Маусым 09, 2019 19:17 Asia/Almaty
  • Діни жетекші университет ұстаздары және ғылыми кеңестер мүшелерімен кездесті

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи университет ұстаздары мен ғылыми кеңестердің мүшелерімен кездесті.

3 сағатқа созылған бұл кездесуде университеттерге байланысты әртүрлі тақырыптар қозғалды. Ислам революциясының жетекшісі елдің университеттері мен ғылыми орталықтарының жұмыстарына ризалығын білдіріп, исламдық Иранның алға ілгерлеуі үшін ғылыми салада жылдамдықпен дамудың қажеттілігін қуаттады. Бұл кісі ИИР-ның АҚШ-тың келіссөзге мәжбүрлеуді көздейтін алдап-арбаулары мен қысым көрсету стратегиясының алдында қырағы болуын қуаттап, АҚШ-тың аймақтағы қиянаттары және «Ғасыр мәмілесі» жобасын іске асыру үшін жағдай тудыру талпыныстары туралы ескерту жасады. Ислам революциясы жетекшісінің ең маңызды тақырыптарының бірі халықтың назарын Құдс күніндегі шерудің маңыздылығына аударту болды.

Университет ұстаздары және ғылыми кеңестер мүшелері  діни жетекшімен кездесті

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сөзінің басында ел университеттерінің соңғы онжылдықтағы ғылыми жұмыстары мен ғылыми жетістіктерін шынайы даму деп атады. Бұл кісі Ирандағы университеттер рөлінің тереңдеуі туралы халықаралық рейтинг орталығының нәтижелеріне тоқталып, шамамен 14 миллион студенттің университеттер қабырғаларынан білім алып шыққандары және осы кезде жоғары оқу орындарында ел жамағатының 5 пайыздан астамының білім алып жүргендері туралы хабарлады. Ислам революциясының жетекшісі билеп-төстеушілердің Иранға қарсы шығуы мен өз елінің ғылыми дамуын көрсетуге дайын екеніне сілтеме жасап: «Мәселен, кейбіреулер саудиялық жалдама жазушының біздің замануи қорғаныс жабдықтарымыз туралы мақаласын алып, әлемнің ақылды адамдарын қорқытады. Немесе өздері мақала жазып, «бұл жетістіктер маңызды емес, бұл Иранның жетістіктері емес, басқалардың жетістіктері» дейді. Олар бізді мүлдем танымайды. Былай немесе олай айтушы әлде шетелдік, америкалық немесе еуропалық мақала жазушы ирандық қиянат жасаушылардың көмегімен бүгінгі университеттеріміздің сауаты төмен және ақылы аз деп айыптайды, университеттік білімі бар қоғам мен ұстаздарды айыптайды. Егер олардың сауаты төмен болса, уранды 20 пайызға дейін кім байытты? Елдің нанотехнологиясы мен діңгекті жасушалар ғылымдарын алға кім ілгерлетті? Олар адамдарды таңырқатады. Әрине әр кімді емес, ақылы мен білімі жететін адамдарды таңғалдырады»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің бір бөлімінде ғылыми даму жылдамдығы бойынша зерттеу жасайтын дүниежүзінің зерттеу орталығының мәліметтеріне сай әлемнің орта есебімен салыстырғанда Иранда кейбір ғылыми салалардағы даму деңгейі 13 есе жоғары болып, Иранның әлемнің үздік елдері қатарына кіретіні туралы жариялады. Ирандық ғалымдардың алға ілгерлеулері мен таңырқататын жетістіктеріне қарамастан аятолла Хаменеи әлем бойындағы қазіргі орналасқан орының Иран мен бұл елдің халқына лайықты емес деп тауып: «Біз ғылыми дамуымыздың бұл мөлшеріне риза емеспіз. Орынды әрі лайықты орыннан көп алыстамыз»,- деп қосты. Ислам революциясының жетекшісі елдің ғылыми тұрғыдан тарихи артта қалуының орның толтыру үшін алға қарғудын қажеттілігін, сондай-ақ бұл жолдың оңай болмағанымен, соңы тәтті болатынын қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі атолла Хаменеидің бұл кездесуде тоқталған келесі тақырыбы келіссөз және Иранның келіссөз үстеліне оралуы болды. Бұл тақырып соңғы күндерде Батыс саясаткерлері мен үгіт-насихат органдарының басты тақырыбына айналды. Аятолла Хаменеи олардың келіссөз жобасының мақсаты АҚШ-пен келіссөз өткізу және келіссөздің тақырыбын келіссөз кезінде белгілеу екеніне тоқталып: ««Иран келіссөз үстеліне оралуы керек» деген келіссөздің мақсаты - АҚШ үкіметімен келіссөз өткізу. Біз басқа елдер, еуропалық мемлекеттер немесе басқа елдермен келіссөздер жүргізудеміз, біз үшін қиын емес. Еуропалықтармен және басқалармен белгіленген тақырыпқа қатысты келіссөз жүргіземіз. Бірақ әр тақырып туралы келіссөз жүргізбейміз. Революцияның намысына байланысты мәселелер туралы келіссөз жүргізбейміз. Әскери әлеуетіміз туралы ешкіммен келіссөзге бармаймыз. Өйткені келіссөз - мәміле. Яғни олар «сендер келісімге келіп, қорғаныс әлеуеттен айырылыңдар» деп айтқылары келеді. Бұл келіссөз емес. Бұл келіссөздер екі сөзбен аяқталады. Олар «біз мыңаны қалаймыз» дейді, біз «жоқ, біз қабылдамаймыз» дейміз. Келіссөз алға ілгерлемейді, мәміле орындалмайды. АҚШ-пен келіссөз жүргізбейтініміз туралы сан рет айттық. Неге? Себебі туралы да әртүрлі пікірталастарда айтылды. Біріншіден, АҚШ-пен келіссөз жүргізудін біз үшін пайдасы жоқ. Екіншіден, қажеті де жоқ. Яғни пайдасыз, тек зиян әкеледі. Бұл туралы түсіндіргенбіз»,- деді.

