Шейх Закзаки – зұлымдықтың құрбаны
(last modified Sat, 14 Dec 2019 12:10:52 GMT )
Жел 14, 2019 18:10 Asia/Almaty
  • Шейх Закзаки – зұлымдықтың құрбаны

Нигерияда 2011 жылдан бері мұсылмандарды қырып-жою мен ислам қозғалыстарын басып-жаншу күшейді. Израиль мен АҚШ режимдерінің қолдауына ие Нигерия үкіметі мен армиясы шиіттер тобын тұтқындап, заңсыз әрекеттерді іске асырып жатыр.

 

Зария қаласында Нигерия халқын қырып-жою оқиғасынан бері төрт жыл өтті.  2015 жылдың 12 желтоқсан күні ел армиясы Нигерияның мыңнан астам жазықсыз шиіттерін өлтірді. Бұл қайғылы оқиға Зария қаласындағы Бақие ат-Алла хосейниесінде шиіттердің сегізінші имамы хазірет Резаның (ғ.с.) шәһид болған күніне аза рәсімдерін өткізу үшін дайындалып жатқан Нигерия мұсылмандарына жасаған ел армиясының қатігез шабуылымен басталды. Шабуылдың ағымында халықпен бірге Нигерияның ислам қозғалысының бірқатар мүшелері, сонң ішінде шейх Заказкидің орынбасары шейх Мұхаммад Тури, дәрігері Мұстафа Саид, Ибрахим Осман мен Джеми Глима шәһид болды. Содан соң армия хосейниені өртеді. Нигерия армиясы бұл шабуылмен қанағаттанбай, келесі күндері де  қылмыстарын жалғастырды. Ертеңінде таңертең олар шейх Закзакидің үйіне шабуыл жасап, шейхтің үйіне жиналған қарусыз мұсылмандарды жаппай қырды. Халық жан аямай шейх Закзакиді қорғады. Өйткені шейх Закзаки бейбіт, қарапайым және зорлық-зомбылықтан алыс адам ретінде танымал. Ол еш уақытта оны қорғайтын адамдарға қару пайдалануға рұқсат етпеген. Бірақ әскериелер басында оның үйін өртеп, содан соң өртенген үйге шабуыл жасап, көптеген адамды өлтіріп, шейх Закзакиді жаралады.

 

Нигерия армиясының шейх Закзакиге қарсы қатігез қылмысы

 

 

 

Бұл шабуылда олар шейх Закзакидің көз алдында үш ұлын өлтірді. Бұдан бір жыл бұрын Құдс күнгі шеруде Нигерия армиясы шерушілерге шабуыл жасап, шейхтің басқа үш ұлын өлтірген. Закзаки алты ұлынан айырылды. Армия мұнымен шектелмей, шейх Закзакидің әйелі мен өзіне оқ атып, шейхті қатты жаралады. Шейх Закзакидің қызын тұтқындап, жерге соғып өлтірді. Сондай-ақ, шейхтің апасын да дәл сол жерде өлтіріп, сол жерде тұрған аяғы ауыр әйелді ұрып-соғып,  зорлық-зомбылық салдарынан әйел түсік тастап, жан тапсырады. Содан соң шейх Закзаки мен әйелін белгісіз жерге алып кетеді. Бұл апат Нигерияның ресми заңында дін азаттығы бекітілген жағдайда орын алды.

Қолдарында қарулары болмаған және ешкімге шабуыл немесе бүлік жасауды ойламаған, тек өздерінің діни рәсімдерін өткізу үшін бірге жиналған  мұсылмандардың жазығы не? Неліктен оларды өлтірді немесе ұрып-соқты? Барша адамгершілігі жоғары, бейбіт және зорлық-зомбылықтан алыс адам деп таныған шейх Закзаки неліктен осы кезге дейін азап-қорлық көріп, қамауда жатыр? Осы және тағы басқа жүздеген сұрақ Нигерия мемлекетіндегі мұсылмандарға қарсы қылмыстарды көрсетеді. Бірақ осы кезге дейін Нигерия үкіметі мен армиясы жауап берген жоқ. Мұсылмандарға қарсы зұлымдықтарға үнсіз қалатын халықаралық қауымдастық еш шара қолданбады, тіпті Нигерия үкіметі мен армиясының мұсылмандарға көрсетіп жатқан зорлық-зомбылықтарын айыптайтын мәлімдеме жариялаған жоқ. Associated Press-тің мәліметі бойынша адам құқығы белсенділері ғана сол жылдың 15 желтоқсанында Нигерия армиясын жүздеген халықты өлтіргені үшін айыптады. Олардың мәлімдемесінде Зария қаласындағы мұсылмандарды қырып-жою ағымында мыңға жуық адам өлгені туралы айтылды.

 

 
2015 жылы шейх Закзакидің үйіне жасалған шабуыл
 

Шейх Закзакидің  қызы Соһейла Закзаки бұл апаттың 4-ші жылдығына арналған Теһран отырысында: «Осыдан 4 жыл бұрын Нигерия армиясы адамгершіліктен жат әрекетте бір мыңнан астам жазықсыз адамды, соның ішінде 297 әйелді,  23 аяғы ауыр әйелді, 547 еркек пен 193 баланы өлтірді. 39 отбасының тіпті бір адамы қалмады. Олар сондай-ақ ғимараттар мен оның ішіндегі адамдарды тірідей өртеу және сәбилерді өлтіру сынды қылмыстарды да іске асырды. Бұл зорлық-зомбылықтары жөнінде армия күштері «армия қолбасшысын өлтіруге талпынады деген хабарға көрсетілген реакция болды» деп жариялады. Бұл күнгі қылмыс шейх Закзаки мен оның жақтастарын өлтіруді көздеген алдын ала жобаланған және басқарылған әрекет болды. Олар сол адамдарды өлтіріп, Нигерияның исламдық қозғалысын жоюды ойлады. Бұл оқиғадан кейін шейх Закзаки мен оның әйелі Малама Зинат пен көптеген басқа адамдар  заңсыз тұтқындалып, үкімет оларды босатудың заңды жолдарының барлығын жапты. Сонымен бірге сол жылдан бері исламдық қозғалыстың жақтастары ұйымдастырған бейбіт наразылық жиындары ағымында көптеген кісі өлтірілді. Олар тіпті кейде мұсылмандарды өлтіру үшін топтарды жалдайды»,- деді.

