Трамп және климаттың өзгеру тақырыбы 2
(last modified Mon, 16 Dec 2019 06:50:12 GMT )
Жел 16, 2019 12:50 Asia/Almaty
  • Трамп және климаттың өзгеру тақырыбы 2

АҚШ Президенті Трамп 2019 жылдың 28 қаңтарында Twitter-дегі парақшасында климаттың өзгеруі жөнінде: «Әдемі Мидуэстте температура -60 градусқа жетті. Бұл осы уақытқа дейін тіркелген ең суық температура. Алдағы күндері одан да суық болады деген болжам бар. Адамдар сыртта бірнеше минуттан артық бола алмайды. Ондай болса, жаһандық жылыну қайда? Өтінемін, тез кел! Сен бізге қажетсің», - деп жазды.

 

 

Трамптың бұл сөзі ғалымдардың зерттеулері өткен ғасырда климат өзгерістерінің Жер бетінде көптеген салдары болғанын көрсеткен жағдайда айтылды.  Адамзаттың көмірқышқыл газы сияқты парниктік газды арттыруы мен Жер атмосферасындағы оның тығыздығының  жоғарылауы күн радиациясы мен энергияның атмосфераға түсуі мен климаттың өзгеруіне себеп болды. Климаттың өзгеруі салдарынан белгілі бір күні Ниагара су құламасы қатып қалуы мүмкін. Климаттың өзгеруі тек жылыну немесе салқындаумен ғана шектелмейді. Бұл құбылыс соңғы онжылдықтарда әлемнің түкпір-түкпірінде  басқа да жойқын салдарға себеп болды. Бұл тақырып  көптеген зерттеулердің нәтижелерінде расталды.  

 

 

Сарапшылардың пікірінше, жаһандық температураның жоғарылауы, жылыну мен климаттың өзгеруі көптеген жағымсыз салдарға соқтыруы мүмкін. Бұл құбылыстар адам өміріне қауіп төндіретін он қатердің бірі саналады. Мысалы, жаһандық жылыну мұздықтарды ерітеді. Температура жоғарылаған сайын мұздықтар ериді. Температураның төмендеуімен олардың көлемі ұлғаяды. АҚШ-тың геологиялық қызметіне сәйкес, өткен уақытта Монтана мұздығы ұлттық паркінде 150-ге жуық мұздық болған, бірақ қазір солардан тек 25 мұздық қалды. Әлемнің басқа мұздық аймақтарынан да осындай жағдайды көруге болады. Мұздықтар еріген кезде мұхит су айналымына көп су қосылып, мұхиттағы су деңгейі көтеріледі. АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау агенттігінің мәліметінше, 1870 жылдан бері теңіз деңгейі 20 сантиметрден артық мөлшерге артқан. Болжамдар бойынша, алдағы жылдары теңіз деңгейінің көтерілуі одан әрі жалғасады. Қазіргі уақытта жер бетіндегі тұрғындардың шамамен жартысы өмір сүретін жағалау аймақтарының көбі  бұл үдеріс жалғасатын болса, су астында қалуы мүмкін.

Расында әлемде климат өзгерісі жиілегені байқалып отыр. Сондықтан әлем бойынша көмірқышқыл газының  таралуын төмендетпесек, миллиардтаған адам мен табиғатқа зиян келтіреді.  Өткен жылдардағы климаттың қатты өзгеруі көптеген шығын келтіріп, әлемнің әртүрлі аймақтарындағы дауылдарға себеп болды. Мәселен, 2017 жылы «Харви», «Ирма» және «Мария» дауылдары АҚШ-тың бірнеше штатына соққы беріп, миллиардтаған доллар шығын келтірді. 2019 жылдың жазындағы «Дориан» дауылы соңғы жылдардағы ең жойқын дауылдарының бірі болып, 298км/сағ. жылдамдығымен Багама аралдарына жетіп, көп шығын келтірді. АҚШ-тан басқа әлемнің әртүрлі басқа аймақтарындағы дауылдар да климат өзгерісінің салдарлары болып табылады. Мәселен, 2019 жылдың наурыз-сәуір айларындағы   тропиктік бірнеше циклон Мозамбикке бұрын-соңды болмаған шығын келтірді.

 

Ғалымдар әлемдік жылыну жаңбырдың артуына себеп болғанымен мұхиттардан алыс аймақтарда жаз маусымында  құрғақшылық болады деп санайды. Сондай-ақ дауылдардың көбеюі мен теңіз деңгейінің көтерілуі салдарынан су тасқыны да көбеюі мүмкін. Бұл апаттарға қарсы тұрмаса, мүмкіндіктері аз кедей елдер басқалардан гөрі көбірек қатермен бетпе-бет келеді. Зерттеулердің көбі бұл тақырыпты растайды. Өткен жылдары әлемнің әртүрлі елдеріндегі, соның ішінде Италия, Жапония мен Ирандағы су тасқыны жүздеген адамның қаза болуына себеп болып, миллиардтаған доллар шығын келтірді.  

