Революцияның екінші қадамы 18
(last modified Sat, 31 Aug 2019 14:34:09 GMT )
Там 31, 2019 20:34 Asia/Almaty
  • Революцияның екінші қадамы 18

Экономикалық және қоғамдық теңсіздікті жою революцияның басты мақсаттарының бірі.

Экономикалық даму туралы тақырыпқа назар аударған кезде, «бұл дамудың мүмкіндіктері мен жетістіктері халықтың арасында әділ әрі тең бөлінеді ме?» деген сұрақ туындайды.  Батыстағы капиталистік жүйеде экономикалық және қоғамдық әлілет туралы мәселе көтерілмейді және бұл салада шектеулі әрекеттер іске асырылады. Сондықтан Батыс мемлекеттері, әсіресе АҚШ-та қоғамның қарапайым азаматтарының мүлкімен салыстыруға келмейтін әрі үкіметтердің шешімдеріне әсерін тигізе алатын ірі капиталистер бар.

Алайда Исламда әділет әртүрлі салалар, олардың ішінде экономика, қоғам және сот билігінің басты негізі саналады. Құран Кәрім көптеген аяттарында зұлымдық пен кемсітушілікті айыптап, басшыларға әділетті сақтауды бұйырады. Тіпті әділетті илаһи пайғамбарлардың маңызды мақсаттарының бірі деп атайды. Хазірет Әли (ғ.с.) әділ басшылар туралы: «Ең жақсы басшылар болып, зұлымдықты жойып, әділетті жаңғыртатындар саналады»,- деген болатын. Исламның ұлық пайғамбары ұрпақтарының бірі имам Садық (ғ.с.): «Егер халық арасында әділет орнатылса, барша мұқтажсыз болып, Алланың көмегімен аспандағы ырзығына жетіп, жер беті берекеге толады»,- деді. Осыған орай әлемде әділет орнатылатын хазірет Мәһди (ғ.с.) билігі кезінде жерге илаһи нығметтер мен береке жауады.

Әділет

Көптеген береке мен жақсылық әкелгенімен  әділетті қоғамда толық орнату өте қиын. Тарих бойында ешбір үкімет өз қоғамында әділет орната алмады деп айтуға болады. Бұл іс тек адамзаттың құтқарушысы хазірет Мәһдидің (ғ.с.) билігі кезінде ғана мүмкін болады. Аятолла Хаменеи «революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде: «Әділет – барлық илаһи пайғамбарлардың басты мақсаттарының бірі болды, сондықтан Ислам республикасы да әділет орнатуды өзінің басты мақсаттарының бірі деп біледі. Бұл барлық елдер мен барлық ғасырлар үшін маңызды жәйт толық түрінде тек хазірет Мәһдидің (ғ.с.) үкіметінде ғана орнатылады. Бірақ салыстырмалы деңгейде әр жерде және кез келген уақытта орнатылуы мүмкін, бұл билік басындағылардың міндетінде»,- деп жазды. Иран халқының революциясы өзінің исламдық болмысымен мұқтаж және мақрұм тапты қолдауына байланысты әділетті өзінің жоғары және маңызды мақсаты деп біледі. Сондықтан революцияның басынан таптық айырмашылықты азайтып, экономикалық және қоғамдық әділетті қалыпастыру талпынысын бастады. Мақрұм халыққа қызмет ету, олардың арасынан жауапты тұлғаларды сайлау, Ислам Кеңесі Мәжілісі, қала мен ауылдар кеңестері сынды саяси және қоғамдық органдар құру, сондай-ақ халықтың экономикалық жағдайын жақсарту үшін көптеген жобаларды іске асыру ИИР-ның қоғамдағы кемсітушілікті жою саласындағы жұмыстарына жатады.

Имам Хомейни - Иран Ислам революциясының әділет талап етуші басшысы

Ислам революциясының жетекшісі «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде: «Ислам республикасы қызмет көрсету мен байлықты орталықтан елдің түкпір-түкпіріне ауыстыру саласында әлем бойында ең табысты ел саналады.  экономикалық және қоғамдық теңсіздікті жою революцияның басты мақсаттарының бірі. Осы кезге дейін бұл мақсатқа ойдағыдай жетпедік.  Елдегі әділетке  байланысты наразылығымды оны орнату үшін ешбір жұмыс жасалмады деп сараптау дұрыс емес. Негізінде өткен қырық жылдағы әділетсіздікпен күресу саласында жасалған жұмыстарды ешбір кезеңмен салыстыруға болмайды»,- деді.

