Маусым 26, 2019 15:18 Asia/Almaty
  • Иран – есірткі саудасына қарсы күрестің көшбасшысы

ИИР – әлемде есірткі саудасына қарсы күрестің көшбасшысы.

Иранның есірткі саудасымен күресу штабы бас хатшысы Искандер Мумени 26 маусым (5 тир) – нашақорлық пен есірткі саудасына қарсы күрес халықаралық күнінің қарсанында санкциялардың және «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының есірткі контрабандасымен күресуге тигізген әсерінің нәтижелері туралы Иран Президентінің аймақ елдеріне жасаған ескертулеріне тоқталып: «40 жыл бойы ИИР есірткімен күресуде. Олар Иран өзі және олардың тарапынан есірткімен күресуде деп ойлайды. Бұл санкциялар Иранның күресіне теріс әсерін тигізді. Әрине Иран есірткі контрабандасы транзитінің алдын алуды жалғастырады, бірақ санкциялар кедергі тудыруда»,- деді.

 Иранның есірткі контрабандасымен күресуінің маңыздылығы не? Мәліметтер мен мәлімдемелер және қатысты жауапкершілердің сөздері Иранның бұл салада талпыныс жасап, қаржы жасауын көрсетеді ме?

Иран есірткінің негізгі өндірушісі Пәкістан және әсіресе Ауғанстанға шекаралас. Бұл аймақта 4000 тоннадан астам есірткі шығарылып, оның көбі Иран арқылы Еуропа мен Американың нарығына бет алады. Түркиялық сарапшы Сунер Пулат өз мақаласында: «2011 жылдың 7 қазаңында Ауғанстан басып алынған соң бұл елдің егіс жерлері көкнәр егетін жерлерге айналды»,- деп жазды.

БҰҰ мәліметтерінше, көкнәр егетін жердің көлемі 50 есе артты. Халықаралық зерттеулер бойынша, әлемде өндірілетін героинның 93% Ауғанстандағы 328000 гектардан алынады. Сондай-ақ осы кезде Батыс Азиядағы лаңкестердің қаржымен қамтамасыз етілетін жолдарының бірі есірткі контрабандасы болып табылады. Иранның қауіпсіздік күштерінің өткен онжылдықтардағы  есірткінің Иран арқылы транзитінің алдын алу жанкештілігінен пайда көріп отырған мемлекеттер көмек көрсетіп, бұл қылмыскерлермен күресуге қажет технологияларын Иранға беруден бас тартып отыр. БҰҰ қылмыс және есірткімен күресу департаментінің өкілі Антонио Делудің көзқарасынша, ИИР әлемнің маңызды аймағында орналасып, есірткімен күресу салада стратегиялық рөл атқарады. Бұл күрес жолындағы Иранның шынайы талпыныстары мен әрекеттері алғыс айтатындай.

Мемлекеттердің көбінде есірткі саудасының заңсыз болуына байланысты бұл іс қоғамдағы қылмыс пен зорлық-зомбылық жасаушылармен жасалып, одан сайын қатерлі болуда. Иран жалғыз өзі ішкі мүмкіндіктеріне сүйеніп, өз шекараларының қомақты бөлімін тікенді сым мен терең арық қазу немесе электрондық бақылау құралдарын орнату арқылы мықтады. Әрине шекаралардың қауіпсіз болуы     Иранмен қатар басқалар үшін де пайдалы. Осы кезде Пәкістан, Ауғанстан және Иранның шекара аймақтарындағы ДАИШ тобының әрекеттері  есірткі контрабандасы қаржысының бір бөлімінен қамтамасыз етіледі. Олардың ақшалары аймақтағы лаңкестік топтарды қолдаушы Сауд Арабиясы  сынды елдер тарапынан жеткізіледі.

Ресми мәліметтер бойынша, Иран есірткіні басқалардан көп тауып тәркілеген мемлекет. Бұл мәліметтер Ислам республикасының бұл күрестегі шынайы  ерік-жігерін білдіреді. Әлем бойында апиынның 76%  және морфийдің 68% Иранның арқасында табылып, залалсыздандырылады. Иран Сыртқы істер министрінің құқық және халықаралық істер жөніндегі орынбасары Ғұламхосейн Дехқани: "Есірткі саудасының транзит жолында орналасқан Иранның географиялық жағдайына байланысты Иран жыл сайын есірткі контарабандасымен күресу үшін 150 миллион доллардан астам қаржы жұмсайды",- деді. Ол БҰҰ Қылмыс және есірткі департаментінің директоры Юрий Федотовпен кездесуінде АҚШ-тың біржақты қысымдары мен саяси ұстанымдарына байланысты ИИР-ның белсенділігін қаржылай қолдаушы елдердің ынтымақтастық етпеулерін сынап: "Мұндай жағдай Иранның есірткі контрабандасымен күресу мүмкіндігіне теріс әсерін тигізуі мүмкін",- деп ескертті.

БҰҰ-ның мәліметтері  апиынның 75 пайызы,   морфийдің 61 пайызы мен героинның 17 пайызының Иранмен тәркіленеді.  2017 жылы Иран 21 тонна героинды тәркіледі. Бүкіл Еуропа  50-ден астам мемлекетімен шамамен 4 тонна героинды тәркіледі. Иран Ішкі істер министрі бұл туралы: "Өткен жылы Иранда 1200 тонна әртүрлі есірткі және 830 тонна апиын табылды",- деді. Италияның "Эспрессо" апталық басылымы осыдан біраз уақыт бұрын Иранның есірткі саудасымен айналысатындарғақарсы күресі туралы: "Иран халықаралық санкциялармен бетпе-бет келуіне қарамастан есірткі саудасымен күресуде",- деп жазды.  Ресей дауысының француз тіліндегі бөлімі: "Иран Ауғанстан мен Пәкістан шекараларын жабдықтау үшін көптеген қаржы жұмсайды. Бұл шаралар Ауғанстаннан Иранға өтетін героин контрабандасын азайтады. Теһран есірткі контрабандасы туралы ең көп мәліметті жинақтап, өз еркімен бұл мәліметтерімен шамамен 40 елмен бөліседі. БҰҰ-ның соңғы мәлімдемесі бойынша, Иран есірткімен күресу саласында бірінші орында. Жыл сайын Иранда бұл күрес үшін шамамен 800 миллион доллар жұмсалада. Ал халықаралық ұйымдар бұл салада Иранға тек 15 миллион доллар көмек көрсетеді. Иранның есірткімен күресу штабның бас хатшысы  Искандер Мумени: "Өткен екі жылда халықаралық ұйымдар бұл салада Иранға мүлдем көмектеспеді. Иранға алғыс көп айтылғанымен, еуропалық үкіметтері Иранға қарсы санкциялардың енгізілуіне байланысты бұл салада қаржылай көмектерің жібере алмайтындары туралы айтады",- деді. Бұл мемлекеттер еуропалық елдерде есірткі саудасына қатысты 60 миллиард долларлық айнылым туралы ұмытып отыр. ИИР әлемде жалғыз есірктімен күресуде. Бірақ олар өз міндеттерін тіпті ең төмен деңгейде орындағылары келмейді. Әрине бұл таңғалатын жәйт емес. Өйткені олар тіпті "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы халықаралық міндеттемелерін орындамай, Қауіпсіздік кеңеспен қуатталған жан-жақты келісімді бұзды. Олар әртүрлі сылтаумен Иранмен біржақты келісімге келуді көздеуде.   

 

Тегтер