Жүректерге жол тапқан сардар (3)
Хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1398 жылының 13 дей күні (2020 жылдың 3 қаңтары) орын алған оқиға оның жүректерге жол тапқан тұлға екенін айқындады. Ешкім халықтың оны қаншалықты жақсы көретінін білмеген. Бұл тұлғаның шәһид болуы әлемді дүр сілкіндірді.
Сардар Ғасем Солеймани АҚШ-тың қолынан қаза тапқанға дейін Ислам революциясы Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы міндетін атқарған Иранның әскери қолбасшысы еді. Ол үлкен стратег болды, бірақ ешбір адам оның аймақтағы рөлін білген жоқ. Ол күрескер ретінде танымал болғанымен, міндеті әлемде бейбітшілік орнату еді. Үнемі күлімсіреп жүргенімен, әділетсіздік жүрегін ауыртты.
Хиджри шамси күнтізбесі бойынша 1398 жылының 13 дей күні (2020 жылдың 3 қаңтары) орын алған оқиға оның жүректерге жол тапқан тұлға екенін айқындады. Ешкім халықтың оны қаншалықты жақсы көретінін білмеген. Бұл тұлғаның шәһид болуы әлемді дүр сілкіндірді.
Қажы Ғасем қажы Хасанның үшінші перзенті. Оның өзінен үлкен апасы мен ағасы бар. Қажы революцияға дейін Керманда өмір сүрді. Ол ауылдан шыққан бала еді. Керманда жауынгерлік спортпен шұғылданып, құрылыста жұмыс істеді. Ол каратэші, еш нәрседен қорықпайтын адам болды. Қажы Ғасем мен інісі Сухраб бөле інілерімен бір бөлмеде өмір сүрді. Қажы сол кезден бастап басқалар туралы ойлайтын. Ол жыл сайын Наурыздан бұрын азық әкеліп, оны тек өз ауылына ғана емес, Керманның оңтүстігіндегі басқа қалаларға да жіберетін. Аулдың 60 жастағы әйел Ғасем Солейманидің есімін естіп: «Иә, ол үнемі ауылға келетін. Келген кезде дәл осы мешітте сөз сөйлейтін. Адамдарға көмектесетін. Наурыз кезінде күріш, ет, қантты халыққа тарататын. Қамқоршысы жоқ адамдарға артығырақ беретін»,- деді.
Камал - сардарды спорт залында көрген оқушы. Ол сардардың ауылының жастары спортпен шұғылданғанын жақсы көргенін айтты: «Көбінде жарыстар осы ауылда өтіп, басқа ауылдар осы жерде жиналатын. Рамазанның жарыстары басқа жарыстардан ерекше өтетін. Сол жылы сардардың өзі Рамазан кубогын тапсыру үшін рәсімге қатысты. Қажы бірнеше минут сөз сөйлеп, барлығымызға қарапайым сыйлықтар берді. Сардар балалардың ортасында отырды. Жеңген команда Мешһедке сапар шекті». Футбол жері де сардардың талпынысымен, басқалардың мұқтаждарға көмек ретінде немесе басқа қайрымдылықтар үшін жинаған ақшаларына салынған болатын. Сардар қолына түскен ақшаны мұқтаждар үшін жұмсады.
Қажы Ғасем Солеймани мен халықтың қарым-қатынасы 1398 жылдың фарвардин айындағы су тасқыны кезінде Хузистан облысының қалалары бірінен соң бірі су астында қалған кезде ерекше байқалды. Су тасқыны кезінде қажы Ғасем Солеймани исламдық елдердегі қарсыласу майдандарын тастап, зардап шеккен адамдарға көмектесу үшін Хузистанның оңтүстік аймақтарына асықты. Үмітсіз қалған халық үйлері, күнделікті тұрмысқа қажет заттары мен ауылшарушылық жерлерін құтқару үшін қажы Ғасем Солейманиден көмек күтті. Оның халықтың арасына барып, олармен араб тілінде сөйлесуі су тасқыны кезіндегі қиындықтарды жеңілдетті.
