Революцияның екінші қадамы 21
Аятолла Хаменеи "Революцияның екінші қадамы" мәлімдемесінде: "Жас басшылар, жас кәсіпкерлер, жас ойшылар мен жас белсенділер саяси, экономикалық және мәдени, халықаралық, сондай-ақ дін мен ахлақ, руханият пен әділет салаларында жауапкершілікті қабылдап, өткендердің тәжірибелері мен революцияшыл көзқарастары мен көңіл-күйлерін пайдаланып, жиһадтық амал етіп, Иранды исламдық дамыған жүйенің кемел үлгісіне айналдыруы керек",- деді.
Ислам революциясының 40 жылдығына байланысты аятолла Хаменеидің "Революцияның екінші қадамы" мәлімдемесі жарияланған кезде оның негізгі оқырмандары жастар болатыны таңғалатын жайт болмады. Хазіреттің ұстанымы, ғамалы мен сөзіне жасаған шолу ол кісінің жастарға әрқашан елдің келешегін құрушылар екенін қуаттап, революцияның жақтастары екендігіне сенім артып, олардан үміт күтетінін анық көруге болады. Сондықтан мәлімдеменің басында: "Ислам республикасы ғұмырының жаңа кезеңінің басталуында мен сұхбатымды исламдық үлкен Иранды құратын жиһадтың келесі бөлімін іске асыру үшін майданға қадам басқан жастарға айтқым келеді",- деді.
Жастар әрбір қоғамның жігерлі, дарынды әрі қуатты күші саналады. Олар – елдің келешегін құрушылар. Сондықтан келешегі туралы ойлайтын үкіметтер әртүрлі салаларға жастарының күш-қуатын арттыру үшін инвестиция салады. Ислам революциясының жетекшісі жастардың елдің дамыту рөлінен толық хабардар болып, басшыларды әрқашан жастардың әлеуетін пайдалануға жігерлендірді. Ирандық жастар революцияның алғашқы күндерінен оларға сенім артып, жұмыс тапсыруға болатынын және олардың тапсырмаларды жақсы атқара алатынын көрсетті. Ислам революциясының жетекшісі революцияны қорғап, дамытуды жастардың ісі санап: "Халық пен үкімет революцияны сақтап қалуға міндетті. Бұл барлығымыздың міндетіміз. Бірақ жастар оны алға ілгерілетушілер",- деді.
"Революцияның екінші қадамы" мәлімдемесінде аятолла Хаменеи жастарды «революцияның үміттері» деп атап, жарқын келешек құру саласындағы олардың шексіз мүмкіндіктерін анықтау үшін мәліметтерге жүгініп: "Елді үміттендіретін ең маңызды әлеует – терең білім мен иманға ие адами күш, жастары 15-40 арасындағы 26 миллион жаса, жоғары білімді шамамен 14 миллион адам, ғылым мен инженерлік салаларда жоғары оқу орындарын аяқтаған адам саны бойынша әлемде екінші орынға ие болу, революцияшыл көңіл-күймен тәрбиеленген жастар ел үшін жиһадтық еңбек етуге дайын. Сондай-ақ ғылыми, мәдени, өндіріс пен басқа салалардағы зерттеулермен айналысатын зерттеуші және ойшыл жастар еш уақытта материалдық критерийлермен салыстыруға келмейтін байлық болып табылады", - деді. Елдің негізгі қоры саналатын жастар күшін дұрыс пайдаланып, дұрыс басқару қажет.
Иран Ислам революциясының жеңісінен кейін халықтың, әсіресе жастардың көбі рухани өзгерістерге ұшырады.
Ислам революциясының жетекшісі жастардың рухани өзгерістеріне тоқталып: "Ислам республикасындағы діни және ахлақи ұстаным әсіресе жастарды қызықтырып, кеңістікті дін мен ахлақтың мүддесіне өзгертті. Жас жауынгерлер қасиетті қорғаныс сияқты қиын майдандарда дұғалары және бауырмалдық, жанкештілік көңіл-күймен Исламның басындағы оқиғаларды еске салып, баршаға көрсетті",- деді. Иранның мұсылман жастары отаны мен ревоюциясын қорғап, батылдық пен жанкештіліктің ең көркем көрінісін көрсетті. Саддамның Иранға қарсы соғысының алдында имам Хомейни мүшелерінің көбін жастар құраған басидждер, яғни ерікті күштер ұйымын құру туралы бұйрық шығарды. Бұл жастар соғыстың негізгі қиындықтарын өз мойындарына алып, теңсіз соғыста батыл қарсыласып, тіпті қаза болып, отаны мен революциясын қорғады. Соғыс аяқталған соң жастар, басидждер елді көркейту жұмыстарына қатысуға асықты. Ислам революциясының жетекшісі басидждер туралы: "Имам басидждер құрылған соң революцияның тағдырын жастарға тапсырды",- деді.
