Революцияның екінші қадамы 19
(last modified Thu, 19 Sep 2019 18:50:51 GMT )
Қыр 20, 2019 00:50 Asia/Almaty
  • Революцияның екінші қадамы 19

Азаттық пен тәуелсіздіктің құның олар үшін соғысқа адамдар жақсырақ түсінеді. Иран халқы қырық жыл бойы азаттығы мен тәуелсіздігін қорғады.

 

Үкімет негіздерінің  нығаюы ағымындағы халықтың рөлін теріске шығаруға болмайды. Елдің әртүрлі салаларындағы халықтың белсенділігі жүйенің күшеюіне себеп болады. ИИР құрылғанын күнінен халқының белсенділігінің куәсі болды. Негізінде Иранның Ислам революциясының жеңіске жетуінің ең маңызды факторларының бірі  халықтың бірлігі мен белсенділігі саналды. Сондықтан өткен қырық жылдан астам уақыт бойы қиындықтарға қарамастан Иран халқы өз революциясын қорғап келді. Аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» деп аталған мәлімдемесінде Иранның Ислам республикасы жүйесіндегі орны мен рөліне тоқталып: «Революция үстем режимді халық үкіметі мен діни халық демократия жүйесіне айналдырды. Сондай-ақ жастарға елді басқаруға мүмкіндік тудырды»,- деді. Басқаша айтқанда Пехлеви үкіметі кезінде халықтың азаттығы мен елді басқаруға мүмкіндігі болмады. Ислам революцясы орын алған соң Иран халқы өз еркімен елді басқаруға қатысып, келешегін өзі шешетін болды.

Иран халқы Ислам революциясына белсенді қатысты

ИИР-да халықтың сөз бостандығы мен іс-әрекеттері азаттығы заңмен бекітілді. Иран Ислам революциясының жетекшісі азаттық пен тәуелсіздікті халықтың екі заңды құқығы деп біліп, өз мәлімдемесінде: «Ұлттық тәуелсіздік, яғни халық пен үкіметтің азаттығы және әлемнің билікқұмар үкіметтерінің зорлық-зомбылықтарына бағынбау. Қоғамдық азаттық, яғни қоғамның барлық азаматтарының шешім қабылдау, әрекеттену және ойлану құқығы. Бұл екеуі де исламдық құндылықтардан, илаһи сыйлар. Үкімет халықты ұлттық тәуелсіздік және қоғамдық азаттықпен қамтуға міндетті»,- деді. Діни жетекші азаттық пен тәуелсіздікті барша үшін Алланың тарапынан сый етілген нығмет, сондықтан үкіметтердің халықты олармен қамтамасыз етеміз деп, өздеріне борыштар ету құқылары жоқ деп біледі. Егер халыққа тәуелсіздік және азаттықпен қамтамасыз еттік деп міндетсінетін болса, міндеттерін орындамағаны болады.  ИИР өткен қырық жылда ел халқының азаттығын қорғап, Пехлеви үкіметінің үстемдігі, басып-жаншуы мен қысымдарын көрген халық бұл азаттықты елді басқарып, дамытуға пайдаланды. «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде бұл туралы: «Азаттық пен тәуелсіздіктің құның олар үшін соғысқа адамдар жақсырақ түсінеді. Иран халқы қырық жыл бойы азаттығы мен тәуелсіздігін қорғады. Исламдық Иранның қазіргі тәуелсіздігі мен азаттығы жүздеген мың батыл және жанкеш адамдардың күресінің нәтижесі»,- деп айтылды.

