Ашураға байланысты сұрақтар 2
(last modified Mon, 02 Sep 2019 15:05:50 GMT )
Қыр 02, 2019 21:05 Asia/Almaty
  • Ашураға байланысты сұрақтар 2

Бұрмалау – имам Хусейннің (ғ.с.) кезінде Ислам үшін ең үлкен рухани апат болып, бұзақылық пен ластықтың тасқыны исламдық қоғамның санасына қарай ағылды.

 

Имам Хусейн (ғ.с.) не істеді?

 

Тарих омеядтардың дінге қарсы екендерін көрсетті. Күндердің бірінде Абусуфиян омеядтарға: «Уа, жақындарым! Жәннәт те жоқ, тозақ та жоқ, мәселе билікте. Билікке жету қажет..»,- деді. Бұл саясатқа орай бұрмалау – имам Хусейннің (ғ.с.) кезіндегі Ислам үшін ең үлкен рухани апат болып, бұзақылық пен ластықтың тасқыны  исламдық қоғамның санасына қарай ағылды. Бұл кезде исламдық қалалар мен елдерге және мұсылман халықтарына Исламның теңдессіз тұлғасына лағнет айту насихатталды. Сондықтан хазірет Әлидің (ғ.с.) имаматы мен велаятын қолдаған адамдар қудаланды. Имам Хусейн (ғ.с.) көптеген жәйттерде омеядтардың дінге қарсы екенін көрсетіп, халықты ояту және хабардар етуге талпынды. Хазірет араб ақыны Фараздақпен кездесуінде: «Шайтанды қабылдап, Аллаға бағынудан тартынып, бұзақылықты әшкере таратып, илаһи негіздерді жойған топ бар. Негізінде мен Алланың дініне иман келтіріп, Алланың жолында жиһадқа шыққан әр адамнан көбірек лайықтымын»,- деген болатын.

Имам Басре халқына жіберген хатында: «Мен сендерді Алланың Кітабы мен пайғамбарының сүннетіне шақырамын. Өйткені бұл топ (омеядтар) Пайғамбар сүннетін жойып, бедғатты жаңғыртты»,- деп жазды.

Қоғамдық әділетті орнату, бұрмаланулар мен зорлық-зомбылықпен күресу – барлық пайғамбарлар мен илаһи елшілердің ортақ мақсаты. Алла Тағала Құран Кәрімде:  «Расында елшілерімізді ашық мұғжизаларымызбен жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Кітапты, мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік..»,- деді. («Хадид» сүресі, 25-ші аят). Имам Хусейн (ғ.с.) илаһи пайғамбарлардың діндегі жалғандық пен бұрмаланулармен күресіп, бұл күрестің көшбасшысы болды. Имам бұрмалану, бұзақылық және зұлымдыққа толы әлеммен бетпе-бет келді. Бұл қоғамда баршадүниеқұмарлыққа батты. Бірақ имам Хусейн (ғ.с.) бұл дүниеде өзін осал сезінбеді. Муавие тірі тұрғанда ағасының бейбіт келісіміне табанды қалып, Муавиеге қарсы әрекеттенбеді. Бірақ Муавиенің перзенті Язидтің тақ мұрагерлігін қабылдамай, өз сөзінде Муавие мен басқалардың алдында Муавиенің әрекетін айыптады, сондай-ақ Язидті жарамсыз және бұзақы деп атады. Хазірет: «Үмбетті Язид сынды басшылар билеген Ислам қандай өкінішті»,- деді.