Қасиетті қорғаныс апталығы 1
(last modified Sat, 21 Sep 2019 10:51:51 GMT )
Қыр 21, 2019 16:51 Asia/Almaty

1980 жылдың 22 қыркүйегінде Саддамның БААС режимі құрылық, теңіз және әуеден Иранға қарсы шабуылын бастады.

Саддам БААС режимінің Иран Ислам республикасына қарсы соғысының басталуы күндеріне байланысты қыркүйек айының төртінші аптасы Иранның күнтізбесінде «Қасиетті қорғаныс апталығы» деп аталды. «Қасиетті қорғаныс апталығы» АҚШ-тың бұл елге қарсы рақымсыз экономикалық санкцияларымен тұспа-тұс келуде. Ислам революциясы жеңіске жеткен күннен бері қазіргідей санкциялардың куәсі болмады. АҚШ Иран халқына қарсы кең ауқымды соғысты бастады. АҚШ-тың Иранға қарсы соңғы экономикалық соғысының мақсаты Ислам республикасын бағындыру, сондай-ақ ядролық қарудың таралуы мен лаңкестікпен күресуді сылтауратып, өз қалауларын қабылдаттыру болуда. АҚШ әлем елдерінің көбіне Иранның мұнайын сату мен сатып алуларына шектеулер енгізіп, бұл елдің банкілері және қаржы ұйымдарымен қатынас орнатуға тыйым салғанымен бірнеше араб елі мен сионистік режимнен басқа ешбір мемлекет АҚШ-тың ИИР-на қарсы саясаттарын қолдамады. Осы кезде Саддам режимінің ИИР-на қарсы 8 жылдық соғысының аяқталуынан 30 жылдан артық уақыт өткен жағдайда, Ислам республикасының халқы мен үкіметі АҚШ-тың қысымдарына қарсыластып, АҚШ пен сионистік режимді Иран халқын бағындыру мақсатына жеткізбеді. 8 жылдық қасиетті қорғаныс жылдарында ирандықтар Ирактың БААС армиясының шабуылына жанкештілік, табандылық және батылдығын көрсетті.

8 жылға созылған қасиетті қорғаныс – Иранның жеңімпаз халқының иманы, әділеттілігі мен тұрақтылығын дәлелдеген үлкен сынақ. Қасиетті қорғаныстың маңызды, тағдырды анықтайтын күндері Иран жастарының ержүректілігі мен жанкештілігін көрсетті. Ислам республикасы жүйесі қарсыласуды саясаты ретінде баяндаған кезде, Саддам күштерін жоя алды. Бүкіл соғысты «қарсыласу» деп қысқартып айтуға болады. Дұшпанның шабуылына қарсы сегіз жылға созылған қорғаныс соғыс Иран халқының ұлттық мақтанышына себеп болып, Иран халқын бағындыру қастықтарды Ислам республикасы жүйесінің күш-қуатын дәлеледейтін мұрсатқа айналды. Иран жастарының батылдығы Ислам республикасын қорғап, халықтың қолдауы ие болып, діни биліктің аясында және  күштер бірлігімен әр дұшпанды, тіпті экономикалық және әскери әлеуеті жоғары АҚШ-тың жеңе алатынын көрсетті.  

