"Қасиетті қорғаныс" соғысының қолбасшылары 2
(last modified Wed, 25 Sep 2019 14:20:49 GMT )
Қыр 25, 2019 20:20 Asia/Almaty

Шәһид Хосейн Харрази – қасиетті қорғаныс тарихының ең сүйікті және ең білікті қолбасшыларының бірі.

 

Абай бол! Оның қарапайымдығы сондай, басқалардың арасында жоғалтып алма.

Оны танымаған адам еш уақытта имам Хосейн (ғ.с.) атындағы 14-ші корпус қолбасшысының алдында тұрмын деп ойламайтын. Біз қолбасшыларды фильмдерде көрсететін қолбасшылар сияқты елестетеміз. Бірақ Ислам корпусының қолбасшылары бүгінде ондай критерийлерді бұзды. Шәһид Хосейн Харрази қасиетті қорғаныс тарихының ең сүйікті және ең білікті қолбасшыларының бірі. Ол басқарған күштер өз қолбасшысы үшін жандарын қиюға дайын болды. Иманы мен мейірімі анық байқалған, халықтың арасынан шыққан қарапайым жігіт Исфаһан облысының басқа қолбасшылармен бірге Сақшылар корпусының ең жақсы әскери жауынгерлерінің қатарында болды. Шәһид Хосейн Харрази мен шәһид Ахмад Каземи соғыс кезінде маңызды рөл атқарып, қиын операцияларға қатысты.

 

Шәһид Ахмад Каземи мен шәһид Хосейн Харрази

1336 жылдың мұхаррам айының жұма күні Исфаһанның «Куи Калам» деп аталатын кедейлер өмір сүретін жерде дүниеге келді. Ақыл мен сыпайылық оның бойынан балалық кезден байқалған қадір-қасиеті болды. Ол жамағат намазы мен діни жиындарға қатысып,  ұстаздары беделді мектепте білім алды. Мектептен кейінгі бос уақытының көбін жақын жердегі «Сейед» мешітінде өткізіп, көркем дауысымен азан мен тәкбір оқитын. 1355 жылы орта білім аттестатын алған соң әскери қызметін өтеу үшін Мешхед қаласына аттанды. Әскери қызметі кезінде белсенді түрде Құран ғылымдарын меңгерді. Таңылған соғыс басталған кезде өз еркімен сұранып, оңтүстік майданға аттанды. Ол Дорхоин аймағының 9 айлық қорғанысына қатысып, мықты жауынгерлер тәрбиеледі. 1360 жылы Бустон азат етілген соң имам Хосейн (ғ.с.) атындағы бригаданы ресми құрды. Бұл бригада кейін дивизияға айналды. Шәһид Харрази Құран мен оның тәпсірлеріне ғашық болып, көркем дауысымен Құран оқитын. Ашура күндері имам Хосейн (ғ.с.) дивизиясындағы өзінің жауынгер бауырларымен жалаң аяқ Хузестан даласында аза рәсімдерін өткізіп, «Зиярат Ашура» дұғасын оқитын. Ол әскери қырағалығымен бірге ерекше батыл болды. Әртүрлі қиындықтарға қарамастан соғыс пен жиһад жылдары дәрменсіздік көрсетпеді. Оның табандылығы барлық қолбасшылар үшін үлгі болды.

 

Шәһид Хосейн Харрази

1358 жылдан өмірінің соңғы сәтіне дейін күрес сахнасында болып, тек 1365 жылдың шаһривар айындағы қажылық сапары кезінде ғана толық демалысқа шықты. Басқа кездерде жылына  бір рет демалыс алып, шәһидтер мен мүгедек ардагерлердің отбасыларымен кездесіп, адал серіктерімен шәһидтердің қабірлерін зиярат етіп, майданға оралатын. Қорғаныс  кезеңінде оған 30 рет  оқ тиіп, "Хейбар" операциясында оң қолынан айырылды. Бір қолының жоқтығына қарамастан алғы шептегі жауынгерлерді қамтамасыз етуге көп еңбек сіңірді.

*****************************************************

Тұралап қалған едік. Жазық дала, ешқандай ойпат пен жота көрінбейді, тіпті тасалайтын бұта да жоқ. Бәріміз ұзынымыздан түсіп жерге жабысып жаттық. Түн болатын. Сондықтан тек түннің қараңғылығы ғана бізді ирактықтардың оғынан жасырды. Басымызды көтерсек, оқ маңдаймызға тиетін. Бетімді жерге жабыстырып жаттым. Бір ирактық оқ жаудырып отырды. Бірнеше жігітіміз оның үнің өшіргісі келді, бірақ нәтижеге жетпеді. Таң жақындап қалды. Егер күн шықса, жауынгерлердің жаппай қырылатыны туралы ой басымнан кетпеді. Дәл сол кезде алдымыздан бір көлік шығып, ақырын-ақырын бізге қарай жақындап, тоқтады. Өзіміздің біреуіміз болды. Кім мұнша батыл болды екен! Жүргізуші көлігінен жылдам секіріп түсті. Артындағы адам рациямен сөйлей бастады. Көзді ашып-жұмғанша оның машинаның капотының үстінде тұрғанын көрдім. Бәріміз оқтан қорқып, жерге жабысып жатқан жерде ол оқтың алдында дүрбісіне қарап, байланысшыға координаттарды айта бастады. Ол машинаның үстінде тұрып, дұшпанның орналасқан жерлерін анықтап, бұйрық берді. Оқтар одан қорыққандай болды. Иә, бұл бір қолымен әскери күштерін басқарып тұрған Хосейн Харрази еді.

 

"Кербала-5" операциясынан бұрын Харразидің басы үшін сый дайындаған Саддам 1365 жылдың 8 эсфандында "Кербала-5" әрекетінде ойлағанына жетті. Сол әрекетте имам Хосейн (ғ.с.) атындағы дивизияның ержүрек қолбасшысының  жүрегіне оқ тиіп, шәһид болды. Ислам революциясының жетекшісі  әрі Иранның бүкіл Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы бұл шәһид туралы: "Ол - Исламның ержүрек қолбасшысы, жиһад пен шаһадаттың туын көтеруші. Ол иманы, тақуалығы, жиһады және Алла үшін тәулік бойы жасаған талпыныстарымен Исламның дұшпандарымен қарсыласып, шәһидтерге қосылды",- деді.