Жел 24, 2019 23:09 Asia/Almaty
  • Надандық – зорлық-зомбылық пен экстремизмнің факторы

Үшінші мыңжылдықтағы адамзат әлемі ғылыми, өнеркәсіптік, экономикалық және әлеуметтік дамудағы жетістіктерге қарамастан, әлі де көптеген ауытқулардан зардап шегуде. Соның ішіндегі ең маңыздылары көптеген адамдарды құрбан етіп отырған қазіргі кездегі зорлық-зомбылық, экстремизм және лаңкестік.

Таяу Шығыс елдерінің жәбір көрген жазықсыз мұсылмандарынан бастап, Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Еуропаның және Қара құрлықтағы  адамдар зорлық-зомбылықтың салдарынан өлмеген күн жоқ.

Зорлық-зомбылық және экстремизммен күрес саласында ИИР Президенті Хасан Рухани 2013 жылдың 18 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында Нью-Йоркте сөйлеген сөзінде «Зорлық-зомбылық пен экстремизмнен ада әлем» жобасын ұсынды.  «WAVE қарары» деп танымал болған бұл ұсынысты әлемнің 190 елінің өкілдері бекітті. Бұл қарар бекітілген соң жазықсыз адамдардың төгілген қандары ұмытылмас үшін 18 желтоқсан «Зорлық-зомбылық пен экстремизмнен ада әлем» күні деп аталды.  

 

 

 

 

Деректер бойынша адамзат жаратылыстың басынан жағымсыз оқиға арқылы зорлық-зомбылық пен әсірешілдіктің дәмін татты. Бұл әрекет әрқашан қоғамдағы жеккөрушілік пен өшпенділікке себеп  болды. Қабыл ағасын  зорлықпен өлтірді. Бұл кісі өлтіруді ақтауға болмайды, өйткені ол қылмысты тек қызғаныш және  Құдайдың бұйрығына бағынбаудан жасады. Сол күннен зорлық-зомбылық басталып, әсіресе әлемдік соғыстармен жоғары толқынына жетті. Дүниежүзілік соғыстардан кейін әртүрлі лаңкестік оқиғалар мен кіші және үлкен соғыстар болды.

Зорлық-зомбылықсыз әлем бүгінде әлем оған жете алмаған арман болар. Дамушы мемлекеттер шара қолданып, әлемде бейбітшілік пен достық орнатуға талпынғанымен немесе әртүрлі діндер өз сенімдеріне сай бұл жолда қадам басқанымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдар зорлық-зомбылықсыз әлемге жету үшін бағдарламалар дайындағанымен шынайы әлем осы кезге дейін бұл мақсатына жетпеді. Әлемде әлі де психологиялық, физикалық, әлеуметтік, гендерлік, діни және т.б. зорлық-зомбылық кездеседі. Оны елемеуге болмайды. Тіпті бейбітшілік пен достықтың туын көтеріп,  зорлық-зомбылықсыз әлемге қол жеткізуді мақсат еткен халықаралық қауымдастық зорлық-зомбылық пен экстремизмге қарсы күреске қажет күшті құралды таба алмай, тақырыпты ауызша айыптаумен қанағаттанды. Басқаша айтқанда бұл әлемдік проблемамен күресетін күш-қуат жоқ. Қоғамдағы қақтығыстар мен араздықты күшейтіп, зорлық-зомбылық пен экстремизмді жандандырған  адамның мүддесі. Адамзаттың халықаралық және ішкі деңгейде зорлық-зомбылықты азайту талпыныстары қауіпсіз күндерге себеп болса да, әлем ешқашан зорлықшыл, өзімшіл, экстремистік адамдардан бос болған емес. Кемсітушілікті жойып,   әділеттке қол жеткізу әлемдегі зорлық-зомбылықты жоятын маңызды факторлардың бірі болып табылады. 

Зорлық-зомбылықты қолданып, зорлық-зомбылық пен террористік топтарды қолдау әлемдік державалардың мақсатына жету үшін  құралға айналды. Мәліметтер АҚШ пен Ұлыбритани және олардың аймақтық одақтастарының әл-Каида  мен ДАИШ сынды топтардың құрылуындағы рөлін растады. Басқа жағынан, егер мемлекет экстремизм мен зорлық-зомбылыққа қарсы тұрса, АҚШ сияқты елдердің айыптарымен бетпе-бет келеді. Мәселен, Сирия мен Иракта лаңкестік пен зорлық-зомбылықпен іс жүзінде күресіп, аймақтағы басқыншылық пен экстремистік топтармен қатынасты тоқтатуды талап еткен Иран бұл аймаққа кедергі келтірді және араласуға талпынды деп айыпталып отыр.   

