16 азар – Студенттер күні (1)
16 азар – ирандық студенттер мен жастарының билеп-төстеуші жүйеге қарсы революцияшыл қозғалысының басталған күні. Бұл күн Иран халқының тарихында үстемшілдікке қарсы күрес күні ретінде тіркелді.
Хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1332 жылдың 16 азар күні, сәйкесінше 1953 жылдың 7 желтоқсаны Иранның күнтізбесінде "Студенттер күні" деп аталған. Бұл күн Иран халқының үстемшілдікке қарсы қозғалыстарын еске салады. Осындай күні Теһран университетінің студенттерінің бір тобы АҚШ-тың Иранның істеріне араласу саясаттарына наразылық білдіріп, революцияшыл қозғалысты бастады. Бұл күннің наразылықтары студенттер қоғамымен шектелмей, Иран халқының АҚШ-қа жиіркеніш білдіретін дауысы әлемдіктердің құлағына жетті. 16 азар күнгі оқиғаның ағымында Теһран университетінің үш студенті басып-жаншушы режим күштерінің оғынан қаза болды. Бұл оқиға Иранның сол кездегі заңды үкіметіне қарсы америкалық-британиялық төңкерістен шамамен 4 ай өткен соң болды. АҚШ-тың сол кездегі Президенті Эйзенхауер Иранның сол кездегі заңды үкіметіне қарсы америкалық-британиялық төңкерістен кейін АҚШ Конгресінде сөйлеген сөзінде өз орынбасары Ричард Никсонның Иранға сапар шегетінін айтып: "Никсон Ирандағы жақтастары мен азаттық талап етуші күштердің жағдайын жақыннан бақылап, саяси жеңістің нәтижелерімен танысу үшін Иранға сапар шегеді",- деді. Бұл төғкерістен кейін АҚШ-тың әскери кеңесшілері АҚШ-тың заңсыз мүддесін қорғап, Вашингтонның саясаттарын іске асыру үшін Теһранға аттанды. Наразылық қозғалысының себебі негізінде АҚШ-тың Иранға араласуын айыптау болды. Наразылықтарға Пехлеви режимінің басып-жаншушы режимі оқ атып, жауап қайтарғанымен, басып-жаншу Иран халқының АҚШ-қа деген ызасы мен жиіркенішін күшейте түсті. Иран халқының АҚШ-қа қарсы наразылық дауысы қаттырақ естілді. Сондықтан 16 азар оқиғасы Иран халқының үстемшілдерге қарсы қозғалыстарына жаңа дем берді деп айтуға болады. Бұл тұрғыдан 16 азар оқиғасының маңызды жолдаулары болды. Өйткені бұл оқиға Иран халқының үстемшіл елдерге қарсы күресінің реакциясы болды. Наразылық қозғалысы АҚШ пен оның аймақтағы жақтастарына Иран халқының әлемдік үстемшілерге қарсы күресінің серпінді әрі мәңгі екенін көрсетті. 16 азар мен Иран күнтізбесінде "Әлемдік үстемшілдікпен күрес күн" деп аталған 13 абан күндеріне жасаған шолу бұл екі күннің жарты ғасырдан артық уақыт бойы АҚШ-тың араласуы мен қастықтарын жалғастыруына, Иран халқының әлемдік үстемшілдікке қарсы күресін көрсетеді. Тарих пен құжаттар шындықты көрсетті.
