Ислам революциясы жетекшісі 33-ші «Исламдық бірлік» халықаралық конференциясының қонақтарымен кездесті
(last modified Wed, 20 Nov 2019 13:22:38 GMT )
Қар 20, 2019 19:22 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі 33-ші «Исламдық бірлік»  халықаралық конференциясының қонақтарымен  кездесті

33-ші «Исламдық бірлік» халықаралық конференциясы қараша айының 14-16 күндері Теһранда «Әл-Ақса мешітін қорғау саласындағы үмбеттің бірлігі» деген тақырыппен әлемнің 90-нан астам елінің ғұламалары, ойшылдары, зерттеушілері мен көрнекті тұлғаларының қатысуымен өтті.

Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) және хазіреттің әулетінен шыққан имам Джафар Садықтың (ғ.с.) туған күні, сондай-ақ «Бірлік апталығымен» тұспа-тұс әлемнің 90-нан астам елінің ғұламалары, ойшылдары, зерттеушілері мен көрнекті тұлғаларының қатысуымен қараша айының 14-16 күндерінде Теһранда «Әл- Ақса мешітін қорғау саласындағы үмбеттің бірлігі» деген тақырыппен 33-ші «Исламдық бірлік» халықаралық конференциясы  өтті. Конференция қонақтарының діни жетекшімен кездесулері, Иран Ислам  республикасы іргетасын қалаушысының кесенесіне зиярат жасап, адалдығын қуаттау, мазхабтарды жақындату саласындағы белсенділерді марапаттау, Исламның ұлық пайғамбарының туған күніне арналған рәсімдер өткізу мен өнер шығармаларымен таныстыру 33-ші "Исламдық бірлік" халықаралық  конференциясының бағдарламаларынан болды. Бұл маңызды халықаралық басқосуға 90 елдің шамамен 400 ойшылы қатысып, Ислам әлемінің ең маңызды мәселелерін 20 комиссия мен мамандырылған отырыстарда талқыға салды.

33-ші «Исламдық бірлік» халықаралық конференциясының ашылу рәсімі

Ислам өз жақтастарының бірлігін көп қуаттайды. Құран бір жақтан оларды илаһи мықты жіпке, яғни дұрыс жолға нұсқап, құтқаратын дінге жабысуға және басқа жақтан мұсылмандарды бірлік пен махаббат тамырын әлсіретпеуге шақырады. Өйткені тек бірлік пен ынтымақтастық әлем мұсылмандарын мақсаттарына жеткізеді.

33-ші «Исламдық бірлік» халықаралық конференциясының ашылу салтанаты ИИР Президенті Хасан Руханидың сөзімен басталды. Хасан Рухани бұл рәсімде дұшпанды дос деп білуді қате деп қуаттап: «Жас буын АҚШ-тың аймақ пен мұсылман халықтарының досы болмағанын және келешекте де дос болмайтынын, сондықтан аймақ мәселелерінің аймақ халықтарымен шешіліп, басқалардың мәселелерді шешпей, тек қиындықтар тудыратындарын түсінгендері жөн»,- деді.

Ислам мазхабтарын жақындастыру  әлемдік ассамблеясының Бас хатшысы аятолла Араки бұл рәсімнің келесі сөз сөйлеуішісі болды.  Бұл кісі сөзін бірлік байрағын көтерген үшін діни жетекші мен бұл рәсімге қатысып отырған Иран Президентіне алғысын айтумен бастап: «Осы кезде қарсыласу ағымы басқа заманнан көбірек нығайып, аймақтың түпкір-түпкірінде күшейді. Қарсыласу ағымының  жеңісінің нәтижесінде Ислам әлеміндегі бірлік жолдауы  таралып, керісінше тәкфиршіл ағымдар оқшауланды. Біз осы кезде бірлік диалогының  Ислам әлемінің түпкір-түпкірінде жеңіске жеткенін жариялаймыз. Бахрейн шиіттерінің басшысы шейх Иса  Қасем: «Бірліктеріңізге оралыңыздар. Сіздердің бірлікке қайтып оралуларыңызбен бүкіл әлем жанданады. Әйтпесе жер құрғап, өмір шөл далаға ұқсас болып қалады. Исламдық үмбет осы кезде ауыр сынақтан өтуде. Исламдық үмбеттің Палестина мен әл-Ақса мешіті жөніндегі ұстанымы – үлкен сынақ. Оның нәтижесінде үмбет ыдырап кетеді немесе исламдық бірлігіне оралады»,- деді.  

