7 тир апатына шолу
(last modified Mon, 01 Jul 2019 15:02:01 GMT )
Шіл 01, 2019 21:02 Asia/Almaty
  • 7 тир апатына шолу

Иран халқы Ислам революциясы жеңісінен кейін дұшпанның лаңкестік әрекеттерінің куәсі болды. Дұшпандар өз мақсаттарына жету үшін ешбір қылмыстан тартынбай, тіпті қарапайым халықты аямады. Лаңкестік әрекеттердің көбі "Мұнафеқин" лаңкестік тобымен жасалды.

 

"Мұнафеқин" лаңкестік тобы 1979-1981 жылдар аралығында басшылардың көбі, революцияшыл күштер мен халықтың әртүрлі таптарына қарсы жасалған лаңкестік әрекеттерді өз мойнына алды.

Лаңкестік әрекеттердің бірі хиджри-шамси күнтізбесінің 1360 жылының 7 тирінде, сәйкесінше 1981 жылдың 27 маусымында іске асырылды. Бұл лаңкестік оқиғада Теһрандағы Ислам республикасы партиясының залында бомба жырылып, Иранның сол кездегі Жоғары соты аятола Сейед Мұхаммад Хосейни Бехешти 72 адаммен, олардың ішінде 4 министр, 12 министр орынбасары және Мәжілістің шамамен 30 өкілімен бірге шәһид болды.

Аятолла Сейед Мұхаммад Хосейни Бехешти

Бірнеше айдан кейін 1360 жылдың 8 шаһриварында, сәйкесінше 1981 жылдың 29 тамызында лаңкестік жарылыстың салдарынан Иранның сол кездегі Президенті Мұхаммадәли Раджаи мен Премьер-министрі Мұхаммад Джавад Бахонар шәһид болды.

Мұхаммадәли Раджаи мен Мұхаммад Джавад Бахонар

Иран халқы - лаңкестіктің құрбаны. Өйткені бұл елдің 17000 жазықсыз азаматы Батыстың қолдауына ие лаңкестіктің салдарынан өмірлерінен айырылды. Лаңкестікке қарсы күрестері туралы уәжденетін АҚШ пен кейбір еуропалық үкіметтердің пікірінше, "Мұнафеқин" лаңкестік тобының Иран халқының 12000 азаматын өлтіргені маңызды емес. АҚШ "Мұнафеқин" лаңкестік тобының лаңкестік әрекеттеріне көзін жұмып, оларды қолдауды жалғастыруда.

АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы мүшесі әрі мұнафеқиндердің қолдаушысы Раймонд Тантер өз есімін аталмыш топтың қолдаушылары тізімінен шығару үшін бұл топтың әрекететрі туралы кітап жазып: "Олар (мұнафеқиндер) АҚШ-тың Иранға қарсы бағдарламасын алға ілгерлетуге көмектесу саласында санкция мен соғыстан жақсырақ",- деді. АҚШ пен кейбір еуропалық мемлекеттер бұл лаңкестік топтың қолының мыңдаған жазықсыз адамның қанымен былғанғаны туралы біледі. Біле тұрып, мұнафеқиндер Ираннан қашқан кезде, оларды қолдады.

"Мұнафеқин" лаңкестік тобы

Мұнафеқиндер біраз уақытын Францияда өткізді. Кейін Ирак диктаторының Иранға қарсы соғысы басталған кезде, Иракқа еніп, Саддам режимін қолдады. АҚШ Иракқа шабуыл жасап, Саддам режимі құлаған соң "Мұнафеқин" лаңкестік тобы АҚШ пен Еуропаның қолдауымен Албанияда пана тапты және осы кезде белсенділігін азат түрде жалғастыруда. Бұл оқиға АҚШ пен оның кейбір еуропалық одқатстарының лаңкестікті қолдаулары Вашингтонның аймаққа араласып, Иранға соққы беру стратегиясының бір бөлігі болғанын көрсетеді. 

Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи 7 тир шәһидтері отбасыларымен кездесуінде: "Бұл екіжүзділік сонша анық байқалып, Иранда лаңкестік қылмастарын жасағандар осы кезде Еуропа мен АҚШ-та азат өмір сүріп, белсенлігін жалғастырып, бұл мемлекеттер басшыларымен кездеседі, тіпті олар үшін адам құқығы тақырыбына қатысты отырыстар ұйымдастырылуда. Бұл мәселе еуропалық елдер мен АҚШ үшін үлкен әшкерелену. "Мұнафеқин" лаңкестік тобына  халық пен Исламды қорғау туралы уәжденген Иран халқының күресшілері кіреді. Бірақ олар 7 тир оқиғасы мен  қарапайым халыққа қарсы қылмыстарымен Саддам сындылардың қасында болды. Осы кезде де  АҚШ-тың қолдауына ие.  

"Ассошейтед пресс"   осыдан біраз уақыт бұрын АҚШ-тың кейбір сенаторларының  "Мұнафеқин" басшыларынан пара алғандарын әшкерелеп: "АҚШ Президенті Дональд Трамп кабинетінің басшыларының және оның кеңесшілерінің бірі ақша алып, "Мұнафеқин" лаңкестік тобы үшін сөз сөйледі",- деп жазды.  Бұл газеттің жазуынша, Трамптың  Траспорт министрі ретінде сайланған Элейн Чао: "2015 жылы "Мұнафеқин" лаңкестік тобы үшін 5 минуттік сұхбатқа 50000 доллар төленді",- деді. Сондай-ақ Нью-Йорктің бұрынғы әкімі Руди Джулианидің бұл топтың алдында сөйлеген сөзі үшін мөлшері белгісіз ақша алғаны әшкереленді. Бұл әшкеренулер АҚШ-тың бұрынғы Президенті Барак Обаманың америкалық саясаткерлердің аталмыш топтың алдында сөз сөйлегендері үшін ақша алулары лаңкестік топпен қаржы қарым-қатынас орнату болып саналатынын немесе саналмайтынын зерттеу туралы бұйыруына себеп болды.

Лаңкестік топтар АҚШ қолдауына ие

Өткен қырық жылдағы лаңкестік оқиғалардың ащы тәжірибесі БҰҰ, әсіресе оның Қауіпсіздік кеңесінің екіжүзді стандарттарға негізделген әрекеттерінен алыстап, анық саясатты ұстануын қажет етеді. Бұл халықаралық органдар әлемдік қауіпсіздікке жету үшін лаңкестікке қарсы ортақ күрес жүргізуге міндетті.  Танымал саяси сарапшылардың бірі Наум Чамски Парижде лаңкестік әрекет орын алған кезде, АҚШ пен оның одақтастарының саясаттарын лаңкестік әрекеттің факторы деп атады. Ол "АҚШ-тың мақсаты лаңкестікке жігерлендіру немесе оны тоқтату ма?" деген сұрақты көтеріп: "Егер лаңкестікті тоқтатқыларын келсе, "ол неге пайда болды, оның негізгі факторлары мен терең тамырлары не болды?" деген сұрақтарға жауап беруге талпынуларын қажет",- деді.

Лаңкестікпен күресу үшін оның тамырын жойып, қаржыларын тоқтату керек. Лаңкестікке қарсы соғыстың осы кезде аяқталмағаны және қоқан-лоққылардың әлі де қалғандары туралы ұмытпауымыз қажет. 17000 астам азаматы лаңкестіктің құрбаны болған Иран әр елден көберік лаңкестікке қарсы күресіп, лаңкестік топтарды тамырынан жоюды көздейді. Иранның лаңкестікпен күресуі жасырын мәселе емес. ИИР-ның лаңкестікке қарсы соғысының жетістіктері шындықты растайды.  Өткен онжылдықтарда құжаттардың көбінде лаңкестікке қарсы әлемдік күрес туралы қуатталды. БҰҰ бақылауымен бекітілген жан-жақты конвенциялармен бірге халықаралық лаңкестікпен күресу саласында бірнеше келісімге қол қойылды.  Бұл әрекетер мен конвенцияларға қарамастан сұм лаңкестік қылмысты тамырынан жою үшін оның ішкі және сыртқы факторларын, сондай-ақ саяси, қоғамдық, экономикалық және идеологиялық тұрғыларын зерттеу қажет. ИИР халықаралық лаңкестікпен күресу үшін  "лаңкестік қылмысқа" бір, барша қабылдайтын анықтама беру қажеттілігін қуаттайды.