Имам Зейн әл-Абедин (ғ.с.) Умайе әулетінің алдап-арбауларын залалсыздандырды
Тарих деректері бойынша, 12 мұхаррам – «Зейн әл-Абедин» лақаб атымен танымал болған Әли бен Әл-Хұсейннің (ғ.с.) шәһид болған күні. Ол имам Хұсейннің (ғ.с.) көтерілісі ағымында Кербала даласында болған, бірақ илаһи тағдырдың қалауымен аман-есен қалып, әкесі шәһид болғаннан кейін Исламды бұрмалануынан қорғады.
Хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) әскері Меккеге жақындады. Жылдар бойы Пайғамбарды (с.ғ.с.) қорлап, хазіретке қарсы соғысқа шыққандар алаңдап, бір-бірлеріне қарады. Құрайштардың ақсақалы Абусуфианның алаңдауы басқалардан көбірек байқалды. «Мұхаммад оған қандай шара қолданады» деген ой оған тыныштық бермеді.
Бірақ илаһи мейірім мен рақым жауып, қала барша үшін қауіпсіз панажайға айналды. Хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.): «Барыңдар, барлығын азатсындар»,- деген дауысы естілді. Бұл сөйлем Умайе әулетін өлім мен тұтқыннан құтқарғанымен, олардың жүректерінде кекті қалыптастырды. Олардың жүректерінде бұрыннан Бадр мен Хонейн соғыстарынан қалған кектері бар еді. Олар әкелерінің мұсылмандардан жеңілгендерін естеріне алды. Бұл жолы оларға «азат етілген тұтқындар» деген атақ қосылып, кекшіл жүректерінде басқа кек туды. Умайе әулеті әрқашан ішкі ызаларын Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінен кек алумен шығаруға мұрсат іздеді. Бұл мұрсат олар үшін Язид кезінде пайда болды. Язид - Бадр соғысында өлгендердің перзенті. Ол кек алу қылышын қолына алды. Ол барлық сәтіздіктері мен отбасылық кемсітілулер үшін кек алуды көздеді. Олардың пікірлерінше, хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) перзенттерін өлтіру мен тұтқындау бұл әулеттің жүректерін кектерден босататын еді. Муавиенің перзенті Язид жәннәт жастарының көшбасшысын өлтіріп, Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетін тұтқындауды бұйырды. Имам Хұсейн бен Әли (ғ.с.) шәһид болған соң, имамның әулеті Язидтің халифатының орталығы Шамға жеткізілді. Оларды мойындарынан байлап, жүре алмағандарын қамшымен ұрды. Демалу үшін қираулардың ішіне тоқтатты. Язид бұл жолы Умайе әулетін жеңімпаз көрсеткісі келді.
Тұтқындар Шамға жеткен кезде, Язид Дамасктің дарбазаларының бірінің қасындағы Джейрун сарайында болды. Бұл кезде қарғалардың қарқылдаған дауыстары естілді. Язид Пайғамбар әулеті кереуенің көріп, қуанып, өлеңің айтты. Сол кезде қарға айқайлады. Язид: «Айқайла-айқайлама, мен қарыздар адамдардан өз қарызымды қайтардым»,- деді. Язидтің қуанышы көпке созылмады. Оның талпынысы артқан сайын, беделі төмендеді. Тұтқындардың қадір-қасиеттері мен абыройының одан жоғары екені анық көрінді. Көбінде әлемнің әртүрлі жерлерінде қай кезде болсада, тұтқынның сөз сөйлеу күші болмайды. Тіпті ол бір нәрсе айтқысы келседе, оған сөйлеуге ешкім рұқсат бермейді. Алайда Умайе әулеті халифатының орталығы Шам қаласы дұшпаның тізе бүктірген тұтқындарды көрді. Иә, хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) әулеті бүкіл язидшілерді қоршауға алған тұтқындар болды. Олар алыс жолдан шаршаған, жүректері уайым-қайғыға толы және аяқтары кісенделген, аштықтан әлсізденген, бірақ мұның барлығына қарамастан күш-қуатты тұтқындар еді. Хазірет Зейнабтың өткір тілі мен имам Зейн әл-Абединнің терең сөздері Язидтің жобасын бұзып, шындықты көрсетті. Хазірет Зейнабтың айқайымен Язидтің жиыны бұзылды. Хазірет Зейнаб Язидке: «Азат етілген тұтқынның перзенті, өз әйелдерің мен күңдерінді көлеңкеде ұстап, Алла елшісінің (с.ғ.с.) қыздарың тұтқын ретінде қаладан-қалаға жүргізгенін дұрыс па? Хазірет Зейнабтың сөзі Меккені жеңіп алған кездегі, Абусуфиян әулетінің қорлығын еске салды. Язид пен язидшілер уайымға батты. Әулетінің бұрынғы қорлықтарын жасырғысы келген Язидтің үндемеуден басқа жолы қалмады. Жиынға қатысушылар хазірет Зейнабтың сөзінің мағнасын түсінді. Хазірет Зейнаб: «Язид, Пайғамбап кәпір болған әкелеріңді азат етті. Бірақ сен хазіреттің қыздарын азаттықтан айырдын. Бұл қастығын өзің мен әулетіңнің қылмыстарын арттырды»,- деді.
