Жүректерге жол тапқан сардар (1)
(last modified Mon, 06 Jan 2020 08:20:13 GMT )
Қаң 06, 2020 14:20 Asia/Almaty
  • Жүректерге жол тапқан сардар (1)

Иран тарихы аңыз-әпсанаға толы. Аңыз-әпсаналар тек Иран кітаптары және аңыздарымен ғана шектелмейді.

Иран Ислам революциясының жеңісіне дейін Мохаммад Реза Паһлави мен әкесінің үстем билігіне қарсы күрес, содан соң Саддам режимінің Ислам республикасына қарсы  8 жылдық соғысы кезіндегі күрестерде ерлік жасаған ерлер мен әйелдер Иран халқының есінен еш уақытта ұмытылмайды. Бұл адамдар аңызға айналды.

Біз зорлық-зомбылық пен әділетсіздікке қарсы күресті өмірінің негізі етіп қалыптастырған, әділет пен ислам құндылықтарын тарату жолында таза қанын жерге төккен жомарт адамдарды еске аламыз. Алланың сүннеті бойынша тура жолды ұстанушылар әрдайым жалғандықтың жақтастары ұйымдастыратын кедергілермен кезігеді. Жаратылыстың басынан әділдікті қолдаушы,   қатыгездік пен надандық  және ырымшылдыққа қарсы күрестің көрінісі саналған илаһи пайғамбарлар  әрқашан қауіп-қатерге ұшырап, олардың көбі залымдардың қолынан қаза тапты.

Шәһид – ойы терең, ғамалы шекаралардан асатын адам. Негізінде шәһид шындық пен әділет орнату үшін зорлық-зомбылық және әділетсіздікпен күреседі. Сондықтан шәһидтерді адам құқығы қаһармандары деп атауға болады. Шәһидтердің барлығының жоғары идеялары мен ұмтылыстары бар; олардың істері тек Алла үшін. Алайда олардың кейбіреуі басқаларына қарағанда анағұрлым сенімді. Шәһид Ғасем Солеймани ақжарқын, жанашыр, ирандық және басқа халықтардың адал досы, сардар, қарапайым қорғаушы болды. Ол жүрегін ақыретке тапсырып, бұл дүниенің адал ғамалдар жасау үшін берілген үлкен мұрсат екенін жақсы білді. Ол имам Хомейни мектебінен экстремизм мен тәкфіршіліктің қатар жүретінін үйреніп, өмірінің маңызды бөлімінде ДАИШ-тың экстремизмі және тәкфиршілігімен күресумен айналысты. Бұл тұлғаның болмысынан қырағылық пен даналық айқын байқалды.

 

Сардар Ғасем Солеймани

Иранның қазіргі діни жетекшісі аятолла Хаменеи имам Хомейнидің орынбасары ретінде имамның армандары мен мақсаттарына берік болып, Батыс үкіметтерінің зорлық-зомбылығын қабылдамай, олардың жобаларына қырағылық білдіріп, алпауыт елдердің іші бос күш-қуатын сәтсіздікке ұшыратты. Ол кісі ислам үмбеті бірлігінің көрінісі; Ислам әлемінің мүдделерін қорғаушы. Имам Хомейни мен аятолла Хаменеи ел мен ранның исламдық жүйесін басқару, сондай-ақ әлем мұсылмандары мен зорлық-зомбылық көрген халықтарын қиын жағдайларда қорғау әрекеттерімен Батыстың материалдық ой-пікіріне қарсы діни басшылықты көрсетіп, бұл жолда көптеген шәкірт тәрбиеледі. Діни билік пен діни жетекшінің ең маңызды жақтастарының бірі қажы сардар Ғасем Солеймани болды. Ғасем Солеймани ержүрек және халық жақсы көретін қолбасшыға лайық бүкіл қадір-қасиетімен бірге имам Хомейни мен аятолла Хаменеидің кезеңінде барша үшін айқын болған діни билікті қолдау ерекшелігіне ие болды. Революцияның жеңісінен кейін өткен 14 жыл ішінде Ғасем Солейманидің діни басшының бұйрығына бағынбаған бір мысалы табылмайды. Расында қажы Ғасемді әлем әлсіздері үшін сүйікті еткен оның діни билікке бағынуы болды. Бұл барша үшін үлкен сабақ. Ғиззат, күш-қуат пен халықтың махаббатына ие болғысы келген адам  Исламда қуатталғандай, діни билікке бағынуы керек. Қажы Солеймани 41 жыл бойы діни билікке бағынудан жалтарған емес. 

