Бүгін имам Резаның (ғ.с.) туған күні
https://itolqyn.com/radio/uncategorised-i42707-Бүгін_имам_Резаның_(ғ.с.)_туған_күні
Хазірет Әли бен Мұса әр-Резаның (ғ.с.) көптеген лақаб аттарының ішінде ең танымалы «Реза» деген аты. Сондай-ақ, «Мұхаммад (с.ғ.с.) әулетінің ғалымы», Фариодрас (Көмекке асығушы), Сабер (Сабыр), Седиқ (Шындық айтушы), Рауф (Мейірімді), Заки (Пәк) – имам Резаның (ғ.с.) кейбір басқа лақаб аттары.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Шіл 14, 2019 06:13 Asia/Almaty
  • Бүгін имам Резаның (ғ.с.) туған күні

Хазірет Әли бен Мұса әр-Резаның (ғ.с.) көптеген лақаб аттарының ішінде ең танымалы «Реза» деген аты. Сондай-ақ, «Мұхаммад (с.ғ.с.) әулетінің ғалымы», Фариодрас (Көмекке асығушы), Сабер (Сабыр), Седиқ (Шындық айтушы), Рауф (Мейірімді), Заки (Пәк) – имам Резаның (ғ.с.) кейбір басқа лақаб аттары.

Хиджри-қамари күнтізбесінің 148 жылының зиқаеде айының 11 жұлдызы Исламның ұлық пайғамбары ұрпағынан шыққан имам Әли бен Мұса әр-Резаның (ғ.с.)  туған күні. Имам Медине қаласында дүниеге келді. Бұл қасиетті күні жүректерімізді Мешһед қаласындағы имамның қасиетті кесенесіне жақынатып, алыстан сәлем мен салауатымызды жолдаймыз. Сәлем саған Әли бен Мұса әр-Реза (ғ.с.)! Сәлем саған Алла елшісінің пәк немересі! 

Имам Резаның (ғ.с.) туған күні құтты болсын!

 

Адамдардың ерекшеліктеріне байланысты оларға лақаб аттар беріледі. Имам Резаның (ғ.с.) көптеген лақаб аттары бар.

Шиіттердің  сегізінші имамы Әли бен Мұсаның (ғ.с.) ең танымал лақаб аты – Реза. Бұл имам қадір-қасиет, ілім мен ахлақтың сарқыраған бұлағы болып, сөзі мен амалы Аллаға ризашылық білдіру рухының көрінісі болды. Хазірет  ахлағы жоғары деңгейге жетіп, Алланы тарапынан жіберілген әр нәрсеге ризалығын білдіргені үшін "Реза" деген лақаб атқа ие болды. Құранның  әйгілі тәпсіршілерінің бірі Аятолла Джавади Омули имам Резаның (ғ.с.) зиаратшыларына: "Имам Резаға (ғ.с.) зиарат жасау үшін жақын мен алыстан келіп, хазіретті  ортадағы көмекші деп білесіндер. "Мәиде" сүресінің 35-ші аятында Алла Тағала бізге: "Әй иман келтіргендер! Алладан қорқыңдар, оған жақындасуды іздеңдер (бой ұсыну арқылы тырысыңдар.)...",- деп айтылды. Имам Резадан (ғ.с.) сендер үшін "резван мақамынан", яғни жәннәттің қызметшісі ретінде көмектесуді сұраңдар. Имам бұл мақамына Аллаға ризашылық білдіруіне байланысты ие болған. Ешбір адам имам Реза (ғ.с.) көмектеспесе, бұл деңгейге ие болмайды. Имам Әли бен Мұса (ғ.с.) Аллаға өзі риза болуымен бірге, басқаларға да бұл деңгейге жетуге көмектескені үшін "Реза" деген лақаб атқа иеленді. Жәннәтқа жеткен әр адам имам Резаның көмегімен жеткен",- деді.   Аятолла Джавади Омулидің ой-пікірінше, егер адам бір ісін жасап, оған риза болса, өзі түсінсе де, түсінбесе де имам Резаның берекесімен жеткені. Мәселен, ата-анасын риза қылуға талпынатын перзент өзі білсе де, білмесе де имам Резаның көмегімен талпынғаны. Егер діни орта немесе университет ойшыларының бірі білімнің жоғары деңгейіне жетіп, риза болса, имамның көмектескенін ұмытпауы керек.

Имам Резаның (ғ.с.) туған күнімен барша мұсылмандарды құттықтаймыз!

Имам Резаның (ғ.с.) келесі лақаб аты "Фариодрас" (Ғиас), яғни көмектесуші. "Ғаус" - көмектесу, "Ғиас" - көмектесуші. Мәселен, аш адамға тамақ беріп, оған аштықтан шығуға көмектесуші. Немесе экономикалық қиындықтармен бетпе-бет келген адамға қаржылай көмектесуді көрсетеді немесе ақыл-кеңестерімен бұл жағдайдан шығарады. Бұл адамды Ғиас деп атайды. Әрине барлық пәк мамдар халықтың құтқарушылары",- деп айтылды. Имам Садық (ғ.с.): "Имам Реза (ғ.с.) халыққа көметесу үшін. Алайда имам Резаның (ғ.с.) ерекшеліктері , шиіттер мазхабының басшысы болуы Алланың имамдар арқылы үмбетке көмектесуінің белгісі. Алла ол арқылы қантөгістердің алдын алады, халықты татуластырады, ыдырағанды жинақтап, бүліктерді тоқтатады, киімі жоқты киіндіріп, ашты тойдырып, қорқатындарды қауіпсіз етеді. Жаратушы хазіреттің берекесіне қарай жаңбыр жібереді, хазіреттің сөзі - хикмет және үнсіздігі – ілім, оның арқасында қайшылықтар шешіледі",- деген.