Хазірет Зейнабтың әшкерелеулерінен кейін кезек имам Зейн әл-Абединге (ғ.с.) жетті. Имамның Шамның халқы мен саяси және діни тұлғаларының алдында сөйлеген сөзі Шамға үлкен өзгеріс әкеліп, Язидтің теңгерімін бұзды. Имам Саджад (ғ.с.) мінберге көтеріліп: «Уа, халайық, Алла бізге алты нәрсені сый етті және біздің басқалардан артықшылығымыз жеті негізге сүйенеді. Ілім, қарапайымдылық, жомарттылық, шешендік, батылдық, мүміндер жүрегінің достығы – бізбен. Алла халық біздің иманымызды жақсы көретіндей қылды. Сондықтан дұшпан бұл сүйіспендіктін алдын ала аламайды»,- деді. Содан соң имам: «Мені танитындар, біледі. Ал танымайтындарға өзімді таныстырамын. Мен Мекке мен Минаның, Зәмзәм мен Сафаның, тәуәп жасаушы теңдессіз тұлғаның перзентімін. Мен ең жақсы қажы, Миғраж түні аспанға көтерілген, аспанда періштелермен намаз оқыған тұлғаның перзентімін. Мен Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) перзентімін. Мен пайғамбардың (с.ғ.с.) алдында екі қылыш және екі найзамен соғысқан, екі рет хиджрат еткен, екі Құбылаға намаз оқыған, Бадр мен Хонейнде соғысқан және еш уақытта Алланы ұмытпаған адамның перзентімін. Мен Фатима-Заһраның (ғ.с.) ұлымын...»,- деп таныстырды. Имам өзін таныстырған сайын, халықтың жылаған дауысы күшейді. Язид алаңдап, азаңшыға азаң айтуды бұйырды. Ол бұл әрекетімен имам Зейн әл-Абединнің (ғ.с.) сөзін тоқтатқысы келді. Имам сөзін тоқтатты. Бірақ азаңшы «Аллаһу Акбар» деген кезде: «Алладан Ұлылау ешкім жоқ»,- деді. Азаңшы: «Куә етемін, Алладан басқа Құдай жоқ»,- деген де имам: «Бүкіл болмысыммен мұны куә етемін»,-деп қайталады. Азаңшы: «Мұхаммадтың Алла елшісі екенін куә етемін»,- деген кезде: «Уа, азаңшы, Мұхаммадтың атымен, тоқтат»,- деді. Содан соң Язидке бұрылып: «Пайғамбар сенің атаң ба әлде біздің атамыз ба? Егер сенің атаң десен, баршы өтірік айтақанынды біледі. Егер біздің атамыз десен, неге перзенті Хұсейнді өлтірдің? Неге перзенттерің өлтірдің? Неге мүлкін талан-таражға салдың? Неге әйелдер мен балаларың тұтқындадың?»- деп сұрады. Имамның бұл сөзі мешіттегі у-шуды арттырып, әр бұрышынан жоқтау естілді.
Язид имам Саджадтың (ғ.с.) сөзіне не айтарын білмей, Куфе басшысы Ибн Зиядты лағнет айтты және тіпті тұтқынармен бірге келген кейбір сарбаздарды айптай бастады. Ол имам Хұсейннің (ғ.с.) өліміне Ибн Зиядты кінәлі қылып көрсеткісі келді. Бірақ имам бұл істің алдын алып: «Имам Хұсейнді сенен басқа ешкім өлтімеді»,- деді. Язид өзі мен отбасының абыройын сақтап қалу үшін Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетін құрметпен Мединеге қайтаруды, сондай-ақ Шамнан мединеге шыққан кезде түйелердің үстін алтынмен тігілген әдемі маталармен жабуды бұйырды. Ол Ашура мұрагерлерін Мединеге патшаның керуені сынды керуенмен жіберуді ойлады. Сөйтіп, халықтың Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетіне деген жанашырлығын маңызды емес және Умайе әулетіне деген жеккөрінішті азайтқысы келді. Бірақ имам Зейн әл-Абедин (ғ.с.) өз сөзімен оның бұл мақсатын заласыздандырып: «Біз аза тұтудамыз. Түйелердің үстіне қара мата жабыңдар»,- деді. Содан соң Язид өзі Пайғамбар әулетіне жақындап, сапардың қыржысын дайындап: «Бұл шеккен зарбаптарыңыздың орнына»,- деді. сол кезде хазірет Зейнаб: «Уа, Язид! Сенің ұятың өте аз екен. Біздің бауырларымыз бен әулетімізді өлтірдің, бүкіл дүниенің құндылығы олардың бір тал шашына татымайды. Енді мынаны шеккен зардаптарыңыздың орнына дейсін»,- деді. Сөйтіп, язидшілердің алдаулары бірінен соң бірі әшкереленді және Кербала тарихы мен Ашура ерлігі бүгінге дейін ұмытылмады.
Әлемнің баршы мұсылмандарына имам Зейн әл-Абедин (ғ.с.), имам Саджадтың (ғ.с.) шәһид болған күніне байланысты көңіл айтамыз.