«Қасиетті қорғаныс» соғысының қолбасшылары 4
(last modified Sat, 28 Sep 2019 14:31:56 GMT )
Қыр 28, 2019 20:31 Asia/Almaty
  • «Қасиетті қорғаныс» соғысының қолбасшылары 4

Мәһди Бакери – соғыс басталған кезде Сақшылар корпусына қосылған ержүрек жауынгер.

Мәһди Бакери хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1333 жылы Миондуоб қаласында діни отбасыда дүниеге келді. Ол бала кезінде анасынан айырылды. Бастауыш және орта мектепті Урумие қаласында аяқтап, ағасы Әли Бакеридің САВАК тарапына қаза болуымен бір мезгілде саяси ағымға енді. Орта мектептің аттестатын алған соң жоғары оқу орнының техникалық факультетіне оқуға түсті. Табриз университетіне қабылданғаннан бастап сол оқу орнының күрескер адамдарының біріне айналды.

 

Шәһид Мәһди Бакери

 

Шәһид Мәһди Бакери соғыс басталған кезде Сақшылар корпусына қосылған ержүрек жауынгер. Ол өз дарыны, әдептілігі және жанашырлығымен «Фатх әл-Мубин», «Рамазан», «Мүслим бен Ақил», «Вальфаджр» және «Хейбар» операцияларына белсенді қатысты.

Шәһид Бакери жанкешті қолбасшы, адал қызметкер, имам Хомейни мен Ислам революциясына ғашық жан болды. Ол имамның сөздерінің илаһи аяттарға негізделгеніне сенгендіктен ұлы тұлғаның ақыл-кеңесіне сай өмір сүруге талпынды. Ол имам Хомейнидің сөздерін ықыласпен тыңдап, оларды жазып алып, көз алдында ұстайтын. Ол бұл мәселеге ерекше көңіл бөліп, отбасына имамның сөздерін үнтаспаға жазып алуға кеңес берді. Ол өзі де имамның сөздерін үнтаспаға жазып алатын, үлгермеген жағдайда газеттерден тауып оқитын. Шәһид Бакери табиғи құқығы болған мүмкіндіктерін пайдаланбайтын. Оның қарапайымдылығы көп адамның оны танымауына себеп болды. Ол басидждерді ерік күштерді жақсы көріп: «Басидждермен жолға шыққанда ерекше көңіл күйге ие боламын. Сондықтан шаршаған кезімде олардың қасына барып, көңілім көтеріліп, шаршағанымды ұмытамын»,- деген болатын. Ислам мен революцияның дұшпандарына қарсы құрыш қамалдай, достарына мейірімді болды. Ислам революциясының жетекшісі бұл қолбасшы туралы: «Шәһид Бакери революциядан бұрын да жақын танитын жастардың бірі еді. Машһадтың мүмін әрі адал жігіті қасыма келді. Революция қолбасшыларының бірі болу – оның құқығы. Ол адал болды. Сондықтан шәһид болу оның құқығы.

Мәһди Бакери 1363 жылы 30 жасында Бадр операциясында дұшпанның оғынан шәһид болды. Оның пәк мәйітін әкеле жатқан қайық дұшпанның нысанасына алынып, суға кетті.

Шәһид Мәһди Бакери