Жүректерге жол тапқан сардар (2)
(last modified Tue, 07 Jan 2020 16:53:40 GMT )
Қаң 07, 2020 22:53 Asia/Almaty
  • Жүректерге жол тапқан сардар (2)

Қажы Камал қолымен бетін сүртіп, күлімсіреп, таңғалған күйде: «Қажы Ғасем туралы не ойлаймын?"- деді.

Қажы Камал қолымен бетін сүртіп, күлімсіреп, таңғалған күйде: «Қажы Ғасем туралы не ойлаймын? Қажы Ғасем туралы пікір айту қажет емес. Хиджри шамси күнтізбесінің 1376 жылы діни жетекшінің жарғысымен Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды. «Сараллаһ 41» дивизиясының жауынгерлері енді қажының азырақ көреміз деп абыржыды. Бірақ қажы Ғасемге  жақын жауынгерлер оның рухының өзгермейтінін білді. Солай болды. Жылына екі-үш рет қажы Ғасеммен бірге жиналатын болдық. Барлығымыз бірге, қажы Ғасем бұл жылдары ешкімді жалғыз қалдырмады. Ертеден келе жатқан барлық жауынгер жақсы, ешкімнің құнын төмендеткім келмейді, бірақ қажы Ғасем өзгеше болды»,- деді. Қажы Камал – «Сараллаһ 41» дивизиясының бұрынғы жауынгерлерінің бірі. Ол сардар Солейманидің жақын серіктерінің бірі саналатын Керманның танымал жауынгерлерінің бірі. Бұл күндері бұрынғы жауынгерлердің көбі соғыс майдандарын еске алып, жауынгер досы туралы баяндайды. Сардар Солейманидің шәһид болуымен олар үшін революция мен қасиетті қорғаныс күндері қайталанған сынды. Жүректер қысылып, қан қайнаған секілді. Исламның тамырына өмір оралып, барша Исламды қорғауға көтерілгендей.

 

Ғасем Солеймани және "Сараллаһ 41" дивизиясының  бірқатар жауынгерлері

Қажы Ғасем жыл бойы үйінде екі рет аза рәсімін өткізетін: хазірет Фатиманың (ғ.с.) шәһид болған күндері мен Рамазан айында. Бұл рәсім негізінде  соғыс кезеңі балаларының ортақ жобасы болды. «Сараллаһ 41» дивизиясының 420-шы батальонының қолбасшысы, қасиетті қорғаныс соғысының ардагері қажы Ғасемнің достарының бірі Мұхаммад Шариф Шахморади қолбасшысының шәһид болғаны жөніндегі хабарды естіп, көңіл-күйі бұзылды. Ол: «Биылғы Рамазан айында қажы Ғасеммен соңғы рет кездестік. Бізге «Наһдж ул-Балағеден» үзінді оқып берді. Баршаны ахлаққа назар аудартып, Сирия мен Ирак соғысына тоқталды. Бірақ оларға жалпы тоқталғандықтан біз   егжей-тегжейін түсінбедік. Бірақ аймақтың жағдайын сипаттады. Содан соң бұрынғыдай сөйлесіп, үйімізге оралдық. Біз қажы Ғасемді жылына екі рет көретін едік, енді өзімізді жетім сезінетін болдық»,- деді. Халықтың көбі оны әскери жанкештілігі үшін танитын болар, бірақ шәһид Солеймани мәдени азаматтардың бірі болды. Сардар шәһид мәдени салада, әсіресе шәһидтердің естеліктерін қорғауға  көп ықпал етті. Ол мәдени жұмыстардың көшбасшысы болды. Сондықтан «Сардар Солеймани Сақшылар корпусының ең мәдени басшыларының бірі» деп айтуға болады. Ол шәһидтердің перзенттері мен отбасыларының жанашыры еді.

 


 


 

Сардар Солейманидың әңгімесі жанашырлықтың тарихы. Ол махаббатың мағынасын анықтады. Ол жараланған жүректерді жұбатушы болды. Қажы Ғасем шәһидтер отбасылары рәсімдеріне енісімен, оның тәртібі бұзылатынын барша біледі. Шәһидтердің балалары әкелерін көргендей, оған қарай жүгіріп, оның қасына отыратын. Ол сондай мейірімді болғандықтан ол келгенше тыныш отырған балалар енді үлкендердің сөзін тыңдамайтын. Сол күні де сондай оқиға орын алды. Сардар Солеймани залға кіріп, орындықтардың біріне отырды. Бірақ балалардың бірі оны көре салысымен «Қажы Ғасем, сәлеметсіз бе!" деп айқай салды. Сол кезде бүкіл зал сәлем мен салауатқа бөленді. Енді ешкім сөйлеп жатқан адамның сөзін тыңдамады. Жағдайды көріп, сөз сөйлеп тұрған адам сардарды сахнаға шақырды. Балалар жол бермеді. Олар сардармен сөйлесіп, суретке түскілері келді. Негізінде шәһидтердің отбасылары үшін сардармен осылай сөйлесу әдет болып кеткен еді.  Сардар Солеймани қасиетті кесенелердің қорғаушыларының перзенттерін қуанту үшін шәһидтердің отбасыларымен көбінде мейрам күндері кездесетін. Мұны барша білетін.