Аятолла Хаменеидің "Революцияның екінші қадамы" мәлімдемесінде қуаттаған келесі тақырыбы бүгінгі жастарды өткендердің тәжірибелерімен таныстыру қажеттігі болды. Хазірет ИИР-ның өткен қырық жылдағы көптеген жетістіктеріне тоқталып: «Өткен жол – Ислам республикасы жүйесінің асқақ армандарына жету жолының тек бір бөлігі. Бұл жол жастардың қырағылығы, жігері және жылдамдығымен жалғасуы керек»,- деді. Басқаша айтқанда, Ислам революциясының жетекшісі Иран халқының үлкен қозғалысының жалғасуын жастардың қолында деп санайды. Бірақ жастар дарынды, ержүрек, шындықты талап ету секілді ерекшеліктерге ие болғанымен, жарқын келешек құруға үміттенбесе, өз әлеуеттерін дұрыс пайдалана алмайды.
Аятолла Хаменеи әрқашан жастар мен жалпы халықпен жарқын келешек туралы сұхбат жүргізеді. Хазірет Ислам революциясының қырық жылдығына байланысты жасаған мәлімдемесінде: «Менің айтатын басты өсиетім – келешектен үміттеніңіздер. Бүкіл құлыпты ашатын осы негізгі кілт болмаса, ешбір қадам жасай алмайсыздар. Менің айтып отырғаным – үміт және шындықтарға сүйену»,- деді. Аятолла Хаменеи дұшпанның жас буынды үмітсіздендіруді көздейтін үгіт-насихаттарына қарсы тұру қажеттігін қуаттап: «Сендер, жастар үгіт-насихаттық қоршауды бұзу шебінің алдында болуларың керек. Өздерің мен басқаларды келешекке үміттендіріңдер. Үмітсіздік пен қорқыныштан өздеріңді және басқаларды алыстатыңдар. Бұл – сендердің басты жиһадтарың»,- деді. Келешекке үмітсіздендіруге талпынумен бірге Батыстың ақпарат құралдары бос ойын-сауық пен Батыстың өмір сүру тәсілін насихаттап, ирандық жастарды исламдық руханият, мәдениет және ахлақтан алыстатып, елдің келешегін құруға кедергі жасауда. Ислам революциясының жетекшісі өзінің «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде бұл қатер туралы ескертіп: «Дамыған ақпарат құралдары руханият пен ахлаққа қарсы шоғырланып, бүгінде дұшпанның жастар мен жасөспірімдерге, тіпті кішкентай балаларға қарсы шабуылдарын арттырып жатқанын күн сайын өз көзіммен көріп отырмын»,- деді.
«Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесі жастарды көркейген, дамыған Иранды құруға жігерлендіреді. Аятолла Хаменеи жастарды әртүрлі салаларда жиһадтық белсенділік танытуға шақырады. Сондай-ақ, ғылыми жетістіктердің жалғасуына тоқталып, жастарға: «Елде ғылыми революцияның іргетасы қаланды. Бұл революцияның да ядролық мәселемен айналысқан ғалым шәһидтері сияқты шәһидтері бар. Сендердің ғылыми жиһадтарына алаңдаушылық білдіріп отырған қара ниетті әрі кекшіл дұшпанды сәтсіздікке ұшыратыңдар»,- деп мәлімдеді. Аятолла Хаменеидің келесі ақыл-кеңесі экономикалық даму, әсіресе экономикалық және қоғамдық әділетті кеңейту туралы болды. Діни жетекші «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде: «Елдің келешегі саналатын жастарымызға осы уақытқа дейін әділетті тарату үшін жасалған және жасалуы көзделген жұмыстардың айырмашылығы көп. Ислам республикасында басшылар үнемі мәселелерді шешуге асығып, таптық айырмашылықтарға алаңдауы керек. Жас басшылар, жас кәсіпкерлер, жас ойшылар, жас белсенділер саяси, экономикалық және мәдени, халықаралық, сондай-ақ, дін мен ахлақ, руханият пен әділет салаларында жауапкершілікті қабылдап, өткендердің тәжірибелері мен революцияшыл көзқарастары мен көңіл-күйлерін пайдаланып, жиһадтық ғамал етіп, Иранды исламдық дамыған жүйенің кемел үлгісіне айналдыруы керек»,- деді.