Ашураға арналаған сұрақтар 9
(last modified Fri, 13 Sep 2019 19:17:50 GMT )
Қыр 14, 2019 01:17 Asia/Almaty
  • Ашураға арналаған сұрақтар 9

Мұхаррам айының жетінші күні Убайдолла бен Зияд Умар бен Саадқа жіберген хатында одан өз сарбаздарымен имам Хұсейн (ғ.с.) мен серіктерін Евфрат суынан алыстатуды бұйырды.

 

Неге имам Хұсейн (ғ.с.) алдын ала суды сақтамады?

Азық пен судың тапшылығы Пайғамбар (с.ғ.с.) әулеті дұшпандарының  сұм жүзін әшкерелеген ащы шындық. Имам Хұсейн (ғ.с.) мен серіктері бұл мәселені шешуге талпынды, бірақ соңында құрғаған еріндерімен шәһид болды. Мұхаррам айының жетінші күні Убайдолла бен Зияд Умар бен Саадқа жіберген хатында одан өз сарбаздарымен имам Хұсейн (ғ.с.) мен серіктерін Евфрат сунан алыстатуды бұйырды.

Язид әскері бұл әрекетімен имамды бағындырғысы келді. Өйткені имамның қасында үлкен адамдармен бірге кішкентай және сәби балалардың бар екені туралы жақсы білді. Негізінде имам Хұсейн (ғ.с.) су сынды бүкіл ғасырлар мен бүкіл нәсілдер үшін маңызды қасиетті мақсат үшін көтерілді, сондықтан мұсылмандар ізеті үшін оларға қарсы тұруға міндетті болды. Олар өз сабыры және табандылығымен дос пен дұшпанды таңғалдырды. Соғыстардың маңызды мәселелерінің бірі екі жақтың суға жетімділігі болып табылады. Осыған орай әскер тоқтайтын жерді таңдауға ерекше көңіл бөлінеді. Мұны Бадр мен Сефейн соғыстарында көруге болады. Исламның басындағы мүмкіндіктер әскер үшін суды үлкен көлемде сақтау мүмкін болмады. Сондықтан белгілі жерде мүмкіндік тусымен қажет су қамтамасыз етілді. Имам Хұсейн (ғ.с.) әскері де арнайы ыдыстары мен қоржындарын сумен толтырған болатын. Бірақ біраздан кейін олардың су қоры таусылып, олар қажет суды тек Алқаме өзеңіне жетіп, қамти алатын болды.  Жазықсыз әйелдер мен  балалардың алдында суды жабу өздерін мұсылман деп атағандардың рақымсыздығын көрсетті. Негізінде Ислам мен Пайғамбардың (с.ғ.с.) тағылымдарында тіпті дұшпанға қарсы қастық айыпталды. Имам Хұсейн (ғ.с.) Хур бен Риахидің сарбаздарымен бетпе-бет келген кезде, оларға су беруді бұйырған болатын.

Бірақ бұл оқиғадан бірнеше күннен кейін дәл сол адамдар имам Хұсейннің (ғ.с.) суға баратын жол жауып, Кербала даласындағы жанкештілік көрінісі одан сайын анық  көрінді. Әлиакбар мен су әкелуге талпынған хазірет Аббастың жанкештілігі Ашураны жанкештілік пен жомарттықтың үлгісі етті.  

 

Тегтер