 

Әскери белгілер қарулы күштердің  рухы мен өзіне деген сенімін арттыруды көздейді. ИИР да басқа елдер сынды әртүрлі әскери белгілер тағайындап, әскерилерін марапаттайды. Осыдан біраз уақыт бұрын Ислам революциясы жетекшісі Ирандағы ең  жоғары әскери белгі саналатын "Золфағар" белгісімен генерал Солейманиді марапаттап: "Алла жолындағы әрекеттер бұл белгілермен бағаланбайды. Алла Тағала: "Күдіксіз Алла мүміндердің жандарын, малдарын жаннатпен айырбастады...",- деген. ("Тәубә" сүресі, 11-ші аят). Яғни Алла жолындағы жиһад үшін Алла Тағала жаннаты және ризалығын сыйлайды. Біздің ауызша немесе амалымызбен   рақмет айтуымыз бен белгі тапсыруымыз дүниенің материалдық есебі, ал илаһи есеп біздің қолымызда емес. Барлығыңыз әрекеттеніп, талпыныс жасадыңыздар. Алла Тағала жақын бауырымыз Солейманиге көмектесті. Бауырымыз сан рет дұшпанның қастығы қатерімен бетпе-бет келді. Алла жолында, Алла үшін жиһад жасады. Ұлы Алла бауырымыздың өмірін бақытты, соңын шәһид болумен аяқтатсын. Әрине қазір емес. Ислам республикасы келешекте көп жылдар бойы сізді қажет етеді. Өміріңіздің соңы шәһәдат болсын",- деді.

 

 

Аятолла Хаменеи Ғасем Солейманиді "Золфағар" белгісімен марапаттады

 

Сардар қажы Ғасем Солеймани мейірімді, табанды, ынталы, еңбекқор, қырағы, қатаң, жомарт, мистик, күрескер, ғалым және білімпаз, стратег және тактик, діни билік пен халыққа бағытталған, саясаткер және эскапист болды. Сондықтан оның шәһид болуы туралы хабардың таралуымен әлем қайғыға батты. Сардар Солеймани шәһид болғаннан кейінгі Ислам революциясы жетекшісінің жолдауы хазірет Әлидің (ғ.с.) Малек Аштарды аза тұтып, айтқан сөзін еске салды. Хазірет Әли (ғ.с.): "Малек ибн Харестің өмірі аяқталды. Ол өз келісіміне табанды қалып, Жаратушысына қарай асықты. Алла Тағала Малекті кешіреді. Ол егер тау болғанда, қол жетпейтін биік шыңға жетер еді. Егер тас болғанда, қатты болатын еді",- деген. Ибн Аби әл-Хадид өз кітабында: "Өз жаныммен ант етемін, Аштар мұндай мадаққа лайық болды.  Ол батыл, күшті, жомарт,   шыдамды, шешен және ақын болған. Оның бойынан қатаңдық пен жұмсақтық бірге байқалды.  Ол ашуланған кезінде қатаң, жұмсақтық кезінде ымырашыл болды.

Шәһид болу Солейманидің арманы болды. Бұл оқиға Солеймани мен оның серіктерін армандарына жеткізді. Көптеген адам оның Ахмад Каземи мен Имад Моғниені аза тұтып, жылағанын, шәһидтердің мәйітімен қоштасқан кезде жылағанын  көрді. Ол ісін шын жүрегімен орындап, екіжүзділікті қабылдамады.  Ол Ливан, Сирия, Ирак және басқа жерлерде жұмыс істеді. Ол арзан беделге құмар болмады, сондықтан адамдар оны жақсы көретін. Сардар Солейманидің өзі шәһид туралы: "Адамның болмысы шәһид болмаса, шәһид бола алмайды. Негізінде шәһид болу дәрежесіне жету үшін басынан шәһид болу керек. Егер адамның ісі мен мінезінен шәһидтің иісі сезілсе, оған шәһид болу нәсіп етіледі. Бұл бүкіл шәһидтердің ерекшелігі. Шәһид мемендігі мен нәпсісінен өту үшін Аллаға жақын болады. Шәһидтер өзінен, перзенттері мен мүлкі мен мансабынан, бүкіл нәрсесінен алыстайды. Егер адам бұл хиджратын жасаса, бірақ шәһид болмаса, илаһи сыйлардың біріне ие болады. Мүлік иелену – қырағылық емес. Адам болмысындағы Аллаға жақындайтын мүмкіндікті қорғап, бірінші мұрсатын шәһид болуға пайдалануға талпынса, қырағы және зерек.  Егер Алла жолында табанды болса, тірі шәһид болады",- деген.

Ғасем Солеймани 3 қаңтарда арманына жетіп, шәһид болды.

Ол өз жолын жақсы түсінді.  Бұл дүниенің ақыреттің жазық даласы, ең жоғары нәтиженің шәһид болу екенін түсінді

Алла қолдап тұрса, қандай қорқыныш болуы мүмкін!       

 

Халық сардарымен қоштасуға жиналды

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                 

 

Тегтер