Аятолла Хаменеидің шәһид Ғасем Солеймани туралы көзқарасы
(last modified Sat, 11 Jan 2020 14:58:32 GMT )
Қаң 11, 2020 20:58 Asia/Almaty
  • Аятолла Хаменеидің шәһид Ғасем Солеймани туралы көзқарасы

Қажы Ғасем Солеймани қиын қақтығыстарда имам Хусейннің (ғ.с.) мектебін үлгі етіп, басшысының бұйрықтарына «ләббейк» айтты. Ол жылдар бойы Иран мен Батыс Азия аймағының қауіпсіздігі үшін талпыныс жасап, қырағылығымен қылмыскер АҚШ пен Израильдің қастықтары мен бүліктерін сәтсіздікке ұшыратып, оларды ұйқыдан айырды. Мұндай танымал әрі ықпалды тұлғаларды өлтіру сұм дұшпанның көп жылдар бойғы мақсаттарының бірі болды.

 

Шәһид болу – Алла ерлерінің өнері және адамның өміріне жоғары мағына береді. Шәһид болу – имам Хусейн (ғ.с.) мен серіктерінің жақтастарын өзіне қарай шақыратын сарқыраған бұлақ. Имам Хусейннің (ғ.с.) жақтастары имамдарын үлгі тұтып, Исламның ғиззаты мен құдыретінің туын жоғары көтеріп, әлемдегі зорлық-зомбылық көргендерді қорғау үшін хазірет Аббас бен Әли сынды бұл жолда ешнәрсесін аямайды. Ержүрек сардар Ғасем Солеймани да имам Хусейннің (ғ.с.) өз заманындағы адал серіктерінің бірі болды. Ол имам Хусейн (ғ.с.) әулетінің күші және қауіпсіздіктің кепілі саналған хазірет Аббас бен Әли сияқты әсіресе ДАИШ лаңкестерінің бүлік тудырған ауыр күндеріндегі аймақ халқының күші саналды. Қажы Ғасем өзін діни жетекші, Ислам мектебінің сарбазы санаған күшті тірек болды. Ол қырық жыл бойы осы жолда еңбек етті. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Ғасем Солейманидің шәһид болуына байланысты жолдауында: «Жылдар бойы әлемдегі лаңкестер және қылмыскерлермен күрес майдандарында ерлікпен шайқасу және Алла жолында шәһид болуды аңсау ақырында Солейманиді осы биік дәрежеге жеткізді»,‑ деді.

 

Қажы Ғасем Солеймани  бар болмысымен Аллаға сүйенген мықты адам еді. Ол тек Жаратушыға сүйенгеннен еш нәрседен қорықпады. 8 жылдық соғыста бірге болған жауынгерлер оның жүрегінің Аллаға сенімді болып, ең қиын жағдайда: «Алаңдамаңдар, Алла бізбен»,- деп айтатынын естеріне алады. Қажы Ғасем Солеймани ауыр шайқастарда имам Хусейннің (ғ.с.) мектебін үлгі етіп, басшысының бұйрықтарына «ләббейк» айтты. Ол жылдар бойы Иран мен Батыс Азия аймағының қауіпсіздігі үшін талпыныс жасап, қырағылығымен қылмыскер АҚШ пен Израильдің қастықтары мен бүліктерін сәтсіздікке ұшыратып, оларды ұйқыдан айырды. Мұндай танымал әрі ықпалды тұлғаларды өлтіру сұм дұшпанның жылдар бойғы мақсаттарының бірі болды. АҚШ-тың қолымен құрылған аймақтағы ДАИШ лаңкестік тобының жойылуымен дұшпандардың Батыс Азия аймағын бөлшектеп, билеп-төстеу жобалары нәтижесіз қалды. Америкалықтар олардың үстемшіл қиялдарын орындалмайтын арманға айналдырған генералдың қанын төгуге ынталары одан сайын күшейді.

