Жел 11, 2019 19:50 Asia/Almaty
  • Трамп және климаттың өзгеруі тақырыбы 1

АҚШ Президенті Дональд Трамп алдағы жылы күзде елінің Париж климат жөніндегі келісімнен ресми түрде шығатынын мәлімдеді. Ол билігі бастала салысымен, тіпті оған дейін де әрдайым 2015 жылғы климат жөніндегі «Париж келісімін» сынап, оны АҚШ үшін апат санап, 2017 жылы БҰҰ-на 2019 жылы елінің бұл келісімнен ресми түрде шығатынын хабарлады.

 

Бұл хабар Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ДМҰ) 2015-2019 ж.ж. жердегі климат жөніндегі мәлімдемесінде 5 жылғы су мен климат өзгерістеріне, соның ішінде теңіз деңгейінің көтерілуі, мұздықтардың еруі мен қатты дауылдарға тоқталған жағдайда тарады. Осы мәлімдеме бойынша, 2015-2019 ж.ж.  1850 жылдан бергі ең ыстық жылдар ретінде және атмосферадағы парниктік газдардың ең жоғары деңгейі тіркелген кезең болды. Ғалымдардың зерттеулері климаттық өзгерістердің артуы жер, адамзат қоғамы мен барлық тіршілік үшін шынайы қауіп-қатер екенін дәлелдеді. Бұл тақырыпқа АҚШ-тың қазіргі үкіметі, әсіресе ел Президенті Трамп немқұрайдылық танытып отыр.

Бұл тақырыптың маңыздылығына байланысты климат өзгерісі және өзгерістердің адамзат қоғамы мен басқа тіршіліктерге тигізетін теріс әсері мен АҚШ үкіметінің бұл мәселе жөніндегі көзқарастары туралы алты бөлімнен тұратын бағдарламаны ұсынамыз.

 

 

 

 

Ғалымдардың пікірінше, жердің белсенділігі мен Жердің ядросы мен мантиясындағы өзгерістер, сондай-ақ мұхиттардың тұздылығының өзгеруі климаттың өзгеруіне әсер ете алады. Бұл факторлар құрлық көлемінің  өзгеруі сияқты өзгерістерге соқтыруы мүмкін. Кейбір өзгерістер он жылдан бірнеше миллион жылға дейін созылады. Өйткені Жердің климаттық жүйесі өте үлкен және баяу қозғалып, өзгерістерге кеш реакция білдіреді. Ғалымдардың айтуынша, жердің динамикалық процестері немесе күн сәулесінің қарқындылығының өзгеруі сияқты сырт факторлардан басқа климаттың өзгеруіне адам факторлары да әсерін тигізеді.

Адам белсенділігі салдарынан туындаған климаттың өзгеруі мәселесі соңғы онжылдықта әлемдегі көптеген ғылыми және саяси топтардың назарын аударған маңызды экологиялық проблемалардың бірі болып табылады. Адамдардың Жердің атмосферасын өзгертуі енді айқын байқалды. Соңғы жылдары климаттың өзгеруіне байланысты  проблемалар мен дағдарыстар әлемнің барлық аймақтарына таралды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы соңғы жылдары болған үлкен апаттардың 90%-ның климаттың өзгеруімен байланысты болғанын сан рет мәлімдеді. Жаһандық жылыну, су ресурстарының сарқылуы және биоалуан түрліліктің жойылуы сынды экологиялық проблемалардың күннен-күнге күшеюі көптеген елдер мен халықаралық ұйымдардың маңызды мәселелерінің біріне айналды.

Климаттың өзгеруінің ең маңызды себебі парниктік газдардың артуы саналады. 1830 жылдан бергі өнідірістер ең маңыздысы диоксид карбон саналатын парниктік газдар мөлшерінің артуына себеп болды. Бұл саладағы жаңа зерттеулер көмір, мұнай мен газ жағу салдарынан жерде миллиондаған тонна диоксид карбонның таралатынын көрсетті. Норвегия ғалымы әрі халықаралық топтың мүшесі Гоенн Петерс бұл шындыққа тоқталып: "Ерте ме, кеш пе, апаттың салдарларын көреміз",- деді. Қытай, АҚШ пен Үндістан сынды елдер бұл іске байланысты апаттармен бетпе-бет келеді. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым өзінің соңғы есебінде парниктік газдар мөлшерінің артуының   жалғасып жатқанына тоқталып,    2015 жылдан 2019 жылға дейінгі бес жылдық кезеңде алдыңғы есеп  кезеңімен салыстырғанда әлемде диоксид карбон 20 пайызға артып, 2019 жылдың соңына қарай бұл үдерістің одан сайын артатынын мәлімдемді.

Жер атмосферасында көмірқышқыл газының болуы газдардың күн сәулесін сіңіретін парниктер ретінде әрекет етуіне себеп болады. Күн шағылысқан кезде газдар күн сәулесінің түсуіне жол бермейтін парниктік төбе сияқты әрекет етеді. Осылайша жер бетінің немесе жер бетіне жақын орналасқан атмосфераның температурасын көтереді. Қазіргі кезде бұл құбылыс жаһандық жылыну (Global warming) деп аталады. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым өзінің жуырдағы есебінде индустриялық кезеңге дейінгі кезеңмен салыстырғанда әлемдік орташа температура 1,1 градусқа,    2011-2015 ж.ж. қарағанда 0,2 градусқа көтерілгенін көрсетті.   