Шәһид Ансаридің әйелі Фатима Джафари шәһид Солейманиді еске алу рәсімінде: "Бүгін әкесінен айырылған үлкен отбасы сынды барлығымыз жиналдық. Бір-бірінің қасына жиналып, перзенттер мен отбасылардың жүрегі  аздап тынышталады. Біз бір-біріміздің дерттерімізді жақсы түсінеміз. Балаларымыздың уайымдарын жақсы түсінеміз. Шәһид болу арманы болғанымен, перзенттеріміз тағы жылап қалды. Кішкентайлар аналарының етектеріне жабысып, жыласа, үлкендері жауынгерлік аяқ-киімдерінің жіптерін қаттырақ байлауда",- деді.

 

Ғасем Солеймани шәһидтердің перзенттерімен 

Ислам әдебиетінде жетімдерге қамқоршы болу жәннәтқа енетін шарт және олардың құқылары мен мүлкіне шабуыл жасау илаһи азапқа себеп болады.  Мейірім мен махаббат  адамның дамуына әкеледі. Әрине бұл қажеттілік балаларда артығырақ байқалады. Ата-ана бұл қуысты толтырып, перзенттерін мейірімге бөлейді. Бала кезінде бұл нығметтен мақрұм қалған бала махаббаты ансайды. Қажы Ғасем жетім, әсіресе шәһидтер перзенттері үшін қамқоршы болып, оларды құшақтап, өз қолымен тамақтандырып, оларды еркелететін. Шәһидтер перзенттерінің күлімдеген сәттері оны қуантатын. Оның мейірімі сондай болғандықтан, шәһидтің перзенттерінің бірі  намаз кезінде де қажы Ғасемге гүл сыйлады. Ол Алла елшісінің: "Жетім жылаған кезде, Алланың тағы сілкінеді. Сол кезде Жаратушы: "Ата-анасынан бала кезінде айырған пендемді кім жылатты? Ғиззатым және айбыныммен ант етемін, оны жұбатқан адам үшін жәннәті уәжіп етемін",- деді",- деген сөздерін естіген адам сынды.  

Ислам әдебиетінде жетімдерге қамқор болу жаннатқа енетін шарт, олардың құқықтары мен мал мүліктеріне қол сұғу илаһи азапқа себеп болады.  Мейірім мен махаббат  адамның дамуына ұластырады. Бұл қажеттілік балалардың бойынан артығырақ байқалады. Ата-ана бұл бос кеңістіктің орнын толтырып, перзенттерін мейірімге бөлейді. Бала кезінде бұл нығметтен мақұрым қалған бала махаббаты аңсайды. Қажы Ғасем жетім, әсіресе шәһидтердің перзенттері үшін қамқоршы болып, оларды құшақтап, өз қолымен тамақтандырып, еркелететін. Шәһидтер перзенттерінің күлімдеген сәттері оны қуантатын. Оның мейірімді болғаны сондай шәһидтің перзенттерінің бірі  намаз кезінде де қажы Ғасемге гүл сыйлады. Ол Алла елшісінің: "Жетім жылаған кезде Алланың тағы сілкінеді. Сол кезде Жаратушы: "Ата-анасынан бала кезінде айырған пендемді кім жылатты? Ғиззатым және айбыныммен ант етемін, оны жұбатқан адам үшін жаннатты уәжіп етемін",- деді",- деген сөздерін естіген адам сынды.  

Бүкіл сауалнамалардың нәтижесі қажы Ғасем тек Иранның ғана емес, бүкіл аймақтың ең қалаулы тұлғасы екенін көрсетті. Сондықтан ол халықтардың сұрқия дұшпандары үшін ең жиіркеншіті адам саналды. Бұл ержүрек сардар жиһадты таңдады. Имам Әлидің (ғ.с.) айтуынша, "Жиһад - Алланың таңдаулы әулиелерінің алдынан ашқан жаннат дарбазаларының бірі". Ол сан рет Ливан, Палестина, Ирак және Сирияда АҚШ пен Израильдің жобаларын сәтсіздікке ұшыратты. Иракта шиіттер арасында бірлік орнатып, олар мен күрдтер және сүнниттердің арасын жақындатуға көмектесті. Сөйтіп бұл елде  басқыншылардың мақсатына қайшы жағдай орнатылды. Дұшпандар еш уақытта ұмытпайтын келесі соққы Ирак пен Сирияде ДАИШ лаңкестерін жоюы болды. Сардар Солеймани майданның ортасында болды, бірақ бұл соғыста әскери киім киген емес. Өйткені оның басты рөлі аймақ халқын жұмылдыру болды. Нәтижесінде 21-ші ғасырда революцияшыл мүмін жастар елінің қауіпсіздігін қорғау үшін Иран шекараларынан жүздеген шақырым қашықтықта  дұшпанмен күресіп, оның қастандықтарын заласыздандыруға қатысуда. 

Бұл күндер өтеді, оның арамыздан кетуі жүректерімізге батып, уайым-қайғымыз артуда. Бірақ оның қанының тамшылары ағаштың жемісін арттырып, қоғамды оятып, одан сайын хабардар етеді. Шәһидтің перзенті: "Әлемнің бізді сардар Солейманиден айырғанын, бірақ біз Ғасем Солейманиден үлгі алып, оған ұқсап өсетінімізді білгені жөн. Мен де бір "Ғасем Солейманимін"",- деп жариялайды.  

 

 

Тегтер