Мұндай жағдайда экстремизмнің тамырын анықтау қажет. Лаңкестікті анықтап, тамырынан жою үшін үшін оның сыртқы және ішкі себептеріне көңіл бөліп, оның саяси, қоғамдық, экономикалық және идеологиялық мақсаттарын анықтау керек. Адамзаттың тыныштығын нысанаға алып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған жазықсыз адамның қырылып-жойылуы мен босқынға айналуына  себеп болған бұл құбылысты жою үшін оны жақсы білген жөн. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Еуропа жастарына жолдаған екі хатында бұл оқиғаларды білу қажеттігін қуаттап: «Адамзаттың қазіргі кездегі қатері – надандық кезеңге оралу. Надандық адамды адамгершіліктен айырып, адамның өз болмысына немқұрайдылқ танытуына соқтыратын құбылыс»,- деді.

Әлемдегі зорлық-зомбылықтың шиеленіскен жағдайына тереңірек шолу жасап, батыстың саяси мәдениетінде кеңейтілген терроризмнің бұрмаланған және ойдан шығарылған идеологиялардың дамуына жағдай жасаған қазіргі заманғы надандықтың туындысы екенін түсінеміз. Әл-Каидадан ДАИШ, Джабхат ан-Нусра, Боко Харам, әл-Шабаб, Ахрар Шам және басқа да ондаған қауіпті топтардың құрылуы шекараны білмейтін надандық ойлардың өнімі. Еуропада нео-нацизм немесе экстремистік ағымдар сияқты идеялардың көтерілуі де қазіргі заманғы надандық пен батыстық саяси мәдениеттен туындаған құбылыстардың бірі болып табылады. Бұл надандықтың салдарынан Батыс қоғамдарындағы экстремистік нәсілдік және діни экстремизм идеяларының зорлық-зомбылық пен экстремизмнен көруге болады.

Осы кезде әлемнің зорлық-зомбылық пен экстремизмге қарсы қарадың бекітілуінен алты жыл өтіп, әлем қарардың бекітілуінен бері көптеген өзгерістердің куәсі болдық. Ирактағы ДАИШ-тың құлдырауы, АҚШ-та Трамп үкіметінің келуі, бірнеше еуропалық мемлекеттердегі лаңкестік шабуылдар, Йемендегі қақтығыстар мен Рохинья мұсылмандарының қырылып-жойылуы зорлық-зомбылық пен экстремизм тақырыбын көрсететін оқиғалардың тек бір бөлігі. Бірақ егер  бұл оқиғалардың ортақ мәселесін түсінетін болсақ,   адамдар өзара бейбіт өмір сүру туралы ойланып, бұл өмірге жақындаған сайын   зорлық-зомбылық пен экстремизм айтарлықтай азаяды және керісінше, адамдар надандықта өз ойларын басқалардан жоғары санаса, зорлық-зомбылық пен экстремизмнің бастауы болды.  

Мәселен, мұны Ислам дініне байланысты қарама-қайшы екі көзқараста анық көруге болады. ДАИШ ізбасарлары өздерінің ой-пікірлерін тек басқа діндер мен идеяларға ғана емес, сондай-ақ оларға қарсы мұсылмандарға да мойындатуға талпынуда. Басқа жақтан Дональд Трамп Исламнан үркіту ұстанымымен алты мұсылман елінің азаматтарына АҚШ-қа енуге тыйым салды.  Исламға байланысты бұл екі ұстаным да жалған. Өйткені зорлық-зомбылық пен экстремизмге жағдай тудырады. Ымыраға келу, шыдамдылық және әртүрлі ой-пікірлерді құрметтеуден басқа шешім жол жоқ. Расында  әлемдік бейбітшілік  мейірімділік арқылы орнатылады.

