Ашураға байланысты сұрақтар 6
(last modified Sun, 08 Sep 2019 14:27:01 GMT )
Қыр 08, 2019 20:27 Asia/Almaty
  • Ашураға байланысты сұрақтар 6

Имам Хұсейн (ғ.с.) көтерілісінің мәңгі қозғалысқа айналуының себептерінің бірі Аллаға иман келтіру белгілерінің бірі намаз сынды құндылықтардың жарқырауы болды.

Имам Хұсейннің (ғ.с.) Ашура күнінің түсіндегі жолдауы не болды?

Имам Хұсейн (ғ.с.) көтерілісінің мәңгі қозғалысқа айналуының себептерінің бірі болып Аллаға иман келтірудін көрінісінің бірі намаз сынды құндылықтардың жарқырауы саналады. Сондықтан "Зиарат-е Варес" дұғасында қайталанған сәлемдерден кейінгі имам Хұсейін (ғ.с.) туралы айтылған бірінші мәселе, хазіреттің намазға деген табандылығы болды.  

Ашура көтерілісінің басшысы – Пайғамбардың (с.ғ.с.) немересі болды. Ол әділет талап етіп, зұлымдыққа бағынбай діни негіздерге сүйенген қоғам құрып,  халықты қауіпсіздік, әділет және теңдікке жеткізгісі келді.  Имам Хұсейн (ғ.с.) көтерілісінің барлық кезеңдерінде Алланы ұмытпай, мешіттерде сөз сөйлеп, халықты келісімдерге табанды болып, илаһи халал және харамды сақтауға жігерлендірді. Хазірет өз көтерілісінің мақсаты туралы: "Уа, Алла! Біздің мақсатымыз – Өзіңнің дініңнің негіздерін және барлық салалардағы дұрыс нәрселерді әшкерелеу",- деді. Намаз – илаһи діндердегі ерекше көрініс. Хазірет Ибрахим өз дұғасында Алладан әйелі мен перзентін намаз оқушылардың қатарына қосуды сұрайды. Хазірет Иса тірілген кезде намаз оқуға міндеттелді. "Сондай-ақ мені қайда болсам да құтты етті де, тіршілігім бойынша намазды, зекетті орындауға бұйырды". ("Мәриәм" сүресі, 31-ші аят). Құран Кәрім намазды иманның белгісі деп көрсетті. Рауаяттарда да намаз діннің тірегі аталды. Сондықтан Ашура қозғалысының ең әдемі көрінісі намазға ерекше көңіл бөлуі болып, бұл көріністі имам Хұсейннің (ғ.с.) Ашура күніндегі зуһр намазында тамашалауға болады. Имам шатырлардың айналасына ор қазу, серіктеріне жаттығу өткізу, қаруларды тексеріп, дайындау және шатырларды бір-біріне жақындату сынды әскери іс-шараларымен бірге, ғибадатты өзінің басты мәселесі қылып, дұға мен Құран оқуға кірістік. Сейед Бен Тавус: "Имам Хұсейн (ғ.с.) мен серіктері Ашураның алдындағы түнді ғибадат жасап, біреулері рукуһ, келесілері сәжде және басқалары тұрып және отырып өткізді",- деді.

Намаз күнәләр мен жамандықтын алдын алатын болғандықтан, адамды жақсы қадір-қасиеттерге жақындатады. Имам Хұсейн (ғ.с.) Ашураның зуһр намазын оқып, табандылық пен Исламды қорғау қажеттілігін еске салып: "Намазда адам мен  Алланың байланысы жақсы көрінеді",- деді. "Бақара" сүресінің 45-ші аятынан: " Сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер. Расында намаз ынталылардан басқаларға ауыр келеді",- деп оқимыз.                                                                                                                                                            

Ашура күнінің  ыстығы, су тапшылығы, дұшпанның шабуылдарына қарамастан имам мен серіктері намазға тұрды. Намаздың әтірі Кербала даласына жайылды.  Аллаға ғашықтардың бұл намазы халықтың иманын арттырды.

 

 

Тегтер