Қаң 12, 2020 15:21 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима (ғ.с.) (1)

Исламның ұлық пайғамбарының қызы хазірет Фатима-Заһраны (ғ.с.) аза тұту күндері өтуде. Осыған орай хазірет Фатима-Заһраға (ғ.с.) байланысты Құран аяттарының тәпсірін ұсынып, қадірлі банудың лақап аттары мен қадір-қасиеттеріне тоқталамыз. Хазірет Фатиманың (ғ.с.) берекесінен пайдаланып, ерекшеліктері мен сипаттарынан үлгі алуға талпынайық.

Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) дәрежесі жоғары болғаны сондай, Алла Тағала бұл қадірлі бану мен оның жұбайы хазірет Әли (ғ.с.) және пәк перзенттері пен әулетіне арнап, Құран Кәрімнің көптеген аятын түсірді. Алла Тағала баршаны "Кәусар" сүресіндегі хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) ұлылығы мен берекесін, "Инсан" сүресіндегі ақ ниетті жанкештілігін, "Қадір" сүресіндегі орны мен дәрежесін түсінуге шақырды. Сондай-ақ "Татһир" аятында хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) пәктігі мен тазалығын, "Мобаһеле" аятында мистикасы мен руханиятын, "Мешкат" аятында болмысының қасиетін, жақтастарын дұрыс жолға нұсқайтын ерекшелігін сипаттап, "Тайебе" аятында қасиетті шежіресіне тоқталып, хазірет пен пәк әулетін Адамның құтқарылуының негізі деді. Екі теңіздің қосылуы туралы аятта хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) мен хазірет Әлиді (ғ.с.) илаһи білімнің мұхиты, перзенттерін сол мұхиттың інжу-маржандары деп таныстырды. "Мовадат" аятында  Исламның ұлық пайғамбарының пайғамбарлық міндетінің сыйын осы пәк тұлғамен дос болу деп атады.

 

"Хазірет Фатима (ғ.с.) Құран аяттары тұрғысынан" атты бағдарламамыздың бірінші бөлімінде "Кәусәр" сүресіне тоқталып, Алла Тағаланың бұл сүреде хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) ұлылығы мен берекесі жөнінде баяндағанына назар аудартамыз.

Исламның ұлық пайғамбары мен хазірет Хадиджаның отбасында Абдолла деген ер бала дүниеге келеді, бірақ біраздан кейін бұл бала қайтыс болды. Күндердің бірінде мүшіріктер басшыларының бірі Аос бен Ваел әл-Харам мешітінен шығып бара жатқан Пайғамбарды (с.ғ.с.) көріп, сөйлеседі. Олардың сөйлесіп тұрғанын көрген Құрайыш басшылары Аос бен Ваел мешітке енісімен одан: "Кіммен сөйлестің?"- деп сұрайды. Ол: "Абтармен (ұрпақсыз қалатын адамға айтылады)",- деп жауап береді.

 

Алла Тағала өз Пайғамбарын (с.ғ.с.) қолдап, "Кәусар" сүресін жіберіп: "(Мұхаммад с.ғ.с.) Шын мәнінде саған кәусәрді бердік. Сондықтан Раббың үшін айт намазын оқы, құрбан шал. Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады",- деді.

 

Құран тәпсіршілері "Кәусәрді" жақсылық пен мол береке деп түсіндіріп: "Оның мағынасы Пайғамбар  ұрпағының көптігін, яғни хазірет ұрпағының Фатиманың (ғ.с.)  перзенттері арқылы таралып, олардың саны тіпті санауға келмейтіндей мөлшерге жетіп, бұл үдерістің қиямет күніне дейін жалғасатынын білдіреді. Шиіттердің әйгілі ғұламаларының көбі хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) қасиетті болмысын "Кәусәрдің" айқын белгісі деп санайды. Имам Садық (ғ.с.): "Алла Тағала уәжіп және мұстахаб намаздарында "Кәусәр" сүресін оқитын әр адамның шөлін қиямет күні Кәусәр хауызының суымен қандырады",- деген болатын.   

 

 

 

 

Тегтер