«Мұхаммад (с.ғ.с.) әулетінің ғалымы» - имам Резаның (ғ.с.) келесі лақаб аты.  Әрине әр пәк имам өз ғасырының әйгілі ғалымы болды. Имам Резадан (ғ.с.) бұл лақаб атқа имам Бақер (ғ.с.) ие болды. Имам Резаның (ғ.с.) кезі исламдық қоғамның философия, калам және грек философтарының аударылған мәтіндеріне кеңінен бет бұруы байқалды.  Мамун грекиялық және ирандық кітаптардың аудармаларына қызығушылық білдіріп, философия, геометрия, музыка мен медицина салаларындағы сирек кездесетін құнды кітаптарды әкелдіру үшін өз адамын Константинопольға жіберді. Ибн Надимның айтуынша, Мамун Рим патшасынан оған өз қорының кітаптарын жіберуді сұрап, содан соң бұл кітаптарды араб тіліне аудартты. Кітаптарды аудару жұмыстар мұсылмандардың ғылыми дамуына көптеген әсерін тигізді, бірақ бұл жұмыстардың көптеген кемістіктері болды. Өйткені исламдық емес ағымдар аудармашылары көбінде бөгделердің ғылыми нарығын өз наным-сенімдері үшін пайдаланды. Сондықтан бұл кездегі аудармаларда ырымшылдық пен бұрмаланған наным-сенімдер жиі көрінеді.  Грек тіліндегі ктіптардың мөлшерден артық ақылға көңіл бөлуі мұсылмандардың көбінің мұтазелле наным-сенімдеріне қарай бет бұруларына әкелді. Кейбіреулер тіпті ақылды білімінің бұлағы және уаһиді қажет емес деп білді. Дәл осы мәселе имам Резаның (ғ.с.) міндеті екі есе арттырды. Басқа жақтан имам Реза (ғ.с.) тақ мұрагері ретінде Мединеден Марвке шақыртылған соң Аббаси халифасының сарайында көптеген пікірталастар өтті. Бұл пікірталастарда имам Реза (ғ.с.) әлемнің әртүрлі мазхабтары мен мектептерінің жақтастарымен сөйлесіп, пікір алмасты.

Мамун бұл пікірталастарды имамның ғылыми болмысына күдік-күмән тудырып, нәтижесінде шиіттердің арасында имамдарына сенімсіздік таратуын көздеді. Бірақ Мамунның мақсаттарына керісінше имам Резаның (ғ.с.) білімін барша  мойындап, хазіретке «Мұхаммад (с.ғ.с.) әулетінің ғалымы» деген лақаб ат берілді.

Құран Кәрім сабырды имаматтың негіздерінің бірі ретінде көрсетіп, «Сәжде» сүресінің 24-ші аятында:  «Әрі олар сабыр етіп, аяттарымызға нақ сенген кезде, араларынан бұйрығымызбен тура жол көрсететін бастықтар қылған едік»,- деп айтылды.

«Сабыр» - имам Резаның (ғ.с.) тағы бір лақаб аты. Бұл қадір-қасиет хазіреттің болмысы  мен өмірінде анық көрінді.  Имам Резаның (ғ.с.) қырағылығы мен терең ойлары сабырымен бірге Мамунды мақсаттарына жеткізбеді.

Үшінші ғасырдың ғұламасы шейх Садуқ имам Реза (ғ.с.) туралы кітабында: «Мамун Хишам ибн Ибрахим Рошедиді хазіртке тыңшылық етуге міндеттеді. Ол хазіретке байланысты хабарларды Мамунге жеткізетін. Бірақ хазірет сабырлығымен бұл жағдайға төзімділік білдірді»,- деп жазды.

Имам Резаның (ғ.с.) кесенесі

«Седиқ» - әрқашан шындық айтатын және сөзі мен амалы бір жүретін адам. Имам Резаның (ғ.с.) келесі лақаб аты – «Седиқ» болды. Имам Резаның бұл лақаб атқа иеленуіне хазірет Юсеф өз билігімен кезінде Мысырды құрғақшылықтан құтқарғандай, имамның исламдық жерлерді өз басқаруымен құтқарып, мұсылман халықты дұрыс жолға нұсқауы себеп болды. Имам Реза (ғ.с.) өз басқаруымен имам Каземнің (ғ.с.)  шәһид болуынан кейін билікке келген Мамун мен басқаларға қарсы тұрып, қасиетті Ислам дінінің қорғап, халықты Исламның ұлық пайғамбарының сүнетіне қарай нұсқады.

Имам Резаның  (ғ.с.) туған күні құтты болсын! Пәк, тақуа хазірет Әли бен Мұса әр-Резаға (ғ.с.) Алланың мейірімі тисін, имам Резаға (ғ.с.) сәлем мен салауат айтамыз.