Әділетті  кеңейту - шындық пен азаттықты талап ететін әр адамның арманы. Бірақ әділетті орнату үлкен кедергілермен бетпе-бет келуде. Бұл кедергілердің бірі билік пен байлық иелерінің арасындағы жемқорлық. Шын мәнінде кіріс пен мүмкіндіктерді халық арасында тарату кезіндегі кемітушіліктер әділеттен алыстап, жемқорлыққа жақындатады. Сондықтан қоғамда әділет орнатқысы келетін әр үкіметтін маңызды міндеттерінің бірі жемқорлықпен жан-жақты күресу болып табылады. Аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде: «Әділет орнату және жемқорлықпен күресу – екі қажет мәселе.  Егер экономикалық, ахлақи және саяси бұзақылық елдер жүйелеріне таралып, билік денесінде орын тапса, оның заңдылығына соққы береді. Сондықтан Ислам республикасы жүйесі бұл мәселеге ерекше назар аударады»,- деп қосты. Осыған орай діни жетекші Ислам республикасы жемқорлық торына түспеуі керек деп біледі. Әділет орнату қиын болғандай,  кемсітушілік пен жемқорлықтын тамырын жою да оңай емес.

Жемқорлықпен күресу - Ислам республикасының маңызды мәселелерінің бірі

Ислам революциясы жетекшісі Ирандағы жемқорлық мәселесі туралы: «Билік пен байлыққа байланысты күдік-күмәндер тіпті хазірет Әлидің (ғ.с.) үкіметі кезінде де кейбір адамдарды дұрыс жолдан тайдырды. Сондықтан бұл қатер кезінде қарапайым өмір сүрген басшыларға да әсерін тигізуі мүмкін»,- деді. ИИР-ның қарсылас ақпарат құралдар үнемі Иранның билік органдарында жемқорлық кеңінен таралды деп көрсетуге талпынып, бұл салада көптеген бұры хабарларды таратуда. Аятолла Хаменеи бұл дұшпандық үгіт-насихат туралы: «Әрине арасында басқа елдермен, әсіресе тұяғына дейін жемқорлықпен шырмалаған тағұт үкіметімен салыстырғанда Ислам республикасы үкіметіндегі қызметшілер арасында жемқорлық өте аз кездеседі. Құдайға шүкір бұл жүйенің қайраткерлері өздерін жемқорлықтан алыс ұстауға талпынды. ИИР үшін экономикалық тазалық өте маңызды. Барша шайтанның алдауларынан алыстап, ауызына харам үзім салмауға талпынуға міндетті. Бұл салада Алладан көмек сұраулары керек»,- деді.  әділетті негізінің бірі деп білетін Ислам республикасы үшін жемқорлық пен кемсітушіліктің тіпті шамалы деңгейі қабыл ететін жәйт емес. Сондықтан Ислам революциясы жетекшісі ел басшыларын тақуа болуға, дұүниеқұмарлықтан алыстауға, нәтижесінде жемқорлық пен әділетсіздікті жоюға жігерлендіреді.  Алайда аятолла Хаменеидің жемқорлықпен күресу үшін қуаттайтын келесі жолы билік пен байлық орталарын нақты әрі толық бақылау болып табылады. «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінен: «Бақылау жүргізетін және үкіметтік органдар жемқорлықтың алдын алып, онымен күресулері қажет. Бұл күрес иманы мол, қолдары мен жүректері пәк адамдарды қажет етеді»,- деп қуаттайды.  Аятолла Хаменеи заңды түрде экономикалық белсенділікпен айналысып, байлыққа ие болатын адамарды қолдайды. Бірақ: «Қоғамдық ресурсатрды таратқан кезде кемсітушілік білдіруге тыйым салынды, қолдауды қажет ететін таптарға немқұрайдылық танытуды қабылдауға болмайды»,- деп ескерту жасады. сондықтан аятолла Хаменеи Иран Ислам революциясының қырық жылдығында қоғамда әділет орнату әрекеттерді жылдамдатуды жүйенің басты мәселелерінің бірі және бұл қасиетті мақсатқа жету үшін жемқорлықпен жан-жақты күрес жүргізу қажеттілігін қуаттады.

 

Тегтер