Жиһад майданының қажымас ержүрегі қажы Ғасем Солеймани өткен жылдары имам Хусейннің (ғ.с.) мектебін жоюды көздеген және Сирия мен Иракта жантүршіктірерлік қылмыстарын іске асырған ДАИШ-тың қанішерлерімен күресті. Ол жазықсыз адамдарды жабайылықпен өлтірген, отбасының алдында ерлерін бауыздап, әйелдері мен қыздарына жыныстық шабуыл жасаған ДАИШ лаңкестерімен жан аямай шайқасты. ДАИШ – лаңкестік топ; АҚШ үкіметі ұйымдастырған органдарының бірі. Бұл топ әл-Қаиданың артта қалуының орнын толтыру үшін құрылған. Өйткені демократия туралы уәж айтатын америкалықтар үнемі аймақта бүлік тудырып, оны билеп-төстеуді мақсат етеді. Негізінде олар тіпті өз 
елдерінде демократия негіздерімен санаспайды. Олар қазіргі заманның язидшілері. Қажы Ғасем мен оның майдандастары имам Хусейннің (ғ.с.) адал серіктері сияқты жанкештілікпен оларға қарсы тұрып, соққы берді.

 

 

 

 

Сардар Ғасем Солеймани ДАИШ-ке қарсы соғыс майданында

 

Аятолла Хаменеи ДАИШ-тың билігінің аяқталуы жөнінде сардар Солейманиге былай деп жазды: «Ұлы Аллаға сіз бен әртүрлі деңгейдегі әріптестеріңізге береке беріп, сіздердің арқаларыңызда Сирия мен Иракта лаңкестіктің тамырын жоюға көмектескені үшін шүкір айтамын. Бұл залым топқа қарсы жасалған жалғыз соққы болды. Бұл лаңкестік топты құрып, оны қолдаған АҚШ-тың бұрынғы және қазіргі үкіметтері мен аймақтағы АҚШ-қа тәуелді режимдер, сондай-ақ заңсыз сионистік режимге қарсы соққы болды. Сіздер бұл обыр безін құртып, аймақ елдерін ғана емес, ислам әлемі, бүкіл халықтар мен аадмзатқа үлкен қызмет еттіңіздер. Бұл илаһи жеңіс және «Сонда оларды сендер өлтірмедіңдер, бірақ оларды Алла өлтірді» деген аятқа сай. Сіз бен майдандастарыңыздың тәулік бойы жасаған еңбектеріңіздің сыйы болды».

Қажы Ғасем Солеймани – Ислам революциясынан кейін аятолла Хаменеи тарапынан «Золфағар» белгісімен марапатталған бірінші қолбасшы. «Золфағар» – ең жоғары әскери белгі. Ол батыл, жетістіктерге жеткен қолбасшыға Бүкіл қарулы күштердің Бас қолбасшысы тапсыртын белгі. Исламның бұл сардары бұған дейін үш рет «Фатх» белгісін алған болатын. Аятолла Хаменеи  сардар Ғасемді «Золфағар» белгісімен марапаттаған кезде:  «Алла жолындағы әрекеттер бұл белгілермен бағаланбайды. Алла Тағала: "Күдіксіз Алла мүміндердің жандарын, малдарын жаннатпен айырбастады...",- деген.  ("Тәубә" сүресі, 11-ші аят).  Яғни Алла жолындағы жиһад үшін Алла Тағала жаннаты мен ризалығын сыйлайды. Біздің ауызша немесе ғамалымызбен   рақмет айтуымыз бен белгімен марапаттауымы дүниенің материалдық есебі, ал илаһи есеп біздің қолымызда емес.  Барлығыңыз талпыныс жасадыңыздар. Алла Тағала жақын бауырымыз Солейманиге көмектесті. Бауырымыз сан рет дұшпанның қастығы қатерімен бетпе-бет келді. Алла жолында, Алла үшін жиһад жасады. Ұлы Алла бауырымыздың өмірін бақытты, соңын шәһид болумен  аяқтатсын. Әрине қазір емес. Ислам республикасы келешекте көп жылдар бойы сізді қажет етеді. Өміріңіздің соңы шәһәдат болсын",- деді.

