Қар 24, 2019 20:15 Asia/Almaty
  • 25  қараша –  әйелдерге зорлық-зомбылық көрсетуді жою туралы халықаралық күн

25 қараша – Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою туралы халықаралық күн. Дүниежүзі мемлекеттерінің көбінде қатыгездікке тыйым салу заңдары бекітілгенімен статистика әйелдердің 35 пайызының зорлық-зомбылықпен бетпе-бет келетінін көрсетеді. Кейбір елдерде бұл көрсеткіш 70 пайызға жетеді.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою туралы халықаралық күн

БҰҰ-ның статистикасы бойынша, әлем әйелдерінің отыз бес пайызы жыныстық және физикалық зорлық-зомбылықты бастан өткізген.

1960 жылдың 25 қарашасында Доминикан республикасындағы Патрия Мерседес Мирабаль, Мария Аргентина Минерва Мирабаль және Антония  Мария Тереза Мирабаль үш апалы-сіңліліні бірнеше ай азап-қорлықтан кейін сол елдің армиясының қауіпсіздік ұйымы өлтірді. Бұл үш апалы-сіңлілінің кінәсі Доминикан республикасының диктатуралық режиміне қарсы саяси әрекеттерге қатысуы болды.  21 жылдан кейін,  яғни 1981 жылы Латын Америкасы мен Кариб аймағындағы әйелдердің құқықтарын қорғаушылардың қатысуымен Колумбияның астанасы Боготадағы конференцияда үш апалы-сіңілінің өлген күнін әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық көрсетуді  жою күні деп атау туралы ұсыныс  жасалды. Ұсыныстың мақсаты осы апалы-сіңлілерге құрмет көрсетумен бірге қоғамдық пікірдің әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуға талпынысын арттыруға жігерлендіру болды.

1999 жылы БҰҰ 25 қарашаны «Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық көрсетуді жою туралы халықаралық күн» деп атады. Осы  кезде Мирабаль апалы-сіңлілердің үйі мұражайға айналып, жыл сайын әлем мемлекеттерінің көбінде осы күнге байланысты рәсімдер өтеді.

 

 

 

 

Мирабаль апалы-сіңлілер

 

Біріншіден, зорлық-зомбылықтың бұл түріне анықтама беру керек. БҰҰ ұсынған түсініктеме бойынша, әйелдерге физикалық, жыныстық және ақылына зардап келтіретін немесе азап-қорлығына себеп болатын әрекет пен  сөз әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық деп аталды. Тіл тигізетін және кемсітетін немесе қоқан-лоққы көрсететін сөздерді пайдалану, айқайлау, ұрып-соғу, жыныстық немесе достық қарым-қатынасқа мәжбүрлеу, жыныстық шабуыл жасау әйелдерге қарсы жасалатын зорлық-зомбылық саналады.  Зорлық-зомбылықтардың көптеген салдарлары байқалады.  Кейбір кезде зорлық-зомбылық әйелдердің өліміне немесе өздеріне қол жұмсауға соқтырады. Сондай-ақ аталмыш зорлық-зомбылықтардың 40 пайыздан астамында әйелдерге физикалық зардап келеді.  Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтар абыржу, күйзеліс, ұйқы мен тамақтанудың бұзылуына, кейде өзіне қол жұмсауға себеп болуы мүмкін. Әйелге қарсы зорлық-зомбылықтардың алдын алу саласында көптеген зерттеулер жүргізіліп, мамандар тарапынан әртүрлі жолдар  ұсынылды.  Қоғамдағы адамдарды оқыту – ең маңызды жолдардың бірі. Зорлық-зомбылықтардың салдарларынан хабардар ету олардың алдын алуға шынайы көмек бола алады. Азап-қорлық жасаушыларға қарсы заңдар бекіту әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтарды азайта алады.  Әйелдердің  зорлық-зомбылыққа қарсы реакция білдіруі де маңызды саналады. Бірақ зорлық-зомбылықтармен бетпе-бет келген әйелдердің көбі әртүрлі себеп-сылтаулармен оларды әшкерелеуге келіспейді. Кейбір артта қалған қоғамдарда отбасы ерлерінің қыздары, әйелдері мен аналарына қарсы зорлық-зомбылықтар табиғи саналады.

 

 

Зорлық-зомбылықтармен бетпе-бет келген әйелдердің көбі  оларды әшкерелеуге келіспейді

Зорлық-зомбылықтардың себептері және олардың саладарларынан хабардар ету олардың алдын алу саласындағы басты қадам саналады. Зорлық-зомбылық жалғасқан жағдайда қорлық көрсетушіні залалсыздандыру мәселені шешетін жол бола алады. Бірақ кейбір, әсіресе  дамуы төмен қоғамдарда әйелдердің ойлану және экономикалық тәуелсіздігінің болмауына байланысты азаптаушыдан құтқарылу олардың көбі үшін мүмкін емес. Зорлық-зомбылықты әшкерелеу, шағымдану, кеңесші және психологпен ақылдасу - зорлық-зомбылықтан кейін іске асырылатын  іс-қимылдар болуы тиіс. Қоғамдардың көбіндегі, тіпті дамыған мемлекеттерде абыройды қорғау сылтауымен зорлық-зомбылыққа көз жұма қарау бұл сұм құбылысқа қарсы тұруға кедергі болатын әдістердің бірі. 