Азаттық - Иран халқының арманы

ИИР-да азаттық пен демократия діни халық демократияның негіздерінше қалыптасты. Бұл жүйе халық дауысы мен пікірінің үкіметтің негізі санайтын исламдық тағылымдарға сүйеніп, күш-қуатын елді басқаруға пайдаланады. Аятола Хаменеи: «Исламдық жүйеде халықтың дауысы мен сұраныстары маңызды әсер етеді, исламдық жүйе халық дауысыз құрылмайды. Діни халық демократиясы – исламдық жүйенің негіздерінің бірі. Өйткені егер жүйе дін негіздеріне сай амал еткісі келсе, халықсыз орындай алмайды. Сондай-ақ діни халық демократиясын дінсіз орнату мүмкін емес»,- деді. Діни халық демократиясында халықтың азаттықтары илаһи тағылымдарға негізделді. Ал Батыс демократиясы азаттықтың шегі мен шекарасын белгілемейді. Олардың үкіметтері билік пен байлық орталарына тәуелді. Осы кезде ИИР-да халық өз еркімен елдің мәселелері жөнінде пікірін білдіріп, басшылар мен олардың жұмыстарын сынай алады. Әртүрлі партиялар мен ағымдар өз көзқарастарын халыққа ұсынады және ақпарат құралдар елдің жағдайы туралы хабардар етеді. Иранның Конституциясының 6-шы бабында: «Ислам республикасында елдің істері президенттік, Мәжіліс өкілдері мен басқа кеңес мүшелерінің сайлауындағы халық дауысына сүйенеді»,- деп айтылды. Иран халқы 1979 эылдың ақпан айындағы Ислам революциясының жеңісінен кейін екі ай өтпей алғаш рет билік жүйесін таңдау үшін дауыс беруге қатысты. Бұл референдумда дауыс берушілердің 98 пайыздан астамы Ислам республикасын жүйесін сайлады. Сондай-ақ ирандықтар тағы екі рет, бірінші рет Конституция және екінші рет оны қайта қарастыру үшін референдумға қатысып, «оң» дауыс берді. Иран халқы өткен 40 жылда 33 сайлауға қатысып, президенті, Ислам Кеңесі Мәжілісі өкілдері мен қала кеңестері мүшелерін сайлады.

Иран халқы сайлауға қатысуда

Азаттықты дұрыс пайдалану саласындағы маңызды мәселелердің бірі халықты әртүрлі, әсіресе саяси тақырыптармен хабардар ету саналады. Өйткені саяси мәселеден хабардар болған кезде ғана өзі мен елінің мүдделеріне сай дауыс бере алады. Ислам революциясының орын алуымен халықтың ішкі және сыртқы саяси мәселелерге көңіл бөлуі артып, елінің жағдайы мен революцияны, сондай-ақ дұшпанның болмысын жақсырақ  түсінетін болды. «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде: «Ислам революциясы халықтың саяси түсінігі мен халықаралық мәселелерге қатысты көзқарастарын тереңдетті. Батыстың, әсіресе АҚШ-тың қылмыстары,  Палестина және палестиналықтарға қарсы тарихи зұлымдық, соғысқұмарлық, алпауыт үкіметтердің басқа елдер істеріне араласуы және басқа мәселелер – барлық елдер халықтарының сұрақтары. Бұл мәселелер тіпті жасөспірімдер үшін түсінікті»,- деп айтылды. Осы кезге дейін Иран халқының саяси сауаттылығы Ислам революциясы дұшпандарының, әсіресе АҚШ қастықтарының сәтсіздікке ұшырауына себеп болды.

Иранның мұсылман халқы үшін Ислам революциясының үлкен армандарының бірі – Ислам дінің тарату саласындағы азаттық. Шах режимі Батыс мәдениетін таратып, ғұламалар мен діни белсенділерге қарсыласып, қоғамды халықты құтқаратын илаһи мәдениеттен алыстатуға талпынды. Бірақ исламдық тағылымдар Иран халқының бойына сіңіп, Ислам революциясының басталуының әртүрлі фактораларының біріне айналды. Аятолла Хаменеи: «Ислам революциясы Ислам республикасының  діни  және ахлақи ұстанымдары ашық жүректерді, әсіресе жастарды өзіне тартады»,- деп жазды. Сондай-ақ бұл кісі діни тағылымдардың қоғамдағы әсеріне тоқталып, мешіттер мен діни жиындардың, Құран мен дұға оқу, итикаф, намаз, ораза және қажылық сынды ғибадаттар сапасының артуына назар аудартты. Аятолла Хаменеи сөзін қорыта ИИР жүйесі қызметінің  нәтижесі туралы: «Қырық жылғы талпыныстардың нәтижесін осы кезде көз алдымызда көріп отырмыз. Тәуелсіз мемлекет пен халық, азаттық, күш-қуат, ғиззат, иман, ғылыми даму, тәжірибелер, сенім мен үміт аймақ пен әлем мәселелеріне маңызды әсерін тигізеді»,- деді.  

 

Тегтер