Ислам революциясының жеңісінен 19 айдан кейін басталған соғыс жаңадан құрылған Ислам республикасы жүйесін құлатуды көздеді. Бірақ ойлағанына жетпей, Иран халқының ұлттық бірлігі мен ынтымақтастығына себеп болды. Саддам режимінің ИИР-на қарсы 8 жылдық соғысы – Иран Ислам революциясы тарихының ұмытылмайтын ерлік кезеңі. Иран халқы, әсіресе жастары Саддам режимінің армиясының шабуылына қарсы 8 жылдық қарсыласуы кезінде шектеулі мүмкіндіктері және әскери жабдықтар тапшылыған қарамастан елі мен революциясын қорғап, әлемдіктерге ерлік пен жанкештіліктің үлгісін көрсетті. Бұл ерлік әлемдегі азаттық талап етуші қозғалыстар үшін үлгі болды. Ливан мен Палестинаның исламдық қарсыласу қозғалыстары ирандық мұсылман жастардың жанкештілігін үлгі тұтты. Ондаған мың ирандық жастар Ислам революциясының жоғары армандарын қорғап, шәһид болды. Ирандық жастар отаны мен ұлы революциясын қорғау үшін өмірлерін қиды. Бұл ерлік пен ержүректілік дұшпанға Иран жерінің тіпті бір бөлігін өз қолында қалдыруға рұқсат етпеді. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи бұл салада: «Бұл соғыс қорғаныс соғыс болды. Қорғаныс соғыс шапқыншы соғыстан өзгеше. Қорғаныс соғыс - өз армандарына табанды адамдардың терең беделі мен жанкештілігінің көрінісі. Соғыс – қирау мен өлімді еске салады. Бірақ елді қорғау соғысы кезінде адамгершілік және басқа құндылықтар артады. Саддамның БААС режиміне қарсы Иранның 8 жылдық қасиетті қорғанысы осындай соғыстардың бірі. Бұл жолда шәһид болған жастар, ерлер мен әйелдер қарсыласу мен табандылықтың үлгісі, олардың ерлігі еш уақытта ұмытылмайды. Өйткені олар жоғары құндылықтарды қорғау үшін өз өмірлерін аямады. 

Ислам революциясы әлемдік саладағы Иранның саяси ағымындағы жаңа кезеңнің басталуы болды. Ислам революциясы халықтардың алдында зұлымдық және үстемдікпен күресетін жолды ашты. Осы кезде Ислам революциясы жеңісінен 40 жыл және Саддам режимі ашқан соғысынан 30 жыл өткен жағдайда Палестина, Ливан, Сирия, Йемен және Ирактағы қарсыласу ағымдар Таяу Шығыс аймағындағы саяси және әскери теңгерімнің маңызды өзгерісі ретінде қалыптасып, АҚШ пен сионистік режимнің шапқыншы саясаттарының іске асырылуының алдын алды.

Сегіз жылдық қасиетті қорғаныстың аймақтық және әлемдік тұрғылары екінші Дүниежүзілік соғыстан басқа соғыстардан кеңірек. Соңғы 400 жылда Иран мен Ирак бір бөлігі болған Осман империясы арасында Иранның жерлерінде бірнеше соғыс орын алды. Бірақ олардың еш біреуін шапқыншы соғыстармен бір санауға болмайды. Өйткені бұл жолы соғыс сырт көзге бір елдің тарапынан болғанымен, шын мәнінде бұл соғысты әлем мен аймақ құдыреттері басқарды. Стратегтердің көбінің пікірінше, Иран халқының Саддам режиміне қарсы 8 жылдық қорғанысы жаңа классикалық армиялардың алғашқы соғысы болды және ирандықтар илаһи жігері, ұлттық бірлігі және ынтымақтастығымен ешбір бөгде құдыретке сүйенбей, билеп-төсеуші құдыреттердің мақсаттарына керісінше өз тағдырын өзгерте алды. Алайда «Саддам режимі неге және қалай ИИР-на қарсы шабуылын бастады?» деген сұрақ туады. Иран мен Ирактың арасындағы шекаралық қайшылықтар ежелден келе жатқан мәселе, сондықтан бұл тақырып Саддам режимінің Иран жеріне шабуыл жасауының себебі болмады. Саддам режимінің Иранға шабуыл жасауына Ислам революциясының аймақ пен әлемдік әсері және Ислам ресволюциясының жеңісінен кейінгі Ирандағы өзгерістер себеп болды. Иранның Ислам революциясы аймақ пен әлемдегі саяси теңгерімді өзгертті. Бұл өзгерістер екі алпауыт құдырет пен олардың аймақтағы одақтастарына зиян келтірді. Саддамның Ислам республикасына қарсы соғысы Ислам революциясының аймақ пен әлем деңгейіндегі салдарларына реакция болды.

 

Тегтер