Әлемде зорлық-зомбылық пен экстремизмге қарсы қарардың бекітілуінен алты жыл өтті. Қарардың бекітілуінен бері әлемде көптеген өзгерістер болды. Ирактағы ДАИШ-тың құлдырауы, АҚШ-та Трамп үкіметінің келуі, бірнеше еуропалық мемлекеттердегі лаңкестік шабуылдар, Йемендегі қақтығыстар мен Рохинья мұсылмандарының қырылып-жойылуы зорлық-зомбылық пен экстремизм тақырыбын көрсететін оқиғалардың тек бір бөлігі. Бірақ егер  бұл оқиғалардың ортақ мәселесін түсінетін болсақ,   адамдар өзара бейбіт өмір сүру туралы ойланып, бұл өмірге жақындаған сайын   зорлық-зомбылық пен экстремизм айтарлықтай азаяды. Керісінше, адамдар надандықта өз ойларын басқалардан жоғары санаса, зорлық-зомбылық пен экстремизмнің бастауы болды.  

Мәселен, мұны Ислам дініне байланысты қарама-қайшы екі көзқарастан анық көруге болады. ДАИШ ізбасарлары өздерінің ой-пікірлерін тек басқа діндер мен идеяларға ғана емес, сондай-ақ оларға қарсы мұсылмандарға да мойындатуға талпынуда. Басқа жақтан Дональд Трамп Исламнан үркіту ұстанымымен алты мұсылман елінің азаматтарына АҚШ-қа енуге тыйым салды.  Исламға байланысты бұл екі ұстаным да жалған. Өйткені зорлық-зомбылық пен экстремизмге жағдай тудырады. Ымыршылдық, шыдамдылық және әртүрлі ой-пікірлерді құрметтеуден басқа шешім жолы жоқ. Расында  әлемдік бейбітшілік  мейірімділік арқылы орнатылады.

Әлемде зорлық-зомбылық пен экстремизмге қарсы қарардың бекітілуінен алты жыл өтті. Қарардың бекітілуінен бері әлемде көптеген өзгерістер болды. Ирактағы ДАИШ-тың құлдырауы, АҚШ-та Трамп үкіметінің келуі, бірнеше еуропалық мемлекеттердегі лаңкестік шабуылдар, Йемендегі қақтығыстар мен Рохинья мұсылмандарының қырылып-жойылуы зорлық-зомбылық пен экстремизм тақырыбын көрсететін оқиғалардың тек бір бөлігі. Бірақ егер  бұл оқиғалардың ортақ мәселесін түсінетін болсақ,   адамдар өзара бейбіт өмір сүру туралы ойланып, бұл өмірге жақындаған сайын   зорлық-зомбылық пен экстремизм айтарлықтай азаяды. Керісінше, адамдар надандықта өз ойларын басқалардан жоғары санаса, зорлық-зомбылық пен экстремизмнің бастауы болды.  

Мәселен, мұны Ислам дініне байланысты қарама-қайшы екі көзқарастан анық көруге болады. ДАИШ ізбасарлары өздерінің ой-пікірлерін тек басқа діндер мен идеяларға ғана емес, сондай-ақ оларға қарсы мұсылмандарға да мойындатуға талпынуда. Басқа жақтан Дональд Трамп Исламнан үркіту ұстанымымен алты мұсылман елінің азаматтарына АҚШ-қа енуге тыйым салды.  Исламға байланысты бұл екі ұстаным да жалған. Өйткені зорлық-зомбылық пен экстремизмге жағдай тудырады. Ымырашылдық, шыдамдылық және әртүрлі ой-пікірлерді құрметтеуден басқа шешім жолы жоқ. Расында  әлемдік бейбітшілік  мейірімділік арқылы орнатылады.

Осындай лас кеңістікте Иранның әлемге зорлық-зомбылық пен экстремизмге қарсы қарары ұсынуы  өзін өткеннен алыстатып, адамгершлік пен қадір-қасиетіне сенім артуға шақыру болып табылады.  Бұл қарардың қабылдануы   баршаны зорлық-зомбылық пен экстремизммен араласқан жалған ойлардан аулақ болуға және ынтымақтастыққа шақыратын жолдау болады. Иран Президентінің бұл шақыруы барлық елдер  мен халықтар үшін зорлық-зомбылықтан алыс бейбітшіл әлемді тілейтін Ислам революциясының дүниетанымынан тамырланған. Исламның қөзқарасы бойынша, лаңкестік пен зорлық-зомбылық барлық адамдардың мәселесі. Зорлық-зомбылықтан ада әлем – егер бұл іске асса, әлемдік бейбітшілік пен бүкіл адамзаттың тыныштығының алғышарты болатын тақырып.

 

Тегтер