 

 

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның бас хатшысы Петтери Таалас  климаттың күрт өзгеруіне тоқталып: "Температураның индустриялық даму кезеңіне дейінгі температурадан 2 градусқа көтерілуін тоқтату үшін үкімет парниктік газдарды үш есе азайтып, сондай-ақ әлемдік температураны өнеркәсіптік даму кезеңіне дейінгі температурадан 1,5 дәрежеге төмендету үшін бұл шараларды 5 есе арттыру қажет. Мамандардың пікірінше, егер атмосферадағы парниктік газдардың мөлшері және ғаламдық жылыну осылай жалғаса берсе жер бетіндегі температураның артуы және теңіз деңгейінің көтерілуіне әкеледі. Олардың пікірінше, әлем қазір дағдарыс кезеңінен өтіп, қайтымсыз кезеңге жақындады.

Жер беті температурасының немесе жаһандық жылудың артуы мен климаттық өзгерістер  болжанбаған салдарларға соқтыруы мүмкін.  Бұл құбылыстар адамның өміріне қатер төндіретін негізгі он қатердің қатарында. Мәселен, жаһандық жылу мұздықтардың еруіне себеп болады. Мұздықтар еріп, артық су мұхиттар айналымына түсіп, мұхиттар жағалаудан шығады. АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау агенттігінің мәліметінше, 1870 жылдан бері теңіз деңгейі 20 сантиметрден асып кетті. Құрғақшылық, климат дағдарыстарының ушығуы, ауылшаруашылығы саласындағы шығындар, жерасты суларының төмендеуі, сондай-ақ егістік жерлердің азаюы азық-түлік қауіпсіздігінен айырады. Ашаршылық пен әлеуметтік толқулар   климаттың өзгеруінің келесі салдарлары. Бұл қатерлі жағдай соңғы онжылдықтардағы халықаралық қоғамның әрекеттеріне себеп болды. Климаттың өзгеруіне байланысты халықаралық реакциялар 1992 жылдан Риодағы Жер туралы саммиттен басталды. Саммит БҰҰ-ның климаттың өзгеруі туралы конвенциясын (UNFCCC) қабылдады. Самиттен кейін көптеген конференциялар мен отырыстар өтіп,  Біріккен Ұлттар Ұйымының 20 жылдық келіссөздерінен кейін    алғаш рет 2015 жылы Париж саммитінде  әлем елдері климаттың өзгеруіне қарсы тұру туралы құжат бекітуге келісті. Бұл құжат бойынша, Жер бетіндегі температураның орта есеппен 2050 жылға дейін 2 градусқа төмендеуі көзделді.  Париж келісімінде әлемдік қоғамдық ой-пікір Вашингтонды  Климат жөніндегі халықаралық құжатты қабылдауға мәжбүрледі. Сөйтіп, АҚШ-тың сол кездегі билігі Обама үкіметі елінің парниктік газдарды азайтатыны және бұл мәселеге байланысты конвенцияны қабылдауға келісті.  

Барак Обама Париж отырысында  БҰҰ-ның әлем климатының өзгеруіне себеп болуын мойындап: "Әлемнің ірі экономикасының басшысы және парниктік газдардың екінші өндірушісы ретінде бұл жерге АҚШ-тың климаттың өзгеруінің алдын алуда маңызды рөл атқаруымен бірге басқалардың шара қолдануын қолдайтнын жариялау үшін келдім",- деді. Ол тіпті бұл заманауи қиындыққа қарсы тұрып, кедей мемлекеттерге қаржылай көмек көрсетуге уәде берді. Бірақ 2017 жылы АҚШ билік басына Дональд Трамп келіп, АҚШ-тың парниктік газдардың ірі өндірушілерінің бірі болуына қарамастан Париж келісімнен біржақты шығатын шешімін жариялап: "Бұл келісім 6,5 млн жұмыс орны мен 3 трлн доллар көлеміндегі ұлттық өнім өндірісінен айырады",- деді.

 

 

Трамптың бұл шешімі Париж келісіміне қол қойған басқа елдер мен қоршаған ортаны қорғаушылар тобының сынымен бетпе-бет келді. Тіпті АҚШ-тың бұрынғы Президенті Барак Обама Трампты сынап: "Жаңа үкімет келешекті теріске шығаратын мемлекеттерге қосылды",- деді.  АҚШ-тағы экологиялық үкіметтік емес ұйымдардың бірі "Sierra Club" Трамп әкімшілігіне шабуыл жасап: «Дүниежүзінің барлық елі климат дағдарысымен күресуге жиналды. Ал Дональд Трамп ұят және қатерлі әрекетімен әлемдік деңгейде Американы оқшаулап отыр",- деді. Трамп бұл шешімін әлем, тіпті АҚШ-тың өзі күн сайын жаһандық жылу мен климаттың өзгеруінен туындаған көптеген апаттардың куәсі болып отырған жағдайда қабылдады.

 

 

 

 

 

Тегтер