33-ші "Исламдық бірлік" халықаралық конференциясы 

 Бірлік конференциясының соңғы күні ойшылдар мен ғұламалар Ислам революциясы жетекшісімен кездесті. Аятолла Хаменеи бұл кездесуде Исламның ұлық пайғамбары  (с.ғ.с) және имам Джафар Садықтың (ғ.с.) туған күнімен құттықтап, Алла елшісін (с.ғ.с.) Жаратушының ең ұлы жаратылысы, адами қоғамның нұры, тіршілігінің құралы деп атап: «Пайғамбардың (с.ғ.с.) қасиетті болмысы жаратылған әлемнің ең жоғары  нүктесі.  Құран өзін «нұр» деп сипаттады."Расында сендерге Алладан бір нұр және ашық бір Кітап (Құран) келді". ("Мәида" сүресі, 15-ші аят).  Осы кездегі исламдық қоғамдағы өзгерістерге назар аудара, мұсылмандар өз негіздерінен алыстаған сайын, қайшылықтар мен бөлінуге тап болады. Сондай-ақ ортақ  негіздерге сүйеніп, қатарларын нығайтқан сайын, сол мөлшерге ғиззаты да артады. Аятолла Хаменеи бұл кездесуінде Ислам әлемінің қиындықтары, әсіресе Палестинаның өкінішті жағдайын исламдық бірліктің осалдығы деп тауып, заңсыз сионистік режимді жою, яғни  Палестинаның мұсылман, христиан және яһудилерден тұратын негізгі иелері сайлаған үкіметтің биілігін орнату деп қуаттап: «АҚШ басқарған Исламның дұшпандары Исламның негіздері және исламдық мемлекеттерге қарсы және біздің аймақтағы негізгі қаруы шешім қабылдайтын  орталықтардың ісіне әсерін тигізуі, халықтар арасын араңдату, мәселелерді шешу үшін АҚШ-қа бағыну қажеттілігін насихаттау болып табылады»,- деді.

Конференция қонақтары аятолла Хаменеимен кездесті

Исламның көзқарасынша, Палестинаның мазлұм халқы сынды жәбір көрген мұсылмандарды қорғау – исламдық үмбеттің міндеті. Бұл міндет арнайы бір халықпен шектелмейді. Сондықтан бүкіл исламдық үкіметтер мен  халықтар сионистік режимге қарсы күреске белсенді қатысуы керек. Аятолла Хаменеи Ислам әлемі мәселелері, атап айтқанда Палестина жағдайы мен Йемендегі соғыс, Батыс Азия мен Солтүстік Африка жағдайына тоқталып: «Осы кезде Ислам әлемінің ең ірі мәселесі - Палестина мәселесі. Өйткені бұл елдің халқы үйлері мен отанынан қуылып, босқынға айналды»,- деп еске салды.

