени негіздемелері осы кезеңде қалыптасты. 15 хордад көтерілісінің жалыны басып-жаншулар, қамауға алыну және имам Хомейнидің қудалануы, сондай-ақ АҚШ-тың араласуына қарамастан өшпеді. Бұл оқиғадан кейін революцияның жеңісіне дейін имам белгілеген жолға сай революцияшыл әрекеттер жалғасып, жеңіске жетті. Деректер 15 хордад көтерелісін басып-жаншу және халықты қырып-жоюға шах режимінің жалғыз болмағанын   АҚШ пен сионистік режимнің өз рөлін атқарғанын көрсетеді.  

Сионистік режимнің кезіндегі премьер-министрі Бен Гурион 15 хордад оқиғасынан бірнеше күн бұрын арнайы өкілі арқылы Иранның шахына хат жіберді. Ол өз хатында Иран мен Израильдің геополитикалық жағдайына тоқталып, екі жақтың ішкі және сыртқы дұшпандарға қарсы тұру үшін  ынтымақтастықтарын  арттыратындарына үміттенді. Бірақ имам Хомейни өзінің революцияшыл әрекетімен өз заманының дұшпандарынан қорықпай әлемдік құдыреттердің қолдауларына сүйенбей үлкен саяси өзгеріске жағдай тудыра алатынын көрсетті. Бұл өзгеріс 15 хордад революцияшыл көтеріліспен Ислам революциясы жеңіс жолын кемелдендіріп, әлемдіктерді Ислам дінінің саяси әлеуеті және құдыретімен таныстырды. Сондықтан режимнің басылып-жаншылуына қарамастан 15 хордад халық көтерілісі тарихта тіркеліп, үстемшілдіктен құтқарылатын жол мен отаршылдыққа қарсты табандылыққа айналды. Иран халқы өз күресімен негізінде мүмкін болмаған нәрсені мүмкін етіп, революцияның мақсаттарын әділет, азаттық және тәуелсіздік талап етуші халықтардың көбі үшін маңызды әрі тағдырларын шешетіндей қылым белгіледі. Имам Хомейни өз қырағылығы және саяси терең ойларымен Иран халқының өзіне сенім артуы және өз ғиззатын талап етуіне, сондай-ақ Батыстың алдындағы өз күшіне күдіктенуден алыстауына себеп болды. Бұл ғиззат осы кезде Иран халқының әлемдік үстемшілердің билеп-төстеуіне қарсы тұрып, жеңуіне кепілдік болуда.