 Статистика әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың әлемдік құбылысқа  айналғанын, дамыған немесе дамымаған елдерге қатысты еместігін көрсетеді. Еруопалық 28 мемлекетте әйелдерінің 43 пайызы зорлық-зомбылықты бастан өткерген. Австралияның әрбір үш әйіленің біреуі физикалық зорлық-зомбылықпен бетпе-бет келген. 2017 жылы жыныстық  зорлық-зомбылық ең көп кездескен 10 мемлекеттің тізімінде Оңтүстік Африка, Швеция және АҚШ тіркелді.

 

Әртүрлі ааймақтардағы әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың деңгейі

Кейбір мәселелер ерлердің әйелдерге қарсы зорлық-зомбылығын олардың болмысымен байланыстырудан туындайды. Бұл қате ой-пікір ерлердің қажет білім алуына қарсыласуға себеп болып, тіпті бала кездері ер балалардың оқуын қиындатады. Өйткені ұлдардың   зорлық-зомбылық мінез-құлқы олардың өзгермейтін басымдылығы деп көрсетіледі. Сондықтан гендерлік стереотиптердің нығаюы  әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық құбылысын жаһандық модельге айналдырды. Әлемдегі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың артуы көптеген алаңдаушылық тудырды. Сондықтан бүкіл әлемдегі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату үшін  бағдарламалар мен іс-қимыл қажет. Психологтың пікірінше, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық ажырасуға, сенімсіздікке, психологиялық проблемаларға, жетім балалар санының көбеюіне, балаларға дұрыс тәрбие бермеуге, өзіне деген сенім мен ғиззаттың төмендеуі мен есірткі заттарды қолдануға себеп болуы мүмкін. Есірткіні қолдану әйелдердің психикалық денсаулығын төмендетіп, депрессия, мазасыздық пен өзіне қол жұмсауға жеткізе алады. Нәтижесінде көңіл-күйі жоқ әйелдер үйде де, қоғамда да өз міндеттерін дұрыс атқара алмайтын болады.  

 

Көңіл-күйі сәйкес келмейтін әйелдер үйде де, қоғамда да өз міндеттерін дұрыс атқара алмайтын болады.  

Осыған орай әлемнің көптеген елдерінде   зорлық-зомбылықтың алдын-алу үшін арнайы заңдар қабылданды. Австралияда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты азайту үшін әйелдердің әртүрлі ұйымдары    үкіметпен ынтымақтастық етіп, жұмыс жасайды. Еуропа елдерінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі заңдардың жеке тұлғалардың әлеуметтік жағдайына ешқандай қатысы жоқ. Кем дегенде дүниежүзінің 119 мемлекетінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заңдар қабылданды. 125 елде жыныстық зорлық-зомбылық туралы заңдар бар. 52 ел ерлі-зайыптылардың жыныстық   зорлық-зомбылығына қатысты заң қабылдады. Еуропа Кеңесіне  мүше 15 мемлекет қабылдаған әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес туралы  конвенциясында әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу және күресу  шаралары қарастырылды. 

Әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң немесе Иран парламентіне 1396 жылы ұсынылған әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа тыйым салу жобасы   әйелдердің өмірін қорғауға бағытталған әрекет болып табылады. Бұл заң жобасының мәтіні – діни заңдар мен ережелерді ұстанатын әйелдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейтін ирандық-исламдық мәдениетке сәйкес келетін мәтін. ИИР   Конституциясының негізін құрайтын Ислам діні әйелдердің құқығын қорғауға ерекше назар аударады.  Алла Тағала "Ниса" сүресінің 19-шы аятында ерлерге әйелдермен мейірімді болуға кеңес береді.  Құран Кәрім әйел мен ерді бірдей санап, олардың еш біреуінің болмысы, тәуелсіздігі және даралығын өз болмысы, тәуелсіздігі және даралығы үшін құрбан ете алмайтынын баяндайды.  

 

 

Құран Кәрім ерлерге әйелдерге қайырлы болуға кеңес береді

Қорыта айтқанда, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа тыйым салу жаһандық және жергілікті шешімдерді, сондай-ақ олардың өзара әрекеттесуін де қажет етеді. Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты жою үшін жаһандық шешімдер тұрғысынан психикалық стереотиптерді жоюға және балалық шақтан бастап білім беруді атауға болады. Сондай-ақ, зорлық-зомбылық туралы мәселені көтеріп, бұл мәселеге үнсіз қалмау әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық туралы қоғамның хабардар болуына әсерін тигізе алады.

 

 

Тегтер