Ашураға арналған сұрақтар 8
(last modified Wed, 11 Sep 2019 15:19:07 GMT )
Қыр 11, 2019 21:19 Asia/Almaty
  • Ашураға арналған сұрақтар 8

Имам Хұсейннің (ғ.с.) көтерілісін зерттеген кезде, "шәһид болатыны туралы біле тұра неге имам Кербалаға отбасын ертіп апарды?" деген сұрақ туындайды.

Неге имам Хұсейн (ғ.с.) Кербалаға отбасын ертіп апарды?

Имам Хұсейннің (ғ.с.) көтерілісін зерттеп, имамның Мединеден Меккеге шыққан кезде соғысу және қарумен шайқасу мақсатынын болмағаны анық көрінеді. Имам Язидке бият етпей халықтың назарын Умайе үкіметінің бұзақылықтарына аудартып, болардың үкіметінің исламдық үкімет емес екенін, керісінше олардың Исламды, әсіресе Пайғамбардың (с.ғ.с.) есімін ұмыттыр,ысы келетінін көрсеткісі келді. Имам Куфе халқының шақыруы және атасының сүннетін жаңғырту үшін жолға шықты. Сондықтан отбасы, әйелі мен перзенттерін бірге ертіп шығу табиғи жәйт болды. Басқа жақтан Ислам дінінде қоғамдық міндет етк ерлердің ісі емес. Қоғамның алдында әр адамның міндеті бар. Мұсылман әйелдер исламдық қоғамның бір бөлімі ретінде шындық пен жалғандық ағымы, қоғамның қауіпсіздігі мен саулығы алдында міндетке ие. Олар әділ басшыны қорғап, оған ерулері керек. Сондай-ақ бұзақы үкіметтер мен жарамсыз басшыларға қарсы әртүрлі қоғамдық сахналарға қатысулары қажет. Тарихи құжаттар имамның отбасы мен жақындарының хазіретті қолдағандарын көрсетті.

Имамның қасындағылардың аналары мен әйелдері велаятты қорғап, жанкештілік білдіріп, жараланғандарға көмектесіп, жұбайлары мен перзенттерін жігерлендіріп, тарихтағы барлық әйелдер мен аналарға қауіп-қатер туған кезде дінді қалай қорғау сабағын үйретті. Сондықтан: "Имам Хұсейннің (ғ.с.) революциясы Ашура күнінің түс қайтасына дейін ержүректілік, ғиззат, шындық пен шәһид болуды талап етудін көрінісі болды. Содан соң имам Хұсейн (ғ.с.) әулеті, әсіресе хазірет Зейнаб мен имам Саджад (ғ.с.) арқылы көтерілістің екінші кезеңі, яғни  хабарды тарату ағымы басталды.

Расында имам Хұсейн (ғ.с.) Кербалада өзі мен серіктерінің Язид әскерінің қолынан қаза болатындарын білді. Сондай-ақ ешбір адамның бұл апат және оның мақсатынан хабарсыз қалу ықтималы да болды. Сондықтан азаттықты талап етушілердің құлағына шындықты жеткізетіндер қажет болды. Имамның әулеті, әйелдер мен перзенттер Кербала көтерілісін толықтырды. Ашурадан кейін имамның отбасы тұтқынға түсті. Бірақ бұл тұтқын халықты шындыққа қарай бұрып, Язид үкіметінің зиянына аяқталды. Хазірет Зейнаб пен имам Саджадтың (ғ.с.) тұтқындағы сөздері Язид пен Ибн Зиадтың қуанышын ащы уға айналдырып, тарихтың бұрмалануының алдын алды.

Шәһидтерге арналған жоқтаулар мен аза рәсімдер халықтың Кербала оқиғасына байланысты мейірімін арттырып, сезімдеріне әсерін тигізді.