Шәһид Солейманимен жақын  қарым-қатынаста болған Ислам революциясының жетекшісі сардардың қазасын ащы оқиға деп сипаттап, дұшпандарға оларды қатаң кек күтіп тұрғанын ескертті. Аятолла Хаменеи шәһид Солейманиді Ислам мен имам Хомейни мектебінің бүкіл өмірін Алланың жолындағы жиһадпен өткізген шәкірті деп таныстырды. Шәһид өзін велаяттың сарбазы, діни жетекшінің перзенті санады. Сардар Солейманидің достары әрі майдандастарының бірі: «Оның ықыласы мен діни билікті қолдауы барша үшін танымал болды. Ол сарбазардың алдына жүрген батыл қолбасшы еді»,- деді. Аятолла Хаменеи  иман, батыл және ықылас  сынды сардар Солейманидың қадір-қасиеттерін нәпсіге қарсы тұруының нәтижесі санады. Діни жетекші сардар туралы: «Сыртқы жиһад (дұшпанмен соғысу) ішкі жиһадқа сүйенеді»,- деді.

Аятолла Хаменеи өз жолдауында:  «Жылдар бойы әлемдегі лаңкестер және қылмыскерлермен күрес майдандарында ерлікпен шайқасып, Алла жолында шәһид болуды  аңсау ақырында Солейманиді осы биік дәрежеге жеткізді. Оның таза қаны адамзаттың сұм адамдарының қолымен жерге төгілді»,- деді. 

 

Шәһид Солейманимен жақын  қарым-қатынаста болған Ислам революциясының жетекшісі сардардың қазасын ащы оқиға деп сипаттап, дұшпандарға оларды «қатан кек күтуде» деп ескертті. Аятолла Хаменеи шәһид Солейманиді Ислам мен имам Хомейни мектебінің бүкіл өмірін Алланың жолындағы жиһадпен өткізген әйгілі шәкірті деп таныстырды. Шәһид өзін велаяттың сарбазы және діни жетекшінің перзенті санады. Сардар Солейманидің достары әрі майдандастарының бірі: «Оның ықыласы мен діни билікті қолдауы барша үшін танымал болды. Ол сарбазардың алдына жүрген батыл қолбасшы еді»,- деді. Аятолла Хаменеи  иман, батыл және ықылас  сынды сардар Солейманидың қадір-қасиеттерін нәпсіге қарсы тұруының нәтижесі беп білді. Діни жетекші сардар туралы: «Сыртқы жиһад (дұшпамен соғысу) ішкі жиһадқа сүйенеді»,- деді.

Аятолла Хаменеи өз жолдауында:  «Жылдар бойы әлемдегі лаңкестер және қылмыскерлермен күрес майдандарында ерлікпен шайқасу және Алла жолында шәһид болуды  аңсау ақырында Сулейманиді осы биік дәрежеге жеткізді. Оның таза қаны адамзаттың сұм адамдарының қолымен жерге төгілді»,- деді. 

Аятолла Хаменеи Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы Ғасем Солейманидің үйіне барып, шәһидтің отбасымен кездесуінде: «Оның жиһады үлкен жиһад. Алла Тағала оның шәһид болуын жоғары бағалайды. Бұл үлкен нығметке қажы Ғасем лайық болды. Қажы Ғасем осылай шәһид болуы керек еді»,- деп қуаттады. Шәһид қажы Ғасем Солеймани  де мыңдаған қажы Ғасемдерді тәрбиелейтін имам Хусейн (ғ.с.) мен хазірет бен Аббас мектебінің шәкірті болып, жиһад пен қарсыласу мектебін мәңгілік жеңіске жеткізді.