2017 жылдың 15 маусымында АҚШ Мемлекеттік департаменті Иранмен 1951-1954 жылдардағы қарым-қатынасы, сондай-ақ Мосадеқ үкіметін құлатудағы АҚШ барлау органдарының рөлі туралы тарихи құжаттарының қайта қаралған нұсқасын жариялады. АҚШ-тың 1951 жылдың ақпанынан 1952 жылдың ақпаны кезеңіндегі Американың Мосаддеқты түсіну құжаттарының №28 құжаттының бір бөлімінде: "Мосадеқтың маңызды қарсыластары болғанымен, мұнай жанжалды мәселе болып тұрған жағдайда оны биліктен кетіру мүмкін емес",- деп жазылды. Бұл құжатта Ирандағы өзгерістер үдерісіне шолу жасалып, ішкі мәселелер саласы сынды басқа тақырыпқа да назар аударылып, Мосадеқтың саясат саласында шахтың ықтиярларын тоқтатып, Мәжілістің негізгі билікке айналуын талап еткені көрсетілді. Сондықтан Мосадеқ билікті Америкаға қарсы патриоттық күресті бағыттау арқылы сақтап қалғысы келеді деген қауіп болды. Ол тіпті АҚШ-тың қосымша әскери көмегінен бас тартып, АҚШ кеңесшілерін Ираннан кетіруі мүмкін деп көрсетілді. Бұл құжат Иранның 28 мордад төңкерісінен кейінгі жағдайын жөнінде: «Британия, шах және Мәжіліс өкілдерінің ерте ме кеш пе, Мосадеқтың орнын әлсіретуге талпынатынында күмән жоқ. Бірақ Мосадеқты көпшілік қолдаған жағдайда шах пен Мәжілістің мұнай мәселесінде қайшылықтарының шешілетіні екіталай болды. Сондықтан, зорлық-зомбылық немесе шах жартылай диктаторлық режим орнату арқылы болмаса, бұл кезеңде Мосадеқтың құлатылуы мүмкін емес еді»,- деді. Бұл және басқа құжаттар 28 мордад төңкерісі мен Ирандағы Мосадеқтың заңды үкіметін құлатуға жасалған жағдайды анық көрсетті.
АҚШ бүгінде шамамен 40 жыл бойы күн сайын Иран халқының құқықтарын қолдауды сылтауратып, жаңа дұшпандық жобалары мен араласуларын іске асыруда. Бірақ америкалық басшылар Иран көшелеріндегі бүліктердің негізгі ұйымдастырушыларының аймақтағы ИИР-на қарсы арналар мен Орталық Барлау Басқармасы (ОББ) мен Моссадпен қарым-қатынаста болғаны және бүлікшілерді қолдауын мойындауы АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандығының тереңдігін әшкереледі. Ислам революциясының жетекшісі басидждермен кездесуінде ИИР-ның АҚШ халқы немесе мемлекетімен проблемасының жоқтығына тоқталып: «Иран халқының мәселесі АҚШ үкіметінің зорлық-зомбылығымен байланысты»,- деді. Діни жетекші АҚШ-тың Иранға дұшпандық білдіруінің негізгі себебі аймақтағы АҚШ жобаларының іске аспауы, яғни Иранның АҚШ пен Израильдің арандату және бөлшектеу жобаларын сәтсіздікке ұшыратуы екенін қуаттады. Осыған орай АҚШ пен аймақтағы одақтастарының үкіметтері мен сыртқы саясатын жобалаушылар Иранға соққы беретіндей не бұрын, не қазір еш нәрсе жасай алған жоқ. Иран халқы АҚШ-тың қастықтарына қарсы тұрып, исламдық негіздер мен армандарына табандылық білдіруімен әлемдік билеп-төстеуші күштерді дағдарысқа тірей алатынын көрсетті. Сондықтан 16 азар оқиғасынан жылдар өткенімен бұл күн Иран халқының үстемшілер мен АҚШ-тың дұшпандық саясаттарына қарсы жарты ғасырлық тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі саналады. АҚШ пен Иранның қарым-қатынасының тарихы АҚШ-тың араласуы және әрекеттерімен туындаған қара кезеңді көрсетеді. Бұл оқиғалардың ортақ мақсаты Иран халқын бағындыру болды. АҚШ Иран халқының үстемшілерге қарсы күресінің әлемдік үстемдікке қарсы күреске айналуына ызалы. АҚШ саясаттарына жасаған шолу қазіргі кездегі үстем ой-пікірлердің көбінің АҚШ-тың қате әрекеттерінің салдарынан пайда болғанын көрсетті. Қате әрекеттердің жалғасуы АҚШ саясаткерлерінің осы кезге дейін Иранға билеп-төстеуші көзқараспен қарайтынын дәлелдеді. Өткен 40 жылдағы АҚШ үкіметтерінің дұшпандығы мен кектері сан рет қайталанып, бұл қастықтардың соңы жоқ деген ой туады. АҚШ-тың саяси мәселелер сарапшысы Ноам Хомски АҚШ пен Иран қастығының тамыры жөнінде: «АҚШ пен Израиль өзін аймақтың иесі санайтын тәуелсіз күштің болуына төзе алмайды»,- деген болатын.