Ислам революциясының жетекшісі имам Хомейнидің исламдық қозғалыстың басынан араласу мен сионизмның зұлымдығы туралы анық ұстанымына тоқталып: "ИИР-ның Палестина жөніндегі  ұстанымы Ислам революциясының басынан осы кезге дейін өзгермеді, Палестина мен палестиналықтарға көмектесті және келешекте де көмектеседі. Бұл іс бүкіл Ислам әлемінің  міндеті деп білеміз. Біздің елімізде еврейлердің бір тобы толық қауіпсіздікте өмір сүріп жатыр. Палестина халқы мұсылман, христиан және еврей болса да осы жердің нағыз иелері. Олар өз үкіметін өздері таңдап, Нетаньяху сияқты бөгделер мен бұзақыларды елден шығарып, өз мемлекеттерін өздері басқара алуы тиіс. Әлбетте солай болады»,- деп қосты. Аятолла Хаменеи АҚШ-тың аймақтағы орналасуын бұзақалық пен тынышсыздықтарға және ДАИШ сынды топтардың құрылуына себеп болады деп тауып және мұсылман халықтардың АҚШ-тың шынайы жүзімен таныс болу қажеттілігін қуаттады.

33-ші "Исламдық бірлік" халықаралық конференциясы Иранның Жоғары соты мен Ислам әлемінің әртүрлі, атап айтқанда Сирия, Ауғанстан, Пәкістан, Ирак және Парсы шығанағы мен Африка елдері, басқа исламдық мемлекеттердің, сондай-ақ Ливанның Хизболласы мен Палестинаның ХАМАС,  Исламдық джиһад және басқа қозғалыстарының әйгілі саяси тұлғалары мен қайраткерлерінің қатысуымен қорытнды мәлімдеме шығарып, өз жұмысын аяқтады. ИИР Жоғары соты Сейед Ибрахим Раиси өз сөзінде бұл конференцияның хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) нұры мен имам Садықтың (ғ.с.) болмысының аясында нәтижелі өткеніне тоқталып: "Баяндалған тақырыптардың Ислам әлемінің берекесі мен мұсылмандардың бірлігі мен біртұтастығының қайнары болады деп үміттіміз. Бүгін Ислам әлемінде қасиетті Ислам дінінің мақсаттарына жетуінің белгілері байқалады. Егер кезінде имам Хомейни "Палестина Ислам әлемінің басты тақырыбы болуы қажет" деп айтқан болса, бүгін Ислам әлемінің ойшылдары бұл тақырыпты өзінің басты тақырыбы ретінде сайлады. Құдайға шүкір күн сайын бірлік пен қарсыласу саласында тәрбиеленіп  жатқан жастарымыздың саны артуда. Осы кезде исламдық ойшылдар жарқын келешекке жаңа көзқараспен қадам басуда",- деді.

33-ші "Исламдық бірлік" халықаралық конференциясының жабылу рәсімі

33-ші "Исламдық бірлік" халықаралық конференциясының жабылу рәсімінде Ислам мазхабтарын жақындастыру  әлемдік ассамблеясының Бас хатшысы аятолла Араки "Исламдық бірлік" конференциясы кезінде әртүрлі бағдарламалардың іске асырылуы мен үлкен жамағаттың жиналуын әлемнің түпкір-түпкіріндегі мұсылмандардың исламдық бірлік пен біртұтас үмбет құру мәселесін маңызды санайтындарының белгісі",- деді. Конференцияда сөз сөйлеген Ливанның бұрынғы Сыртқы істер министрі Аднан Мансур исламдық елдердің бірлігі үшін басшылары бір-бірімен қарым-қатынас орнатуға тиіс екендерін қуаттап: "Исламдық үкіметтер исламдық үмбеттің ғұламалары  арасында қатынас жолын орнатулары керек. ИИР исламдық елдерге арнайы қолдау көрсететін адал дос",- деді. 33-ші "Исламдық бірлік" халықаралық конференциясының жабылу рәсімінің аясында қарсыласу кілемі көрсетілді. Бұл кілемде "Бақаре" сүресінің 250-ші аяты тоқылды. Сондай-ақ қарсыласу ағымының имам Хомейни мен Имад Моғние сынды тұлғалары көрсетілді. Бұл қарсыласу мәдениетінің имам Хомейниден басталып, осы кезде жастарға жеткенін білдіреді.