2019 жылдың ақпан айындағы АҚШ-тың   Небраска, Айова және Миссури штаттарындағы су тасқыны 1 миллиард доллардан астам шығын келтірді.  Дакота мен Миссури және солармен іргелес штаттардағы 445000 га ауылшаруашылық алқаптары, сондай-ақ АҚШ-тың батыс аймақтарының 35000 га астам табиғи ландшафттары мен жайылымдары бір апта немесе одан да көп уақыт су астында қалды. Өткен жылғы басқа да дамыған елдердегі су тасқынының шығыны жоғары болды. 2018 жылдың күзінде Испаниядағы нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарынан 12 адам қаза болды. Су тасқыны кезінде көптеген мектептер мен жолдар жабылды. Өткен жылдағы Францияның оңтүстігіндегі су тасқынында да 15 адам өлді. Дамыған мемлекет саналатын Жапонияда 2018 жылғы су тасқыны 200 адамның қазасына себеп болды.

Италияда да 2018 жылы сел апаты салдарынан 30 адам жан тапсырды. Тарихи және туристік Венеция қаласы мэрінің айтуынша, 2019 жылдың қараша айында климат өзгерісі салдарынан су деңгейі 1 м 87 см көтеріліп, көптеген шығын келтіріп, қалада төтенше жағдай жарияланды. Теңіз деңгейі ең жоғары деңгейге жеткен кезде ЮНЕСКО-ның әлемдік мұраларының бірі саналатын қаланың 80 пайыздан астамы су астында қалып, бірнеше адам қаза тапты. Венеция мэрі Луиджи Бругнараның айтуынша, соңғы 50 жылда су мұндай деңгейге көтерілген емес. Оның пікірінше, бұл климат өзгерісінің тікелей салдары.

 

Венецияның Сент-Марк алаңы, 2019 ж. 13 қараша

 

 

Осылайша, жер температурасы жоғарылаған сайын теңіздер қауіпті факторға айналуы мүмкін. Ғалымдардың пікірі бойынша, осы ғасырдың соңына дейін біз теңіз деңгейінің 10 футқа көтерілуімен бетпе-бет келеміз. Тіпті парниктік газдар мен  жаһандық жылыну деңгейі төмендесе де теңіз деңгейі кемінде төрт футқа көтеріледі. Әлемдегі ірі қалалардың үштен бірінің жағалауда орналасуы, өсімдіктері, кемежайлары, порттары, әскери базалары, фермалары, өзен сағалары, жыртылған алқаптары және күріш өсіруіне назар аударатын болсақ,  теңіз деңгейінен 10 фут биіктікке көтерілуі кем дегенде 600 миллион адам үшін тосын оқиғаларға себеп болуы мүмкін.

Дүниежүзілік жылыну теңіздерге басқа апаттар тудырды. Зерттеулер көрсеткендей, адам өндіріетін көмірқышқыл газының 30 пайыздан астамы мұхитқа сіңіп кетеді. Көмірқышқыл газының көтерілуі «мұхиттың қышқылдануы» деп аталған құбылыс. Бұл құбылыс қазіргі ғасырда жер температурасының жарты градусқа көтерілуіне соқтырды. Мұхиттардың қышқылдануы балықтардың көп мөлшерінің өліміне себеп болады.

 

Мұхиттардың қышқылдануының салдары айтылған нәрселермен шектелмейді. Көміртек судағы  оттегін азайтып, микробтардың кейбір түрлерін өсіреді. Оттегі тапшылығынан ұсақ балықтар тіршілігін жалғастыра алмайды. Бұл үдерістің жалғасуы теңіз жағдайы мен балық аулауды қиындыққа тірейді. Мексика шығанағының аймақтары мен Намибияда бұл құбылыс жағалау аймақтарын толық жойды. Мұндай апаттар климаттың өзгеру салдарларының аз ғана бөлігі. Әлемнің барлық мемлекеттері бұл апаттардың алдын алуға талпынып жатқан кезде АҚШ Президенті Дональд Трамп парниктік және көмірқышқыл газдарын азайту, сондай-ақ әлемдік қоршаған орта апатының алдын алу үшін таза энергияны пайдалануға қадам басудың орнына климаттық дағдарыстарға қарсы халықаралық талпыныстарға кедергі жасап жатыр. Бұл шындық әлем халықтары үшін жасырын емес.