1398 жылдың фарвардин айында Хузистанда су тасқыны болған күндері Сақшылар корпусы Құдс күштерінің қолбасшысы: "Көп адамдар Пайғамбар әулетінің қасиетті кесенелерін қорғау үшін Сирияға аттанғысы келеді, бірақ қазіргі жағдайда Хузистанға көмектесу қасиетті кесенелерді қорғаудың бір түрі. Өйткені қасиетті кесенені қорғау – адамның үйін қираудан сақтап, оның қадір-қасиетін қорғау. Егер халықтың қадір-қасиетін қорғап, адам өлімінің алдын алсақ, жұмысымыздың маңызды нәтижесіне жеткеніміз",- деген болатын.
Бұл жерде Ғасем Солеймани Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің: "Мұсылман әскери – мүмін, батыл, жанкешті, қырағы және дұшпанға қарсы бар күшімен қарсы тұрушы. Керісінше досына тәкаппарлық білдірмейді. Бұл исламдық әскеридің ерекшеліктері. Мұндай әскеридің үлгісі – Малек Аштар",- деген сөзінің мысалы екенін көрсетті. Сардар Солеймани мешітке енген кезде отыратын орын талғамайтын. Ішіндегі бүкіл адамдармен қол беріп амандасатын. Қарапайым қатынасы үшін халық оны жақсы көрді. Сардар Солеймани жүректерге жол тапты.
Сардар Солеймани – әлемдік үстемшілдікпен қарсыласқан азат адам. Ол барлық адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатып, өз елінің шекарасының сыртында да танымал болды. Ол үшін тек бір шекара, яғни үстемшілер мен әлсіздер арасындағы ғана шекара болды. Шәһид Солейманидің інісі Сухраб Солеймани: "Сардар Солеймани тек біздің отбасымыздың ғана мүшесі емес. Қажы Ғасем біздің отбасымызда дүниеге келгенімен елі мен халқының азаматы. Осыдан біраз уақыт бұрын Керманның бұрынғы облыс әкімі Малақати әкемді көріп: "Ұлыңыздың қандай танымал екенін білесіз бе, үстемшілер одан қорқады",- деген. Әкем: "Мен сіздің бұл сөзіңізге таңғаламын",- деп жауап бері. Әкім: "Неге?"- деп сұрады. Әкем: "Ұлым велаяттың сарбазы. Олар менің ұлымнан емес, Исламнан қорқады. Қажы Ғасем – исламның тек бір белгісі",- деген болатын.
Шәһид Солеймани Алланың жақсы пендесі болғандықтан халықшыл, қалаулы сардар еді. Ол Құран Кәрімде таныстырылған мүміннің сипаттарына ие болды. "Рахманның құлдары жерде сыпайы түрде жүреді". ("Фурқан" сүресі, 63-ші аят). Олар түнді Раббыларына сәжде қылу, тіке тұрумен өткізеді. ("Фурқан" сүресі, 64-ші аят). Олар Алламен бірге басқа тәңірге жалбарынбайды. Алла өлтірілуін арам еткен кісіні орынсыз өлтірмейді де зина қылмайды. Кімде-кім оларды істесе, күнәға жолығады. ("Фурқан" сүресі, 68-ші аят). ".. Оларға білместер тіл тигізсе де: “Сәлеметшілік” деп, дұрыс жауап береді. ("Фурқан" сүресі, 63-ші аят). Мүміндер илаһи бұйрықтарға бағынады және бүкіл істерін Аллаға тапсырады. Хазірет Ибрахим Алладан: "Раббымыз, өзіңе бой ұсынушы қыл, ұрпақтарымыздан да өзіңе бой ұсынушы бір үммет қыла көр...",- деп тілейді. ("Бақаре" сүресі, 128-ші аят). Олар намаз оқыған кезде қарапайым түрде Аллаға махаббатын білдіреді. "Олар, сондай мүміндер, намаздарында іштей жалбарынады". ("Муменун" сүресі, 2-ші аят).
Жүректерге жол тапқан сардар қажы Ғасем Солейманидің шәһид болуына байланысты көңіл айтамыз.