Ашураға байланысты сұрақтар 3
(last modified Wed, 04 Sep 2019 13:40:30 GMT )
Қыр 04, 2019 19:40 Asia/Almaty
  • Ашураға байланысты сұрақтар 3

Уаһи мектебі мен әділет ортасында өсіп, тәрбиеленген имам Хусейн (ғ.с.) Язид сынды адамды растай алмады.

Неге имам Хусейн (ғ.с.) Язидке бият етпеді?

Язид – омеядтардың екінші басшысы Муавие бен Абусуфиянның перзенті. Ол имам Хасан (ғ.с.) мен Муавиенің бейбіт келісіміне қайшы тақ мұрагерлік пен халифатқа жетті. Ол 3 жыл және 8 ай билікті басқарып, бұл кезеңде үш маңызды қиянат жасады. Хиджри-қамаридің 61 жылы Кербала оқиғасында имам Хусейнді (ғ.с.) өлтірді. Хиджридің 63 жылы Мединеге шабуыл жасап, «Харе» оқиғасы деп танымал болған Құранды жатқа білетін мыңдаған адамның өліміне әкелген оқиғаға себеп болды. Қамаридің 64 жылы қарсыластарын басып-жаншу үшін Меккеге шабуыл жасап, Алланың үйін өртеді.

Тарихи құжаттарға сай Язид бұзақы және лас адам болған. Тарихшы Белазари оны әшкере шарап ішіп, әңші және музыкант әйелдерді қасында ұстап, ләззат алу үшін иттер мен қораздарды төбелестірген бірінші халифа атады.

Әрине уаһи мектебі мен әділет ортасында өсіп, тәрбиеленген имам Хусейн (ғ.с.) Язид сынды адамды растай алмады. Имам Язидке бият етпей, Язидтің мәжбүрлеуінен кейін: «Лас адам мені екі нәрсенің, яғни қылыш пен қорлықтың ортасына алды. Қорлық бізден – өте алыс»,- деді. Имам бауыры Мұхаммад Ханафиге. «Уа, бауырым! Алламен ант етемін, егер әлемнің ешбір жерінде мен үшін панажай болатын қауіпсіз жер қалмасада, еш уақытта Язидке бият етпеймін»,- деген болатын.

Имамның Язидке бият етуі халықты адастырып,  халық имам Хусейннен (ғ.с.) үлгі алып, Язидке бағынып, өз шешімдеріне хазіреттің бияты себеп болды деп айтатын еді. Басқа жақтан, имамның бияты залымға көмектесу және зорлықты қабылдау саналып, залым үкіметке бағыну болады деген ойды тарататын болды. Язидтің имамнан бият етуді талап етуінін себебі дәл осы мәселені көздеді. Куфе халқы имам бият етпеген соң, хазіретті шақырып, Язид үкіметіне қарсылықтарын білдірді. Сондай-ақ имамның бият етпеуі ой-пікірлердің дамуы мен келесі көтерілістерге жағдай тудырды. Аятолла Месбах Язди: «Нәтижесінде имам Хусейннің (ғ.с.) көтерілісі халық назарын Умайе халифасының заңды емес екеніне аудартты. Бұл имам Хусейннің (ғ.с.) көтерілісі арқылы жасаған бірінші қызметі болды...»,- деп жазды. Имам Хусейн (ғ.с.) Язидке бият етпей, қоғамда зұлымдықты қабылдамайтын және керісінше азаттықты талап ететін мәдениетті қалыптастырды. Сондай-ақ баршаға азаттықтың бағасы зорлық-зомбылықпен күресу және жанкештілік екенін үйретті.Бұл мәдениет пен көтеріліс тарихта мәңгі қалып, әрқашан шындықты талап етушілерге күш берді.

 

 

Тегтер