Бұл әрекеттер 2016 жылы Нигерияның Жоғары соты шейх Закзакиді босатуға шешім қабылдаған жағдайда болып жатыр. Нигерия үкіметі мен армиясы осы күнге дейін бұл шешімді орындаудан бас тартты.

Шейх Закзакидің қызы сондай-ақ әкесі мен анасының денсаулығы жөнінде: «Ата-анамның денсаулығы күннен күнге нашарлап барады. Өйткені Зария апатында олар ауыр жарақат алды. Бұл жағдайдан үкіметке толық хабардар. Шейх бірнеше рет инфаркт алды. Анам енді дұрыс жүре алмайды. Соңғы кезде шейхтың денсаулығына байланысты көптеген проблемаларымен бірге уланғаны туралы хабар жетті»,- деді. Соңғы бірнеше күнде шейх Закзаки инфекцияланған түрмеге ауыстырылды. Бұл азап-қорлық пен зорлық-зомбылықтың келесі бір түрі.

Нигерия армиясы мен үкіметінің исламдық қозғалыстың басшысы шейх Закзакиге қарсы дұшпандығы олардың аталмыш қозғалысты саяси қозғалыс деп санауынан басталады.

Нигерия – Африканың ең көп халқы бар және әлем бойынша халқының саны көп 10-шы мемлекет. Бұл елде 170 миллионнан астам адам өмір сүреді. Олардың 50 пайызын мұсылмандар құрайды. Нигерияда шиіттер санының көбеюіне байланысты сионистік режим мен Сауд Арабиясы бұл елдің үкіметін шиіттер революциясы болады деп қорқытып, қаржы және әскери көмек көрсетіп, мұсылмандарды басып-жаншу үшін лаңкестік Бокохарам тобын құрды. Бұл лаңкестік топ мұсылмандарды қатігездікпен өлтіріп жатыр. Нигерияда мұсылмандарды қырып-жою мен исламдық қозғалыстарды басып-жаншу 2011 жылдан бері күшейді. Израильмен АҚШ режимдерінің қолдауына ие Нигерия үкіметі мен армиясы  шиіттер тобын тұтқындау секілді заңсыз әрекеттерді іске асырды.  Тұтқынға түскен шиіттер азап-қорлық көріп, соттың шешімі шықпай өлтірілді. Бұл әрекеттер Сауд Арабиясының қаржылай қолдауына ие Бокохарам лаңкестік шабуылдарынан бөлек. Нигерияның орталық үкіметі және АҚШ, Сауд Арабиясы мен сионистік режимнің демеуімен аймақтағы шиіттерді қырып-жою мақсатында Нигерия шиіттеріне қарсы әрекеттер басталып, 2015 жылы аталмыш апатқа соқтырды.  

Негізсіз сылтаулармен шейх Закзакиді тұтқындау Сауд Арабиясы мен Израиль режимі және АҚШ-тың қолдауымен Нигерия мұсылмандарының қозғалысын жоюды көздеген алдын ала жобаланған бағдарлама болды. Олар исламдық қозғалыстың Нигерияның солтүстігі мен оның айналасындағы кейбір елдерде таралуынан қатер сезініп, мұсылмандары  қырып-жоюды күн тәртіптеріне енгізді. Негізінде Нигерияның исламдық қозғалысы діни-мәдени қозғалыс әрі саяси тұрғыдан Израиль режиміне үлкен қатер тудырмады. Нигерия исламдық қозғалысының ең маңызды саяси ұстанымы сионистік режиммен арадағы қарым-қатынасты тоқтату. Сол себепті Нигерия армиясы 2014 жылы бұл елдің шиіттерінің Құдс күнгі шеруін басып, 33 адамды, шейх Закзакидің үш ұлын өлтірді. 2015 жылдың соңында шейх Закзаки орталық үкіметке жолдаған хатында Израильмен қатынасты үзуді талап етті. Үкімет жауап ретінде шамамен 1000 адамның өмірін алып, Зарияда Бақие ат-Алла хосейниесін қиратты. Шейх Закзаки сол кезде берген сұхбатында: «Орталық үкімет Нигерия мұнайын аңсап отырған Батысқа тәуелді»,- деді.

Шейх Закзаки мен әйелінің тұтқындалуы және олардың денсаулығының нашарлауына байланысты Нигерия мен басқа елдердің мұсылмандары наразылық шерулерін өткізіп жатыр. Әрдайым АҚШ пен заңсыз Израиль режимінің саясаттарымен үндес болған адам құқығының белсенділері үнсіздіктерін жалғастырып жатыр. Закзакидің азабына қатысты ақпарат құралдары мен ұждандар әлі үнсіздік танытып отыр. Бірақ оның жолы еш уақытта жойылмайды, ұмытылмай, мәңгіге қалады.