Аятолла Хаменеи сөзінің жалғасында америкалықтардың әртүрлі үкіметтер мен елдерге қарсы зорлық-зомбылық мақсаттары туралы баяндады. Бұл кісі америкалықтардың өз мақсаттарына жетулері үшін қолданатын тактикасын «қысым және келіссөз» деп атап: «Америкалықтар бір нәрсені мақсат еткен кезде, оған жету үшін зорлық-зомбылық пен қысымды пайдаланады. Олар үшін қысым – стратегия. Бірақ стратегиямен бірге тактиканы, яғни келіссөзді де пайдаланады. Қысым көрсетіп, тарапты шаршатады; тараптың шаршағанын сезген кезде, қабыл ететіндей жағдайға жеткен кезде, «өте жақсы, енді келіссөз жүргізейік» дейді. Бұл келіссөз қысыммен толықтырылады. Бұл келіссөз қысымдардың нәтижелеріне жету үшін. Келіссөз тек АҚШ-пен келіссөз жүргізу үшін. Оның стратегиясы келіссөз емес. Оның стратегиясы – қысым көрсету. Келіссөз қысымның нәтижесінің бірі»,- деп қосты.

Ислам революциясының жетекшісі америкалықтардың қысымдарына қарсы тетіктерді дұрыс пайдаланып, оларды азайтуға немесе тоқтатуға болады деп санайды. Бұл кісі америкалықтардың келіссөзге шақыруын қабылдап, оларға қысым көрсететін тетіктерді пайдаланбауды ұтылудың белгісі деп атады. Аятолла Хаменеи америкалықтардың қысымдарына қарсы Иранның олардың өздеріне қысым көрсететін құралдарға ие екенін қуаттап: «Америкалықтарға қысым көрсететін біздің де құралдарымыз бар. Бұл құралдардың бірі олардың үгіт-насихаттары бойынша, әскери құралдар. Егер қажет болса, әскери құралдарымыз да бар. Бірақ біздің ойымыздағы басқа нәрселер. Мәселен, Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі соңғы кезде қысым көрсете алатын құралдардың бірін ұсынды. Бұл Кеңес «егер сіздер былай әрекеттенетін болсандар, еуропалықтар міндеттемелерін орындамаса, біз де міндеттемелерімізді орындамаймыз» деді»,- деп анықтады.

Аятолла Хаменеи университет ұстаздарының алдында

Ислам революциясының жетекшісі Иранның қысым көрсете алатын келесі құралы ретінде ядролық саладағы елінің ғылыми-технологиялық әлеуетін атады. Аятолла Хаменеи АҚШ немесе оның санкциялары үшін емес, Иранның діни негіздері, шариғатқа сай ядролық қару шығаруды көздемейтіні туралы тоқталып: «Біздің наным-сенімдеріміз жаппай қырып-жоятын қару-жарақты, олардың ішінде ядролық және химиялық қаруды шығаруға рұқсат етпейді. Шариғат бойынша, олар харам. Сондықтан біз бұл қаруларға қарсымыз. Біздің діни негіздеріміз қару шығаруды көздемейді. Біз уран байытуды қажет етеміз. Бүгін бұл қажеттілік сондай байқалмайтын болар. Бірақ он жылдан кейін шынайы қажет болады. Сондықтан, егер осы кезде өзімізді дайындап, еліміздің бұл саладағы мүмкіндіктерін қамтамасыз етпей, он жылдан кейін нөлден бастасақ, дұрыс болмайды. Осыған орай біз өз мүмкіндіктеріміз бен қабілеттерімізді пайдаланып, әлеуетімізді нығайтамыз. Бұл біздің қысым көрстеу жолдарымыздың бірі»,- деп баса айтты.

Аятолла Хаменеи Ислам республикасының келіссөз саласында америкалықтардың алдап-арбауларына түспейтіндерін және қажет болса, өзінің қысым құралдарын пайдаланытынын және келесі кезеңде қысым көрсететін басқа жолдарды қолданатынын қуаттады.

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің соңғы бөлімінде Палестина тақырыбы және Құдс күнінің маңыздылығына назар аудартты. Аятолла Хаменеи Палестина мәселесін тек исламдық үкіметтер мен халықтардың басты мәселесі ғана емес, ұждандары ояу бүкіл адамдарды реакция білдіруге жігерлендіретін адами мәселе деп атады. Аятолла Хаменеи бұл туралы: «Палестина халқының бетпе-бет келіп отырған мәселесі тек исламдық мәселе емес. Әрине мұсылмандар үшін оның маңыздылығы екі есе артық, олар үшін бұл басты мәселе, діни міндет. Бірақ Палестина тақырыбы – адами тақырып. Сондықтан Палестинаға қолдау көрсету болып табылатын Құдс күніндегі шеру әрқашан маңызды. Биылғы Құдс күні басқа жылдардан маңыздырақ, өйткені АҚШ пен оның аймақтағы қолшоқпарлары «Ғасыр мәмілесін» жүзеге асыру үшін қиянатшыл әрекеттерін ойластыруда. Бірақ бұл жоба еш уақытта іске асырылмайды. АҚШ пен оның одақтастары бұл мәселеде сәтсіздікке ұшырайды. Олар бұрынғы кезеңдегіндей емес, бұл жолы Палестина мәселесін әлем мәселелері тізімінен жойғылары келетіндері туралы ашық айтып отыр. Алайда олардың ойлағандары іске аспайды»,- деп қуаттады.

 

Тегтер